Күнбатыс Алашорда қайраткерлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
М. Жүнісов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Ғылыми жобаның тақырыбы:

"Алашорда: Батыс бөлімшесінің қайраткерлері"

Бағыты: Тарихи зерттеу

Орындаған:

Абдешов Абдрахман

11 б сынып оқушсы

Жетекшісі:

Утегенова Ғалия Төлегенқызы

тарих пәнінің мұғалімі

Жаңақала ауданы.

Мазмұны:
Аннотация
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1.Кіріспе 4-6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
2.Негізгі бөлім (Зерттеу бөлімі)
Күнбатыс Алашорда қайраткерлері 7-8
... ... ... ... ... . 9
1.1. Жаһанша Досмұхаммедов 10-11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 12
13
1.2. Халел Досмұхаммедов 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . 15
1. 3. Бақыткерей Құлманов
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1. 4. Иса Қашқынбаев
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
1. 5. Молданияз Бекімов
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
1. 6. Есенғали Қасболатов
---------------------------------- ---------------
1.7. Қаратаев Бақытжан
---------------------------------- ------------- 16
1.8. Қарабай Көзеев
---------------------------------- ----------------- 17
3.Қорытынды: ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .18
4. Пайдаланған
әдебиеттер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 19

Пікір

Бұл зерттеу жұмысымен айналысудағы оқушым – Абдешов Абдрахманның
негізгі зеттеу мақсаты Қазақстан тарихын оқытудағы қосымша мәліметтердің
құндылығын ескеру, оқулықтан тыс материалдырды аңықтау болып саналады. Осы
бағытта Абдрахман Алашорданың тарихын оқыған кезде тарихи деректермен
танысып, тарихи құндылығы жоғары Алашорданың күнбатыс бөлімшесінің тарихы
мен белсенді қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне жан-жақты шолу жасады.
Оқулықтарда кездеспейтін қайраткерлер өмірі мен ерлігінің бағасын
оқушыға түсіндіру арқылы ұлттық шежіремізді насихаттау, білім көкжиектерін
кеңейтуге мол мүмкіндік бар.
Аталмыш еңбекті басшылыққа ала отырып, 9 сыныпта тарихтан қолданбалы
курс немесе реферат жасауға, өз білімін толықтыруға мол мүмкіндік бар.

Жетекшісі:
Утегенова Ғалия Төлегенқызы
тарих пәнінің мұғалімі

Аннотация

Зерттеудің мақсаты:
Алдымен патша үкіметі одан кейін Кеңес үкіметі қос бүйірірнен қысқан
қилы заманның өзінде қазақ қоғамына жаңа әлеуметтік күш, жаңа әлеуметтік
топ келді. Олар Алашорда қайраткерлері еді. Алашорданың белсенді
қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен қазақ қоғамының дамуына қосқан ерен
еңбектерін зерттей келе, облысымыз көлемінде қызмет еткен Күнбатыс
бөлімшесінің қайраткерлеріне тоқталып, қосымша материал ретінде іздестіру
болып табылады. Зерттеу материалдарын тарих сабақтарында, сынып
сағаттарында, сыныптан тыс шараларда сөз сөйлеуге қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Алаш қайраткерлері салған жолдың сапасы жоғарылай беретіндігі мен кез-
келген уақытта да ұлттық идея жайында ізденем, білем деген адам үшін
жолбасшыға айнала білетіндігі, өмір жолдары мен еңбектерінің ұлттық
құндылық, ұлттық мүдде тарапынан өрілгендігі.

Зерттеу кезеңдері:
1. Алашорда тарихы, бағдарламасы, мақсаты, құрамына тарихи шолу жасау.
2. Күнбатыс алашорда қызметі, қайраткерлерінің еңбегіне тоқталып, талдау
жасау.
3. Жаһанша, Халел, Иса, Есенғали, Бақыткерей, Бақытжан, Қарабай өмірлері
мен қоғамдық қызметтерін насихаттау.
4. Жиналған материалдарды талдау, қорытындылау, жариялау.

Зерттеу әдістері:
• Ғылыми теориялық талдау
• Тарихи шолу жасау

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі:
Жұмысымды жазуда Алашорданың батыс бөлімшесі қызметі мен қайраткерлерінің
еңбегін зерттеу көзі ретінде алдым.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Батыс Алашорда жұмысы мен белсенді қайраткерлерінің қоғамдық қызметтерін
Қазақстан тарихында қолданбалы курс бағдарламасы ретінде қолдану.

Кіріспе:
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды.
Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы
қаулы қабылданды. Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі
құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. Алашорда
автономиясын оның конституциясын бүкілресейік құрылтай съезі бекітуге тиіс.
"Алаш" партиясы Бағдарламасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251
санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық,
тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің
бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі
"федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды.
Қазақ газетінде Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы
жарияланды.
Алаш партиясының бағдарламасы:
1. басқарутүрі;
2. автономия;
3. азаматтың негізгі құқықтары;
4. дін ұстану туралы мәселе;
5. соттар туралы;
6. қорғаныс;
7. салық;
8. жұмысшы мәселесі;
9. халықағарту;
10.жер мәселесі.
Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады,
атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп
көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді
мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік
болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін
ұйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге
мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.Осы
жалпықазақтық II съезіңде: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен қорғау
мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды.
Мақсаты: 1) Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету.
2) Автономиялық ұлттык мемлекет құру.
Бағыты: реформистік капитализм жолы. Алаш-Орда жетекшілері Кеңес
үкіметімен байланыс жасауға тырысты.
Себептері:
1) Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп
бағларламаларын насихаттады
2) Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз
бетінше жұмыс істей алады деп есептеді
3) Алаш партиясы ақиқат жағында болды
4) Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын
багдарламасын қолдады.1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын
жобасы жарияланды. Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас
жәбірлерге жау.
Бұл съезді ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е.
Омаров, С. Досжанов, М. Дулатовтар. Съезге Самарханд облысы мен Алтай
губернниясы атынан - 58 өкіл, әр түрлі қазақ ұйымдарынан - 8 өкіл, арнайы
шақырумен - 15 адам, барлығы - 81 адам қатысқан.
       Алғаш болып баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады. Осы баяндама бойынша
қаулы қабылданып, қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесін құру
мәселерін қарауға жеті адамдық комиссия құрылған. Комиссия атынан Халел
Ғаббасов автономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды.
Баяндама негізінде:        1. Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей,
Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарханд облыстары, Амудария, Закаспий
облыстарындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы қазақтар қазақ
автономиясының құрамына кіреді.
       2. Қазақ-қырғыз автономиясы Алаш деп аталсын. Ұлт кеңесі құрылып
аты Алаш Орда болсын. Алаш Орданың ағзасы (мүшесі) 25 адам болып, 10 орын
қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырылсын.
      3. Алаш орданың уақытша орны - Семей қаласы болсын.

Алашорда үкіметінің мүшелері:

1.Уәлитхан Танашев (1887 - 1968) заңгер, Бөкей ордасынан.
2. Халел Досмұхаммедов (1883 - 1939) әскери дәрігер, Орал облысынан.
3. Айдархан Тұрлыбаев (1877 - 1937) заңгер, Ақмола облысынан.
4. Ахмет Бірімжанов (1871 - 1927) заңгер, Торғай облысынан.
5. Халел Ғаббасов (1888 - 1931) физик-математик, Семей облысынан.
6. Салық Аманжолов (1889- 1941) заңгер, Жетісу облысынан.
7. Мұстафа Шоқай (1890-1941) заңгер, Сырдария облысынан.
Облыстардан тысқары:
1. Әлихан Бөкейханов (1866-1937) Алаш Орда үкіметінің төрағасы.
2. Жанша Досмұхаммедов (1887 - 1930) заңгер, Орал облысынан.
3. Әлімхан Ермеков (1891-1970) математик, Қарқаралыдан.
4. Мұхаметжан Тынышпаев (1879-1937) Орал облысынан.
5. Бақтыкерей Құлманов (1859-1919) шығыстанушы, Бөкей ордасынан
6. Жақып Ақпаев (1876-1931) заңгер, Қарқаралыдан.
7. Базарбай Мәметов заңгер, Лепсіден.
8. Отыншы Әлжанов (1873-1918) мұғалім, Шығыс Қазақстаннан.
Мүшелікке кандидаттар:
1. Иса Қашқынбаев (1891-1948) дәрігер, Орал облысынан.
2. Нүсіпбек Жақыпбаев (190-1932) дәрігер, Жетісудан.
3. Ережеп Итбаев (1873-1930) заңгер, Шығыс Қазақстаннан.
4. Сатылған Сабатаев (1874-1921) Қаскелеңнен.
5. Есенғали Қасаболатов (1889-1938) дәрігер, Оралдан.
6. Батырқайыр Ниязов (1872-1924) заңгер, Бөкей ордасынан.
7. Мұқыш Боштаев (1888-1921) заңгер, Баянауылдан.
8. Сейілбек Жанайдаров (1884-1929) заңгер, Атбасардан.
9. Сәлімгерей Нұралиханов (1878-ө.ж.б) заңгер, Бөкей ордасынан.
10. Өмір Алмасов (?-1922) халық мұғалімі, Торғайдан,
11. Сейдәзім Қадырбаев (1885-1938) заңгер, Торғайдан.
12. Аспандияр Кенжин (1887-1938) халық мұғалімі, Атыраудан.
13. Молданияз Бекімов (1882-1930 жылдардан соң белгісіз) әскери қызметкер,
Оралдан.
14. Есен Тұрмағамбетов (?-?) Торғайдан.
15. Жанеке (Жақып) Солтоноев, мал дәрігері, қырғыз.

Алашорданың оқу комиссиясының мүшелері:

1. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер
мектебін бітірген (1895 жыл).
2. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын
бітірген (1917 жылы).
3. Елдес Омаров (1892-1937) Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін
бітірген (1911 жыл).
4. Биахмет Сәрсенов (1885-1921) Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер
семинариясын бітірген.
5. Телжан Шонанов (1894-1938) Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін
бітірген (1916 жыл).
Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір
сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді
аман сақтап қалу үшін, уақытша Ұлт Кеңесі түріндегі берік билік құру,
оған Алаш Орда деген атау беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы
қабылдады. Алаш астанасы - Семей (кейін Алаш-қаласы атауын алды) қаласы
еді.
Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп
мәлімдейді: Сиездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны
болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық
жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады.... Бірақ, отарландыру саясатын
ұстанған Ресейде қазақтардың дербес автономияда өмір сүруіне жол берілмеді.
Сондықтан Алаш арыстары ұлт бостандығы үшін бәлшебектермен ұзақ-сонар
күресін бастап кетті...

Батыс Алашорда – ХХ ғ. басында Батыс Қазақстан аймағында орнаған
ұлттық-мемлекеттік пішіміндегі автономиялық құрылым. 1918 жылы қыркүйекте
Уфа Директориясын құру мәжілісіне Алашорда үкіметі тарапынан 12 делегат
қатысты. Олар 11-қыркүйекте автономиялық үкімет төрағасы Ә.Бөкейхановтың
және Халел, Жанша Досмұхамедовтар (Орал), Б.Құлманов, У.Танашев (Бөкей
ордасы), С.Досжанов (Орынбор), Е.Тұрмұхамедов, Б.Жанқадамов (Ақтөбе),
сондай-ақ А.Бірімжанов (Торғай), Ә.Ермеков, М.Тынышбаев (Жетісу) сияқты
үкімет мүшелерінің қатысуымен төтенше мәжіліс өткізді. Мәжілісте Алаш
автономиясының жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, бұрынғы
Ойыл уәлаяты Уақытша үкіметін тарату, оның орнына Алашорданың батыс
бөлігін құру туралы шешім шығарды. Ол ресми түрде Алаш автономиясының
батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше деп аталды. Оның төрағалығына
Ж.Досмұхамедов сайланды. Алашорданың батыс бөлігінің әкімішілік құзіретіне
бұрынғы Ойыл уәлаятының жеріне қоса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз
уездерінің (Торғай обл.) және Маңғыстау уезінің аумағы кірді. Яғни Уфа
мәжілісінің шешімінен кейін бұрын облыстық қазақ комитеті, Ойыл уәлаяты
аталған Күнбатыс алашорданың жер аумағы 2 есе өсіп, тұрғын халқының жалпы
саны 1,5 млн адамға жетті.
Алашорданың батыс бөлігі Батыс Қазақстан аймағын Орталық Алашорда
үкіметінен түсетін маңызды әрі принципті нұсқаулар негізінде
басқаратындығы, сондай-ық төтенше жағдайларға киліккен, не Орталық
Алашордамен арадағы байланыс үзілген жағдайда оның үкімет құқыларын
иеленетіндігі де атап көрсетілген. Алашорданың батыс бөлігінің құрылған
кезі Жайық өңірінде Азамат соғысының асқынып, өлке тағдыры қолдан қолға
өтіп тұрған кезең еді. Осы кезеңді зерттеуші кейбір тарихшылар
Досмұхамедовтер ұйымдастырған халық милициясының құрамын ғана есепке
алып, Батыс Алашорда үкіметінің 2 мыңдай әскері болды деген пікірге ғана
табан тіреп келді. Шын мәнінде, сол кезде Бөкей ордасының Жаңақала,
Қазталов аудандары маңында Б.Құлманов басқарған үлгілі қазақ кавалерия
бригадасы, Жайықтың оң жақ бетінде – Теңіз округі жерінде, сондай-ақ Жылой,
Рәкөш маңында Әубәкіров, Меңдіқұлов, Мұқан Көздекенов басқарған, Кетік
(Форт-Александровск) қаласында Қадырбай Есмағамбетов, Әбуғали, Тәжіғали
Таңқыбаев басқарған алашордашылар жасақтар құрылған.
1919 жылы 30 наурыз – 13 желтоқсан аралығында Орал облыстық ревкомы
ұлт істері жөніндегі бөлім қызметкері Қ.Тәтібаев Алашорданың батыс бөлігін
қызылдар жағына тарту мақсатында Досмұхамедовтердің ставкасына бірнеше рет
келді. Бұл кезде Қызыл Армия Шығыс майданда жеңіліске ұшырап, уақытша
шегініп бара жатқан еді. Сондықтан Жанша мен Халел бастаған топ
обләсревкомының (Б.Қаратаевтың) хатына да, мәскеуден келген телеграммаға да
екіұшты жауап беріп, большевиктер жағына шығу туралы шешім қабылдауды
кідірте тұрады. 1919 жылы қазанда Қазревкомның кеңейтілген мәжілісінде
Байтұрсыновтың табанды ұсынысымен қазақ халқын біріктіру және Кеңес
өкіметі жағына шыққан жағдайда, Қызыл Армияға қарсы күресіп жатқан
Алашорданың батыс бөлігіне кешірім жасау мәселесі қаралды. Осыған орай
Түркістан майданының саяси бөлімі Күнбатыс Алашорда әскерлерінің арасында
Кеңес өкіметіне сенімсіздік жойылсын деген үндеу парақшаларын таратып,
кеңес өкіметін толық мойындап, қызыл армия көмек көрсеткендерге толық
кешірім жасалатындығын хабарлады. Бірақ, азамат соғысында басымдыққа жетіп,
өздерін жаңа дүниенің қожасы сезіне бастаған Кеңес өкіметінің өкілдері енді
Алашорданың батыс бөлігінің жетекшілерін менсінгісі келмеді. 1919 жылы
қарашада Жымпиты қаласында өткен жиында Жанша ел ішіндегі саяси ахуалға
талдау жасай келе, Күнбатыс Алашорданың орталығын Ойылға көшіру жөнінде
шешім қабылдады. Әуелі Ойыл қаласына, кейін Қызылқоға ту тіккеннен кейін
өздерінің үзілді-кесілді берілуін талап еткен большевиктер үкіметінің
талабына бірден келісе қоймай, тең құқылы қарым-қатынас орнатуға талпынды.
Өздерінің халық сайлаған заңды үкімет екендіктерін алға тартып, Қызылқоға
бекінген ақ гвардияшылардың бөлімшелерін бірлесе талқандау жоспарын ұсынды.

Осындай дүрбелеңге толы 1918 жылдың 18 мамырында Жымпитыда
Досмұхамедовтердің басқаруымен Орал облысы қазақтарының тарихи ІV съезі
басталады. 450-ге тарта делегат қатысқан осы съезде Досмұхамедовтер Орал
облысынан айрықша Ойыл уәлаяты деп аталатын уақытша үкімет жасақтайды.
Иса Көпжасаров осы үкімет құрамына Ж. және X. Досмұхамедовтерден соң үшінші
болып енеді. Бұлардан бөлек үкімет құрамына Жанқожа Мергенов, хазірет
Сағидолла Ізтілеуұлы, Салық Омаров енген болатын. Екінші нұсқа бойынша,
аталған үкімет құрамында Д. Күсепқалиев, Қ. Асанов, Ғ. Қошдәулетов, С.
Сарғожин болған.
Самарада кеңес өкіметі  құлап, орнына Құрылтай жиналысы комитеті (Комитет 
учредительного собрания-комуч) орнағанда, Досмұхамедовтер бастаған батыс
алаштықтар құрылтай мүшелері ретінде алдымен осы Самараға, одан кейін
Челябіге барып, оның отырыстарына қатысады. Осы жиналыстардан соң Челябіден
Уфаға сапар шегіп, осы жерде 1918 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өткізіліп
жатқан бүкілресейлік маңызға ие мәжіліске қатысады. Бұл жиынға жалпы
Алашорда үкіметінен оның төрағасы Ә. Бөкейханов бастаған ресми делегация
қатысқан.
Осы аталған жиында тағы бір тарихи оқиға болып өтеді: Досмұхамедовтер,
Ғ. Әлібеков және басқалары Ә. Бөкейхановтан Алаш автономиясының Батыс
бөлігін басқару жөніндегі бөлімшенің құрылуын сұрап, оның келісімін алады.
Осылайша, 1918 жылдың 11 қыркүйегіндегі мәжіліс протоколына сай, Ойыл
уәлаятының уақытша үкіметі таратылып, Алаш автономиясы ресми түрде Ә.
Бөкейханов басқаратын орталық Алашорда және Ж. Досмұхамедов басқаратын
Батыс Алашорда болып екіге бөлінеді. Осы Батыс Алашорда үкіметі құрамына да
Иса Көпжасаров Досмұхамедовтерден кейін үшінші болып енеді, бұл оның Алаш
үкіметіндегі беделі мен үлес-салмағын тағы бір аңғартса керек.
Иса Көпжасаров жаңадан құрылған Батыс Алашорда үкіметінің құрамында қаржы
министрі болып тағайындалады. 
Жанша Досмұхамедов (Жаһанша) (1886 Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты
болысы № 1 ауылы - 1937), Алаш қозғалысының аса көрнекті
қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің
төрағасы, заңгер.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905
жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада
№ 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты
ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру
куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан
1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1-
Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып
сайланған.
1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге
келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың
желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды.
Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде,
құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан
тұратын Ойыл уәлаяты құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы
болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне
үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.
Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-
кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын
қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау
ұстанымы болды.
1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де
мәселелермен қатар соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан Алаш
автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін Ойыл уәлаятының орнына
Алашорданың бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б.Құлманов,
Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұхамедовтер кіреді. Төрағасы
болып Ж.Досмұхамедов сайланады.
Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту Талап қауымдастығына
мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын
әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр
түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы
қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер
аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына
кесіледі.

Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері,
дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан
салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері,
тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек
үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған
болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4
ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл
молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді.
Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-
реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де,
тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын
тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде
кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-
демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев,
М.Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен
бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге
жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-
орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты.
Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
1913-18 жылдары Қазақ газетінде Тамыр дәрі хақында, Сары кезік —
сүзек, Жұқпалы ауру хақында сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда
мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. Как бороться с
чумой среди киргизского народа (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба
індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт
кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте
халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға,
Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша
үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған
тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық
комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес
өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға
ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері
болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде
кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды
қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя
білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде
Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым
— Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек
айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау
мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған
Алашорданың батыс бөлімшесі деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың
атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға,
Ұлттық банк ашуға, баспахана, Еркін қазақ газетін шығаруға көп еңбек
сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялыларына қарсылық
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Ақпан төңкерісі
Алаш Орда үкіметі
Алашорда үкіметі және мемлекеттік тіл саясаты
Алаш партиясы
Алаш партиясының саяси көзқарасы
Алаш қозғалысының негізін қалаушысы
Алаш жылнамасы
Халел Досмұхамедовтың еңбектері
Пәндер