Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

АЛҒЫ СӨЗ

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің бакалавриат бөлімінде оқытылатын Когнитивтік лингвистика теориясы атты курстың оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Оқу-әдістемелік құралдың теориялық және практикалық мақсаты - курс бойынша тақырыптық және мазмұндық құрылымға қатысты бағыт-бағдар беру.

Курс студенттердің когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысандары, қалыптасуы мен негізгі бағыты, адамның ойлау жүйесінің табиғаты, ішкі дамуы мәселелерін тіл арқылы зерттеу тұрғысында білім алуларына мүмкіндік береді.

«Когнитивтік лингвистика теориясы» курсының мақсаты когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысандарынан, қалыптасуы мен негізгі бағытынан толық мәлімет беріп, адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі даму механизмдерін тіл арқылы тану мәселелерін оқытуға бағытталады.

Курстың негізгі міндеттері:

  • Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі ұғымдарын жүйелі түрде меңгерту;
  • когнитивтік лингвистика шешіміндегі міндеттермен таныстыру;
  • антропоцентристік бағыттардың бірі ретінде когнитивтік лингвистиканың сипатын, маңызын түсіндіру;
  • адамның әлем туралы білімінің сақталу механизмі жөніндегі теориялық мәселелердің қарастырылу жайларынан студенттердің түсінігін қалыптастыру;
  • әлем жөніндегі адам білімінің қарым-қатынас үдерісінде тілде тармақталу сипатын көрсету;
  • концептіні лингвомәдени ортаның адам санасында орамдалған түйіні ретінде тани алу қабілетін қалыптастыру;
  • адамның әлем туралы ұлттық-мәдени танымын бейнелейтін концептінің менталды сипатына талдай жасау дағдыларын жетілдіру.

Аталған пәнді оқу нәтижесінде студенттер «Когнитивтік лингвистика» пәнінің негізгі ұғымдарын, пәнін, зерттеу нысандарын, мақсаттары мен міндеттерін; когнитивтік лингвистиканың антропоцентристік бағыт ретіндегі сипатын; адамның әлем туралы білімінің сақталу механизмі жөніндегі теориялық мәселелердің ғалымдар тарапынан қарастырылуын және сол тұрғыдағы теорияларды; әлем жөніндегі адам білімінің тілдегі тармақталуы, концептілерде жинақталу сипаты турлы білімді, сондай-ақ мәдениеттің тірек концептілерін - әлем бейнесінің басты бірліктері, мәдениет константтары жөнінде біліп, когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымы ретінде танылатын концепті құрылымына талдау жасап, әлемнің тілдік бейнесінің элементі ретінде стереотиптерді танып, олардың танымдық сипатын айқындай алуы керек және концепті құрылымын сипаттау әдістемесін пайдалана алып, түрлі ұлттарға тән концеп жүйесін ажырата алуы тиіс.

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Апта: Апта
Тақырыптың аталуы: Тақырыптың аталуы
Сағат саны: Сағат саны
Бағасы: Бағасы
Апта: 1 Модуль. Когнитивтік лингвистиканың теориялық негіздері
Апта: 1
Тақырыптың аталуы: 1 дәріс Кіріспе. Когнитивтік лингвистиканың ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
Сағат саны: 1
Бағасы:
Апта: 1 Семинар. Когнитивтік лингвистика - когнитивизм негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигма.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 1 СӨЖ. Когнитивизм, когнититология терминдерінің түсініктері. Тілдің когнитивтік аспектілері. «Тілтану» парадигмасының қалыптасуы.
Тақырыптың аталуы: 1
Сағат саны: 7
Апта: 2
Тақырыптың аталуы: 2 дәріс. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы: шығу арналары, кезеңдері мен міндеттері .
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 2 Семинар. Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдық аппараты, терминдер жүйесі .
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 2 СӨЖ. Тіл - әлем - сана арақатынасы туралы көзқарастар.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 3
Тақырыптың аталуы: 3 дәріс. Когнитивтік үдерістер және тілдің танымдық рөлі.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 3 Семинар. Тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта:

3 СӨЖ. Когнитивтік ғылым және оның басқа ғылымдармен байланысы.

Сөз өнері - таным өзегі. Халықтық психология - этнотаным негізі.

Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 2 Модуль К онцепт жүйесінің тілдегі көріністері
Апта: 4
Тақырыптың аталуы: 4 дәріс . Когнитивтік лингвистикадағы ғылыми қағидалардың бастамалары.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 4 Семинар. Когнитивтік лингвистикадағы концепциялар мен тіл теориясы.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 4 СӨЖ. Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі түсініктері туралы көзқарастар.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 5
Тақырыптың аталуы: 5 дәріс. Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 5 Семинар. Тіл - адамның әлем туралы білімінің өмір сүруі мен қалыптасуының тәсілі.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта:

5 СӨЖ. Тілдік сана құрылымы. Концепт және концепт құрылымы.

Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 6
Тақырыптың аталуы: 6 дәріс. Концепті - когнитивтік лингвистикадағы базалық ұғым. Концептіні талдау әдістемесі.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 6 Семинар. Концепті - түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің тұнбасы.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 6 СӨЖ. Ж ан базалық концепті ретінде сипаттау, концептуалдық талдау.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 7
Тақырыптың аталуы: 7 дәріс. Концепті құрылымы және оны сипаттау әдістемесі. Семантикалық талдау және концептуалдық талдау. Фразеологизмдердің танымдық негіздері.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 7 Семинар. Фразеологизмдердің концептуалдық талдауы.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта:

7 СӨЖ. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы.

Эмоция атауларының иррационалды сипаттары

Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 1 Аралық бақылау.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 16
Апта:
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 100
Апта: 3 Модуль Когнитивтік лингвистика: білім - адамның ерекше ұйымдасқан ақпарат жүйесі
Апта: 8
Тақырыптың аталуы: 8 дәріс. Концепті типтерінің сипатталу ерекшеліктері және білімнің танылу формалары.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 8 Семинар. Адам санасында білімнің ұйымдасу формалары, ақпараттың өңделу механизмі. Фреймдер - когнитивтік үдеріс ретінде
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 8 СӨЖ. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті // Филол. ғ. д . . . дисс-я. - Алматы, 2005.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 9
Тақырыптың аталуы: 9 дәріс. Білімді концептуалдау тәсілдері. Ассоциативтік эксперимент тілдік сананы зерттеу әдісі ретінде.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 9 Семинар. Семантикалық желі - когнитивтік үдеріс ретінде.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 9 СӨЖ. Жалпы тілдік фактілер - танымдық тәжірибе нәтижесі.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 10
Тақырыптың аталуы: 10 дәріс. Э. Роштың прототиптер туралы теориясы. Құс категориясы прототипінің анықталуы теориясы.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 10 Семинар. Прототип белгілі бір категориядағы эталон мүше ретінде.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 10 СӨЖ. Ұлттық және базалық концептілер. Тағдыр базалық концепті ретінде сипаттау, концептуалдық талдау.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 11
Тақырыптың аталуы: 11 дәріс. Р. Лангакердің когнитивтік қағидалары және дәстүрлі семантика мен когнитивті семантика.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 11 Семинар. Дәстүрлі семантика мен когнитивті семантика.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 11 СӨЖ. Жол ұлттық-мәдени концепті ретінде сипаттау.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 12
Тақырыптың аталуы: 12 дәріс . Әлемді танудағы ана тілінің рөлі туралы Э. Сепир және Б. Уорфтың гипотезасы.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 12 Семинар. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта:

12 СӨЖ. Метафораның когнитивтік теориясы

Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты.

Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 13
Тақырыптың аталуы: 13 дәріс. Фреймдер білім репрезентациясының құрылымы ретінде.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 13 Семинар. Ментальды модельдер: фреймдер және метафораның тілдік болмысы, концептуалды метафоралар.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 13 СӨЖ. Жыраулар поэзиясы: дүниенің жаратылу концептісі. Фон және фигура.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 14
Тақырыптың аталуы: 14 дәріс. Дискурс және нарративтер - ұлттық мәдениетті тұжырымдаушы компоненттер. Адам санасында білімнің ұйымдасу механизмдері: схема, предикативтілік, логика, ой суреттер, сценарийлер т. б.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 14 Семинар. Саяси дискурс: ұлттық тілдік сана және семантикалық гештальттар.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 14 СӨЖ. Қазақ тілдік санасындағы жалғыздық // жекелік концептілері.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 7
Апта: 15
Тақырыптың аталуы: 15 дәріс. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар.
Сағат саны:
Бағасы:
Апта: 15 Семинар. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын когнитивтік аспектіде зерттеудің ерекшеліктері.
Тақырыптың аталуы: 2
Сағат саны: 5
Апта: 15 СӨЖ. Дискурс және дискурсивті талдау ұғымдары.
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 11
Апта: 2 Аралық бақылау
Тақырыптың аталуы:
Сағат саны: 100
Апта:
Тақырыптың аталуы: Емтихан
Сағат саны:
Бағасы: 100
Апта:
Тақырыптың аталуы: Барлығы
Сағат саны:
Бағасы: 300

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

СЕМИНАР ЖӘНЕ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

№ 1 дәріс

Тақырыптары: Кіріспе. Когнитивтік лингвистиканың ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері

  • Когнитивизм - адам санасындағы менталды үдерістерді басқаратаын жалпы қағидалар туралы ғылым.
  • Когнитивтік ғылым және когнитивтік лингвистиканың өзара байланыстары.

Білім және ақпарат: когнитивтік үдерістер. Когнитивизмнің зерттеу нысаны адам ақыл-ойы, санасы және солармен байланысты менталды үдерістер. Қазір “когнтивизм” термині аясында келесі мәселелер қарастырылады: а) адамның “ойлау механизмін” зерттеу бағдарламалары; ә) әр түрлі каналдар арқылы адам миына түсетін ақпараттарды өңдеу үдерістерін зерттеу; б) әлемнің менталды моделінің құрылымы; в) әр текті когнитивтік актілерді қамтамасыз ететін жұйелердің құрылысын; г) табиғи тілде баяндалған ойларды адамның және компьютерлік бағдарламалардың қалыптастыруы мен түсінуі; мәтінді түсінуге және тудыруға қабілетті компьютерлік моделдердің жасалуы; д) ойлау актілеріне қызмет ететін психикалық үдерістердің түрлері.

Адамның когнитивті дүниесі оның қылығы мен әрекеті арқылы зерттеледі. Бұл орайда тіл белсенді рөл атқарады. Тіл адамның кез келген әрекетінің ойлау жүйесін, мотивін т. б. танытады. Сөйтіп, когнитивизм Адамды әрекет етуші, және белсенді ақпарат тудырушы және қабылдаушы ретінде қарастырып, бұл процестер барысында, яғни ойлау қызметінде анықталған схема, бағдарлама, жоспар, стратегияларды басшылыққа алатынын түсіндіреді.

Дж. Миллер когнитивистиканың туған күні деп ХХғ. 50 ж. өткен ақпараттар теориясы туралы симпозиумды атайды. Осы кездерде американ профессоры Дж. Бруннер когнитивті үдерістер табиғаты туралы дәріс оқиды. Дж. Миллер және Дж. Бруннер 1960 жылы Гарвард университетінде когнитивтік зерттеулер орталығын ашады.

ХХ ғ. ортасында баланың тілді меңгеруін бақылау барысында кейбір ойлау үдерістерін анықтауға байланысты жол ашылады. Онда балалардың өз ана тілін меңгеруде біртекті әдіске сүйенетіні, әмбебап алгоритм бойынша жүзеге асатыны, яғни баладағы “ішкі грамматика” ережелер нәтижесі екені түсініледі. Баланың өз ана тілін меңгеру үдерістерін зерттей келе, ғалымдар ондағы ережелердің тілдік емес әрекеттерді басқаратын ережелерге ұқсас екені туралы тұжырымға келді. Бұл сияқты негіздемеге сүйенетін когнитивистика әдістемесі лингвист әркектімен үндес келеді, себебі лингвист мәтінді түсіндіре келе, оның дұрыстығының, сөйлемінің мәнділігінің себебін талдайды.

Когнитивтік лингвистика когнитивизм негізінде адамға бағытталған парадигма аясында пайда болды. ХХ ғ. аяғында адамның танымдық қызметіндегі тілдің орны қарастырыла бастады. Адамның танымдық қызметі нәтижесінде оның миына келіп түскен ақпараттардың тілдік формада тіркелген көріністері ғана когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны болады.

Әдебиеттер:

1. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным, 2001, №4.

2. Маслова В. А. Когнитивная лингвистика. -Уч. пособие. М., 2004. 3. Демьянков В. З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода // ВЯ, 1994, № 4. -с. 17-33.

4. Алпатов В. М. Об анртопоцентричным и системопоцентричном подходах к языку // ВЯ. М., 1993. № 3.

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:

  1. Когнитивтік лингвистика- адамның қоршаған орта, әлем тұрғысындағы білімінің, жалпы ақпараттардың санада қабылдануы, өңделуі және сақталуы механизмдерін табиғи тілдік деректерді зерттеу арқылы анықтау мақсатын көздейтін тіл білімінің бағыты. К. л. -ның зерттеуі бойынша тілдік деректер адам миының ақпараттарды қабылдауға және өңдеуге байланысты жұмыс істеу механизмін түсінуде өзіндік үлесін қоса алады. Бұл тұрғыда тіл көмегімен ақпараттарды жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдері өзге тілді меңгеру, машиналық аударма, ақпараттарды автоматты іздестіру сияқты қолданбалы лингвистика міндеттері шешімінде маңызды болып табылады.
  2. Модуль- бұл тілдегі жүйелі қатынастарды білдіру бірлігі. Демек, М., біріншіден, ұғымдық концептілер мен тілдік білімнің менталды репрезентация жүйесін таныту бірлігі; екіншіден, репрезентацияланатын ақпараттың сатылы өңделуі мен оның практикалық тұрғыдан қолданылуын қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығын таныту бірлігі; үшіншіден, коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруға бағытталған технологиялық процестерді тілді үйренушіде ұйымдастыру бірлігі бола алады. М-ге тән басты қасиеттер - олардың дербестілігі (автономность), мамандандырылуы және әмбебаптығы. Бір модульдер организмге көрсеткен сыртқы әсерлер туралы ақпаратты репрезентациялап, оны өңдеу және сақтау қызметін атқарады. Ықпал, сыртқы әсер тілдік білім мен ұғымдық жүйе деңгейінде жүзеге асады. Бұған әлем, әрекеттер мен түрлі күйлер туралы білімдердің концептуалдануы енеді. Басқа модульдер алынған ақпаратты өңдеп, оны практикалық немесе аналитикалық қызметте қолдануды қамтамасыз етеді.
  3. Тілдік сана- сана мен тілдің қатысында қоршаған орта тұрғысында қалыптасқан танымның мидағы вербалды бейнесі. Яғни, тіл ми қызметінің бір өнімі ретінде танылатын, ес, қабылдау, ойлау және эмоция сияқты құрамдас бөліктерден тұратын сананың іштей ұйымдасып, қоршаған ортаға байланысты танымның жүзеге асырылуына қатыса отырып, сол уақытта объектінің адам қабылдауындағы кеңістікті, себеп-салдарлы, эмоционалды байланыстарға негізделген тілдік бейнесін түзеді. Белгілі бір этникалық қоғамдық мәдениет өкілінің тілдік санасы сол қоғамға тән мәдениет, этникалық танымдық ерекшеліктерді тұрғысынан қалыптасады. Этникалық қоғамдық Санамен тікелей байланысты түзілетінТ. С. ұйымдасуын ассоциативтік эксперименттер арқылы бақылауға болады.

№1 СЕМИНАР

Тақырып: Когнитивтік лингвистика - когнитивизм негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигма.

1. Когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысаны, пәні т. б. туралы ақпарат.

2. Когнитивтік ғылымның басқа ғылымдармен байланысының сызбасын жасау.

3. Антропоцентристік парадигма дегеніміз не? Антропоцентристік ғылымдар қатарын түзу.

№1 СӨЖ. Когнитивизм, когнититология терминдерінің түсініктері. Тілдің когнитивтік аспектілері. «Тілтану» парадигмасының қалыптасуы.

№ 2 дәріс

Тақырыптары: Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы: шығу арналары, кезеңдері мен міндеттері.

  • Когнитивтік лингвистиканың міндеттері және басқа ғылым салаларымен байланысы.
  • Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері.
  • Когнитивтік лингвистиканың қалыптасу кезеңдері. Когнитивтік лингвистика адам санасы қалай ұйымдасқан, адам дүниені қалай таниды, әлем туралы мәліметтің қайсылары білім болып табылады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сауалдарға жауап іздестіреді. Когнитивті ғылым термині 70 ж. ортасынан қолданыла бастады. Адамның ақпаратты меңгеру, пайдалану және жинақтау үдерістері механизмдерін зерттеуді міндет етіп өз алдына қойған.

Когнитивтік психологияның көзқарасы тұрғысынан адам ой-санасының ең маңызды қасиеті өмірдегі заттар мен құбылыстарды жіктеуі мен категориялауы болып табылады. 70 ж. адамның интеллектуалдық үдерістері (оны моделдеумен жасанды интеллект айналысады) адам ойының әмбебап заңдары ретінде қарастырылмауы керек, себебі көптеген интеллектуалдық мәселелр бұрыннан бар білімді тірек ету арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді түсіну, бейнелерді тану сияқты интеллектуалдық мәселелер бұрыннан бар білімге сүйенілмесе, шешілмейді. Білімді сақтау, таныту (ұсыну), өңдеу, компьютерлік бағдарламаларда қолдану когнитологияда қарастырылады. Сөйтіп, когнитология пәнаралық, сондай-ақ синтетикалық ғылым болып табылады. Ол адамның когнитивтік үдерістерін зерттеуде математика, философия, лингвистика, психология, информатика теорияларына сүйенеді.

Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері: 1) Когнитивтік ғылым -адам білімінің құрылымы мен қызметін зерттейді, ол жасанды интеллекттің инженерлік пәні нәтижесінде пайда болды. Адам миы мен компьютердің ұқсастығы ақпараттық қадамдық әдіспен өңдей алу қабілеттеріне байланысты анықталады. 2) Когнитивтік психология. Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен концептуалдық және когнитивтік моделдер туралы түсініктерді бөліседі. Себебі, тіл қызметі психологиялық механизмдерді тірек етеді. Тіл - адамның дүниемен қарым-қатынасы барысында жинаған білімі мен категориялық тәжірибесін жинақтап, сақатудағы басты желі. 3) Лингвистикалық семантика. Кейбір ғалымдар когнитивтік лингвистиканы семантикалық идеялардың табиғи дамуы ретінде қарастырады. Олар тілдік семантика категориясы астарынан ұғымдық категорияларды көреді, оларды адам танымы негізінде әлемді меңгеру, тану нәтижесі деп түсіндіреді. 4) Лингвистикалық типология мен этнолингвистика мәліметтері. Олар тіл құрылымындағы әмбебаптарды түсінуге мүмкіндік береді. 5) Нейролингвистика - тілді адам миының менталды қызметін тану негізі ретінде зерттейді. 6) Психолингвистика - жалпы адамзаттың тілді меңгеруі мен қолдануына байланысты мәселелерді зерттейді, әмбебап стратегияларды, тірек элементтерді қарастырады. Тілдік сана, тілдік тұлға, әлем бейнесі т. б. 7) Мәдениеттану - концептілердің пайда болуы мен қызметіндегі мәдениеттің рөлін анықтауға мүмкіндік береді. 8) Салыстырмалы тарихи тіл білімі сөз мағынасының дамуы туралы мәліметтер береді.

Әдебиеттер:

  1. Маслова В. А. Когнитивная лингвистика. -Уч. пособие. М., 2004.
  2. Кубрякова Е. С., Демьянков В. З., Панкрац Ю. Г., Лузина Л. Г. Краткий словарь когнитивных терминов. - М., 1996.
  3. Оразалиева Э. Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. - Алматы: Ан Арыс, 2006.

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:

  1. Әлем бейнесі- бұл адам және оны қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделуінің нәтижесі, адамның өзін қоршаған әлем туралы санада тіркелген таным-білімі, яғни әлемді қабылдау тұрғысындағы адам санасының шындығы. Әлем бейнесі әлемнің тура өз қалпындағы көрінісі емес, адам санасы қатысуымен жасалған бейнесі, әлемнің санада өңделген көрінісі болып табылады. Адам әлем бейнесін өз танымы, түсінігіне сәйкес түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасайды, мысалы, жаңа бір құбылысты өзіне бұрыннан таныс екінші құбылыспен салыстырады. Осы тұрғыда әр халықтың дүниетанымы әлем бейнесінен орын алады. Адам ой-санасының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, әлем бейнесі де қозғалыс үстіндегі құбылыс ретінде сипатталады, өйткені уақыт өтуімен бірге ол да өзгеріске түсіп отырады. Адам әлемді танып-түсінуде қателіктерге де бой алдырған, сондықтан әлемнің қарапайым, ғылыми бейнелері ажыратылады.
  2. Әлемнің тілдік бейнесі- адам және қоршаған орта қарым-қатынасының санада өңделген шындығының тілдегі көрінісі. Адам санасының қатысуымен жасалған әлем бейнесі тілдік бірліктердің өзара байланысында (лексика, грамматика, фразеологизмдер, мәтіндер) көрініс табады және ұрпақтан ұрпаққа жетеді, яғни тіл арқылы адамның әлем туралы танымы мен білімі материалданады, сондай-ақ тіл - әлем бейнесінің өмір сүру формасы.

№2 СЕМИНАР

Тақырып: Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдық аппараты, терминдер жүйесі.

1. Когниция, когнитивистика, менталдылық, менталитет, білім, ұлттық мәдени кеңістік , когнитивтік база т. б. терминдерге глоссарий құру.

2. Когнитивтік лингвистиканың қайнар көздері және қалыптасу кезеңдері.

3. «Адамның танымдық механизмі және компьютер (ақпаратты тану т. б. ) » пікір алысу.

Әдебиеттер:

1. Кубрякова Е. С., Демьянков В. З., Панкрац Ю. Г., Лузина Л. Г. Краткий словарь когнитивных терминов. - М., 1996.

2. Оразалиева Э. Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. - Алматы: Ан Арыс, 2006.

№ 2 СӨЖ. Тіл - әлем - сана арақатынасы туралы көзқарастар

№ 3 дәріс

Тақырыптары: Когнитивтік үдерістер және тілдің танымдық рөлі.

  • Әлем бейнесінің моделденуі мен танымның қалыптасуындағы үдерістер.
  • Метафоралану - негізгі менталды операция, әлемді тану тәсілі.
  • Когниция объектілерді сәйкестендіру және ажырату қажеттілігі ретінде.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер
Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербальдану ерекшеліг
Тілдік санадағы ауыл/қала ұғымдары
«Айналайын» ұғымының ассоциативтік өрісі
Концептуалды талдау жұмысы
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Әлемнің когнитивтік суреті
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz