Әртүрлі киімдерге пайдаланылған маталар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Тарих және педагогика» факультеті
КАФЕДРА «Психология және арнайы педагогика»
Реферат
Тақырыбы: Матамен жұмыс
Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы
ТП-18-2к1
Қабылдаған: Абдукаримова Улжан Ануаровна
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Жасалуы
- Мата түрлері
- Әртүрлі киімдерге пайдаланылған маталар
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Мата (лат. textile - мата, материя) - химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Орта Азияны мекендеген халықтар көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ауыса бастады. Көшпенді халықтардың киім тігуге пайдаланған маталары жайлы деректер кездеспейді. Олар жайлы алғашқы жазбалар Қазан революциясынан кейін пайда бола бастады. Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жайлы Шоқан Уәлихановтың күнделіктері мен сызбаларында жақсы баяндалған. Бұдан басқа деректерді түрік халықтарының сөздіктері бойынша қалыптастырған.
Халықтың дерлігі мал шаруашылығымен айналысқандықтан жүннен мата тоқуды жақсы меңгерген. Тазартылған жүн ұршықпен иіріліп, өрмек станогы арқылы мата тоқылған. Мата тоқуға түйе, қой, ешкі жүндері пайдаланылған. Қой жүнінен иірілген жіптер киімге тігуге аса көп қолданылмаған. Қой жүнінен тоқылған матаны қайнап тұрған суға салып жұмсартып, шапан, шекпен, шалбар, кебенек, аяқ орауыштар, белдіктер жасаған.
Отырықшылық тұрмыс қалпына көше бастаған қазақтар мақта өсіріп, мата тоқуды кәсіпке айналдыра бастады. Алайда бұл кәсіпті өзбектер мен түрікмендер жақсы меңгерген. Мақта маталардың ішінде бөз мата өте танымал болды. Оны сапасы төмендеу боялған мақтадан тоқитын.
Сонымен қатар, Орта Азия елдері зығыр өсімдігі талшықтарынан мата өндіруі жайлы қытай, орыс деректерінде айтылады. Оған қоса қарақалпақтардың кендірден мата өндіретіндігі жайлы жазбалар да бар. Ал жалпы жібек, жүн маталар ертеден шет елден алынып отырған. Оны ата-бабаларымыз сый ретінде, соғыстан түскен олжа және шаруашылық өнімдеріне ауыстырып отырған.
ІІ. Негізгі бөлім
- Жасалуы:
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан(әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан) жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты(негізінен триацетапты) жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.
Солардың ішінде ең көп тарағандары:
- полиамид талшықтары мен жіптері(капрон, анид),
- полиэфир(лавсан),
- полиакрилонитриль(нитрон),
- поливинилхлорид(хлорин),
- полиолефин (полипропилен, полиэтилен) талшықтары мен жіптері.
- Мата түрлері
Сырт киімдік бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.
Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.
Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.
Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.
- Әртүрлі киімдерге пайдаланылған маталар
Ертеде күнделікті тұрмыстық киімдерді бөз, кенеп, шыт, сәтен, сеңсең терісі, көн секілді қарапайым маталардан тіккен, ал салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.
Бешпет, шалбар көбіне көгілдір, қоңыр, шымқай күрең мәуіті, барқыт, бедерлі жібек маталардан тігілген. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігілді, тұскиіз жасалды, баскиім тысталды. Дүрия, шағи сияқты жібек маталармен жекей тымақты тыстау сәнде болған. Сәукелеге салтанаттылық беру үшін оны күрең немесе шымқай қызыл барқытпен тыстаған.
Ал ішіктердің сыртын шұға, мәуіт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған.
Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен.
Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігілген. Ал әйелдердің белдігін негізінен, жібек пен барқыттан тіккен.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақ халқының ұлттық киімдері: Мата түрлері/ құраст. Хинаят Б., Сужикова А. - Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 196-197б.
- http://art-gourds. com//en Art-Gourds. com
- Қазақ халқының ұлттық киімдері: Мата түрлері/ құраст. Хинаят Б., Сужикова А. - Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 196-197б.
- https://massaget. kz/kyizdarga/shayra/17720/
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz