Аталық өрмекшінін
7- дәріс.
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі (Arthropoda) .
Желбезектыныстылар (Branchiat), хелицералылар (Chelicerata) типтармақтары.
oo Жоспар:
1. Буыңаяқтылар типіне жалпы сиппатама және буыңаяқтылар типінің жүйесіне шолу
2. Буыңаяқтылар типі жүйесіне шолу.
3. Буыңаяқтылардың шығу тегі, маңызы, экологиясы.
Мақсаты: Буыңаяқты жануарлардын дене құрылыстарының жалпы ерекшеліктерін, жүйесін, маңызын игеру.
Міндеттері:
1. Буыңаяқты жануарлардын морфо-биологиялық ерекшеліктеріне, көбею, даму кезендеріндегі ерекшеліктерін танысу.
2. Буыңаяқты жануарлардын жүйесіне шолу және типтармақтарынын класстарына сиппатама беру.
3. Буыңаяқты жануарлардын жануарлар әлеміндегі алатын орны, маңызы және экологиясын түсіндіру.
Терминалогия: карцинология, арахнология, энтомология, гетерономды, миксоцель метамерия, хитин, кутикула, эпикутикула, метанефридия, ганглия, гермафродит, максилла, мандибулла, педипальпа, хелицера
Әдебиеттер тізімі: 1 Н.А.Ахметбеков, А.Ф.Акимбекова Омыртқасыз жануарлар зоологиясы, Астана, С.Сейфуллин атындағы КАТУ, 2012.-159 б.
2 Н.А.Ахметбеков и др. Учебник "Зоология", Типография КАТУ им.С.Сейфуллина, 2018,- 427с
1. https:www.youtube.comwatch?v=LaE 5VZIyrKQ&list=PLn5SmFnpTKi-jZS2Y4AF _aGmzfpxckxTP&index=37
2. https:www.youtube.comwatch?v=fSc 61P00iXg&list=PLn5SmFnpTKi-jZS2Y4AF _aGmzfpxckxTP&index=64
Электрондық материалдар
1. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http:kazatu.kzruobrazovanieele ktronnie-izdaniya
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап Дәуітбаева...
b-ok.org›book3285528fe4d22. download
3. Электронная библиотека КазНУ Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha -ou-...
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6.Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file2216579
Буыңаяқты жануарларға жалпы сипаттама. Буынаяқтылардың тегі көп қылтанды буылтық құрттар деп есептеледі. Буынаяқтылар мен буылтық кұрттардың денелері сақиналардан (сегменттерден) тұрады. Буынаяқтылардың дене кұрылысы айқын сақиналарға жіктелген, екі жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буын болып келгендіктен буынаяқтылар деп атайды. Эволюцияның даму барысында сақиналардың бір-бірінен айырмашылығы туып (ішкі және сыртқы кұрылысы), денесі ұқсас сақиналардың бірігуінен үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Дене сақиналары типтің кейбір топтарында бас бөлімі көкірегімен косылып кетеді (мысалы, өрмекшілер мен су шаяндары), ал кенелерде сақиналардың бәрі бірігіп кетеді.
Буыңаяқтылардың денесінің сыртын хитинді-кутикулалы қабық қаптаған. Ол дененің тек сыртын емес, кейбірінде дененін, ішкі органдарының да бетін қаптап жатады. Хитин әрі қорғаныштың, әрі сыртқы қаңқа кызметін атқарады, оған бұлшык еттер жабысып бекиді. Хитин азотты заттардан кұралған созылмайтын зат. Сондыктан көптеген буынаяқты жануарлар денесі өскен кезінде хитин қабығын тастап түлейді. Буынаяқтылардың нерв жүйесі морфологиясы жағынан буылтық құрттардың нерв жүйесіне ұқсас, жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Сезім мүшелері. Буынаяқтылардың сезімталдығы тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан кұралған. Бұл клетка бір жағынан хитинмен, екінші жағынан орталық нерв жүйесімен байланысты. Оларда иіс, дәм сезу тепе-тендік мүшелері жаксы дамыған. Буынаяқтылардьң көздері жақсы жетілген.
Оларда күрделі немесе фасеткалы көздер және жай көздер, немесе көзшелері болады. Фасеткалы көздер өздігінен көре алады, заттың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алады. Жай көздер тек жарықты ғана сезе алады. Бір фасеткалы көзде жүздеген, мыңдаған ұсақ көзшелері болады, оларды омматидиялар деп атайды. Буынаяктылардың қозғалу жүйесі күрделі және тезірек қозғалуды қамтамасыз етеді. Аяқтардың буындардан тұруы олардын жүрісін бағыттап отыруға, алуан - түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Олардың аяқтары әртүрлі болып келеді. Қызметтеріне қарай аяқтарын әр түрлі типтерге жатқызады. Мыс: қара тарқан тез жүретіндер қатарына жатқандықтан олардың аяқтары жүгіретіндер типіне жатады. Ұстағыш, қазғыш, секіргіш т.б аяқтары қызметтеріне қарай типтерге бөлінеді. Кейбір түрлерінде қанаттары дамыған. Жұп және тақ қанаттары болады.
Олардың бұлшық еттері көлденең салалы -- жалпақ, бұндай бұлшық еттер, сол себебтен салалы бұлшық еттерден гөрі тезірек жиырылады. Көлденен салалы - жалпақ бұлшық еттер су шаяндары мен өрмекшілердің қозғалыс қимылдарын, әсіресе насекомдардың ұшуын тездетіп отырады. Тері-ет қапшықтары жоқ, сондықтан бұлшық еттері бір-біріне байланыссыз бөлек-бөлек бұлшық ет түрінде бөлінген.
Қан айналу жұйесі. Көптеген өкілдерінде, қанды қозғалысқа келтіріп отыратын орталығы - жүрек бар. Ол соғу арқылы қанды үнемі айдап тұрады. Буынаяқтыларда қан айналу жүйесі ашык, демек қан тек қан тамырларымен ғана ағып қоймай, ішкі дене мүшелеріне де құйылады. Кейбір шаяндардың ұсак түрлерінде және кенелерде жүрек болмайды, ал денеде қанның айналуы
Қанның түсі түссіз, қызғылт, сарғыштау, көкшілдеу т.б. әр түрлі болады. Оның себебі дене қуысының аралас болуында. Ішкі мүшелерге қан (гемолимфа) құйылып жатады. Вена және кіші қантамырлары дамымаған, тек қана аорталар, артерия қантамырларымен қан ішкі мүшелерге құйылады. Қан жүрекке осьтии деп аталатын жүрек тесіктері аркылы қан қайта сорылып алынып жыйналады. Көптеген түрлерінде жүрегі жүрек қалтасы перикардта жатады. Буыңаяқтылардын денесінің ішкі қуысы - аралас қуысты (миксоцель) деп аталады.
Тыныс алу жүйесі: құрлықтағылары өкпе қапшықтары және кеңірдектерімен, демтүтіктерімен, ал судағылары желбезектерімен немесе желбезек жапырақшаларымен тыныс алады. Кейбір төменгі сатыда дамыған ұсақ буыңаяқтылар бүкіл денесімен де тыныс алады.
Зәр шығару жүйесі. Буылтық құрттарда негізгі зәр шығару мүшелері өзгермелі метанефридиялы жүйелер. Осыған ұқсас, бірақ күрделірек жүйе суда тіршілік ететін өкілдерінде көкірек аяқтарының түп жағында орналасқан антенналдық, максиллярлық және коксальдық бездеріне байланысты. Құрлықта тіршілік ететін буынаяктыларда мальпигий түтігтері деп аталатын жаңа зәр шығару мүшелері пайда болаған.
Асқорыту жүйесі. Барлық буынаяқтылар үшін алдыңғы аяқтарыныц ауыз-көмекшілеріне айналуы тән сипат. Олар азықтарын ұстап тұруға, аулауға, ал көптеген түрлерінде азықтарын ұстауға кызмет етеді. Осыған байланысты ауыздарының құрылысы әртүрлі болып келеді.
Буынаяқтылардын асқорыту жүйесі ауыз тесігінен басталып, арткы жағында аналь тесігімен аяқталады. Олардың ішектерінің үш бөлімі болады, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек және артқы ішек. Көбеюі. Буынаяктылар жынысты жолмен көбейеді, кейбір топтарда партеногенез жолдарымен көбейеді. Олар дара жынысты, тек бір жерде бекініп отырып тіршілік ететін кездесулері қиындыкка түсетін мұртаяқты шаяндар отрядының түрлері ғана гермофродиттер. Ұрықтанулары сыртқы, ішкі де болады. Даму көпшілік жағдайда метаморфозбен түрленіп өтеді, сондықтан дернәсілдері мен ересек түрлерінің арасында көптеген айырмашылықтары бар. Кейбір топтарда дамуы тура болады. Буынаяқтылардың өсуі мен дамуы түлеуге байланысты. Кейбір насекомдардын дернәсілдері әр түрлі инвазиялы, жұқпалы аурулар тасымалдайды тудырады.
2 сұрақ. Буыңаяқтылар типі 3 типтармағына бөлінеді:
1) Желбезектыныстылар типтармағы (Branchiata);
а) Трилобиттер класы (Trilobita)
б) Шаянтәрізділер класы (CRUSTACEA)
2) Хелицералылар типтармағы - Chelicerata;
а) Меристомалылар класы (Palaeostraca)
б) Өрмекшітәрізділер класы (Arachnida)
3) Кеңірдектыныстылар типтармағы - Tracheata;
а) Көпаяқтылар класы (MYRIAPODA)
б) Насекомдар немесе жәндіктер класы (INSECTA)
Желбезектыныстылар тип тармағы қазіргі жануарлар дү-ниесінде осы кезге дейін сақталып қалған сушаяндар класының өкілдерінен тұрады. Трилобиттер класы эволюцияның даму барысында палеозой эрасының аяғында толык өліп жоқ болған. Олар қазба түрінде белгілі. Олар дене қүрылысы жағынан көпқылтанды буылтық кұрттарға жақын тұрған. Бұлар теңіздерде тіршілік ететін буынаяқтылар болған.
Шаянтәрізділер класы (Crustacea). Шаянтәрізділердің, барлығы дерлік суда тіршілік ететін буынаяқтылар. Бұл жануарлар барлық су қоймаларында (тұщы, теңіз, жерасты сулар) және мұхит суларында тараған. Шаянтәрізділердің арасында құрғақ жерлерде де тіршілік ететіндер бар -- мокрицлар, кейбір тропикалық краптар. Ғылымға шамамен 25000 -30000 түрі белгілі.
Шаянтәрізділердің денесі сақиналарға бөлінген, бірақ буылтық кұрттардан бір айырмашылығы гетерономды болып келеді. Ұқсас, атқаратын қызметі бір сақиналар бірігіп денесінің баскөкірек бөлігін құрайды. Нәтижесінде шаянтәрізділердің денесін баскөкірек және құрсак, бөлімі деп екіге бөледі.
Бас бөлімінің бес сақинасының әрқайсысында бір жұп аяқтары болады. Олар атқаратын қызметіне қарай алдыңғы екі жұбы мұртшаларға айналған - антенналар, антенулалар деп атайды. Осы антенна - мұртшалардың түп жағында жатқан мұртшалар (антенналдык) бездері байланысты, болады. Бастың қалған үш жұп сақинасында, үш жұп жақ ауыздың кейінгі жағынан орын алады да, құрылысы жағынан алғанда: алдыңғы жұп - жоғарғы жақтар күйсейтін немесе мандибулалар деп, екінші жұбы - төменгі жақтардын бірінші жұп немесе максиллалар, үшінші жұп - төменгі жақтардың екінші жұп максиллар деп атады. Денені қозғағыш мүшелері - шаянтәрізділердің 19 жұп аяқтары бар. Кейбір ұсақ түрлерінде тіпті 70 жұп аяққа дейін болады.
Аяктардың әрбір тобының атқаратын ерекше кызметіне байланысты олар түрліше құрылған, мыс: алдыңғы аяқтарының бірнеше жұбы жак аяққа айналған, келесі жұп аяқтары жұру және жүзуге бейімделген т. б. Нерв жүйесі. Шаянның нерв жүйесі дененің бауыр жағында созылып жатқан жұп жұтқыншақ үсті түйінінен жұтқыншак асты түйіндерден тұрады, басқа сөзбен айтқанда, бас миынан тұрады. Сезім мүшелері. Шаяндардың жақсы дамыған. Оларға: сезім, химиялық сезім мүшелері (иіс), тепе-теңдік сақтау мүшесі (статоцист) және көру мүшесі. Шаяндарында тақ жәй қарапайым және жұп күрделі кұрылысты екі көзі болады. Фасетті көз әлбетте көптеген жеке көзшелерден немесе омматидиялардан тұратын күрделі кұрылысты болады.
Өзен шаянының денесі баскөкірек және құрсақ бөлімі деп екіге бөлінеді. Басы: бас қалағы мен одан кейін орналасқан бес элементтің қосындысынан тұрады және де соған сәйкес бес жұп антеналары мен антеннулалары, тағы да үш жұп жақтары:жоғары бір жұп жақтары мен екі жұп төмеңгі жұп жақтары жатады. Көкірегі сегіз сементтен тұрады, ал оның үш алдыңғы сегменті басқа қарай өскен. Осы сегменттердің соңғылары жақаяқтарға айналған. Шаяндар бұл жақтармен ұстаған жемін ұстап, жақтарымен ұнтақтайды. Басқа қалған соңғы бес сементтері қозғалту және тыныс алу қызметтерін аткарады. Құрсағы бірімен-бірі қозғалмалы болып жалғасқан алты сегменттен құралған. Мұнда бес жұп құрсақ аяқтары болады. Аталықтарының бірінші және екінші жұп құрсақ аяқтары шағылыс аппаратқа айналған, аналықтарында бірінші жұп құрсақ аяғы болмайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz