ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АНЫҚТАҒЫШЫ


Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Шағын жоба
Тақырыбы: «Жаңа қазақ әліпбиі бойынша ы, і әріптерін қысқартып жазудың фонологиялық және графикалық негіздері»
«Туризм және тілдер кафедрасы»
Қазақ тілі және әдебиеті
Дайындаған:Битимисова Ақмаржан Кял 21-5
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
2. 1 1 Ы, і әріптерінің қолданылуындағы қиындықтар
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Латын әліпбиіне көшудің оң жақтары болғанымен, тіліміздің, ұлттық жазуымыздың қалыптасуына тигізер кері әсерлері де бар. Кейбір қоғам өкілдері біз әлі күнге дейін кириллицадан арыла алмай жатырмыз деп, алаңдаушылық білдіруде. Бірақ, ең алдымен, бұл лингвистикалық тұрғыдан өте күрделі мәселе. Осыны жақсы түсінген жөн. Бұған дейін біз 2 рет латын графикасына көшуге тырыстық. Алайда, соңы сәтті болған жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдаған абзал. Кириллицадан латын әліпбиіне жасанды түрде, тек сәйкес әріптерді өзгерту арқылы көшуге болмайды. Әйтпесе, бұл үлкен қателікке апарып соғады. Ең бастысы, азаматтар, әсіресе, жастарымыз қазақ тіліндегі барлық сөздің латын графикасындағы жазылу тәртібін анық білуі керек. Яғни, тілімізге арналған орфографиялық қағидаларды қайта қараған жөн. : «Бұл - қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы да қателесуге құқымыз жоқ.
Бір мысал келтірейін. Мен бұл мәселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде "ы" деген әріп бар. Мысалы, "ырымшыл" деген сөзде үш "ы". Біз оны автоматты түрде "у" деп жазатын болдық. Сонда "ырымшыл" деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті, латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес. Сондықтан ғалымдарымыз басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануы керек»
Зерттеудің мақсаты - ы, і дыбысының жазылуының маңызы;
Зерттеу міндеттері:
- Тіл біліміне қатысты әдебиеттерді пайдалана отырып ы, і дыбыстарының қолданылуына шолу жасау;
- Латын әліпбиіне көшудің бүгінгі замандағы маңызын, зерттелу деңгейін анықтау;
- Болашақта латын графикасына көшкен жағдайда да, сөздеріміздің өзгеріссіз қалуына көз жеткізу ;
Зерттеу әдістері:
- теориялық: зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттерді зерттеу және талдау;
- эмпирикалық
Практикалық маңыздылығы. Бұл жұмыс әртүрлі гуманитарлық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мамандандырылған мектептердің, лицейлердің, сыныптардың мұғалімдері мен оқушыларына қызықты болуы мүмкін.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2. Негізгі бөлім.
2. 1 Ы, і әріптерінің қолданылуындағы қиындықтар
Ы, і әріптерінің қолданылуында да біраз қиындықтар бар. Мысалы, олардың сөз ортасында жазылатын не жазылмайтын; кейбір сөздерді тәуелдегенде, түсіп қалатын не түсіп қалмайтын; сөз басында р, л дыбыстарынан бұрын жазылатын не жазылмайтын орындарын жете анықтап алу қажет болады.
1940ж. орыс графикасымен бірге қабылдаған орфография ережелерінде: «ы» әрпі орыстың толық дауысты «ы»-сы есебінде және қазақтың қысаң «ь» - сы есебінде де қолданылды. Мысалы: былтыр, қалық, орын, арық, рынок, рычаг. Емле ережесінің ескертуінде: ы әріптері дүдәмәл естілгенде я буын араларында алып тастағанда, сөз мағынасы бұзылмайтын болса, жазылмайды. Мысалы: Смағұл (Ысмағұл емес), рет (ірет емес), Ахмет (Ахымет емес), мағна (мағына емес), жұрт (жұрыт емес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т. б. » [50, 22б. ] деген орфограмма қабылдады. Сөйтіп: ь, j естілген жерінде мазмұнға ие болып тұрғандықтан жазылды: (sьnьg, ьdьrьs), (мазмұны өзгереді), сондай-ақ мазмұнға ие болып тұрмағандықтан: topьrag, pьcag, tjrek, kjlem, ьrai деген сөздер trek, klem, toprag, ras, rai болып жазылды [51, 27б. ] . Алайда осы тақырыпты арнайы эксперименттік жолмен зерттеген ғалым Б. Қалиев «бірі, білім, бірақ, мағына, қызымет, топырақ, қабілет, төңірек, шұғыла, ысырап, абырой, қалтыра, ақырын, атырау, қазына, қасірет, қатынас, қоңырау, омырау, тоқырау деген сөздерде қысаңдардың күшті редукцияланатыны сонша, кейде қысаң дауыстылар осы позицияда бар ма, жоқ па деген мәселенің өзін анықтау қиынға түсті» деген [52, 100б. ] . Сөйтіп, қатардағы тіл тұтынушы үшін қысаң езуліктердің мағына ажырату сипаты қиындық тудырды. Қазіргі кирил жазуындағы ы әрпін таңбалаудағы ала-құлалық осылай басталып еді.
М. Балақаев бұл қиындықты шешу үшін «ы, і дыбысы естілген жердің бәрінде жазылады» деген ереже ұсынады. 1957 жылы қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері (ары қарай ҚТОНЕ) түзілген де бұл мәселенің басы ашылмаған еді. Мысалы, 5 маусымда бекітілген ҚТОНЕ-ның §1-ның ескертуінде: «ы, і әріптері кей уақытта түсіп қалады: әріп - әрпі, ауыл - аулы, ғылым - ғылми, ресім - ресми” делінді. Мұның өзінің ғылми сөзі Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы шешімі бойынша ғылыми болып өзгертілді» [53, 472б. ] .
Алайда жұртшылық қысаң дауыстылардың барлық буында таңбалануына қарсылық білдіретін болды. Мысалы, Қ. Аманжолов «Қазақ жазу ережемізде ерекше көзге түсіп жүрген кемшіліктер ы, і әріптерінің таңбасын өте көп қолданып жатқандығымыз. Әліппе - миллион құралы. Сол миллиондардың ішінен «Япырай, осы ы, і әрпін азырақ қолдансақ қайтеді екен» дегенді үнемі естуіміз тегін емес. Шынында да, жыйылысымызды деген сөздің өзінде алты ы бар. Ы, і-ні неғұрлым аз жазуға тырысушылықты екінің бірінің жазуынан көруге болады. Айталық: Дауылбай - Даулбай, Нұрпейіс - Нұрпейс, жиын, қиын… Шырақ деудің орнына шрақ деп жазсақ қателесе қоймаймыз” деді. Буын аралығында таңбаланбағанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбауды ұсынған пікірлер болды, мысалы, жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау деп жазу [55] .
Бұл пікірлерден бір мәселенің анықталғаны белгілі болды. Ол «ы, і әріптерінің мағынаға әсер етпейтін сипаты», болмаса Қ. Жұбанов алғаш атап көрсеткендей қыстырынды дыбыс функциясын атқару қабілеті: «Кітап+ы+м, жазу+ұ+у, оқу+ұ+у дегенде қыстырынды дыбыс біресе ы, біресе ұ, ү болады» [41, 212б. ] дейді ғалым. Басқа ғалымдар да бұл дыбыстар дәнекерлік қызмет (Т. Жанұзақов), селбеспелі қызмет (Н. Уәли) атқарады деген.
<Ы>, <і> фонемаларының дәнекерлік қызметі ең алдымен орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғанғанда көрінді, мысалы, фонд, шрифт, штамп, факт, киоск сияқты сөздерге қазақ тілінің қосымшалары ы, і дәнекері арқылы жазылды: фондыға, фондыны, киоскіге, штампыға т. б [55], [56] . Сол жылдары газетте М. Қыдырбаев деген автор: «Ы, і дәнекерінсіз жазса да болады, фондқа, киоскке, шрифтке, штампқа деп айтуға да, жазуға да болады. Ы, і әріптерін мөлшерсіз, көп қолданып отырмыз. Мысалы, кітаптың бір бетінде ы, і әріптерінің саны 200-ге барады» деп, қосымша жалғағанда түсіріп жазатын түбірлерді жеке тұрғанда да ы, і-сіз жазу керектігін ұсынды [58] . Негізінен, пікір айтушылар арасында ы, і дәнекерсіз жазуды ұсынатын бағыт басым болды дейді жазушы Б. Нұржекеев: «Ұйқтау дегенді ұйықтау, қорқтық дегенді қорықтық деп жазу әдетке айналды. Тілімізде ұйық, қорық деген де сөздер бар ғой. Ұйық деп судың батпақты, түбіне тартып кететін жерін айтады. «Қорықтың ішінде мал жүр дегендегі қорық пен қорқып кеттім дегендегі қорқу сөзі де омонимге жатпайды, сондықтан бұл сөздерді біркелкі жазбағанымыз жөн болар еді» деген [59] .
Сөйтіп, кирилнегізді емле ережеміздің қалыптануының алғашқы жылдарында бұл әріптердің емлесіне қолына қалам ұстағандардың дені пікір айтты деуге болады. Өйткені «1940ж. қабылданған емле ережесінде қысаң ы, і-лерді жазудың тұрақты емлесі жасалмай» [60], бұл орфограммалар босаң нормамен қаралды.
Сонымен, қазіргі кирилнегізді қазақ жазуында ы/і әріптерінің фонемалық және дәнекерлік қызметі көрінеді. Дәнекерлік қызмет деп - дауыссыздың жуан не жіңішкелігін білдіріп және екі дауыссыздың арасында буындарды үндестіріп тұратын қызметін айтамыз. Мысалы: бұлыт, қаныт, серіт, жарық-жарық деген сөздердегі селбеспе дыбыс бүгінгі жазуда түсірілген. Ал тық/тік, қыр/кір, сыз/сіз деген сөздердің мағынасын ажыратып тұрған қызметі, әрине, фонемалық сипаты. Осы фонемалық қасиетіне қарай латын (1929-1940жж. ), кирилнегізді (1940-қазірге дейін) әліпбиімізде екі фонемаға екі әріп арналып келеді. Алайда ы, і қысаңдарының фонемалық сипатынан басқа қосымша дәнекерлік қызметі сараланбай, емледегі бір проблема қордаланып отыр.
Әрине, қай графикада болмасын мәселе болып келгені қысаң езуліктердің барлық буында жазылуы емес, осы дәнекерлік қызметін таңбалау/таңбаламауға қатысты еді. Әсіресе бұл үш буыннан тұратын, алдыңғы екі буыны ашық болып келетін, біріншісі мен соңғысы ашық езуліктерден тұратын сөздерге қатысты. Мысалы: ша-ңы-рақ, жұ-ры-нақ, е-рі-неу, са-ңы-лау, қо-ры-тын-ды.
Қазақ фонетикасында ы/і дыбыстары қысқа дауыстылар қатарында анықталған еді. Оның үстіне қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жеке айтылғанда осы дыбыстар соңынан қосылып айтылады: бы, қы, шы . . . к/г дыбыстарына жіңішке і дыбысы қосылып айтылады: кі, гі. Тек р, л, й, у, ң дыбыстары алдынан қосып айтылады: ыл, ыр, ій, ыу, ың.
Қазақ тілінде «тірек дауыссыз ретінде дауыссыздардың жуан езулік үндесім варианты алынады» [61, 59б. ] деп алғаш анықтаған профессор Н. Уәли емле сөздігінің 2000 жылға дейінгі басылымдарында (1969 ж., 1978ж., 1988ж. ) дауыссыз әріптер бе, ве, ге, же, ка, эл, эң, пе, эр, ша, ща деп орыс фонемаларына сәйкес дыбысталады делінген ұғым-түсінікті бұзып, қазақ дыбыстарының қазақы айтылымын қайтарған болатын.
Н. Ф. Катанов ауызша тілде л, р, ң сонорларының бірі мен басқа бір дауыссыз дыбыстың аралығында келген қысаң дауысты түсіп қалады, дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда да түседі депті [52, 78б. ] .
Ы, і әріптерінің жазылмайтыны оның редукцияға жиі ұшырап, әнтек қысқа немесе әнтек көмескі немесе мүлде көмескі, тіпті естілмейтіндігінен деген болатын осы тақырыпты экспериментік жолмен зерттеген профессор Б. Қалиев: «жартылай созылыңқылар созылыңқы дауыстылардың оттенкісі, ал редукцияланған дауыстылар қысқа дауыстылардың оттенкісі. Өйткені жартылай созылыңқы дауыстылар мен редукцияланған дауыстылар фонематикалық мән атқармайды. Редукцияланған дауысты, әрине, негізгі оттенк бола алмайды» дейді [59, с. 22] . Сөйтіп, Қ. Жұбановтың емле ұстанымдарының негізді екенін эксперименттік талдау арқылы дәйектейді: «Қатаң дауыссыздар мен көрші тұрған қысаң дауыстылар ұяң дауыссыздар мен көрші тұрған қысаң дауыстыларға қарағанда қысқа айтылады. Бітеу буындағы дауысты ашық буындағы дауыстыға қарағанда өте қысқа. Із (135), біз (110), ізі (140) сөздің созылыңқылығы абсолют аяғында күшті. Көршілес дауыссыздардың әсері екпіннен де күшті ме дейсің. Егер сөз бір буынды болса, ондағы дауысты дыбыс әжептәуір созылыңқы айтылады… сөздің буын саны көбейген сайын ондағы дауыстылардың абсолюттік созылыңқылығы да азая береді. Мысалы, қыр (80), тықыр (30-60) » [59, 65-69б. ] деген. Қысаңдардың редукцияланатыны барлық тілге тән құбылыс екенін якут тілінен алын+а> анна, ілін+а> інна, мурун+а> мунна; қазақ тілінен: қыйын> қыйнау, жыйын> жыйнау; пшақ, ксі, псіп, тсім, мін-мнем; түрік тілінен boyun>boynu, аuyru - auru, agiz>agzi, burun>burnu мысалдары арқылы айқындаған [59, 10-14бб. ] .
Сөйтіп, бұл мәселе 70 жылдары арнайы эксперименттік зерттеу нысанына алынған.
Ал 90 жылдары белгілі ғалым Н. Уәли бұл әріптердің емлесін фонологиялық жағынан негіздеген. Сәуле, қайрақ, тура, тулақ, бұйрық, байрақ сөздері қысаң езуліктерсіз жазылып келген болса, емле, мемлекет түрінде жазу да орынды [62, 36б. ] деген.
Ал буындық құрылымның құбылмалы қасиеті жөнінде зерттеу жүргізген Р. Бұласай қнап, ғлм, қсаң, қран, мнау, мнеу, бдық, дбыс, бзұқ, бгүн, дбүр деп сөйленеді, негізгі себеп ұлттық сөйлеу жылдамдығы дегенді айтты [63, 6-9бб. ] . Және тіркестің ішкі сыңары үнді болса, редукция пайда болып, тек сөз басында екі дауыссыздан артық келмейді, бір буында үш дауыссыз қатар келмейді дейді. Қалған жағдайда ауызша сөйлеу тілінде ы, і дыбыстары редукцияланады дейді.
Жалпы, ы, і әріптерінің емлесіне қатысты екі түрлі бағытты көреміз: біріншісі, мағынаға әсер етпейтін тұстарда ы, і-лерді қысқартып жазу (оның ішінде тәуелдік жалғауын жалғағанда түбірдің соңғы буынындағы қысаңдарды халық-халқы, көрік-көркідеп, немесе біріккен сөздер жігіндегі екі дауыстының қысаңдарын түсіріп жазу: өлі ара - өлара, алтыатар - алтатар (ҚТОС, 1988), ешкіемер - ешкемер, алтыаяқ - алтаяқ, саптыаяқ - саптаяқ, сарыағаш - сарағаш, сарыөрік - сарөрік (ҚТОС, 2000ж. ) деп түсіріп жазуды қосқанда), екінші бағыт қазақ тілінде екі-үш дауыссыз дыбыс қатар келмейтіндіктен, түбір мен қосымшаның арасын үйлестіру үшін (фондыға, киоскіге), сөз, буын аяғы б, д, ғ, г ұяңдарына аяқталмайтындықтан (тағылым, абырой, әділет, әбілет, жағылан, жебірейіл, жұдырық, қабылан) ы, і әріптерін қосып жазу.
Дегенмен, қазақ жазуында ы, і әріптерін қысқарту - жазу дәстүрімізге енді, жазу нормамыз болып табылады және бұл орфограммаларға жұртшылық тарапынан қарсылық болмады. Төменде біз қысаң езуліктерді қысқартып жазу сатыларын көрсетеміз. Бұл сатылар қиындығы жоқ орфограммалардан қиындығы бар орфограммаларға қарай сатылай орналасқан:
І-саты. Соңғы буынында қысаң дауысты бар түбірге құрамында ашық дауысты бар қосымша жалғанғанда түбірдегі ы, і әріптері түсіріліп жазылды. Мысалы, бүйір - бүйрек, дәуір - дәурен, ерін - ернеу, бауыр - баурау, бауыр - баурай, жиын - жинау, қорық - қорқу, қойын - қойнау, мойын - мойнақ, қайыру - қайрақ, күйіс - күйсеу, айыр - айран, үрік - үркек, қиын - қина, жалық - жалқау, жайыл - жайлау, жайла, қайыру - қайрақ, қайрау, қорық - қорқақ, қорқу, қорқыту, сарын - сарнау, зорық - зорға, ойын - ойнақ, ойын - ойнау, жұрын - жұрнақ, түйін - түйнек, сарық - сарқу, жалығу - жалқау, жайылу - жайлау, көріну - көрнеу, жерік - жеркену, көрік - көркем, сары - сарғаю [62, 34б. ], орын - орнау, уақыт - уақтылы, қырық - қырқыншы, айыру - айрықша, ресім - ресми, алты - алтау, жеті - жетеу, екі - екеу [52, 80б. ] . Бұл саты қазақ орфографиясында дау тудырмайды.
ІІ-саты. Ый, ій қосар дыбыс таңбасын бір ғана и әрпімен, ұу (ыу), үу (іу) дыбыс тіркесін 1 ғана у әрпімен берген графикалық ереже қазақ жазуында қиындықсыз тұрақтанған. Мысалы: ійт-ит, қыйын-қиын, сыйыну-сиыну.
ІІІ-ты соңғы буында қысаң дауыстылары бар түбірге тәуелдік жалғауының ІІІ жағын жалғағанда ы, і әріптерінің түсірілуімен байланысты: мойын - мойны, ауыз - аузы, дауыс - даусы, ерін - ерні, құлық - құлқы, бөрік - бөркі, көрік - көркі, мүлік - мүлкі, халық - халқы, ерік - еркі, қарын - қарны, сиық - сиқы, қайын - қайны, кеуіл - кеулі, қалып - қалпы, әліп - әлпі, ғұрып - ғұрпы, қырық - қырқы, әріп - әрпі, мұрын - мұрны, сұрық - сұрқы, шырық - шырқы, қайын - қайны, нарық - нарқы, парық - парқы, ырық - ырқы, тәйір - тәйрі, тәрік - тәркі [62, 33б. ] . Бұл орфограммалар қазақ тілінің 1988ж. Емле сөздігін декодификацияланды. Бірақ қысаң дауыстыларды үнемдеп таңбалаудың осы сатысында проблема болды. Ол Н. Уәлидің айтуы бойынша, ы, і қысаңдарын редукциялап жазғанда семантикалық қарсылыққа ұшырайтын мына сияқты сөздерге қатысты: ауыл - ауылы, көңіл - көңілі, бауыр - бауыры, жиын - жиыны, сайын - сайыны, жайын - жайыны, ақыл - ақылы [62, 33б. ] . “Сол сияқты түлік, күлік сөздеріндегі дауыстыны түсіріп жазу сөз мағынасын бұзады. Алдаулы, аулы, көңлі, сулы морфемалары басқа мағыналы сөз ретінде ұғынылады” [62, 30б. ] . Сондықтан емле сөздігінің 2000ж. Басылымы екі орфограмманы данормаретіндеұсынды. Н. Уәли М. Әуезов шығармаларының толық жинағында кездескен құрық, жарық, ерін, мұрын сөздерін салыстыра келгенде құрық пен жарық сөзі, ерін мен мұрын сөзіне қарағанда тәуелдік тұлғада әлдеқайда аз жұмсалғанын (120-25, 26-20 құрық, жарық, 20-10, 52-37 ерін, мұрын) айтқан және сөздің тәуелдік тұлғада ұзына бойы тұрақты жұмсалуы, сонорлармен іргелес келген қысаң дауыстының абсорбцияға ұшырауына, сөйтіп, сөздің фонетикалық жақтан ықшамдалуына қолайлы жағдай тудырады [61, 32б. ] дейді.
ІV-сатыға біріккен сөздер жігінде қатар келген екі дауыстының қысаң дауыстысы түсіріліп жазылуы жатады. Мысалы, 1988ж. емле сөздігінде саратан, сарауру, сарбалақ, сарбуын, сарбұға, саргідір, сарқұлақ, сарсолма, сарсу, сартабан, сартаңдақ, сартап, сартұқым, сарүйек, саршұнақ, өлара, алтатар, 2000ж. сөздіктеешкемер, алтаяқ, саптаяқ, сарағаш, сарөрік, келсап, кертартпа, жақсат (2000ж. ) сөздері ы, і әріптерінсіз заңдастырыла бастады.
Жалпы, бұрын қазақ емлесі морфологиялық принципке құрылған, ал морфологиялық принцип сөздің түбірін сақтап жазу деген ұғым БС-дердің түбірін сақтап біріктіруді (кіріктіруді емес) заңдастырды. Алайда әсіресе екі түбір жігіндегі қос дауыстының (алааяқ) немесе қысаң мен ашық дауыстының (сарыала) біреуін, оның ішінде ашық дауыстыны ғана таңбалау (!) үрдісі көбейді. Осыны ескеріп, емле сөздіктері қысаң дауыстыны және екі ашық дауыстының біреуін түсіріп жазуды нормалай бастады. Бұл қазақ орфографиясының түбір, не түбір мен қосымша жігінде фонетикалық принципті ұстанатынынан шықты.
V-саты. /ы/ - графемасын үнемдеп жазудың келесі сатысы көбіне басқы буын мен кейінгі буында ашық дауыстысы бар, ортасында қысаң езулік бар, ашық буынды сөздерге қатысты: Мысалы: қызмет, сахна, сіңлі, ресми, рақмет, құрмет, емле, мемлекет, ауру, бағлан, тарлан, жарлық, жирен, зәулім, қайрылу, құрлық, лоблу, мақлұқат, мақрұм, мәкрүк, мәслихат, саңдақ, тәурат, емеурін, саңлақ, медресе, бұйрық, құрлық, мағлұм, мағлұмат, айрық, айрықша, даурық, қайрақ, сәурік, самаурын, қайны, салбурын, наурыз, бурыл, тегеурін, мойнақ, мейлінше, арлан, ғибрат, ғұрлы сөздері қазіргі емле бойынша ы/і әрпінсіз жазылады. Алайда дәл осы сөздерден айырмашылығы жоқ нағылет, ауыру, лағынет, нақұрыс, хазірет, қатынас, меңіреу, саңырау, құрылыс, мақұлық, саңылау, құбыжық, мезірет, самұрық, жауырын, қайырыл, мәжіліс, ғылыми, жапырақ, шаңырақ, мәлімет, қабылан, жұмырық, үңірей, мейірім, құдірет, ежірей, түкірік, айырым, қабілет, абырой, төңірек, қайырым, қоңырау, тағылым, сұмырай, мәміле, құбылыс, тақырып, сүмірей, кекірік, құбыла, топырақ, айырыл, жымырай, әзірейіл, бекіре, қазымыр, аңызақ, еңіре, ақырет, қымыран, мағына, дәрігер, қорытынды, әділет, бекіре, ақырын, атырап, әбілет, емірен, жағылан, жамыра, жебірейіл, жұдырық, запыран, кекілік, көкірек, қойылым, қаңырау, қапырық, құмыра, тоқыра, мекіре, құбыла, мәжіліс, тоқырауын, құбылыс, шақырым, ықылым, ыңыран, ысырап, ібіліс, оқыра, омырау, саңылау, тәжірибе, текірек, шатыраш, шежіре, шүңірей, ықылас, ықылық, ғылыми, бүкірей, иірім, ерітінді, басылым, көрініс, жұмырық, сауырын, жайылым сөздерінде бұл әріптер таңбаланған. Яғни қазіргі қазақ орфографиясында проблема болып табылатын ы әрпінің емлесі осы сатыда тұр. Зерттеу жасаудағы басты мақсат та осы сатыға қатысты еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz