Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
1.
МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1
Негізгі құралдар туралы түсінік пен оларды тану мен бағалау

1.2
Негізгі құралдардың құжатталуы

2
МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1
Негізгі құралдардың түсу есебімен амортизациясы

2.2
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта ұлттық экономика тиімділігінің маңызды шарты мемлекеттік бюджет қаражатын ұтымды және үнемді пайдалану, барлық ресурстардың, оның ішінде негізгі құралдардың пайдалануын есепке алу және бақылау болып табылады.
Негізгі құралдар бюджеттік мекемелердің күрделі шығыстарына жатады және мемлекеттік бюджет шығыстарының үлесінде елеулі орын алады, сондықтан бюджеттік саладағы негізгі құралдарды есепке алуды дұрыс ұйымдастыру мемлекеттік мекемелердің өздері үшін де, тұтастай алғанда ел экономикасы үшін де маңызды.
Ғылыми жаңалығы.Негізгі құралдар есебінің мемлекеттік ұйымдарда ҚСХҚЕС сай жүргізілу мен түсу және амортизация есептеу әдістерінің ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - мемлекеттік ұйымдардағы негізгі құралдар есебін ұйымдастыру.
Қойылған мақсатқа сүйене отырып, курстық жұмысты жазу барысында мынадай міндеттер айқындалады:
Негізгі құралдарды тану және бағалауды қарастыру;
Негізгі құралдардың түсуі және амортизация есебін ұйымдастыру;
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеуді қарастыру.
Зерттеу нысаны мен әдістері.Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдардың есебін қолдану. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Жақыпбеков Д.С., Тулегенов Б.Қ. еңбектері осы курстық жұмыстың теориялық базасы болып табылады.
Негізгі құралдарды есепке алудың теориялық, ұйымдастырушылық және практикалық аспектілерінің жиынтығы зерттеу нысаны болып табылады.
Мемлекеттік ұйымдар үшін Негізгі құралдар санатының мәні айтарлықтай үлкен, өйткені, олар осы ұйымдарда халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру бойынша болып жатқан процестерге қызмет көрсетеді.
Практикалық маңыздылығы. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжаттамалық ресімделуін және есепке алу тіркелімдерінде олардың мемлекеттік мекеме ішінде орын ауыстыруының түсуін және істен шығуын уақтылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің сақталуын және дұрыс пайдалуын бақылауды қамтамасыз етілуі.
Мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдары - олардың құнына қарамастан келесідей крийтерилерді қанағаттандыратын материалдық объектілер:
Мекеме қызметі процесінде жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету кезінде не басқару қажеттіліктері үшін қолданылады.
Бұл нысандарды пайдалы пайдалану мерзімі 12 айдан асады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, және пайдаланылған әдебиттерден тұрады.

1МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Негізгі құралдард туралы түсінігі, оларды тану мен бағалау

Бухгалтерлік есепте 16 Негізгі құралдар ХҚЕС сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорындарда, ұйымдарда өнім өндіруді, тауарларды тасымалдау немесе болмаса көрсетілетін қызмет үшін, басқа кәсіпорындарға жалға беруге немесе әкімшілік мақсаттарда қолданылатын және 1 жылдан астам мерзімде пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жылжымайтын мүліктер, көп жылдық жеміс ағаштары, жер учаскілері, өнім беретін малдар және басқа да негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдар актив ретінде танылады, егер:
- активке байланысты болашақ экономикалық пайда субъектіге түсу мүмкіндігі бар болса;
- активтің құнын сенімді түрде өлшенген болса;
- актив әдеттегі қызмет барысында кейіннен сату үшін салып алынбаса;
Негізгі құралдар көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланылады, олар біртіндеп тозады және қасиеттері мен нысанын сақта й отырып, өз құнын шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына көшеді[1].
Негізгі құралдардың есебін ойдағыдай жүргізу үшін ең алдымен оларды жүйелі түрде топтастырып алу қажет. 1-сызбада негізгі құралдардың пайдалану мақсатаны қарай бөлінуі көрсетіледі:

Сызба 1 - Негізгі құралдардың пайдалану мақсатына қарай жіктелуі

Иелік етуіне қарай меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті негізгі құралдар - бұл субъектінің меншігіндегі және оның балансында өз көрінісін табатын негізгі құралдар.
Жалға алынған негізгі құралдар - бұл жалдық келісімшартта көрсетілген мерзімге басқа субъектіден алынған негізгі құралдар.
Өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар - кәсіпорынның техникалық жабдықтауының техникалық дәрежесін жоғарылататын өндірістік қорлар. Өнім өндіру процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар.
Өндірістік емес негізгі құралдар - бұл тұтыну бағытындағы құралдар. Олар әлеуметтік салада тұтынуға ұзақ уақыт қызмет етуге арналған.
Санатына қарай негізгі құралдар инвентарлы және инвентарлы емес болып екіге бөлінеді.
Инвентарлы негізгі құралдар - заттай мазмұны бар, айырбастауға және натуралды түрде санатуға келетін объектілер (ғимараттар мен құрылымдар, машиналар мен жабдықтар).
Инвентарлы емес негізгі құралдар - жер, орман және су ресустарына капитал салу болып табылады[2].
2-сызбада негізгі құралдардың жөндеу түріне қарай бөлінуі көрсетіледі:

Сызба2 - Негізгі құралдардың жөндеу түріне қарай жіктелуі

Негізгі құралдарды жөндеудің екі тәсілі бар. Олар: Шаруашылық және мердігерлік.
Негізгі құралдарды есепке алу Негізгі құралдар ҚСХҚЕСсәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру үшін оларды белгілі бір критерийлер бойынша бағалау түрлері 3-сызбада көрсетілген.

Сызба3 - Негізгі құралдардың бағалануы

Бастапқы құн - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан құралады.
Бастапқы тану кезінде негізгі құралдардың объектісі өзінідк құны бойынша көрсетіледі. Кітапхана қорына енгізілген кітаптар, оқулықтар және басқа да басылымдар бастапқы түптеу құнын қоса алғанда номиналды бағамен есепке алынады.
Егер актив айырбасталмаған операция жолымен, яғни өтеусіз негізде сатып алынса, оның сатып алу күніндегі әділ құны оның өзіндік құны деп аталады. Бұл ретте нөлдік немесе номиналдық құны бойынша сатып алынған және әділ құны бойынша танылатын негізгі құралдар объектілерін тану кезінде бағалау қайта бағалау болып табылмайды[3].
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына мыналар кіреді:
- импорттық баждарды және сауда жеңілдіктерді шегергеннен кейін сатып алуға төленбейтін салықтарды қоса алғанда, онып сатып алу бағасы;
- активті учаскеге жеткізу және оны мақсаты бойынша жұмыс жағдайына келтіру үшін жағдай дайындауға тікелей жатқызылатын кез келген шығындар;
- объектіні бөлшектеуге және орнын ауыстыруға, ол орналасқан учаскені қалпына келтіруге арналғанн есептік шығындар.
Тікелей өзіне тән шығындар 4-сызбада көрсетілген:

Сызба 4 - Негізгі құралдардың тікелей өзіне тән шығындары

Негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілемейтін шығындар болып табылатын нақты шығындар келесі 5-сызбада көрсетілген:

Сызба 5 - Негізгі құралдардың құралдардың өзіндік құнына енгізілемейтін шығындар болып табылатын нақты шығындар

Негізгі құралдар объектісі басқа активке айырбастау үшін сатып алынған кезде алынған объектінің нақты құны оның әділ құнына тең қабылданады, ол төленген ақша қаражатының немесе олардың баламаларының сомасына түзетіліп берілген активтің әділ құнына тең болады. Жаңа активтің белігілі бір әділ құны мен оған айырбастау үшін берілген активтің баланстық құны арасындағы айырма айырбастау операциясынан түскен кірісті немесе шығысты құрайды.
Егер алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді бағалана алмаса, негізгі құралдардың сатып алынған объектісінің құны берілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Бұл ретте алынған объект құнсыздану мәніне тексерілуі тиіс.
Бастапқы құн шартта аударылған барлық шығындардың сомасынан құралады, өйткені бұл шығындар негізгі құралды сатып алумен және оны басшылықтың ниетіне сәйкес пайдалануға дайындаумен тікелей байланысты.
ҚҚС сондай-ақ негізгі құралдың бастапқы құнына қосылады, өйткені бұл салық мемлекеттік мекеме үшін өтелмейтін салық болып табылады, себебі, оны есепке жатқызу мүмкін емес.
Баланстық құн - бұл шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына енгізілетін шығындарды тану - объект оның тікелей мақсаты бойынша пайдалануға дайын болған кезінде тоқтатылады.
Келесідей шығыстар негізгі құралдардың баланстық құнына енгізілмейді:
- жұмыс жағдайындағы объект әлі пайдалануға берілмеуі немесе толық қуатта жұмыс істемеуі тиіс шарттардан туындаған шығыстар;
- объектінің өндірісіне сұраныстың ұлғаюы кезінде келтірілген бастапқы операциялық залал;
- мемлекеттік мекемелердің операцияларының бір бөлігін немесе барлық бөлігін ауыстыруға немесе қайта ұйымдастыруға арналған шығыстар.
Ағымдағы құн - бұл шаруашылық субъектісінің белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Қалдық құн - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады[3].
Келісілген құны - бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.


1.2 Негізгі құралдардың құжатталуы
Мемлекеттік мекемеде активтер түскен кезде негізгі құралдар және аяқталмаған құрылыс объектілерінің іске қосылуын, инвестициялық жылжымайтын мүліктің пайдалануға берілуін есепке алу үшін және олар ауыстырылған кезде тұрақты қолданыстағы жұмыс істейтін комиссия әрбір жеке объектіге немесе объекті құрауышына екі данада нысандар альбомының НҚ-1 нысанды актісін жасайды. Материалдық жауапты тұлға бухгалтерлік қызметке бас бухгалтердің қол қоюы және мемлекеттік мекеме басшысының немесе оған уәкілеттік берген тұлғалардың бекітуі үшін қоса берілген техникалық құжаттамасы бар ресімделген актіні береді. Негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін кітапханалық қорлардан басқа әр объектіге түгендеу нөмірі беріледі [4].
Барлық негізгі құралдар мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған лауазымды тұлғалардың жауапты сақталуында болуы тиіс. Негізгі құралдар объектілерінің сақталуына жауапты тұлғалар нысандар альбомының НҚ-13 нысаны бойынша объект бойынша негізгі құралдардың және инвестициялық жылжымайтын мүліктің түгендеу тізімін жүргізеді. Жауапты тұлғалар негізгі құралдардың сақталуын қадағалайды және барлық өзгерістердің есебін жүргізеді.
Жауапты тұлға ауысқан кезде, оның сақтауындағы негізгі құралдарды түгендеу жүргізіледі, ол туралы нысандар альбомының НҚ-1 Негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдап алу-тапсыру (ауыстыру) актісі нысаны бойынша негізгі құралдарды қабылдап алу-тапсыру актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.
Объектiнiң немесе ұзақ мерзiмдi активтер объектiлер тобының бiр құрылымдық бөлiмшеден екiншiсiне iшкi ауысуын ресiмдеу үшiн, объектiнi немесе негiзгi құралдар объектiлерi топтарын қоймаға қабылдауды ресiмдеу үшiн немесе қоймадан қолданысқа беру үшiн 434 нысанды жүкқұжаты немесе 434-Қ нысандар альбомы қолданылады [5].
Нысандар альбомының НҚ-6, НҚ-9 нысанды түгендеу карточкалары активтерді есепке алу нысандар альбомының НҚ-10 нысанды түгендеу карточкаларының тізілімінде тіркеледі. Тізілім бір данада жүргізіледі. Онда жазулар карточканы ашу жылын көрсете отырып активтер тобының бөлінісінде жүргізіледі. Әр топ үшін беттердің тиісті саны беріледі. Нөмірлеу әр топ бойынша 1-нөмірден бастап жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда тізілімдер әрбір қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме бойынша осындай тәртіпте жүргізіледі. Активтер есептен шыққан не ауысқан жағдайда тізілімнің Ескертпе бағанында мемориалды ордердің мерзім (күні, айы, жылы) мен нөмірі көрсетіледі.
Түгендеу карточкалары бухгалтериялық қызмет картотекаларында сақталады, онда олар материалдық жауапты тұлғалар бойынша, оларды іштей бөлу арқылы, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда - қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша орналасады.
Нысандар альбомының НҚ-6 нысанды карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, тапсыру құралдарын, машина мен жабдықтарды, өндiрiстiк (тиiстiлiгiн қоса алғанда) және шаруашылық мүкәммалын, көлiк құралдарын, мәдени мұра активтерiн, кiтапхана қорларын және өзге негiзгi құралдарды есепке алуға арналған. Онда жазбалар бастапқы құжаттар: қолданысқа беру туралы қабылдау актiлерi, дайындаушы зауыттардың техникалық төлқұжаттары мен басқа құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Карточкада объектiлердiң (заттардың) сипаттама белгiлерi көрсетiледi: сызбасы, моделi, үлгiсi, таңбасы, зауыттық нөмiрi, шығарылған (дайындалған) мерзiмi, қолданысқа енгiзу актiсiнiң күнi мен нөмiрi көрсетiледi. Бұдан басқа объектiнiң (заттың) қысқаша жеке сипаты жазылады. Нысандар альбомының НҚ-6 нысанды негiзгi құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есепке алудың түгендеу карточкаларында теңгемен амортизацияның жинақталған сомасы, жылдық тозу нормасының шифрi, шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша ғана соңғы рет тозу есептелген жыл мен ай жазылады.
Нысандар альбомының НҚ-9 нысанды карточкасы бір үлгідегі негізгі құралдар объектілерін және инвестициялық жылжымайтын мүлікті, кітапханалық қорларды және сахналық-қойылымдық құралдарды топтық есепке алуға арналған.Мемлекеттік мекеме ішінде ауысқан кезде осы карточканың арғы бетінде жазба жүргізіледі.
Ай сайын карточкалардан амортизация сомасы нысандар альбомының 459 нысанды ұзақ мерзімді активтер амортизациясының сомасын есепке алудың әзірлеме кестесіне жазылады, оның негізінде есепті кезеңдегі негізгі құралдардың (активтердің) жалпы тозу сомасы анықталады. Жалпы тозу сомасына айдың соңғы күні мемориалды ордер жасалады, кейін ол Басты-журнал кітабына ауыстырылады [5].
Негізгі құралдар объектілерін жөндеген, қайта жаңартқан (жаңғыртқан) жағдайда техникалық төлқұжатқа, сондай-ақ тиісті негізгі құралдың түгендеу карточкасына күрделі жөндеуге, қайта жаңартуға (жаңғыртуға) байланысты объектінің сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізілуі тиіс.
Қаруды, әскери техниканы, қорғаныс объектілерін және ҚР Қару күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында пайдаланылмайтын өзге де әскери мүлікті қоспағанда, физикалық және моральдық тозу салдарынан дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан негізгі құралдар объектілерінің жарамсыздығын, оларға жөндеу жүргізудің тиімсіздігін айқындау үшін, сондай-ақ, есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін негізгі құралдар мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия құрамына міндетті түрде мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы жоқ болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу жүктелген тұлға) негізгі құралдардың сақталуына жауапкершілік артылған тұлғалар кіреді, негізгі құралдардың жеке түрлерін есептен шығарғанда комиссия құрамына сондай-ақ тиісті мамандар (сарапшылар), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарғанда) кіреді. Тұрақты әрекет ететін комиссия техникалық құжаттаманы (төлқұжат, әр қабат сайынғы жоспарлар мен басқа құжаттар) тарта отырып, есептен шығаруға жататын объектіні тікелей тексеруді жүргізеді, сондай-ақ бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және қалпына келтіруге және әрі қарай қолдануға жарамсыз екенін белгілейді.
Комиссия есептен шығару себептерiн (тозу, реконструкциялау, апат және басқа есептен шығару себептерi), есептен шығарылатын объектiнiң жекелеген материалдарын, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларға бағалау жүргiзедi және негiзгi құралдар объектiлерiн есептен шығару актiсiн жасайды.
Жарамсыз негiзгi құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару келесідей актiлермен ресiмделедi: Негiзгi құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару актiсi (Нысандар альбомының НҚ-3 нысаны), Автокөлiк құралдарын есептен шығару актiсi (Нысандар альбомының НҚ-4 нысаны), Құралдар балансынан, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммалын есептен шығару актiсi (Нысандар альбомының 443-нысаны), Мемлекеттiк мекемелерде кiтапханадан әдебиеттi есептен шығару актiсi (Нысандар альбомының 444-нысаны). Негiзгi құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару актiсiн мемлекеттiк мекеме басшысы бекiтедi. Есептен шығару актiсiн бекiткенге дейiн негiзгi құралдар, аяқталмаған құрылыс және инвестициялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жинауға және қайта жөндеуге рұқсат етiлмейдi. Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкін есептен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі құралдардың жекелеген объектілерін жинаудан алынған және мемлекеттік мекеменің шаруашылық қажеттілігі үшін қалдырылған материалдар қорларға қайта сыныпталады және нысандар альбомының 429-р нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді бұзу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу актісімен ресімделеді.
Негізгі құралдарды баланстан есептен шығарудың қолданыстағы тәртібі бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға салғырт қараған жағдайда (жою, жандыру, жоғалту), бұған кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Негiзгi құралдар объектiлерiн (автокөлiк құралдарынан басқа) толық немесе жартылай есептен шығаруды ресiмдеу үшiн негiзгi құралдардың есептен шығарылуына актi толтырылады. Акт екi данада жасалады, комиссия мүшелерi қол қояды және ұйым басшысы немесе оған уәкiлеттiк берiлген тұлға бекiтедi. Актiнiң бiрiншi данасы бухгалтерияға негiзгi құралдарды есептен шығару үшiн тапсырылады, екiншiсi - осы объектiнiң сақталуына жауапты тұлғада қалады әрi қоймаға тапсыруға және есептен шығару нәтижесiнде қалған қосалқы бөлшектердi, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарғаннан кейiн қалған басқа да қосалқы бөлшектердi iске асыруға негiз болып табылады.
Автокөлiк құралдарын есептен шығару актiсi автокөлiк құралдарын есептен шығаруды ресiмдеу үшiн қолданылады. Комиссия екi данада акті жасайды, мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оған уәкілеттік берілген тұлға бекiтедi. Актiнiң бiрiншi данасы жол полициясы органдарында есептен шығарылғанын дәлелдейтiн құжатпен бухгалтерияға тапсырылады, актiнiң екiншi данасы автокөлiк құралдарының сақталуына жауапты тұлғада қалады әрi қоймаға тапсыруға және есептен шығару нәтижесiнде қалған қорлар мен металл сынығын iске асыруға негiз болып табылады.
Негізгі құралдардың есептен шығуы мен ауысуы бойынша операцияны есепке алу нысандар альбомының 438 нысанында (9-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жинақтау ведомосіне жазбалар әр құжат бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Жиыны бағанында шығып қалған және ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттар дебеті бойынша жазбалар сомасына тең болуы тиіс. Ай аяқталғаннан кейін қосалқы шоттар бойынша қорытындылар Басты-журнал кітабында жазылады [5].
Жабдықты тексеру, монтаждау немесе сынау процесінде ақаулықтар анықталған кезде, жабдықтың анықталған ақаулары туралы акт қолданылады.
Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындарды есепке алу мынадай іс-шаралар бөлінісінде жүргізіледі: алып жатқан алқабы мен әр іс-шара бойынша орындалған жұмыстардың құнын көрсете отырып жер учаскілерін жоспарлау, егістік алқабын тазарту, тоғайларды тазалау.
Есепті кезең ішінде негізгі құралдардың (активтердің) тозуының жалпы сомасын есепте өзгерту түгендеу объектілері түскен (көнергендігі мен тозуы бойынша жоюға байланысты есептен шығаруды қоса алғанда шығып қалу) кезде жүргізіледі.
Бірінші бөлімді қорытындылай келгенде, бұл аталмыш бөлімде негізгі құралдарға жалпылама анықтама берілді. Сондай-ақ, негізгі құралдардың жіктемелері туралы, оның танылу және бағалау ерекшеліктері, құжатталуы туралы ақпараттармен толықтырылды.

2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Негізгі құралдардың түсу есебі
Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізуде жүзеге асыратын негізгі құжаттарғасүйенеміз:
- Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы;
- Мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 бұйрығы;
- Мемлекеттік мекемелердегің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы;
Мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды есепке алу - бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 9-бөлімімен және мемлекеттік мекемелер үшін әзірленген есеп саясатының оныншы бөлімімен реттеледі [6].
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжаттамалық ресімделуін және есепке алу тіркелімдерінде олардың мемлекеттік мекеме ішінде орын ауыстыруының түсуін және істен шығуын уақтылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жинтықтың) сақталуын және дұрыс пайдалуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты, мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарын қайта бағалауға арналған резервті есепке алу үшін шоттарсубшоттар тағайындалған:
2310 - Жер
2320 - Ғимарат
2330 - Құрылғылар
2340 - Беру құрылғылары
2350 - Көлік құралдары
2360 - Машиналар мен жабдықтар
2370 - Құрал-саймандар, өндірістік және шарушылық инвентарь
2380 - Өзге де негізгі құралдар
2390 - Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы және құнсыздануы
2411 - Аяқталмаған құрылыс
5111 - Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв [7].
Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған негізгі құралдардың түсуін бухгалтерлік есепке алу тәртібі Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережелері регламенттеленеді және келесідей шоттар корреспонденцияларымен көрсетіледі:
Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған негізгі құралдар түсімінің есебі келесі 1 - кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған негізгі құралдар түсімінің есебі

Операциямазмұны
Шоттар корреспонденциясы

Дт
Кт
1
Күрделі салымдар (капитал) бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін бюджетке жоспарлы тапсырмалар түсті
1082, 1092
6020 Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер
2
Жабдықтаушыға аванс аударылды
1410 Қысқа мерзімді берілген аванстар
1082, 1092
3
Жабдықтаушылардан негізгі құралдарды сатып алынды
2310-2380 Негізгі құралдар
3210 Жабдықтаушылар мен мердгілердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары
4
Жабдықтаушының шоты төленді
3210 Жабдықтаушылар мен мердгілердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары
1082, 1092
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
Тауарлардың есептен шығарылуы
Негiзгi құралдары қатардан шығуына шот корреспонденциясының құрастыру
Негізгі құралдардың теориялық негіздері
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында
Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
Негізгі құралдарды жөндеу есебінiң негiзi
КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер
Машиналар мен жабдықтардың тозуы
Пәндер