Балалар психологиясындағы жаңатарау
1.Балалар психологиясының қай әдісі бала психикасы дамуының ең нақты көрінісін береді?
Жауабы:Бала психологиясы -- жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған -- неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің "Бала жаны" атты кітабы (1882) -- Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні -- балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе -- баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы "балалық шақ" ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын "балалық шақ" ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым -- педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның "жалған ғылым" ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн
2.Балалар психологиясы курсының оқу тапсырмаларын шешуде болашақ педагог нені білуі керек?
Жауабы:Курстық жұмысты орындаудағы әдістемелік нұсқаулық
Білімалушының өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Білімалушы өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Білімалушының өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Білімалушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Білімалушыны табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Білімалушының алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Білімалушының оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Білімалушының өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
3.Балалар психологиясының эмпирикалық әдістеріне қандай әдістер жатады?
Жауабы: Эмперикалық әдістер. Оған бақылау және өзін өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи қалыптастырушы, лаборатиялық) психодиагностикалық әдістер, іс әркет нәтижелерін талдау, биографиялық әдістер енеді.
Ең қарапайым және барлығына қолжетімді - бақылау әдісі. Уақыт бойынша ол қысқа болуы мүмкін, тілім деп аталады және ұзақ, бірнеше жылдарға созылатын уақыт шеңберімен қамтылған - лингитудинальды. Объектісі белгілі бір индивидтер немесе жеке көрсеткіштер болып табылатын бақылау таңдамалы деп аталады және сәйкесінше үздіксіз деген көзқарас бар. Зерттеуші зерттеу тобының мүшесі бола алады, бұл жағдайда бақылау енгізіледі.
Келесі әдіс - әңгімелесу. Негізгі талап - ыңғайлылық пен сенімді атмосфера. Қарым-қатынас процесінде психотерапевт субъектінің өмірі, қызметі және көзқарасы туралы қызықты ақпарат алады. Әңгімелесуде екі жақтан сұрақ, жауап, дәлелдеу болады. Әңгіменің алуан түрі - сұхбат және сауалнама, мұнда қарапайым әңгімеден айырмашылығы, құрылымы мынадай: сұрақ - жауап.
Эксперимент - белгілі бір жағдай мен жағдай жасауды талап етеді. Оның мақсаты - психологиялық фактіні ашу немесе теріске шығару. Оны субъектілер үшін табиғи жағдайда жүргізуге болады, адам өзінің экспериментке қатысушы екенін білмеуі керек. Кейбіреулер зертхананы жақсы көреді, содан кейін көмекші құрал болады: жабдық, нұсқаулық, дайындалған кеңістік. Бұл жағдайда адам өзінің құрылған зертханада болу мақсатын түсінеді, бірақ эксперименттің мәні белгісіз болып қалуы керек.
4."Жақын даму аймағы" ұғымын дәлелдеген кім?
Жауабы: Орыстың көрнекті ғалымы Лев Семенович Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын бала дамуының жақын арадағы аймағы теориясы бойынша, ЖАДА баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанады.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологиясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарына негізделген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.Дамудың жақын арадағы аймағы - оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады. Л.Выготский бойынша, ЖАДА - оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. Ғалымның пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандар мен құрдастарымен қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.Дамудың жақын зонасы -- психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген.
5." Дамудың таяудағы аймағы" ұғымының авторы?
Жауабы:: Дамудың таяудағы Мектепке психологиялық дайындық деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.
Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың таяудағы даму аймағына жететіндей болуы керек. Ал дамудың таяудағы аймағы баланың ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.
Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектерінде негізделеді (Божович Л.И. 1968, Эльконин Д.Б. Салмина Н.Г. 1988, Кравцова Е.Е, 1991 т.б.)
Оқушының ішкі позициясы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.
6.Балалар психологиясындағы жаңатарау;нәрестелік кезең психологиясының негізін салған психолог?
Жауабы:В.И.Татишев өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.
Нәресте - бір жасқа дейінгі сәби.
Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге
келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және
емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін)
бөлінеді. Нәрестені анасының
организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу
үшін оның организмінің көптеген
органдары мен жүйелерінің қызметін
өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған
сәбидің салмағы 3,0 - 3,7 кг, бойының
ұзындығы 50 - 52 см, басының шеңбері 34
- 35 см, кеуде шеңбері 34 - 36 см болады
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада:
оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ
дамиды. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің
дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп
негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды
ұйымдастырушы үлкендер болады.Нәрестелік кезеңде
бала көп уақытын ұйқымен өткізеді де, егер ояна
қалса, онда ол нәрестенің қарны ашу, тону, шөлдеу
т.б органикалық үйлесімсіздіктен болады. Жаңа
туған бала әр түрлі сезімталдыққа ие:
тактильді,температураны, ауырғанды сезіну, дәм
сезу.
Нәресте жасының бас кезінде бала жан-жағына қарап
заттарды заттардан, не
таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның
қабылдауы әлі нашар дамыған. Таным процестеріне
байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің
бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған
байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол
дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді.
Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген
сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны
фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту
әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі
дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан
басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту
ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Пepy Д.Б. Эльkoнин бaлaлық шaқтың тeopияcы meн тapихынa, oның keзeңдeлyінe, әp түpлі жacтaғы бaлaлapдың пcихиkaлық дamyынa, oйын пcихoлoгияcынa жәнe oқy іc-әpekeтінe, пcихoдиaгнocтиkaғa, coндaй-aқ бaлaның cөйлey тілін дamытyғa apнaлғaн біpнeшe moнoгpaфиялap meн kөптeгeн ғылыmи maқaлaлapғa иe. бaлaлapды oқyғa үйpeтy. Дaниил Бopиcoвич Л.C.Выгoтckийдің ғылыmи kөзқapacтapынa біpнeшe maқaлaлap apнaп, әpтүpлі ayдитopиялapдa oл тypaлы біpнeшe peт бaяндama жacaды.
7.Ерте балалық шақ кезеңіне қай жас мөлшері жатады?
Жауабы:. Бір жастан бала дамуының жаңа кезеңі басталады. Нәрестелік кезең оны
қарауға, тыңдауға және қолының қимылын басқаруға үйретті. Осы кезден
бастап бала дәрменсіз жан емес, ол өзінің іс-әрекетінде және үлкендермен
қарым-қатынасқа ұмтылуында ерекше белсенділік көрсете бастайды. Дүниеге
келген алғашқы жылында нәрестеде адамға тән психикалық іс-әрекеттердің
басқа формалары қалыптасады. Психикалық дамудың алғышарттары енді оның
нақты тарихына жол береді. Онан кейінгі екі жыл-ерте балалық шақ - баланы
жаңадан үлкен жетістіктерге жеткізеді.
Баланың бойында алғашқы үш жылда пайда болатын сапалық
өзгерістердің елеулі екендігі соншалық , кейбір психологтар адамның туған
күнінен бастап кәмелеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері
туралы ойлағанда, оны үш жас деп есептеп жүр. Шынында үш жасар бала
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көпшілігін ұстап тұтуды біледі.
Ол өзіне-өзі қызмет жасауға қабілетті айналасындағы адамдармен және өзіндей
балалармен араласады, мінез-құлықтың қарапайым элементтерін орындайды.
Тік жүруге үйрену заттық іс-әрекетті дамыту және сөйлеуді үйрену - бала
психикасының дамуын анықтайтын ерте балалық шақтың негізгі жетістігі
болып табылады.
Тік жүру. Нәрестелік кезеңнің аяғында бала тәй басып, алғашқы қадам
жасайды. Тік қозғалу - қиын іс. Кішкене аяқтар үлкен қиыншылықпен аттайды.
Жүріс қимылын басқаруға әлі үйренбеген, сондықтан бала үнемі тең басып тұра
алмайды. Айналып өтуге тиіс отырғыш немесе табанының астында қалған
кішкене нәрсе баланың жүрісін қиындатып, бір-екі аттағаннан кейін-ақ
үлкендердің қолына немесе еденге құлап түседі. Баланың құлағына қарамастан,
қайта-қайта жығылып тұрып, қайткенде де алғашқы қадамын жасауға
ұмтылатын себебі неліктен? Алғашқыда оның тәй басуына үлкендерде қатысып,
қолдап отырғандықтан. Бірақ, кешікпей, алғашқы табысқа жеткен соң, бала өз
денесін ұстай білгенге мәз болады да, енді осы іс-әрекетін қайталап, өзін-өзі
ұстау мерзімін көбейтіп, кедергілерден сүрінбей өтуге тырысады. Оның үстіне,
еңбектеуді қойғаннан кейін, жүру қозғалудың, өзі қажет еткен затқа
жақындаудың негізгі құралына айналады.
Жүруге жаттығу арқылы үлкен орнықтылыққа қол жетеді. Баланың құлауы
азайып, көздеген жеріне қарай неғұрлым сенімді түрде аяқ басатын болады,
алайда қозғалыстың өзі әлі де ұзақ уақыт бір қалыпқа келмейді.
Біртіндеп бала әлдеқайда еркін қозғалатын болады. Қозғалған кезде
бұрынғыдай көп қиындық кездеспейді. Тіпті қозғалған кезде баланың өзі сол
қиындық, кедергілерді әдейі іздейтіндей көрінеді-қайдағы ойлы-қырлы,
баспалдақты жермен жүруге әуес келеді. Жас жарымдағы бала қимыл үстінде
жаттығады. Жәй жүгіріс және қарапайым жүріс енді оны қанағаттандырмайды.
Балалар өз жүрісін өзі әдейі қиындатады: әр түрлі ұсақ нәрселерді баса-көктей
жүреді, арқасын беріп жүреді, айналып дөңгеленеді, жанында ашық жер бола
тұра бұта-бұтаның арасынан жүгіреді, көзін жұмып алып жүреді. Бұл жаста
олар тәрбиешілердің басшылығымен арнаулы жаттығулармен қызыға
айналысады.
Сонымен, бала үшін жүріп үйрену толғаныстарға толы ерекше міндет
болып табылады. Қозғалудың бұл әдісі бірте-бірте ғана автоматтанады, сөйтіп
ол бала үшін дербес ынтықтық болудан қалады.
8. 3 жасар баладағы дағдарысты жою үшін міндетті түрде нені білуі керек?
Жауабы; Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеңіне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған. Екінші ерекшелік -- баланың өзінің ашу-ызасына деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға ұмтылады. Ашу-ызаға бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жағдайда көрініс табады.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі -- қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі.
Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Үшінші сәт -- баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлык жеке бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол ой қойшы! деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.
9. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың конвергенциясы жайлы идеяның негізін салған кім?
Жауабы: Бала психологиясының негізін қалаған -- неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің "Бала жаны" атты кітабы (1882) -- Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні -- балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе -- баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы "балалық шақ" ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын "балалық шақ" ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады
10.Нәрестелік кезеңде психикалық дамудың қандай ерекшеліктері көрініс береді?
Жауабы:Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л. С. Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ымишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады.Баланыңбарлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Балаболмайды деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі. Өтпелі кезең беретін басты Олжа - Л. С. Выготский автономды деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі. Ол дыбысталуы (фонетикалық құрылымы) және мәнмағынасы жағынан (семантикалық) үлкендердің сөздік қорынан ерекшеленіп тұрады. Бала сөзі кейде үлкендердің сөзіне өздігінен ұқсап тұрады, ал кейде мүлдем басқаша болады. Үлкендердің сөзіне мүлдем сәйкес келмейтін сөздер де кездеседі (мысалы, ике шкаф; импили қалам;), үлкендер сөзінің кейбір буындарын сақтау (са - сабын, бас - бас киім), үлкендер сөзін фонетикалық және ырғақтың жағынан сақтап айту (тити - сағат, бах құлады), дыбыстарына қарай айтылатын сөздер (афаф - ит, миу - сиыр). Бәрінен қызығы - семантикалық айырмашылық. Кішкентай бала сөзге мүлдем басқа мағына береді, себебі, ол әлі үлкен адамдардың түсінігін меңгерген жоқжағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
11.Психологтардың қайсысы балалардың қарым - қатынасы онтогенезінің проблемасын зерттеген:
Жауабы:А.Н.Леоньтев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3жағынан қарастырады:
:: коммуникативтілік,
:: интерактивтілік
:: перцептивтілік.
Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады;интерактивті жақтың мәні қарым-қатынасжасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контекстеқарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрлымы жайлы түсінікті қабылдаймыз.
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі.
12.Ерте жастың негізгі жетістіктері?
Жауабы:Ерте балалық шақ - адамның қалыптасуының ең маңызды кезеңі.. Дәл осы кезде бала өзін және іс-әрекетін біле бастайды, есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын, қабылдауына, жеке басын қалыптастырады. Бұл жаста бала қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы. Ерте балалық шақ 1-3 жас бұл баланың қимыл-қозғалысының тез дамып, әрі көптеген жаңа іс-әрекеттері пайда болады, жетіледі
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа дейін) іс-әрекеттіңжаңа түрлері қалыптаса бастайды. 1 жасқа толғанда ойлау қабілеті дами бастайды. Жинақтап қорыту қабілеті дамиды. Заттарды айырады алады.
Баланың ерте жасында психологиялық дамуы өте маңызды болып табылады, ол кезеңде баланың ақыл-ойы, ойлау, сөйлеу, қозғалу процестері құрылады және белсенді дамиды. Сондықтан, бұл кезеңдер баланың дамуына маңызды. Балалардың психикалық және сенсомоторлы дамуына қолайлы жағдай жасау үшін ата-аналар нені білулері керек? Ең ерте кезеңде бала үшін ата-анамен эмоционалдық байланыс маңызды болып табылады, көбінесе, ол-ана, ал ана-мейірімді және қамқор болуы тиіс. Ересектердің жүйелі, дәйекті әсері баланың жеке басының дамуына әсер етеді (эмоциялар, ақыл, мінез-құлық). Бала көрген және естіген нәрсені қайталайды, адамдармен және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста болады. Дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру үшін жан-жақтан алынатын ақпарат жүйелі түрде дұрыс болуы керек.
13.Ересек адамдардың өмірімен қызметі туралы балада терең түсінік бұл-
Жауабы: Ойын нәтижесі.
B) Заттармен әрекет тәсілі.
C) Ойын атрибуты.
D) Ойын құралы.
E) Ойынға жетекші.
Көрнекті орыс марксистерінің бірі Г.В.Плеханов Бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан ойын еңбектің інісі деген.
Бала ойынының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деген: Бала өмірінде ойынның маңызы зор. Ересек адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.
14.Баланың рухани мүмкіншіліктері мен жетілген физикалық ерекшеліктері арасындағы қарама-қайшылықтар және бұрын қалыптасқан қоршаған ортадағы әрекеттесу формалары,мен іс-әрекет түрі бұл:
Жауабы:
15. 7 жас дағдарысының симптомы:
Жауабы: Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты, психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезде баланың ақьл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау қиын. Өйткені, ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
16.Дамудың белгілі бір аспектісін зерттеуде қандай әдіс қолданады?
Жауабы:
17.Балалық шақ пен мектеп кезеңінде бейнелік еске қарағанда сөздік-мағыналық ес тез дамиды.Бұл дамудың қандай заңдылығы?
Жауабы:
18.Даму факторы?
Жауабы: Даму факторлары -- баланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты -- адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.).
19.Жас кезеңдеріне байланысты даму дағдарыстарын зерттеген кім?
Жауабы: Жас ерекшеліктеріне байланысты даму дағдарысын зеріттерген Выготский . Ол 4 дағдарыс кезеңін атап өтті .1 жас , 3 жас және 7 сонғысы 13 жас .
20.Дара ерекшеліктердің дамуымен байланысты емес физиологиялық және психологиялық заңды өзгерістердің жиынтығы мен сипатталатын нақты,уақытпен шектелген индивидтің психикалық дамуының және оның жеке адам ретінде дамуының деңгейі?
Жауабы:потология
21.Эгоцентрикалық сөз?
Жауабы: Сәбилік шақтың соңында белгілі міндеттерді орындауға кіріскен баланың тілінде ешкімге бағытталмаған көптеген сөздер пайда болады. Баланың іс-әрекеті үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылатын сөзі
эгоцентрикалық сөз деп аталады. Мектепке дейінгі ересек жасқа жеткенде баланың эгоцентрикалық сөзі ішкі, үнсіз сөйлеуге айналады және осы түрде өзінің жоспарланушы қызметін атқарады. Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөйлеуінің арасындағы баспалдақ болып табылады .
Эгоцентрикалық сөз - баланың іс-әрекеті үстінде пайда болатын және өзіне қарта айтылатын сөз. Эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөзінің арасындағы баспалдақ болып табылады. Ол іс жүзінде бағыттаушы, жоспарлаушы сөздер болып табылады.
22..Ойынның мазмұнында қимыл-әрекеттер қалай бейнеленеді:?
Жауабы:: Белгілі қарым қатынасты бейнелеу үшін жасалады
23.Әсер ету тәсілі мен түрткісі бар спецификалық толыққанды және барынша мазмұнды балалар әрекетін атаңыз:?
Жауабы: Дамытушы ойын - бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, даңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.
Адамның әрекеті екі түрлі болуы мүмкін: іске асыру және репродуктивтік, кіріктірілген және шығармашылық. Репродуктивтік түр біздің есте сақтау қабілетімен тығыз байланысты. Оның түпкі мағынасы бала бұрынғы білімін қайталап, еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы білімін қайталап еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы мәселелерін шеше алады. Бұл түр ешқандай жаңа түр болмайды. Оның негізгі бұрынғы білгенін толық және толық емес қайталау болып табылады. Бұндай тәжірибе бала үшін маңызы бар, ол қоршаған ортаға дағдылануды жеңілдетеді, күнделікті дағдыларды пайда болдыра отыра оны біркелкі жағдайларда қайталап отырады. Органикалық жадтың негізгі, репродуктивтік қабілеті өзгереді, бұрынғы өзгерістерді сақтайды. Олардың арақатынасындағы байланысты нығайта түседі. Баланың қиялы мен кіріктірілген жадқа қарсы болмайды, сондай-ақ жаңа сәйкестіктерді іздейді. Бірақ адам жеке жағдайға бейімделе алмаса ол тек бар тәжірибесі мен өмір сүрсе, онда ол қоршаған ортаға да бейімделе алмайды.
24.Ішкі құрсақтағы өмір жағдайымен түсіндірілетін индивидтің жекелеген белгілері?
Жауабы:
25.Бұл іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізі болып табылады?
Жауабы: еліктеу
Жалпы бала еліктеу арқылы дамиды десекте болады.Бала ең алдымен ата-анасына және күнделікті сабағын өтіп жүрген тәрбиешісіне еліктейді.
Бала өз ойынында мысалы *үйшік-үйшік* ойынын алсақ ол өз үйінде көріп жүрген ата-анасының әрекетін,сөздерін қарап соларға қарап еліктеп ойнау арқылы оның сқөйлеуі,сол ойынды ойнау жүйесі арқылы есте сақтау қабілеті дамиды деп ойлаймын.Яғни,еліктеу оларға дамуға біраз қызмет жасайды.
Ал тәрбиешіге келер болсақ мысалы қыз балаларды алсақ олар тәрбиешінің сабақ үйреткеніне қарап,балаларға айтқанын тындатып жатқанын көріп қыз балада тәрбиешісінен көргенін үйінде інілеріне,сіңілілеріне ойын ретінде жасауы мүмкін.
Негізі қарапайым мысал,бала теледидардан ұшқышты,әншіні немесе өз ортасында жақсы билейтін болмаса тақпақ жақсы айтатын баланы көрсе олда сол балалар секілді болғысы еліп соған еліктеу арқылы өзі де қатар дамиды.
Еліктеу әдісі бүдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.
менің қызымның қолы қайсы? - дейді анасы сәбидің қолын ұстап, қол деген сөзді ерекше бөліп дауыстап - міне, қолы! Қолы қандай десеңші! Қазір біз оны сабындап, жұмсақ жөкемен ысқылаймыз. Міне, қолы да жақсы сабандалды! Ал, екінші қолы қандай? Міне, екінші қолы! Бұл қолындак сабындаймыз, енді қолдарын шәйамыз, алдымен мына қолды, сосын екіншісін, енді екі қолымызда тап-таза.
Алты айлақ бала үйретушінің сөзін жәй ғана тыңдайды, күлімсірейді, ойнайды. Тоғыз айлығында немесе жасқа толуға жақындағанда ол бұл сөзді қайталауға талпынады.
Ко, -- дейді қыз, ең алдымен анасының сөзіндегі екпінді ұғып.
Қол. Менің қызым жақсы сөйлейді. Қол. Қане, тағы бір айтшы.
Ко, -- дейді қыз бір қолын көтеріп.
Тағы бір қолың қайда?
-- Қо. -- дейді сәби екінші қолын көтеріп.
Бұл кезде сәби қол деген сөздің жалпы мағынасын ұғады, яғни бұл сөздің өз қолын ғана емес, анасының, әжесінің, қуыршағының қолын білдіретіндігін түсінетін болады.
26.Жас ерекшелігі психологиясы пәнінің негізгі қызметі?
Жауабы: Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай .қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның даму тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б.) дамуы.
2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
3.Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады, ал біріккен күйде психикалық даму деп аталатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Ғалымдардың зерттеулеріне негізделе отырып, даму өзгерістері мынадай сипатта болуы мүмкін деп, тұжырымдауға болады:
Сандық және сапалы;
Үздіксіз, дискретті;
Универсалды (әмбебап), жеке ;
Қайтымды, қайтымсыз;
Мақсатқа бағытталған және бағытталмаған;
Жекеленген, интеграцияланған;
Прогрессивті (революциялық) және регрессивті (инволюциялық).
ХІХ ғ.соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.
Оның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: жас ерекшелігі психологиясының теорияларық мәселелері, жеке тұлғаның психологиялық дамуының негізгі факторлары мен дамудың қозғаушы күштері,психикалық даму кезеңдерінің ауқымына кіретін нәрестелік, ерте сәбилік, мектепке дейінгі шақ, кіші оқушы, жеткіншек және жасөспірім кезең психологиясы, кемелдік жас және геронтопсихология (кәрілік). Адамның психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес және көптеген ғалымдардың (Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, т.б.) зерттеулеріне негізделіп, жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін
2. Бөбек кезең 1 жастан 3 жасқа дейін
3. Мектепке дейінгі кезең 3 жастан 7 жасқа дейін
4. Бастауыш мектеп кезеңі 7 жастан 11 жасқа дейін
5. Жеткіншек кезеңі 11 жастан 15 жасқа дейін
6. Жоғары сынып кезеңі 16 жастан 17 жасқа дейін
7. Жасөспірімдік кезең 17 жастан 20-23 жасқа дейін
27.Бір ғана,сол адамдардың дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу әдісі?
Жауабы: лонгитюдтік әдіс
Бақылау әдісінің кемшілігі-зерттеуші өзі күткен көрінісін ұзақ уақыт тосуға тиіс, ал ерекшелігі-адамның психологиялық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды.
Лонгитюдты бақылау зерттеушінің ұзақ уақыт бойында бақылауға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты зерттеу-сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы: психология тарихында А.Газелл 165 баланы 12 жыл бойы лонгитюдты бақылағаны туралы айтылған.
Бақылаудың өзін-өзі бақылау деп аталынатын түрі бар. Ол адамның не көретіні, нені сезетіні, қобалжуы, не істейтіндігі туралы сөздік есебі. Ол зерттеулішінің өзінің ішкі әлемін талдау, сезінулерін түсіну және өзінің іс-әрекетін бағалау үшін қолданылады.
Лонгитюдтік әдісі көбінесе бойлық зерттеу деп атайды. Бұл жерде сол бір баланың ұзақ уақыт бойына дамуы қадағаланады. Мұндай зерттеу дамудың дәйектірек үрдістерін, көлденеңкесінділермен қамтылмайтын аралықтардағыкішігірім өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Бақылау - кез келген жастағы балалардың дамуын зерттеу кезінде қолданыла алатын болса да, кішкентай балалармен жұмыс істеу кезіндетаптырмайтын әдіс. Бақылау күрделі әдіс, оны қолдану бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс.
28.Балабақшада оқытуды сабақ түрінде өткізу қажеттілігін ғалымдардың қайсысы негізделеді?
Жауабы: Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді деді. Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек, - деді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Бұл пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.
Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В.В.Давыдов батыс ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч.Лейв, Ж.Пиаженің пікірлерін қолдады.
В.В.Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул мұны бала бір үйренген тәсілін өзге буған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады.Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиаженің осы жөніндегі көзқарасына жақын.Ескере кететін мәселе, П.Гринфилд деген әйел Африка негрлерінің балалары арасында Дж. Брунердің басшылығымен зерттеу жұмысын жүргізіп, мектепте оқитын және оқымайтын балалардың интеллектісі әр түрлі: оқығандарда - терең, оқымағандарда - таяз келеді деп қорытынды шығарған болатын. М.Коул зерттеулеріне сүйене отырып, П. Гринфелдтің қорытындысы шикі және жете тексерілмеген деген пікірге келді. Осындай қорытындыға келудің үлкен маңызы бар сияқты. Себебі мұның өзі Қазан революциясына дейінгі қазақ елінің балалары мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазіргі оқыған балалардың ерте кездегіден айырмашылығы, интеллекттінің басым келетінінде емес, білімінің молдығында деп түсіну керек.
Адам ойлағанда оның сүйенетін ұғымдарының сан алуан дәрежелері кездеседі. В. В. Давыдов ойды абстрактік деудің өзін кең мағынада, айталық ұғымды өзінше әрекет ретінде түсінеді. Оның айтуынша, оқыту есеюге әсер етуі үшін жас балалар мына сияқты ой ептілігіне ие болуы шарт: біріншіден, үнсіз сөйлеп тапсырмаларды орындай білуі, екіншіден, тапсырманы оқушының өзі қалай орындағанын тиісті оқу-құралындағы жауапты салыстырып тексеруі, егер дәл келмеген жағдайда бұрынғысын қайтадан шығаруы.
Мақсат және оның мотивтерімен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің көбіне материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән.
Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-30-жылдары Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту қызметтері қалыптасты. Л.С.Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс үдерісінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек - адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түседі.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz