Жылқы бассын үйіңді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
М. Жүнісов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Ғылыми жобаның тақырыбы:
"Қазақ тарихындағы хан, би, батырлардың тұлпарлары."
Бағыты: Этномәдениет тану
Орындаған:
Даулетқали Махамбет
7 б сынып оқушысы
Жетекшісі:
Утегенова Ғалия Төлегенқызы
тарих пәнінің мұғалімі
Жаңақала ауданы.
Мазмұны:
Аннотация
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4-7
2.Негізгі бөлім (Зерттеу бөлімі)
2.1 Абылай хан-Нарқызыл, Алшаң боз, Құлаша ат------------ 8-9
2.2 Қабанбай батыр-Қубас ат -------------------------- 10-11
2.3 Әбілхайыр хан-Ақбоз ат --------------------------- 12-13
2.4 Райымбек батыр -Көкойнақ --------------------- 14-15
2.5 Исатай-Ақтабан ----------------------- 16
2.6 Махамбет - Кесікқұлақ ----------------------------- 17
2.7 Кенесары хан - Ақтаңгер -------------------------- 18
2.8 Ағыбай батыр - Көкбесті ------------------------- 19
2.9 Наурызбай батыр - Ақауыз, Қызылауыз, Кертайлақ ------ 20-21
2.10. Жанқожа батыр-Құдайберген торы, Ақмоншақ, Мәстекқара,
Көкешкі,Ешкібас------------------ 22-23
2.11 Жәнібек батыр-Көкдөнен ------------------ 24
2.12 Құламан батыр-Ардакүрең ---------------- 25
2.13 Жәрмеңке батыр- Керкекіл ---------------- 26
3 Қорытынды ----------------------------------- - 27
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі ------------ 28
Пікір
Бұл зерттеу жұмысымен айналысудағы оқушым - Даулетқали Махамбеттің негізгі зеттеу мақсаты Қазақстан тарихын оқытудағы қосымша мәліметтердің құндылығын ескеру, оқулықтан тыс материалдырды аңықтау болып саналады. Осы бағытта Махамбет бірнеше тарихи деректермен танысып, тарихи құндылығы жоғары шығармаларды, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры мақаласына жан-жақты шолу жасады.
Оқулықтарда кездеспейтін батырлар өмірі мен жан серіктеріне айналған жылқыларының бағасын оқушыға түсіндіру арқылы ұлттық шежіремізді насихаттау, білім көкжиектерін кеңейтуге мол мүмкіндік бар.
Аталмыш жобаны басшылыққа ала отырып, тарихтан қолданбалы курс немесе реферат жасауға, өз білімін толықтыруға мол мүмкіндік бар.
Жетекшісі:
Утегенова Ғалия Төлегенқызы
тарих пәнінің мұғалімі
Аннотация
Зерттеудің мақсаты:
Халқымыздың ұғымындағы арғымақ, тұлпар, сәйгүлік терминдерін зерттей келе тарихшы ретінде қазақ батырлары мен хандарының жан серігіне айналған жылқылар тарихын, қасиетін қосымша материал ретінде іздестіру болып табылады. Зерттеу материалдарын тарих сабақтарында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс шараларда сөз сөйлеуге қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Қазақ тарихында ел қорғаған атақты батырлармен бірге олардың ерекше қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. Әсіресе, осындай сәйгүліктердің есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Жылқы феномені құндылығының жоғарылай беретіндігі, кез-келген салада ізденем деген адам үшін жолбасшыға айнала білетіндігі, тақырыптың ерекшелігі мен мәні ұлттық құндылық, ұлттық мүдде, ұлттық мәдениет тарапынан жазылғандығы.
Зерттеу кезеңдері:
1. Халқымыз ұғымындағы сәйгүлік, тұлпар қасиеттері мен ерекшеліктері.
2. Қазақ тарихы мен әдебиетіндегі батырлар, хандар мінген жылқыларға тоқталып, талдау жасау.
3. Абылай хан, Қабанбай, Әбілхайыр хан, Райымбек батыр, Исатай, Махамбет, Наурызбай, Жанқожа, Әймәмбет би, Жәнібек, Құламан, Жәрмеңке батырлардың жылқыларын сипаттау, насихаттау.
4. Жиналған материалдарды талдау, қорытындылау, жариялау.
Зерттеу әдістері:
oo Әдеби теориялық талдау
oo Тарихи шолу жасау
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі:
Жұмысымды жазуда ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандары, билері мен батырлары туралы тақырыпты зерттеу көзі ретінде алдым.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандары, билері мен батырлары туралы оқытқанда Қазақстан тарихында қолданбалы курс бағдарламасы ретінде қолдану.
Біздің ата-бабаларымыз сәй-гүліктерін қатты қастерлеп, оған баға жетпейді деп санаған. Және де жүйрігіне еш нәрсені де аямай, тіпті, құрбандық та шалыпты. Ол былай: тәжірибелі, дәстүрге берік атбегілер жүйрік сәй-гүліктерін жүген, шідерсіз құр жібергенде, сөйтіп, оны ақ жіліктету, ақ сүйектетуге шығарып салғанында оған тағы бір атын қосып, соны әлгі жүйрігіне құрбандық деп атаған. Кейін сәйгүлігі семір-ді-ау дегенде әлгі құрбан атты сойып, жілік майына дейін тексеріп, сол арқылы сәйгүлігінің қоңын пайымдаған. Тіпті, жүйрік болар құлынды күні бұрын білгенде, тағы бір буаз биенің құлынын оған құрбандыққа атап, кейін соятын болыпты.
Халқымызда жүйрік аттарды тіл-көзден, келеңсіз жағдайлардан қорғау үшін атқарылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бар. Оның кейбірі мынандай:
1. Сәйгүліктің жабдықтарын аяқ асты тастамайды, оны құрметтеп ұстайды.
2. Ат әбзелдерін биік жерге іліп қояды, ол орын таза болуға тиісті.
3. Жүйрік аттың жүгенін ерекше қастерлейді, оны далаға, беталды жерге тастамайды.
4. Жүйріктің ерін жүкке жиып қояды.
5. Сәйгүліктерге (бәйгеге түсетін, батырлар, ер адамдар мінетін) әйелдерді мінгізбейді.
6. Жүйрікті көп арқанда-майды, оған шідер, өре, тұ-самыс салмайды, көбінесе бос қоя береді.
7. Жүйрік атты мініске бермейді, тектен-текке иесі де мінбейді.
8. Жүйрік аттан бұрын иесі өлсе, оны тұлдап сояды. Басын тазалап мүжіп, таза төбе басына, биік ағаш басына апарып қояды.
9. Сақ, ғұн, қыпшақтарда ерте заманда жүйрік атты иесімен де жерлейтін салт болған.
10. Жүйріктерді көз-сұқтан сақтау үшін дұғалы тұмарлар таққан, оған кебін, кежім кигізген.
11. Сәйгүлікті киіз үйдің оң жағына жайғастырып, бер жағынан шымылдық құрған немесе шимен көлегейлеп қойған.
12. Жүйрік аттың мүшел жасы - бесті кезі. Бұл жаста көп қауіп-қатер кездесетіндіктен, бесті жасында сәйгүліктерді бәйгеге қоспайды.
Қазақтың көне дәстүрінде сәйгүлікті бәйгеге қосарда, оны рухтандыру үшін құлын кезінде туылған, өскен жерінің топырағын, сүтін емген ене-сінің (өліп қалса) қу басын иіскетеді. Бұл рәсім шабандоз мінген аттарды бәйгеге қосар жерге айдар алдында жасалады. Ол сәйгүлікті де туған жерінің, енесінің аруағы қорғайды, озып келуіне көмек-теседі деген наным-сенімнен туған-салт. Қазір де бұл салт сақталған ауылдар баршылық.
Ол: Адам - жылқы мінезді, Жылқы - малдың патшасы, Жылқы - түлік төресі, Жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді, Ат - ердің қанаты, Жылқы - қазақтың жан серігі, - деген ұғымдар, адамның азамат қатарына қосылуын Ат жалын тартып мінді, - деп бейнелі түрде атау. Сондай-ақ, жас бала алғаш рет атқа мінгенінде қазақтар Тоқым қағар тойын жасайды. Адамдар бір-бірімен араздасса, өзгелер оларды Ат құйрығын кесісті, - дейді. Егерде біреу екінші бір адамның алдында кінәлі болып қалса, Ат - шапан айыбын төлейді, сыйлы қонақ келсе, ат мінгізіп, арқасына шапан жабады, күйеу жігіт қалыңдығының ауылына алғаш рет барғанында Ат байлар салтын жасайды. Адамдардың лауазымынан атқа мінер, атқосшы, атшабар деген сөздермен хабар береді.
Жүйрік аттардың мінезі де қыран құстардың мінезіндей. Олар өте кең, жуас болып өседі. Оның астынан өтіп жатса да іш жимай, тұра береді. Сәйгүліктер иесінің ымын түсінеді, қалауын сезеді. Әртүрлі өтініш, жарлықтарға тез үйреніп, жат, тұр десе, оны бұлжытпай орындайды. Жүйрік аттар ақылды келетіндіктен, иесі үйге кіргізуге ниет етсе, үрікпейді, соңынан ереді. Сезімтал жануар болғандықтан, сәйгүліктерді еркін қоя береді, олар ешқайда кетіп қалмайды, иесінен ұзамай-ды. Сәйгүліктер иесін жақсы көретіндіктен қандай жағдайда да оларды далаға тастап кетпейді, ауырып, жараланып, жерге құлап қалса, жанында қорғап тұрады. Қауіп-қатерлерді сезіп, иесін оған жолатпауға тырысады. Соғыс кезінде мина қойылған алқапқа тап болғанында иесі атының басын қоя беріп, оның аман-есен алып шыққаны туралы оқиғалар тарихта болған. Иесі өлгенде, тұлпары сезіп, күйінеді, кісінеп, азаланады да. Бұл да өзіміз куә болған оқиғалардың бірі...
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 21-қарашадағы Ұлы даланың жеті қыры мақаласында да Атқа міну мәдениеті бөлімінде бұл тақырып ерекше сипатталған.
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі мәдени кодының айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.
Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің мұрагерлері екені белгілі.
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық - қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі - ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі - айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.
Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Қамбар атаға
Тағы бір тілек тілейін,
Шын бергенін білейін.
Өңкей ала шұбардан,
Жал - құйрығы шұбалған,
Айғырды бер байсалды,
Үйірі толған байталды
Өңкей мама биемен
Сауған сайын иіген,
Желіні сүтін тыймасын,
Көнекке саусақ сыймасын.
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды,
Қыл арқанмен байлаған.
Жылқышы ата баласы
Жылқы бассын үйіңді
Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған
Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі 2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл 3. Тай - 2 жастағы жылқы 4. Құнан - 3 жастағы жылқы. Байтал - 4жастағы ұрғашысы 5. Дөнен - 4 жастағы еркегі 6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат 7. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр. 8. Бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.
Қазақ тарихында ел қорғаған атақты батырлармен бірге олардың ерекше қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. Әсіресе, осындай сәйгүліктердің есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Халқымыз атақты сәйгүліктердің, жүйрік бәйге аттарының, батырларға серік болған тұлпарлардың етін ешқашан да жемеген. Өз ажалынан өлген мұндай аттарды қадірлеп жерлеген. Атап айтар болсақ, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы, Бөгенбайдың Қызыл аты, Ақанның Құлагері, Тілеулі батырдың Кез құлағы, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Кераты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұбары, Ерқосайдың Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы т.б. Бұл тізімді әрмен қарай жалғастыра беруге де болар еді. Алайда, біздің мақсатымыз қазақ ұмытпайтын сәйгүліктерді атап өту емес, оларға жеке тоқталып, таныстырып өту...
Нарқызыл
Абылай туралы тарихи жырларда 15 жасар Абылайға Бөгенбайдың бата беріп, астындағы Нарқызыл атын сыйлайтыны айтылады. Сондағы Бөгенбайдың айтқан сөзі:
Жылқының тұлпары еді Нарқызылым,
Шырағым, ырым қылып сен мін деді.
Қарағым, уытты-отты бала екенсің,
Мінез-құлқың тұп-тура дана екенсің,
Жазғытұрым үш жүз боп жиналамыз,
Сол жиынға керекті жан екенсің.
Шырағым, таза сақта Нарқызылды,
Есіңе ал, кек алатын келер жылды.
Жоңғарға қарсы үш жүздің бірігіп Қарақұмда құрылтай (съезд) өткізіп біріккен әскер жасақтауын 1723 жыл десек, бұл оқиға бір жыл бұрын 1722 жылы өткенге ұқсайды. Бөгенбайдың Нарқызылды көзіңнің қарашығындай сақта және екі рет тұлпар деуіне қарағанда Нарқызыл шынында да тұлпар болса керек. Нарқызылды астына мініп, өзінің бұрынғы өткен бабасы Абылайдың атын атап аруақ шақыруы жырда былайша суреттеледі:
Сабалақ атақ алып Абылайлап,
Барша қол Абылайлап айғай салды.
Көк те Абылай, жер де Абылай -
Бәрі Абылай,
Абылайлап айғай салды бір жан қалмай,
Нарқызылмен жөнелді қарсы алдына,
Ақ туды желбіретіп салып айғай.
Абылайлап ұран салған үш жүздің әскері жауды жеңіп, Абылайдың қолбасшы атағы бүкіл қазаққа мәлім болады.
Алшаңбоз бен Құлаша ат.
Тағы бір тарихи әңгімелерде әскердің алдына салтанатты түрде шыққанда Абылайдың Алшаңбозы және ұрысқа мінетін Құлаша аты туралы сөз болады. Демек, ханның бірнеше аты болғанға ұқссайды. Халық алдында сөз сөйлегенде, әскер алдына шыққанда, Алшабандозды мінген.
Қубас ат
Қабанбайдың Қубас аты шынында да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар -- дегендей нағыз қасиетті тұлпар ат болғанға ұқсайды, себебі бірде-бір батырдың, тарихи қайраткердің атының есіміне Қазақ жерінде мұншама жер аты қойылмаған. Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат селосына бара жатқан жолдағы қалың бүргеннің астынан шығып жатқан қайнарды - Қубастың тұмасы, одан әрірек үлкен қара жолды - Қубастың жолы, Қызыкесік селосына жақындағандағы жалпақ жазықты Қубастың жазығы деп атайды. Жолаушы кетіп бара жатқан ел қасиетті батырдың киелі тұлпарын еске алып, тұмадан сусындап, басына ақ байлайды.
Семей өңірінің Мақаншы ауданындағы Барлық тауының басында Қабанбайдың Қубас тұлпарының басы бар деседі. Қубас ат өзінен үш жыл бұрын өлгенде батыр атының басын киізге орап тігіп, таудың басындағы биік шыңға қойған. Атының Қубас аталуына қарағанда басы етсіз қу жақ арғымақ тұқымынан болғанға ұқсайды, ол жаратып - тәрбиелеуіне қарағанда тұлпарға келеді.
Құлынында еміп, тайда еміп,
Құнанында арда еміп.
Құмай торы болып ең.
Дөненіңде тағы емдің,
Қауызсыз жарма дән жедің.
Дөңбектей торы болып ең.
Бестіңде сені үйреттім,
Қырық кез арқан сүйреттің,
Шаба алмай қалсаң Қубасым,
Күнімді менің түн еттің...
Құлынында, құнанында емгенді қазақ тел құлын деп атайды. Арпа, сұлыны түйіп, қауызынан арылтып жармалап, кейде суға бөктіріп беру жылқының асқазанына жеңіл тез қорытылады. Бестісінде үйретіп, 6 жасында ақтатады. Әскери аттарды әр жасына сай осылай үйретіп - тәрбиелеу Қорбыланды батыр жырында Тайбурылды, Ер Тарғынды Тарланды үйретуді еске түсіреді.
Ақбоз ат
Әбілхайырдың (1697-1748) бас қолбасшылығымен қазақ әскері 1726 жылы Қалмақ қырылған (Бұланты), 1729 жылы Аңырақай (Балқаш, Ит ішпес, Алакөл) шайқастарында жоңғарларды ойсырата жеңеді. Тарихи әңгімелерде әйгілі хан тұқымынан шыққан Әбілхайырдың жігіттік құрып, үйленер кезде қалыңмалға зәру болып қиналғаны сөз болады. Бұл шындыққа саяды, себебі хан тұқымынан шыққан толып жатқан әйелдерінен туған ханзадалар көшпенділер жұрт алдында батырлығымен, еңбегімен көрінуі керек. Хан қанша бай болса да барлық ханзадаларға қалыңмал тауып бере алмаған. Мыңдаған жылқысы бар Бопайдың әкесі Әбілхайырдың 90 алаяқ торы құр ат, 60 қараяқ көк ат әкелсең қызымды беремін дейді. Қазақ салтында құдалықта жылқының түсіне ерекше мән берілген. Әбілхайыр бір ай мұрсат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz