Жаппай тасымалданатын жүктердің тасымалдау технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес, техника және технология жоғары мектебі
Инжиниринг және логистика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәннің коды, атауы. KL 3213 Көлік логистикасы
Тақырыбы: Қызылорда облысындағы көліктік компанияның мысалындағы логистикалық қызмет көрсетудің дамуы.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Камысбаева А.Т
Орындаған: ОПД-23-2тобының студенті Кунисбаева Жазира Ергазиевна

Курстық жұмыс қорғалды ____ ________2023ж
Бағасы:

Комиссия төрағасы: Байтасов К.
Комиссия мүшелері: Ембергенов М.А.
Камысбаева А.Т

Қызылорда, 2023

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-бөлім. МӘСЕЛЕНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ
0.1 Жаппай тасымалданатын жүктердің тасымалдау технологиясы
2-бөлім. Көмірді жабық вагондар мен ашық жылжымалы құрамнан түсіру технологиясы
2.1 Көмірді жабық вагондардан түсіру технологиясы
3-бөлім. КӨМІРДІ ТИЕУ - ТҮСІРУ МЕХАНИЗМІН ЕСЕПТЕУ
3.1 Қойма параметірін есептеу
3.2 Тасымалдау ақысын есептеу
3.3 Көмірді тасымалдауға жылжымалы құрамында салыстыру
3.4 Әртүрлі жылжымалы құрамдармен тасымалдау шығынын анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес, техника және технология жоғары мектебі
Инжиниринг және логистика кафедрасы

Бекітемін
Бизнес,техника және технология
жоғары мектеп деканы
_________Ембергенов М.Ә.
_______ 2023ж

ТАПСЫРМА

Пәні: Көлік логистикасы
Студент: Кунисбаева Жазира Ергазиевна
Тобы: ОПД-232
Жұмыстың тақырыбы: Қызылорда облысындағы көліктік компанияның мысалындағы логистикалық қызмет көрсетудің дамуы.


Тараулар атауы
Орындалу уақыты
Орындалуы туралы белгі
1
Кіріспе.

2
Теориялық бөлім

3
Технологиялық бөлім

4
Есептік бөлім

5
Қорытынды

6
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тапсырма берілген күн: ____ ________2023ж

Курстық жұмыс жетекшісі: Камысбаева А.Т

Қызылорда, 2023

КІРІСПЕ
Тұтынушының пунктіне өндірістен шығарылған өнімді, өндірістен кезкелген өнімді толық жеткізгенд толық бітіру деп есептеледі. Өндірісте барлық жүктерді және өндірілгенкезде түскен көлікте жүк деп аталады. Кәсіпорын, ұйым және жеке азаматтар немесе тұлға, тасымалдауға жүктерді көрсету, жүк жөнелтуші деп аталады. Ал алушыны жүк қабылдағыш деп атайды. Операциялардың жиынтығы тасымалдау процесі деп аталады. Жөнелтілген пункттен жүктің орындалуы жолда жүру және кеден пунктіне тасымалдау процесіне мынадай элементтер кіреді: жүктерді жөнелтуге дайындау және оларды жүк жіберушінің қоймасында жинақтау (сұрыптау) станцияға (портқа) жеткізердегі операциялар. Жүкті жөнелтуге қабылдау,оны стансада сақтау, арту, маневрлық операциялар, оларды алуға байланысты, пойыздарды құрастыру және жөнелтуге дайындау. Пойыздың келетін стансаға дейін жүрісі, жүрген жолда қайтадан құрастыру, бір көліктен екінші көлікке арту немесе аралас тасымалдау. Пойыздарды келген пунктте сұрыптау. Маневрмен түсіретін орынға беру, түсіру және алушыларға жүкті беру жүкті стансадан алушының қоймасына жеткізу.
Екі арнайы принцип көліктік процестерде негіз болады.
- жоспарлау
- орталықтан басқару.
Жоспарлау, яғни тасымалдау процестерінде жұмыстың және оның бір қалыпты деңгейде жағдайы жасалуы болып табылады.
Орталықтан басқару тасымалдау процестерінде көп бөлімшелерге бағыттауға мүмкіндік береді және темір жол тасымалдау процестерін қамтамасыз етеді.
Темір жол көлігінде коммерциялық пайдалану және техникалық болып бөлінеді тасымалдау процестері. Темір жолдың ішкі қызметінің ережесі пайдалану техникасы жолаушылар және жүктерді қабылдаушылар жөнелтушілердің жұмысшылардың атқаратын, ал локомотивті және басқа нормалар, вагон парктерін ұйымдастыру пойыздың жүру кестесі қауіпсіздік техникалық пайдалану саласына кіреді. Жеке тұлғалар пайдалануы және ұйымдастыру басқа өндірістер темір жол көлігі сыртқы байланысты коммерциялық пайдалануды анықтайды. Коммерциялық пайдалану мыналар кіреді: тасымалдауды жоспарлау, жөнелтуші деп жүктерді қабылдау және алушыға оны беру, тасымалдауға құжатты толтыру, сақтау, арту, жүктерді түсіру және механикалық тиеу-түсіру жұмысы, ережені дайындау және тасымалдау шарттары, тарифтер және тасымалдаудың есебі, жүктерді тасымалдауда сақтауын қамтамасыз ету таразыны пайдалану, мұздатқыш шаруашылығы, көліктік экспидиторлық қызмет көрсету. Жалдық және келісіімділік жұмыс, тағы да багаж және жолаушыларды ұйымдастыру.
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдауда қатысып, санына байланысты бөледі: жергілікті, тікелей, аралас, халықаралық. Жүктерді тасымалдауда төменгі жылдамдықтарға бөлінеді: үлкен, жолаушылар, жүк.
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау көлік түріне байланысты тікелей темір жол қатынасындағы тасымал, тікелей аралас тасымал және тікелей емес аралас қатынас болып бөлінеді.
АҚ ҰК "ҚТЖ" құрылғаннан бері тасымалдар тікелей темір жол қатынасында екі темір жол станциясының аралығында бір немесе бірнеше инфрақұрылымның қатысуымен барлық жүріс жолына, бір тасымал құжаты бойынша ресімделген тасымал жатады.
Тікелей аралас қатынастағы тасымалдар жүктің барлық жүріс маршрутына толтырылатын бір көлік құжатымен бірнеше көлік түрі тасымал жүргізеді. Тікелей емес аралас қатынаста - бірнеше көлік түрлерімен, әр көлік жеке тасымал құжаты бойынша жүргізетін тасымал.
Сонымен қатар жүктер темір жолдың қатысуымен халықаралық қатынаста екі немесе бірнеше елдердің арасында, сонымен қатар Қазақстан Республикасын транзитпен өтуі мүмкін. Мұндай қатынас тікелей болуы мүмкін, яғни барлық жүріс жолына бір көлік құжаты толтырылады және тікелей емес, яғни әр бір елдің аймағында тасымалдау жеке келісім шарт негізінде және бірнеше көлік құжатымен жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы және әскери темір жол тасымалдары да жүргізіледі.
Арнайы темір жол тасымалдары мемлекеттің және қорғануға қажетті маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған, сонымен қатар сотталған және күзеттегі тұлғалардың тасымалы.
Соңғы жылдары үлкен салмақты автомобильдерді және прицептерді арнайы платформаларға тиеп жүктерді аралас (контрейлер) тасымалдау дамуда.
Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдірудің және дамытудың негізгі басты бағыттары болып саналады:
oo "есіктен есікке", "тікелей экспедиция", мультимодальды, транзит, интермодальды тасымалдарды қоса есептегенде, жоғары сапалы көлік қызметіне есептелген, тасымалдау процессінің технологияларын енгізу;
oo халықаралық және ішкі қатнастарда қолданылып жүрген логистикалық жүйелерді жетілдіру және жаңасын енгізу;
oo автоматтандырылған жүйені енгізу, олардың орындалуын бақылау және ұзақ мерзімді контракттармен және келісімшарттармен тасымалдарды қамтамасыз ету жүйесіне өту;
oo жүк жөнелтушілермен және темір жол арасында, жүк қабылдаушылармен электронды құжат алмасу, олардың орталықтандырылған мәліметтер жүйесін енгізу, жүктердің тасымалына төлем ақыны енгізу жүйесін жетілдіру, жұмсақ тарифтік саясатты енгізу;
oo тасымал құжаттарын реальды уақыт режимінде өңдеу және құрастыру және олардың жүк жөнелтушіден жүк қабылдаушыға қағазсыз қозғалуы (электронды накладная);
oo аралас тасымалдарды дамыту, тікелей жеделдетілген контейнер және контрейлер поездарын ұйымдастыру, салмағы 40 футт контейнерлерді қазіргі заманға сай қайта тиеу терминалдарының құрылысын бастау;
oo автопоездардың, автоприцептердің, түсірілетін кузовтардың тасымалы үшін арнайы жылжымалы құрам жасау; жолаушы, жүк багаждарының және жеделдетілген жүк поездарында контейнерлердің тасымалы үшін жедел платформалар жасау; тиеу-түсіру, бекіту және жүктерді сақтау үшін жүк жөнелтушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жетілдірілген жабық вагондар жасау;
oo басқа көлік түрлерімен тығыз байланыс орнату, аралас темір жол - су компанияларын құру;
oo жаңа көлік коридорларын құру;
oo тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, жаңа пломба құрылғыларын енгізу және жасау, сонымен қатар электронды, тасымалданатын және сақталатын жүктерді бақылау құрылғыларын орнату;
oo поездарды және вагондарды коммерциялық бақылауға автоматтандырылған жүйені енгізу (АСКОПВ);
oo тиеу-түсіру жұмыстарында өнімділігі жоғары жаңа механизмдерді пайдалану;
oo тез бұзылатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін жаңа изотермиялық көлік құрылғыларын енгізу; изотермиялық жылжымалы құрамдарды жетілдіру.

1-бөлім. МӘСЕЛЕНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ
Жаппай тасымалданатын жүктерге тасымалдау кезіндегі үлесі мен көлемі біршама үлкен болатын жүктер жатады. Қазақстан республикасында оларға отын, металлургиялық жүктер, ағаш, құймалы жүктер, астық жүктері, минералдық құрылыс материалдары, минералдық тыңайтқыштар жатқызылады. Жаппай тасымалданатын жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі әдісі болып олардың маршруттандырылуы саналады. Яғни, тиеу пункттерінде вагондардан түзілген пойыздар техникалық станциялар арқылы қолданыстағы қалыптастыру жоспары бекітетін өңдеусіз өтеді. Нәтижесінде жүктің жеткізілуі тездетіледі, вагондардың қажеттілігі азаяды, тасымалдардың өзіндік құны төмендейді. Жаппай тасымалданатын жүктерді тиеудің маршруттарндырумен қамтылуы қазіргі экономикалық жағдайда темір кенінің (80 % аса), түрлі-түсті кеннің, тас көмірдің және химиялық тыңайтқыштардың (50 % аса) тасымалының маршруттандырылу деңгейі біршама жоғары болып қалып отырғанын көрсетеді. Темір жолдар жұмысының тәжірибесінде маршруттанған тасымалдарды ұйымдастырудың бірқатар әдістері табылды. 1970-80-жылдары маршруттандырудың Белорусь әдісі, Прибалтика және Солтүстік жолдар тәжірибесі белгілі болды. Ең танымалы маршруттандырудың Беларусь әдісі болып табылады, оның негізіне төмендегі жайлар кіреді:
- жүк жөнелтушілер жолға жүк жөнелтуге берілген тапсырыстарға сәйкес нақты бір тәуліктерде белгілі бір жүк қабылдаушыларға вагондарды адрестеу құқығын береді. Ол үшін станцияның тауарлық кеңсесіне жоспарлық мерзімге тек вагон нөмірі, жүк салмағы және жөнелту күні ғана қойылмаған тасымалдық құжаттар жіберіледі (жөнелту қағазының банкі түзіледі); бірнеше жүк тиеу станциясы біртұтас тиеу кешеніне бірігеді, оны біріктірілген тауарлық-техникалық кеңсесі бар бір станция бастығы басқарады;
- тауарлық-техникалық кеңсенің маршруттандырушылар тобы маршруттарды станциялар кешенінен жөнелтуді жоспарлайды, яғни, жүк жөнелтудің мерзімділігін және жүк қабылдаушылардың жүк түсірушілік қабілетін ескере отырып, мейлінше көп ең ұзақ сапарлық маршруттар санын қамтамасыз ететін маршруттандыру жоспарын және күнтізбелік жоспар әзірлейді.
Солтүстік жолда маршруттардың жүк түсіру үшін әр түрлі тиеу пункттерінен бір станцияға келтірілуін келісу жүзеге асырылды (көмір маршруттары үшін). Воркута, Мульда және Инта-2 станцияларының жалпы тиеу жоспары бойынша бір жүк тиеу станциясына келетін орташа тәуліктік түсіру нормасынан аспайтындай есеппен ай сайын жүк тиеудің күнтізбелік жоспары жасалды. Бұл жерде үш станцияда да көмір өз маркалары бойынша жолдың әртүрлі станцияларында орналасқан бір ғана қабылдаушыға жөнелтіледі. Станциялардың, бөлімшелердің және жолдың технологиялық үрдістерінде бос вагондарды тиеу станцияларына келтіру мерзімдері, интервалдары, жүк тиелген маршруттардың белгілі бір түсіру станциясына, оған маршруттар біркелкі келетіндей жөнелту уақыты және ұтымды интервалдары анықталады.
Бұрын, маршруттардың станцияға келу сәті бойынша реттеу болмаған жағдайда, бір түсіру фронтына жүк түсірудің көбінесе 2-3 тәуліктік нормасы келіп қалатын, нәтижесінде маршруттар түсіруді күтіп тәуліктер тұрып қалатын. Жүк қабылдаушылар және түсіру станциялары ай басталардан бұрын оларға жөнелтудің күнтізбелік жоспарын алады және маршруттардың уақтылы түсірілуін қамтамасыз етеді. Бірақ маршруттардың тиеуге келтірілуін келісу қолмен, бақылау және оперативтік басқару құралдарын қолданусыз жүргізілді. Тәжірибе жүзінде жаппай тасымалданатын жүктер тасымалын ұйымдастырудың тиімді формасы болып айналмалы маршруттандыру саналады. Айналмалы маршруттандырудың үлкен тәжірибесі тас көмірді, кенді, құрылыс жүктерін, мұнай өнімдерін жөнелтушілер мен қабылдаушылардың тұрақты экономикалық байланысы бар аймақтарда жинақталды.
Тиеу және түсірудің белгілі бір пункттері арасындағы бір ғана құрамда жүретін айналма маршруттардың артықшылықтары:
- өнеркәсіптік кәсіпорындарды шикізатпен және отынмен жабдықтау үшін қолайлы жағдай жасалады;
- маңызды тиеу пункттері қажетті типтегі бос вагондармен қамтамасыз етіледі;
-вагондарды тиеуге дайындау бойынша операциялардың саны ұзақтығы қысқарады және нәтижесінде байланысты вагондардың тұрып қалуы қысқарады;
- пойыздарды құру және ажырату бойынша маневрлік жұмыстар көлемі азаяды;
- техникалық станциялардың берілген ваго ағынын ұйымдастырумен байланысты тиелуі төмендейді.
Айналма маршруттар вагонағындарын ұйымдастырудың, оперативтік-диспетчерлік басқарудың біртұтас контурын қамту қиын болмайтын формасы болып табылады. Бұл жүктердің жол бойы жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Жүк тасымалын станциялар мен кірме жолдар жұмысының технологиялық үрдісі бар айналма маршруттармен байланыстыру қажет. Ол үшін тұйық маршруттардың айналым графиктерін жасау қажет болады, онда кәсіпорындар жұмысының технологиясын ескере отырып, бос вагондарды тиеуге беру уақытын, олардың тиелу ұзақтығын, маршруттың кәсіпорынға келіп жету уақытын және оның босатылу ұзақтығын белгілейді. Айналма маршруттардың біртұтас кешендік график бойынша айналымын, бірқатар жолдардың тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, жол ішінде ғана емес, бірнеше жолдар арасында да ұйымдасытруға болады. Бірақ, жұмысты ұйымдастырудың қатаң графиктік формалары өнеркәсіптік өндірістің өзгермелі ырғағы мен көліктік үрдістердің біркелкі еместігін жете ескере алмайды. Жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы жүк ағындарының біркелкі еместігі едәуір экономикалық шығындарға әкеледі. Әсіресе олар көлік пен өндіріс түйісуінде орасан зор.

1.1 Жаппай тасымалданатын жүктердің тасымалдау технологиясы
Жөнелтушілік маршруттар деп жүк жөнелтушімен темір жолының ұйымның кірме жолында немесе темір жолмен жасалған келісім-шарт бойынша темір жол станциясында құрылған белгілі бір массасы мен ұзындығы бар жылжымалы құрам деп айтылады. Онда жүк пойыздары қалыптасуының қолданыстағы жоспары бойынша мұндай пойыздың өңдеуінен міндетті түрде ең кемінде бір техникалық станция босатылады.
Маршруттар олардың ұйымдастырылуы және қалыптасуы бойынша төмендегіне бөлінеді:
1) бір жүк жөнелтуші бір станцияда жүк тиеген вагондардан, сондай-ақ тармақ иесі және өзге де жүк жөнелтуші-контрагенттер жүк тиеген вагондардан бір кірме жолда құралған жөнелтушілік маршруттар;
2) әртүрлі жүк жөнелтуші бір станцияда жүк тиеген вагондардан (станциялық баспалдақты маршрут), бір жүк жөнелтушімен немесе бірнеше жүк жөнелтушімен бір немесе бірнеше жеке пункттерде жүк тиеген вагондардан түзілген (телімдік баспалдақты маршрут) сатылы маршруттар.
Құрамындағы вагондардың арналған мақсаты бойынша:
1) түсірудің (бөліп түсірудің) бір станциясына бір немесе бірнеше жүк қабылдаушының атына бағытталған тура маршруттар (жүктерді маршрутымен қабылдап алу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтары бар мұндай станциялардың және жүк қабылдаушылардың тізімін магистральдік темір жол желісінің операторы белгілейді),
2) түсірудің (бөліп түсірудің) бір телімінің станциясындағы вагондары тағайындалу станциясы бойынша топпен сұрыпталатын маршруттар (топтағы бір жүк қабылдаушының атына бағышталған вагондардың ең жоғарғы саны кірме жолды пайдалануға немесе вагондарды беру және жинау келісім-шарттарында жүк жөнелтушінің, жүк қабылдаушының жауапкершілігін ескере отырып белгіленген оның түсіру (бөліп түсіру) пунктінің түсірушілік қабілетіне сәйкес келеді;
3) маршрут жолында орналасқан станциялар жүк пойыздарын құрастыру жоспары бойынша, жол бойындағы қайта өңдеулердің ең жоғарғы қысқаруын ескере отырып ұйымдастырылған таралу станциясына тағайындалған маршруттар
4) вагондарды түсіру (бөліп түсіру) станциялары бойынша және жүк қабылдаушыларға осы пункттерге бекітілген әрекет ету аудандары аясында адрестеу жүргізілетін таралу станциясына тағайындалған маршруттар (маршруттарды тарату пункттерінің және олардың әрекет ету аудандарының тізімін магистральдік темір жол желісінің операторы белгілейді).
5) отын жүктерін қабылдайтын, вагондарды осы жүктерімен түсіру (бөліп түсіру) станцияларына адрестеу жүргізілетін кіре беріс немесе тарату станцияларына бағытталған маршруттар (кіре беріс немесе тарату станцияларының және олардың әрекет ету аудандарының тізімін магистральдік темір жол желісінің операторы белгілейді).
Жөнелтушілік маршруттар айналу жағдайлары бойынша бөлінеді:
oo тұрақты құрамы бар, жүк түсірілген соң сол құрамымен сол станцияға немесе бөлімшеге қайта тиеу үшін қайтарылатын айналма маршруттар;
oo айнымалы құрамы бар, жүк түсірілген соң сол станцияға немесе бөлімшеге қайтарылатын, вагондар саны, типі және олардың тағайныдалу сақталатын, бірақ қажетті жағдайда бір вагондар осыған ұқсас басқа вагондармен ауыстырылуы мүмкін айналма маршруттар болып бөлінеді.
Айналма маршруттардың ұйымдастырылуы вагонды тиеуге дайындау шығындарын біршама қысқартады, бұл жерде вагондардың тиеу пункттерінде тұрып қалуы азаяды, өйткені вагондар оған ең төмен дайындықты қажет етеді. Жөнелтушілік және сатылы маршруттар біртекті және әртүрлі жүктерден ұйымдастырылады.
Тасымалдардың жөнелтушілік маршруттандырылуы жүк жеткізу мерзімін қысқартуға, вагондар айналымын тездетуге, олардың станцияларда өңделу көлемін азайтуға, материалдық құралдарды үнемдеуге, жүктердің тасымал кезіндегі сақталу жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
Маршруттарды бір жүк жөнелтушімен бір станцияда жүк тиелген вагондардан бір түсіру немесе таралу станциясына бағытталған, міндетті түрде жүк пойыздарын қалыптастыру жоспарымен қаралған вагон ағындарын өңдеуден кемінде бір вагонды босата отырып ұйымдастыру (қалыптастыру) жоспарына сәйкес.
Маршрут салмағы мен ұзындығы тасымалдаушымен белгіленеді. Қажет болған жағдайда маршрут ұзындығын ең көбі бір физикалық вагон санына қысқартуға рұқсат етіледі. Маршрутты жүк жөнелтушінің кірме жолында белгілі бір салмақ нормасы бойынша (тиеу фронты бойынша шектеу) қалыптастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда маршруттарды вагондар тобынан магистральдік бағыттағы пойыздар салмағына еселік салмақпен ұйымдастыруға болады.
Станция маршруттарының жүріс бағытында пойыз салмағының төмендеу жағына қарай өзгерістері болған жағдайда, маршруттар ядродан (темір жолдық тағайындалу станциясында пойыз салмағы өзгерген жағдайда қайта құрусыз жүре беретін жөнелтушілік маршруттың белгілі бір салмағы бар негізгі бөлігі) және құрамда салмақ бұзылу пунктіне дейін жүретін тіркемелік бөліктен құрылады. Салмақтың немесе құрам ұзындығының параллель нормалары белгіленген бағыттарда мұндай маршруттар барлық станциялардан құрамы өзгермеген күйде өткізіледі.
Маршрут ядросының салмағы мен ұзындығы тасымалдаушымен белгіленеді. Маршрут ядросының салмағы мен ұзындығының орнатылған нормаларын нақты бағыттар үшін жүк жөнелтуші хабарлайды.
Маршрут ядросының оның құрамының салмақтық нормаларының бұзылу станцияларында салмағы немесе ұзындығы өзгерген жағдайда жол бойында таратылуына рұқсат етілмейді.
Пойыздардың салмақтық нормалары бұзылған станцияларда маршрутты толық салмаққа немесе ұзындыққа дейін толықтыру жөнелтушілік маршруттың тағайындалуына сәйкес вагондармен, ал мұндай вагондар болмаған жағдайда - аталған станцияға бекітілген пойыз қалыптастыру жоспарына сәйкес алыс сапарлық вагондармен жүргізіледі.
Жүк тасымалын маршруттармен жоспарлауда маршруттар жүрісінің қайта өңдеусіз ең үлкен алыстығы қарастырылады. Жүк жөнелтушілер, жүк тасымалына тапсырыспен бірге тасымалдаушыға үш данада жүктің маршруттық тасымалына тапсырыс береді. Жүк жөнелтуші маршруттық тасымалға ұсынған айлық тапсырыстарда тасымалдаушы маршруттың техника-экономикалық тиімділігін, жоспардың тасымалдардың кең түрдегі жоспарына сәйкестігін тексереді, жоспардан вагон ағынын қайта өңдеуді қамтамасыз етпейтін маршруттарды алып тастайды. Жүк тасымалын маршруттандыру бойынша станцияларға арналған айлық жоспарлар тасымалдаушының тапсырмасы негізінде әзірленеді.
Жүктерді таралу пункттеріне жөнелтушілік маршруттармен тасымалдауда жүктерді маршруттармен тасымалдауға берілген айлық тапсырыстарда жүк жөнелтушілер маршруттардың таралу пункттерінің атауын, маршруттар санын және ондағы жалпы вагондар санын осы таралу пункттерінің әрекет ету ауданына кіретін түсіру (бөліп түсіру) тағайындалған темір жол жолдарына тарата отырып көрсетеді. Вагондарды түсіру (бөліп түсіру) тағайындалған темір жол жолдары тасымалдардың кең түрдегі айлық жоспарына сәйкес көрсетіледі.
Тасымалдаушы, жүк жөнелтушінің келісімімен тапсырысты орындау тәртібін орната отырып, тасымалдардың күндер бойынша және бағыттар бойынша ұлғайтылуын қарастырады, жүк жөнелтушінің қатысуымен жүктің маршруттық тасымалы бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ететін маршруттарды тиеудің күнтізбелік жоспарын бекітеді.
Бекітілген күнтізбелік жоспар маршрут тиеу станцияларына және жүк жөнелтушілерге жоспарлық ай басталардан бұрын ең кемі үш күннен кешіктірмей хабарланады. Маршруттарды тиеудің күнтізбелік жоспарына қажет болған жағдайда тасымалдаушы жүкжөнелтушінің келісімімен онкүндік бойынша онкүндік басталардан бұрын үш күн ішінде өзгеріс енгізе алады.
Вагондарды тиеуге (бөліп түсіруге) беру, оларды белгіленген масса мен ұзындыққа дейін қалыптастыру, тиеуден, түсіруден (бөліп түсіру) кейін қайтуы және жөнелтушілік вагондарын және сатылы маршруттардың вагон топтарын тиеудің (бөліп түсірудің) технологиялық мерзімдері кірме жолдарды пайдалану және вагондарды беру-жинау шарттарымен белгіленеді. Барлық вагондар үшін ортақ технологиялық айналым мерзімін белгілеу кезінде бұл келісім-шарттарда маршруттарды тиеу, түсірудің (бөліп түсіру) технологиялық мерзімдері жеке қарастырылады.
Жөнелтушілік маршруттарды жеке бөліктермен тиеу кезінде келісім-шарттарда және технологиялық үрдістерде бөліктер саны, ондағы вагондар саны, маршруттың әрбір бөлігі тиелуінің технологиялық мерзімі, сондай-ақ бірінші бөліктің берілу сәтінен бастап соңғы бөліктің тиелу және өткізілуінің аяғына дейін есептелетін маршрут тиелуінің жалпы технологиялық мерзімі қарастырылады.
Жөнелтушілік маршрутты тиеу, түсіруіне (бөліп түсіру) Жалпы қолданыстағы кірме жолдарда тасымалдаушы вагондарды тиеу, түсіруге (бөліп түсіру) белгілеген мерзімге жергілікті жағдайларға байланысты қосымша уақыт бөледі.
Тас көмір, ағаш, астық және басқа да жаппай жүктерді тиеу жүргізілетін учаскелерде тасымал бөлімшелері тұтас учаске станциялары мен жүк жөнелтуші кәсіпорындары үшін маршруттарды тиеу, құру және жөнелтуді қамтамасыз ететін ортақ тәртіп орнатады, сондай-ақ аталған учаскедегі маневрлік жұмыстың ұйымдастырылуын ескере отырып, тиеу мерзімін белгілейді.
ашық қоймалардың үлгі сызбаларына ұқсайды. Кемшілігі - өнімділігі төмен.

2-бөлім. Көмірді жабық вагондар мен ашық жылжымалы құрамнан түсіру технологиясы
2.1 Көмірді жабық вагондардан түсіру технологиясы
Жауын-шашыннан қорғауды қажет ететін жүктерді жабық вагондармен тасымалдайды. Бұлар бағалы химиялық жүктер, инертті құрылыс материалдары, астық және т.б.

2.5 сурет - Шынжыр табанды экскаватордың жұмыс істеу сызбасы

2.5 сурет - Шынжыр табанды экскаватордың жұмыс істеу сызбасы

Көмірді жабық вагондардан түсірудің мынадай технологиялары бар:
1-технология - пайдаланылған газдарды бейтараптандыра отырып, бульдозер грейферімен немесе ожаулы ілгіштермен жабдықталған электр тиегіштерді немесе шағын габаритті автотиегіштерді қолдану. Мұнда электр тиегіш немесе автотиегіш қойма рампасынан өтпелі көпір арқылы вагонға кіріп, жүкті алады да, оны қабылдаушы шанаққа төгеді, осыдан кейін жүк конвейер бойымен автомобильдің шанағына немесе қоймаға беріледі. Техникалық өнімділігі жүктің тегіне қарай тссағ.

2.6 сурет - Механикаландырылған күрекпен жұмыс істеу сызбасы: 1 - жабық вагон; 2 - күрек (қырғыш); 3 - арқан; 4 - блок; 5 - электр двигатель; 6 - түсіретін шұңқыр
2-технология - механикаландырылған күрекпен (қырғышпен) тиеу. Бұл күректің құрылысы айтарлықтай қарапайым. Мұндай күрекпен жұмыс істеу сызбасы 2.8-суретте көрсетілген.
Жабық вагонның есiгiн ашқан соң металлургиялық жүк төгетiн шұңқырға өз салмағымен құйылады. Бұл кезде вагонда есiк ойығының әрбiр жағында табиғи еңiс бұрышы - P бойынша үйiлген жүк қалады.
Механикаландырылған күрек нақ осы қалдықты түсiру үшін пайдаланылады. Жүкті түсіру технологиясы мынадай:
вагон iшiндегi жұмысшы күректi (қырғышты) жүктiң жоғарғы жағына қарай тартып, оған батырады;
төменде тұрған жұмысшы электр двигательдi iске қосады;
вагон iшiндегi жұмысшы қырғышпен бiрге қозғалып, үйiлген жүктiң қабылдаушы құрылғыға түсуiн қадағалайды.
Сонымен, механикаландырылған күрек дегенiмiз - бұл оқтын-оқтын жұмыс iстейтiн қондырғы. Ондағы жұмысшылардың саны.

2.7 сурет - МВС сызбасы:
1 - ожаулы элеватор; 2 - шнектi вертикаль бұзғыш; 3 - қоректендiргiш;
4 - шынжыр табанды двигатель; 5 - әкететiн конвейер
Кейде жүктi қосарланған күрекпен түсiредi, яғни үшiншi жұмысшы есiк ойығының келесi жағынан күрекпен түсiредi. Бұл жағдайдағы жұмысшылардың саны.
Жұмысшылар қолайсыз жағдайда жұмыс iстейтiндiктен, олар қорғаныш құралдарымен (респиратор, қорғаныш көзiлдiрiк және т.с.с) қамтамасыз етiлуi тиiс. Мұндай қондырғының техникалық өнiмдiлiгi тсағ.
3-технология - жабық вагондардағы қатып қалған жүктердi түсiруге арналған, үздiксiз жұмыс iстейтiн әрi өздiгiнен жүретiн вагон машиналары (МВС - машины вагонные самоходные) секiлдi арнайы тиеп-түсiру машиналары қолданылады (2.7 сурет).
Бұл машиналардың шынжыр табанды двигателi 4, шнектi вертикаль бұзғыштары 2 және қопсытылған жүктi ожаулы элеваторға 1 қарай сыпыратын қоректендiргiштерi 3 болады.
Жүк түсiргiштiң жұмыс технологиясы. Есiктердi ашып, қоршауларды алған соң жүк түсiргiш өтпелi көпiрше арқылы жүкке жақын келедi, жұмысшы органы - қоректендiргiш жүктi қамтып алып, оны еңкiш орналасқан ожаулы элеваторға бередi, осыдан кейiн жүк төгетiн таспалы конвейер арқылы автомобильге немесе үйiндiге төгiледi. Вагонның бiр жағын босатқан соң жүк түсiргiш артқы жүрiспен шығып, бұрылады да, вагонның екiншi жартысын босатады.
4-технология - 4 осьтi жабық вагондарға үйiлген жүктердi түсiруге арналған тиеп-түсiру машиналары - инерциялық жүк түсiргiш машиналар (инерционно-разгрузочные машины - ИРМ-7) қолданылады.
Тiркеуден ағытылған вагондар жүгiн түсiруге берiледi. Сыртқы рельстiң бiреуi бiртiндеп көтерiлетiндiктен, вагондар көлбеу қалыпқа келедi, мұнда инерциялық жүк түсiргiш машиналардан 15 м жерде бұл еңiстiк 100-ге жетедi де, бiрiншi вагон көпiрге кiрiп, шамамен оның ортасына орналасады, ал топтың қалған вагондары 5-10 м кейiн шегiндiрiледi.
Оператор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сусымалы жүктердің көліктік мінездемесі
Жүкті тасымалдауға қабылдау
Ақтармалы жүктер
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау жайлы
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Жануарларды тасымалдау шарттары
Тасымалдау үдерісін қайта құру жағдайындағы тариф құрылымы
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
Жүктердің физика - химиялық қасиеттері
Пәндер