Ясауи ілімінің негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы

БӨЖ

Тақрыбы: Ясауитану пәнінің дереккөздері. Ясауи ілімінің негіздері: Құран, Сүннет және Түркілік құндылықтары

Орындаған:Маннатова Саломат

Қабылдаған:Дәуренқұлов Қашымхан

Тобы: Дизайн ӨДЗ 212-Б

Түркістан 2023

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ясауи ілімінің негіздері: Құран, Сүннет және Түркілік құндылықтары

  1. Ясауи іліміндегі адам мәселесі
  2. Ясауи ілімінің тарихи рөлі
  3. Жалпы, дәс­түр­лі исламның қазақ даласындағы та­рихи негіздері
  4. Дәстүрлі исламды дамы­ту­дың жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі - егемендік жолындағы ерлік күрестерден тұратын азаматтық тарих, ал екіншісі - ұлттың идеоло­гия­лық бағдарын орнықтыру жолында жа­сал­ған рухани тарих. Біздің аза­мат­тық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар ау­дарылмай келе жатқан үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз дер едік.

Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көте­рілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқ­ты тұлғалар болды. Ұлтымыздың бол­мысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі - Қожа Ахмет Ясауи ілімі.

Ясауи ілімін бірыңғай діни-мисти­ка­лық ілім ретінде бағалау орынды емес. Ясауи ілімі - ең алдымен рухани-мо­ральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Ясауи жасаған ілім өз бас­тауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықта­рынан алады. Қожа Ахмет Ясауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қо­ры­тып, оны ислам дінінің қағидалары­мен үйлестіріп, біртұтас ілімге айнал­дыр­ды. Ол өз ілімінің барлық қағидал­а­рын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты.

Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі - қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды.

Жаңа эраның VІ ғасырында әлем өркениеті құлдыраған және құл иеленуші қоғамның гүлденіп тұрған дәуірі болатын. Өкілдерінің әлсіздерді қанау, оларды құлдыққа түсіріп, адам хұқығының аяққа тапталу кезеңін бүкіл әлем басынан кешіріп жатқан-ды.
Ал Арабстан түбегіне келсек, саяси, географиялық және сауда-саттық жөнiнен маңызы зор едi. Арабтар шөл далада тайпа-тайпаға бөлінетiн, бір-бірімен дау-жанжалды, қанды соғыстарды басынан кешіріп жатқан болатын. Наным-сенiм мәселесiнде анархия белең алып надан арабтар адамның ақылына сыймайтын небiр сенiмерге нанған.
Халықтың бiр бөлiгi ештеңеге сенбейтiн, тек осы өмiрдiң қызығын тамашалап қалуды көксейтiн. Ал келесi бiр бөлiгi Аллаһқа, бiр жаратушының бар екендігіне сенетін, бiрақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына иланбайтын. Пайғамбар тек перiштелерден ғана шығуы мүмкiн, - дескен. Ендi бiреулерi пұттарға табынатын. Халықтың ең көп бөлiгiн құрайтындар да осылар болды.
Арабстанның қараңғылық дәуiрiнде саяси тәртiп, қоғамдық бiрлiк мүлдем жоқ едi. Халықтың басым көпшiлiгi көшпендi тұрмыс кешкен. Ру-руға бөлiнiп, әр ру өзiне тән тәртiбiн, дәстүрiн ұстанған.
Аталмыш қоғамда адамгершiлiк атауы жойылған, нәпсiқұмарлық шегiне жеткен және құмар, зинақорлық, маскүнемдiк, зұлымдық өтiрiк-өсек кең етек алған болатын.
Әлi жеткен әлсізге әлімжеттік жасап, ұрып соғатын, ойына келгенiн орындататын. Адамдар мал тәрiздi базарда сатылатын.
Шөл далада мекен еткен арабтардың көбiсi қыз бала дүниеге келсе сұмдық санайтын. Әйелi босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкiмге тiс жарып айтпастан, көрсетпестен тiрiдей көмiп тастайтын.
Сол заманда Араб түбегінде Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалар орналасқан. Мекке қаласы Еуропаны, Азияны және Африканы байланыстыратын керуен жолының қақ ортасында орналасқан үлкен сауда қаласы еді. Онда арабтың Құрайш деген тайпасы өмір сүрді. Құрайштар: Умаййа, Нәуфәл, Зућра, Тайм, Адий, Махзум, Әсәд, Жумх, Сахм, Хашим деген тармақтарға бөлінеді.
Меккеде хазіреті Ибраћим мен хазіреті Исмайл пайғамбардың тұрғызған Қағба орналасқан. Жәћилие (надандық) дәуірінде арабтар осыған қажыға келетін. Бірақ арабтар қағбаны бұттарға толтырып, оларға да табынатын. Ислам араб тiлiнде «бағыну», «мойын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т. б. деген мағыналарды береді. Жалпы бұл дiн - Хазiретi Мұхаммедке (ғ. с. ) Аллаћ тарапынан уахи арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Аталмыш дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Мұсылмандық негiзi Аллаћтың барлығына, бірлігіне, одан басқа тәңiрдiң жоқтығына, Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) оның құлы, әрі елшісі екендігіне сенуден тұрады.
Құран Кәрімде: "Аллаћтың қасында шынайы дін ислам" (Әли Ғимран-29), "сендерге ислам дінін қоштап ұнаттым " (Мәидә-3) - дегені сияқты бұл діннің атын Ұлы Жаратушымыздың өзi берген.
Мұсылмандық сенім бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатқа жеткізген діні - ислам діні. Бірақ бұл есім осылай бүкіл илаћи діндердің жалпылық аты болғанымен, Хазіреті Мұхаммедтің 23 жылдық пайғамбарлығынан кейін оның үмбеттері ұстанатын діннің атына айналды.
Осы дiннiң қасиеттi кiтабы - Құран Кәрім Аллаћ тарапынан Хазіреті Мұхаммедке (ғ. с. ) уахи етілген илаћи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске ұшраған, бұл жайында да Аллаћ оны өзі қоритынын ескерткен. Бұл кітап ардақты пайғамбарға 23 жыл бойы уахи етілген, оны пайғамбар сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсқасы сақталып, күнімізге дейін жеттi.
Ислам - монотеистiк дін. Бұл дінде Құдайды екілеу, үштеу, оған ортақ қосу деген нәрселер - атымен жоқ. ¦лы Аллаћқа берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз жаратылыстарға берілмейді. Бұл дінде Аллаћтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т. б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
Аталмыш дін бойынша монахтық, құдай мен адамдар арасына дәнекер қою, миссионерлік деген нәрселер жоқ. ¦лы Аллаћ пен құл арасында фетиш, пұт, елші, монах, періште сияқтылар арашашы бола алмайды. Керісінше құдайдың пендесi тікелей Аллаћқа жалбарынып қалаған нәрсесін сұрай алады, дұға жасай алады.
Мұсылмандықта адамның барлығы тең хұқылы. Бұл дін - адамның іші-тысын таза ұстауға көңіл бөлетін дін.
Баяндалып отырған дінінің басты негізі, әрі мұсылмандықтың кілті - Аллаћтың барлығын, бірлігін мойындау, оған еш серік қоспау және Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) оның елшісі екенін естен шығармау. Сондықтан ислам діні бір дәстүр ретінде: «Лә илаћә иллаллаћ Мұхаммадур-расулу-л-лаћ» , яғни мағынасы «Аллаћтан басқа тәңiрi жоқ, Мұхаммед оның елшісі», - деген сөйлемде жинақталған. Осы қасиетті сөйлемді айтып, көңiлiмен мойындаған адам ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны біз «кәлимә тәухид» деп атаймыз. Қорыта айтсақ ислам діні - Хазіреті Адамнан Хазіреті Мұхаммедке дейінгі барлық пайғамбарлардың әкелген діні.
Ислам дінінің ерекшеліктері:

  1. Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ. с. ) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді.
  2. Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
  3. Ислам дінінің үкімдері бүкіл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп керемет қамтылған. Осы себепті өзге дінге қажеттілік жоқ.
  4. Ислам діні өзінен бұрынғы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген пайғамбарлармен құдайлық қасиетті кітаптарды растайды.
  5. Ислам діні әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діндердің үкімдерін жаңалайды. Өйткені, ол үкімдер тек қана бір немесе бірнеше қаумға жіберілген еді. Алайда ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін және қиямет қайымға дейін өзінің негізін сақтайды.

Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді.
Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның жанұясы тұрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаћ, шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдуллаћ, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед 8 жасына дейін атасы қалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын Әбдiмүттәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ. с. ) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандықөмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. Өмірінде ешбір өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша анаға үйленді.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) 63 жасында Аллаћтың рахметіне бөленіп, ћижри * 11, милади 632 жылы раби-у-л-әууәл айының 12-күні дүйсенбіде (милади 8-маусым) Мединеде қайтыс болды.

1. Ясауи іліміндегі адам мәселесі

Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Ясауи ілімінің аясында қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі рөлін атқарған Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрі­ніс тапты. Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүр­ле­рі­нен, жыр-аңыздары мен мақал-мә­телдерінен, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыла­ры­нан айқын аңғарамыз.

Сондықтан халқымыздың ұлт болып қалыптасуы мен дамуына, ұлттық ерек­шеліктерінің берік сақталуына Ясауи ілімі тікелей әсер етті деп біз сеніммен айта аламыз. Соңғы кездері айтылып жүрген: «Қытай халқы үшін Конфуций ілімінің мәні қандай болса, Қазақстан қоғамы үшін Ясауи ілімінің маңызы да сондай ерекше», деген пікір осындай келелі ойлардан түйінделген тұжырым.

Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным - арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған.

Ясауи ілімінің негізгі ұстанымда­ры­ның бірі - толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу - Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауы­рым деп» деген Абай сөздері де осы ақи­қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу­ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді.

Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей - атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай - пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.

Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақи­қатқа жеткізетін бірден-бір жол - ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең­бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық­тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте­ле­ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл - азбайтын тон, білім - таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.

Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету - Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю­ге, бауырмалдық пен жанашыр­лық­қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәр­биелейді. Осы бір қағида өзгеге қол­ұшын беруге қашанда құлшынып тұра­тын біздің халқымыздың болмысына сің­ген деуге болады. «Өз үйінде ою ой­мағанның кісі үйінде сырмақ сыраты­ны» да осыдан болса керек.

Қожа Ахмет Ясауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмал­дық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынас­тарға негізделген рулық-тайпалық құ­ры­лымымен етене таныс болған. Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қа­уымындағы әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.

Ясауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастар­қан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі - Қызыр келіп қатысады деп санал­ған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі - Қы­дыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт ментали­тетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді.

Біз Ясауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып­тасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты.

Ясауи ілімінің тарихи рөлі

Ясауи ілімі тек тарихи рөл атқарып қана қойған жоқ. Бұл ілімде қазіргі қоғамға қажетті идеологиялық ұстаным­дардың барлығының негізі қаланған. Қазіргі зайырлы, өркениетті Қазақстан қоғамына зәру парасатты идеология мен қастерлі қағидалар Ясауи ілімінде кө­рініс тапқан. Рухани тәжірибесі аса бай қазақ халқы өзінің ұлттық бастау­ла­рындағы осындай табиғи, тұнық ілімдерді жаңғырту арқылы жаһандану жағдайында да өзінің бірегей болмысын сақтап қала алады. Тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде ұлтты ұйыстыра білген Ясауи ілімі қазіргі қазақ қоға­мына да рухани бағдар болмақ.

Тамы­рын туған топырағымыздан алатын, ұлт­тық болмысымыз бен ділімізге етене жақын Ясауи ілімін бүгінгі Қазақстан мемлекетінің идеологиялық тұғырнама­сы ретінде орнықтыруға барлық негіздер бар.

Ясауи ілімін ел игілігіне жаратып, ақыл-ойының өзегіне айналдыратын тетіктерді жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырсақ, ұтарымыз көп болмақ.

Ең ал­дымен Ясауи ілімі өзінің кең мазмұн­дылығымен қазіргі өскелең буынның рухани сұраныстарын жан-жақты қана­ғаттандыра алатынын ескеруіміз керек. Аталмыш ілімнің негізгі қағидаларын заманауи өмірге бейімдеп қайта жаң­ғыр­ту арқылы қазіргі қазақ қоғамын­дағы көптеген рухани проблемалардың алдын алуға болады. Бұл, әсіресе, идео­логиялық бос кеңістікті жаппай толты­рып жатқан экстремистік жат ағымдар мен деструктивті діни қозғалыстар идео­логиясының ықпалын сөзсіз төмендетеді.

Осы орайда алғашқы кезекте Ясауи еңбектерін аудару, жариялау, қайта жариялау жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Оның шығармашылығы поэзия­лық туындылардан, яғни хикметтерден ғана тұрмайды. Ясауи ілімінің негіздерін танытатын «Жүректің айнасы», «Па­қырнама» секілді трактаттар да шәкірт­тері арқылы хатқа түскен ақынның өз шығармалары болып табылады. Соңғы кездері ғалымдар Оның «Рисала-и дәр әдәби тариқат» атты еңбегін ғылыми айналымға қосты. Ясауидің ататегіне қа­тысты шежірелер мен оның шәкірт­терінің еңбектерінде де осы ілімнің негіздерін танытатын тағылымды дүние­лер мол. Аталған еңбектердің барлығын аудару, қайта жариялау, Ясауи ілімі мен шығармашылығына қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың таңдамалы зерттеулерінің жинағын жарыққа шыға­ру, жаңа танымдық басылымдардың жа­рық көруіне, таралуына жағдай туғызу қажет.

Түркістан қаласында жиі өткізіліп, дәстүрге айналып үлгерген «Ясауитану» байқауына, «Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен шығармашылығын зерттеудің өзек­ті мәселелері» атты ғылыми-тәжіри­бе­лік конференцияға қолдау көрсету, «Ясауи әлемі» деген атпен жарық көріп отырған ғылыми-көпшілік, тарихи-та­ным­дық журналдың таралымын көбей­ту керек. Ясауи ілімін халыққа кеңінен таратып, түсіндіру үшін бұқаралық ақ­парат құралдарында арнайы айдарлар, бағдарламалар ашуға болады. Жоғары оқу орындарында Ясауи атындағы ар­найы шәкіртақы, руханият саласына ең­бек сіңіргендерге оның атындағы сый­лық тағайындаған жөн.

Халқымыздың рухани мәдениетінің барлық саласында терең із қалдырған Ясауи ілімін зерттеу ұлтымыздың түп негізін тану болып табылады. Ясауитану ілімі - қазақтану, түркітану ілімі. Ясауи ілімі тарихи дәуірлерде түбі бір түркі халықтарын ортақ дүниетанымға ұйыстыра білді. Қазіргі татар, түркімен, қарақалпақ, қырғыз, түрік халықтары­ның қазақ жұртымен рухани тұтастығы - аталған халықтарға да Ясауи ілімінің кеңінен тарағандығының нәтижесі. Сон­дықтан Ясауи ілімінің бүгінгі әлемдік қоғамдастықта түркі халықтарын ынты­мақтастырушы басты факторға айнала алатынын да ұмытпауға тиіспіз. Осы бағыттарда арнаулы ғылыми-зерттеу орталықтарын ашып, кең көлемде жұмыс жүргізу қажет.

Жалпы, дәс­түр­лі исламның қазақ даласындағы та­рихи негіздері

«Дәстүрлі ислам», «дәстүрлі қазақ мұсылмандығы» деген ұғымдардың негізсіз еместігіне дәлел бола алатын екі қайнар көз бар: біріншісі - ислам ілімін жетік меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген, қазақы мұсылман­дық­қа негіз болған бірегей ілімдер қалып­тастырған ұлтымыздың көрнекті тұл­ға­ла­рының еңбектері; екіншісі - халқы­мыздың діни танымын, рухани құнды­лық­тары мен ұстанымдарын танытатын шығармашылық мұралары (ауызша шежірелер, мақал-мәтел, жыр-аңыз, салт-дәстүр, ырым-тыйымдар) .

Бірінші салаға кеңірек тоқталсақ, қазақ даласында сонау Әбу Насыр Әл-Фараби кезеңінен қалыптасып, үзіліссіз жалғасып келе жатқан біртұтас рухани ілімдер, орныққан көзқарастар жүйесі бар. Саналы ғұмырын араб жерінде өт­кіз­генімен, Әл-Фараби - түркі топыра­ғының түлегі, сол топырақта дүниеге келген ілімдердің дамытушысы. Атақты Отырар кітапханасы орнаған өңірде туып-өскен ғалымның барлық рухани және дүнияуи ілімдердің бастауынан ту­ған өлкесінде сусындағаны, негізгі көз­қа­растарын өз отанында қалыпта­стыр­ға­ны анық.

Туған топырақтан алған тә­лімін араб, парсы мәдениетінің, ислам өркениетінің ақыл-ой қазынасымен ұш­тас­тырған энциклопедист ғалым «хикма иләһийа» - «иләһи хикмет» («тәңірлік даналық») ілімінің негізін салды. Бұл ілім өз кезегінде Әбу Насыр Әл-Фа­ра­бидің даңқты отандасы - Жүсіп Бала­са­ғұн шығармашылығында «Құт әкелуші білім» («Құтты білік») деген атпен жалғасын тапты. Қос ғұламаның жерлес ізбасары Қожа Ахмет Ясауи бұл ілімді «хикмет ілімі» деген атпен дамытты. Осы ілімнің негізгі қағидалары Ясауи­дің жоғарыда сөз етілген еңбектерінде көрініс тапты. Ясауи танымдық мекте­бі­нің барлық өкілдері мен Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген барлық ойшыл қа­ламгерлер туындыларынан олардың діни және дүниетанымдық мәселелерде әбден қалыптасқан, жүйеленген, орнық­қан біртұтас көзқарастарға ие екені аңғарылады. Бұл көзқарастардың негізін екі қағида құрады деуге болады: біріншісі - ұлттық құндылықтар мен отан­шылдық қағидаларды қорғау; екіншісі - ислам шариғатына құрметпен қа­рай отырып, ары қарай дамыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Абайдың ақындық кітапханасы
Ясауи ілімінің негіздері және Мұхаммед пайғамбар
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ ЖӘНЕ СҰЛТАН ВЕЛЕД ДҮНИЕТАНЫМЫ
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Ясауи туралы ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz