Геометриялық мазмұнды есептер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ
Тақырыбы: Арнайы мектептерде геометриялық материалды оқыту әдістемесі

Орындаған: Бектасова Балнұр
Тобы: ТП-18-2к1
Қабылдаған:Нурбекова Аида

Жоспар:

І. Кіріспе
Арнайы мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды игерту.
ІІ. Негізгі бөлім
a) Геометриялық материалдарды оқытудағы қағидалар.
b) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қалыптастыралатын геометриялық түсініктер
c) Оқушыларға түсіндірілетін геометрия элементтері.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Арнайы мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды игерту.
Жалпы білімнің негізі бастауыш мектепте қаланатыны белгілі. Оның үстіне адам танымының ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәтижесінде қарағанда бастауыш мектеп жасындағы балалар дүнинені тұтас қабылдайды. Оларда әр нәрсені әр түрлі көзқараспен қарау мысалы, бала ыдыста тұрған бір топ гүлдің тек қана санына, әр біреуінің тұрған орнына, ретіне, өлшеміне ғана көңіл аударып қоймайды. Балаға оның түсі, иісі т.б жақтары қызығырақ болады.
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Оқыту процесінде балаларды ең қарапайым шар, құрылыс материалдарын, мозайкалармен т.б. танстырады. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарды қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорыта келе, қолда қызыл шар ол домалап жатыр. Балаусада көк шар домалап жатыр. Мұхаметжанда жасыл шар ол да домалап жатыр барлық шарлар домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп немесе аз деген сұраулар қояды. Оқушылар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Оқушыларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Шар немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан). Дәл сол түстегі немесе көлемі де сондай шарты тауып көрсет.
Куб және шарды айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша заттарды теңестіруге кіреді.
Оқушылардың білім жиынтығын тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір фигура екінші фигураның орнына шақ келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек.
Геометриялық фигураларды оқытуда оқушыларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды, кейін оқушылардан соны қайталауын сұрайды, кейін оқушылармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Оқушылар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домаламайды? өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.

Қорыта келе сабақ соңына таман оқушылар әр түрлі фигуралардың ішінде төртұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген оқушылар келесі геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.

Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша 30минут бөлінеді. Оқу жылының басында тәрбиеші баланың көлем туралы білімінің деңгейін анықтайды. Егер оқушылар үшбұрыш пен дөңгелекті, төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын фигуралардың моделі салыстыру қажет болады.

ІІ. Негізгі бөлім
d) Геометриялық материалдарды оқытудағы қағидалар.
Геометриялық материалдарды оқытуда мынадай қағидалар басшылыққа алынады:
геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсатын ғана емес, оқытудың құралы да, геоматриялық материалдар, сандардың нумерациясы, арифметикалық амалдар, текстті есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланады;
геометриялық ұғымдарға тік төртбұрыштың, шаршы және периметрдің басқаларына анықтама тек қана остенсивті түрде көрсету арқылы беріледі;
геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;
геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмірдің байланысын түсінуге септігін тигізеді;
геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.
Демек, геометриялық оқушыларға геометриялық фигуралар және геометриялық шамалар туралы жалпы түсінік қалыптастырумен қатар жоғарыда аталған материалдар жайлы оқушылардың білімдерін бекітеді.
e) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қалыптастыралатын геометриялық түсініктер
Оқушылардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан оқушыларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы, қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Оқушылармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі оқушылар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады, жеті таяқшадан екі квадрат шығарады, конструкторлармен ойнай отырып одан қоян немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
f) Оқушыларға түсіндірілетін геометрия элементтері.
Геометрия элементтері. Геометрия математиканың бөлімі ретінде. Планиметрия: планиметрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш және оның түрлері; шеңбер және дөңгелек; сынық және қисық сызықтар; көпбұрыш және оның түрлері; параллель түзулер; перпендикуляр түзулер; центрлік және осьтік симметриялар; шеңберлер жанама; томотетия, нүктенің геометриялық орны; координата әдісі; фигуралардың ауданын есептеудің негізгі формулалары; екі нүктенің арақашықтығы; берілген қатынаста кесіндіні бөлу; сызықтың, түзудің және шеңбердің теңдеулері;
Стереометрия: стереометрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; перпендикуляр, көлбеу, дене; көпжақ және оның, түрлері, призма және оның түрлері; пирамида және оның түрлері; цилиндр, конус, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРТА МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ
Параметрі бар есептерді шығаруда геометриялық әдісті қолдану
Геометриялық есептерді шешуде векторлық әдісті қолдану әдістемесі
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемемелері
Көрнекілікті пайдаланудың психологиялық-педагогикалық мәселелері
Нақты алгебралық мәселелерді геометриялық жолмен шешудің артықшылғын көрсету
Vii-ix сыныптарда математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Бастауыш мектеп оқушыларының математика сабақтарында оқу есептерін талдау
Бастауыш сыныптарда геометриялық ұғымдарды оқыту
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесі
Пәндер