Қаныш Сәтбаевтың



Кіріспе
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев . ғылымның әр саласында өшпес еңбектерімен болашақ ұрпақ алдына қымбат қазына, маңызды мұра қалдырған ұлт перзенті. Сәтбаевтың өмір сүрген дәуірі . Кеңес өкіметінің құрылған, "әз іргесін Кеңес жауларынан алшақ алып, партия мен халық жауларынан" елді тазартып, нақақтан талай ұлтжанды халық ұлдарын лагерьлерге айдап жіберіп, қала берді бір оқпен тағдырын шешкен кезең. Кейіннен XX съезден кейін аздаған жылымық болғанымен, қатаң социалистік идеологиямен қаруланған, әдебиет пен мәдениетті "түрі ұлттық, мазмұны социалистік" дәстүрмен шектеген кезеңге тап келді. Сондықтан да болар, осы кезендегі ұлт алдында қиындықпен қатар, болашақ ұрпақ қарызы мен парызы қатар тұрды. Ғасырлар бойы жасаған рухани алтын қазына жоғалып кетудің, мүлдем құрып кетудің алдында тұрды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев сынды қаламгерлер мен ғалымдар ұлттың мәдениеті, әдебиеті өзінің дәстүрін, салтын, сипатын сақтасын деген мақсат.мұраттарының құрбаны болды.
Сәтбаевтың еңбегі ғана емес, ерлігі — алдыңғы ұлтжаңды осындай жандардың қазақ еліне сіңірген еңбегі үшін Сталиңдік репрессияның құрбаны болғанына көз куә бола тұра, ұлттық мәдениет үшін күрескендігі.
Ғалымның халық өнерінен, әдебиетінен, мәдениетінен сусыңдап, жасынан бойына сіңіріп өскен елде туған жүрегі оны ұлт дәстүрі үшін жан аямай күресуге мәжбүр етті. Біз осы еңбекті жазу кезінде Қ. Сәтбаевтың геологиялық саладағы еңбектерінің зерттелгенін байқағанымызбен, ұлт дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін, өнерін зерттеуші ретіндегі, кейінгі ұрпаққа жеткізуші ретіндегі қызметінің мүлде ескерусіз қалғанына көз жеткіздік. Затаевичке қазақтың 25 әнін жазғызған, Абай, Шәкәрім ән өлендерін жатқа айтқан, ән ғып шырқаған, халық эпостарын жатқа соққан ғалымның ұлт өнері үшін айтқан пікірлері, ой.толғамдары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймаған. Біз зерттеу кезінде ғалымның өнер жайында тек пікір ғана айтып қоймай, терең талдау жасаған қырларын да байқадық. Зерттеуімізге М.Әуезов, Ә.Марғұлан, А.Жұбанов, М.Сәрсеке, Е.Лизунова сияқты халыққа кеңінен танымал ғұлама жазушы, ғалым, композитор, қаламгерлер пікірлері басшылыққа алынды. Десек те, Қ.Сәтбаевтың жаныңда бірге жүріп талай еңбектерін көзімен көрген, әр ұлт үшін ісінің кандай бағамен

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - ғылымның әр саласында өшпес еңбектерімен
болашақ ұрпақ алдына қымбат қазына, маңызды мұра қалдырған ұлт перзенті.
Сәтбаевтың өмір сүрген дәуірі - Кеңес өкіметінің құрылған, "әз іргесін
Кеңес жауларынан алшақ алып, партия мен халық жауларынан" елді тазартып,
нақақтан талай ұлтжанды халық ұлдарын лагерьлерге айдап жіберіп, қала берді
бір оқпен тағдырын шешкен кезең. Кейіннен XX съезден кейін аздаған жылымық
болғанымен, қатаң социалистік идеологиямен қаруланған, әдебиет пен
мәдениетті "түрі ұлттық, мазмұны социалистік" дәстүрмен шектеген кезеңге
тап келді. Сондықтан да болар, осы кезендегі ұлт алдында қиындықпен қатар,
болашақ ұрпақ қарызы мен парызы қатар тұрды. Ғасырлар бойы жасаған рухани
алтын қазына жоғалып кетудің, мүлдем құрып кетудің алдында тұрды.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев сынды
қаламгерлер мен ғалымдар ұлттың мәдениеті, әдебиеті өзінің дәстүрін,
салтын, сипатын сақтасын деген мақсат-мұраттарының құрбаны болды.
Сәтбаевтың еңбегі ғана емес, ерлігі — алдыңғы ұлтжаңды осындай
жандардың қазақ еліне сіңірген еңбегі үшін Сталиңдік репрессияның құрбаны
болғанына көз куә бола тұра, ұлттық мәдениет үшін күрескендігі.
Ғалымның халық өнерінен, әдебиетінен, мәдениетінен сусыңдап, жасынан
бойына сіңіріп өскен елде туған жүрегі оны ұлт дәстүрі үшін жан аямай
күресуге мәжбүр етті. Біз осы еңбекті жазу кезінде Қ. Сәтбаевтың
геологиялық саладағы еңбектерінің зерттелгенін байқағанымызбен, ұлт
дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін, өнерін зерттеуші ретіндегі, кейінгі
ұрпаққа жеткізуші ретіндегі қызметінің мүлде ескерусіз қалғанына көз
жеткіздік. Затаевичке қазақтың 25 әнін жазғызған, Абай, Шәкәрім ән
өлендерін жатқа айтқан, ән ғып шырқаған, халық эпостарын жатқа соққан
ғалымның ұлт өнері үшін айтқан пікірлері, ой-толғамдары бүгінгі күнге дейін
өз маңызын жоймаған. Біз зерттеу кезінде ғалымның өнер жайында тек пікір
ғана айтып қоймай, терең талдау жасаған қырларын да байқадық. Зерттеуімізге
М.Әуезов, Ә.Марғұлан, А.Жұбанов, М.Сәрсеке, Е.Лизунова сияқты халыққа
кеңінен танымал ғұлама жазушы, ғалым, композитор, қаламгерлер пікірлері
басшылыққа алынды. Десек те, Қ.Сәтбаевтың жаныңда бірге жүріп талай
еңбектерін көзімен көрген, әр ұлт үшін ісінің кандай бағамен келгенін
көздерімен көріп, куә болған М.Әуезов, Ә.Марғүлан естеліктері де Кеңестік
идеология цензурасының тар қыспағында жазылғанына назар аударсақ, талай
айтылмай қалған жайлардың әлі де бар екені айқын сезіледі.
Жұмыстың мақсаты:
Қ.И. Сәтбаев өмірі мен қоғамдық қызметінің мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төменгі міндеттер алға қойылады:
- Қ.И. Сәтбаев өмірін баяндау
- Қ.Сәтбаевтың ғылыми еңбектеріне тоқталу
- Қ.Сәтбаевтың Қазақ ССР Ғылым академиясын басқарудағы сіңірген
еңбегін ашып көрсету
- Қ.Сәтбаевтың Алгебра еңбегін аша отырып, тарихи әділ баға беру
Жұмыстың өзектілігі:
Қ.И. Сәтбаев - аса көрнекті Қазақ совет геологі, ғылым қоғам
қайраткері Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушысы және оның ең
алғашқы президенті.
Қ.Сәтбаев жетекшілігімен және қатысуымене Жезді марганец кені
ашылды және ол өте қысқа мерзім ішінде іске қосылды. Сәтбаевтың
ұсынысы және тікелей көмегімен колекцияларының толықтығы және
құндылығы жағынан дүниежүзіндегі ірі музейлердің бірі Қ.И. Сәтбаев
атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология ғылымдар институтының
геология музейі және зоология институтының табиғттану музейі ашылды.
Сәтбаевтің есепке алынған жалпы еңбектерінің саны 641 (1976 ж.). Мұның
534-ті орыс, 98-і қазақ, 68-і осы екі тілде қатар, 9-ы басқа тілдерде
жарияланған.
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, 4-тарау, қорытынды, сілтеме, пайдаланған әдебиеттер тізімі,
қосымша (фото суреттер).

2.1. Қаныш Сәтбаевтың өміріне қысқаша сипаттама
Қаныш Имантайұлы — 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында
туған. Аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері. Қазақ Ғылым
Академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті. 1964 жылдан КСРО
Ғылым Академиясының академигі, 1951 жылдан Тәжік Ғылым Ака-демиясының
құрметті академигі. Әлима марқұм бұл үйде бар жоғы алты-ақ жыл өмір
сүрді – 3 бала туды – Ғазиза деген қыз, одан соң Бөкеш пен Қаныш -
екі ұл келді дүниеге. Әлиманың жайдары мінезін, жарқын күлкісін Имантай
ауылы қайтып ұмытсын. Оның табан астында суырып - салып айтып
тастайтын әр өлеңі, тауып айтқан әр қалжың сөзі, тіпті бертінге дейін
жұрттың аузында жүрді.1
Қаныш — Имантайдың кенже ұлы Анасы Сәлима сәбиін емізуге денсаулығы
жарамайды. Нәрестені бауырына алған Мейіз деген аса мейірбан етженді әйел
еді. Сол кісінің ақ сүтін еміп өскен Қаныш екінші анам деп аса қадірлеп,
өзінің тұңғыш қызының есімін Мейіз деп қойды. Ал немересін өзімен емшектес
болған Нұрланның атымен атады.
Қаныштың балалық бал дәурені ауылда өтті. Бір таңғаларлығы мынау еді.
Сол кездерде Семей облысының Павлодар уезінде 16 қазақ станицасы, бір уезді
қала және 21 қазақ болысы болды. Уезде 17 бастауыш училище және 3
шіркеу—приходттық мектеп бар еді. Бірақ бір де бір қазақша мектеп болмауы
өкінішті. Балаларын оқытуға ниет еткен қазақ ата-аналар губернатордың
жарлығымен ғана Омбыдағы арнайы пансионатқа ат арытып барып, балаларын
оқуға тапсыратын. Осылай Тұранның өз тұрғындары, жан-жақтан қыспаққа
алынып, Ресейдің отарлық саясатына қарсы бас көтертпей тұншықтыруын немен
түсіндіруге болады?,
Пансионаттың өзі де Павлодардан алыстағы Омбыда орналасқан. Оған екінің
бірінің аяғы жете бермейді. Оның үстіне онда оқитындар дәулетті, ауқатты
байдың балалары еді.
Жоғары мәртебелі шенеуніктің Орынбор губернаторына қазақ балаларын
оқыту үшін мектеп ашу жөніндегі қатынас хатында былай делінген: "Еуропа
халықтары шыққан биікке қырғыздарды да тайрандатып, өзімізден оздырып,
(оларды үлде мен бүлдеге орап) төбемізге шығарып, кекке қолын жеткізу үшін
оқытып, білім бермеймін, әмірбақи қой соңында салпақтап жүргенін қалаймын.
Ғылым-білімнен мақұрым қалып, дән сеуіп, тіпті әртүрлі кәсіппен айналысуын
бар ниетіммен тілеймін..." . Қаныш ауылдағы құрбы-құрдастарының арасында
ерекше бала болып өсті. Оның бойы аласа болса да ойы терең, зерделі еді.
Жанұядағы кенже ұл болғандықтан оны үй шаруасына кебірек жұмсайтын. Бала
кезден осыған әдеттеніп, ойыннан гері, тілалғыш, пысық болды. Әр іске
келгенде тынды-рымды еді. Оған ауыл басшысы болған әкесі Имантайдың да
ізгілігі әсер етті. Қатал әке елді де ішіндегі жұртты да берекетті тірлікке
бейімдеп: —Бейнеттен кісі өлмейді, қайта болаттай бекем болады! — деп үлкен-
кішіні игі іске жұдырықтай жұмылдыратын. Имантайдың өмірдегі ең басты
мақсаты — адал еңбек, маңдай тер еді;
Күн ұзақ ауыр бейнеттен соң ауыл адамдары бір сәт бел жазып, кешкісін
кең үйге жиналып, таң атқанша әңгіме соғатын. Ақыл-кеңес айтылып, со-ңында
сонау тылсым замандағы ұзын-сонар аңыз-әңгімелер де шертілетін. Даланың
ауызша тарихы, батырлар жыры, дастан мен хикаялар да таусыл-майды. Осыларды
бала шіркіндер аузын ашып, құлақтары қалқиып, көкіректеріне құйып,
жүректерінде жаттайтын.2
Сондай құйма құлақ, зерделі Қаныш өзге бала достарыннан өрелі, зейінді
болып өсті. Айнала мен тіршілікке, өмірге құштарлық, соны ұғып білуге
іңкәрлігі туралы академик Әлкей Марғұлан былай деп еске алады:
"Қаныш Имантайұлы әкесінің өнегесімен бала кезінен араб, парсы тілдерін
үйренді. Хафиз, Сағди, Науаи өлеңдерін жатқа білді. Жастайынан жадында
қалған осы ақындардың ғажайып өлең жырларын курорттарда қолы бос демалыс
сәттерінде тамылжытып жатқа айтатын сұңғылалығы бар".
1914 жылы Қаныш Семей педагогикалық семинариясына түсті. Ол кезде қазақ
халық шежіресінің бір тарауы саналған Семей ірі шаһар еді. Қырық мыңдай
тұрғыны болды. Семей арқылы Тәшкент пен Бұқарадан, Шығыс Түркістаннан,
сондай-ақ Қытай қалалары Құлжа мен Шәуешектен жібек жолы керуендері өтетін.
Осындай экономикалық жағынан өркендеген өлкеде теміржол салынып, елшіліктер
мен кедендер ашылды. Өнеркәсіптері, әсіресе былғары өндірісі дамыды. Семей
бірте-бірте қазақ даласының сауда-саттық, мәдени әрі кәсіптік орталығына
айналды. Мұнда Ресейдің жер айдалған көзі ашық, озық ойлы зиялылары да
болды. Олар өздерінің ағартушылық көзқарастарымен, ауыл-елден оқу-білім
іздеп келген қазақ жастарының санасын оятты. Басқа қазақ даласының
қалаларынан гөрі Семейде көптеген оқу орындары ашылды. Өнер-білімге
құмартқан қырдың өрім жастарының басы қосылды.
Оқытушылар семинариясында Қаныш үлгілі әрі озат оқыды. Осында топжарған
жастардың қатарында Мұхтар Әуезов те бар еді. Олар экономика, мәдениет
саласынан мағыналы да саналы білім алуға өте құштар болды. Осы жылдарда
қазақ жастарының алғашқы әдеби кештері өтті.3
Сол бастапқы 1914 жылы 17-ші ақпанда өткен әдеби кеш туралы "Айқап"
журналы қызыға жазды. "Ойнаушылар қазақтың оқыған жастары, оқыған әйелдері
еді. Ойын төрт бөлімге бөлініп, қазақтың бұрыннан сауықшыл, I әнші
ақындары, ескі кемеңгер билердің шешендігі әртүрлі сөздермен тақпақтап
өлеңдетіп айтылды" дей келіп, "Біржан-Сарада" Сара ролін Тұрар Қозыбағарова
ойнап, Ыбырай Алтынсариннің өлеңін Назифа Құлжанова оқығанын, Қ.
Сәтбаев, Т. Жомартбаев, М. Малдыбаевтар өз өнерлерін көрсеткенін айтады.
Бұл кеш өркениетке өрлеудегі алғашқы ашылған лала гүлдің қауызындай
ойын-сауық еді. Бұрын-соңды қазақ даласында мұндай әдеби кеш, көңілді
қойылым болмағаны мәлім.
1913 жылғы жұт қалың елдің қабырғасын ойсыратып, тұрмыс-тіршілігін,
күйзеліске ұшыратты. Сол кезде семинарияның шәкірттері қаншама қиналса да
оқудан қол үзген жоқ.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде билікті өз қолына алғысы
келіп өршеленген көптеген ұйымдар бас көтерді. Олардың үндеулері мен
ұрандарының көптігі сонша, қайсысының соңынан еріп, кімді жақтаудың өзі
қиынға соқты. Әйтеуір, әперер әділет, теңдігі мен жарылқайтын жақсы-лықтары
көп. Кімге сенеріңді білмейсің. Сондай аласапыранда семинария-дағы оқу да
үзілді. Қаныш ауруханаға түсіп, сырқатынан айыққан соң Баянауылға тартты.
Жазды ауылында өткізіп, күзгі салым Семейге келеді. Мұнда тағы да
ауруханаға түседі. Дерті сол — суық тиген. Көкірек ауруы мендеп кетпес үшін
дәрігері С. Н. Разумов "Жедел ауылға қайт" деген кеңес берді. Ауылдың самал
ауасын жұтып, кәусар қымызын ішіп, тез емделуге болатынын ескертті. Қаныш
соңғы оқу жылы екенін айтып, семинариясын қанша қиғысы келмесе де, амалсыз
дәрігердің ақыл-кеңесіне көнді. Қаныш Сөтбаев ез естелігінде, ол туралы
былай әңгімелейді. "Бұл 1917 жылдың қоңыр күзі еді. Күн суық. Жел
өңменіңнен өтеді. Дәрігерлерден қайран болмады. Жан-жүрегімді дерт қинайды.
Елге кетпеске амалым қалмады. Кеш болып қалған шақ. Ымырыт үйіріле
семинариядан шығып, Әбіқай ағаның үйіне барып, ондағы кітаптарымды алып,
ауылға кетуге бекіндім. Бұрыштан шыға бере ең-түссіз сұп-сұр біреу
кездесті. Орта бойлы, ашық жанарлы, арық кісі.
-Сәлемет пе, бауырым. Сен Имекең ақсақалдың баласысың ба?— деді салған
жерден. Түрі таныс сияқты, бірақ қайдан көргенімді білмей таңмын.
-Иә, Имантайдың ұлы Қанышпын дедім.
-Е, ендеше мен Сұлтанмахмұт Торайғыровпын. Егер уақытың болса, кешкісін
үйге келіп кет, — деп мекен-жайын айтты.
-Жақсы, Сұлтеке келем, — дедім.4
Кешкісін ел орынға отырған шақта үйіне бардым. Бір татардың үйінде
пәтерде тұрады екен. Үстел үсті толған қағаз, кітап. Сұлтекең менің
келгеніме қуанып қалды. Ақынның өзі де көкірек дертімен қатты ауырып
жүргенін байқадым... Осыдан кейін біз тағы екі рет кездестік. Соңғы
жүздескенде "өз арманыңды ұмытпа,- деді қоштасып. —Оған тек біліммен ғана
қол жеткізесің, сол ізгілік арқылы болашаққа жол ашылады, әрине, оқу-білім
үшін мықты денсаулық керек. Қанатсыз қыран биікке самғай ал-майды!". Қазан
айының аяғында Қаныш Баянауылға жол тартты. Қыс бойы қымыз ішіп қуаттанды.
Көктемде өзін сергек сезінді. Емшектес бауыры Нұрлан екеуі Семейге оралды.
Емтиханын жедел түрде тапсырып, семинарияның толық курсын тамамдады деген
аттестат алды. Бірақ ол аттестатпен жоғары оқу орнына қабылдамайтынын
білген Қаныш мұғалімдердің жылдық курсына оқытушылыққа орналасты. Әрі
институтқа түсуге даярланып жүрді. Жаз бойы емтихан тапсыруға әзірленді.
Томск қаласындап политехникалық институттың таукен факультетіне түскісі
келді. Бірақ оқаты оның ой-жоспарына кесірін тигізді. Ауыр дерті асқынып,
біржол төсек тартып жатып қалды. 1926 жылы мамырда Сәтбаев диплом жұмысын
сәтті қорғап, таукен инженері мамандығын алып шығады. Қаныш — республика
ауыр өнеркәсібіндегі ең алғашқы инженерлердің бірі. Мемлекеттің қалыптасу
кезеңінде республикаға инженерлер мен техникалық орта білім мамандар
ауадай қажет еді. 5

Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектерінің басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және
Қазақстанның минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Пайдалы
қазындылардың болжам карталарын құрастырудың прициптерін айқындаудағы
Сәтбаевтың еңбегі өте зор. Сәтбаев - Одақтағы металлогения ғылымын
жасаушылардың бірі және Қазақстандық металлогения мектебінің негізін
қалаушы. Сәтбаев қалдырған бай ғылыми мұралардың ішінде әсіресе
Жезқазған кені туралы зерттеулерінің Сарыарқаның металлогендік және
болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Ол ғылымға
формациялық металлогендік анализдің комплекстік әдісін енгізді. М.А.
Усовтың шәкірті. 6
Қаныш Сәтбаев өзінің еңбек жолын Атбасардың түсті металдар тресін бас
геолог болып бастады. Қарсақбайда қауырт құрылыс басталып, Сәтбаев ең әуелі
Байқоңыр мен Жезқазғанды назарына алды. Ол кезде Атбасар түсті металл
тресіне Успенск, Спасск, Қарағанды мыс және көмір кені орындары қарайтын.
Олар Жезқазғаннан 700 шақырымдай қашықтықта жатты. Сәтбаев сол Ұлытаудың
ұланғайыр даласын аралап, өзендері оның құяр сағаларын зерттеді. Төңкеріске
дейін мұнда ағылшындар 235 бұрғылау жұмысын жүргізіп нәтижесі мардымсыз жер
деп тастап кеткен. Ленинград геологтарының бірі басшысы да бұл арадан кен
көзі табылмайды дегенді айтып бой бермеген. Оның үстіне бұл жерден темір
жолға дейін 400 шақырым қашықтықта сусыз, иен дала құлазып жатыр. "Тіпті,
мыс орнына алтын ақтарылса да өте қымбатқа түседі. Даланың жұрты мал бағуды
ғана біледі, өнеркәсіпке икемі жок. Олардың қолынан тек келері— ұзын-ырғалы
көш керуені", деп сыңар езу сын айтты. Дала адамының бойында толып жатқан
асыл қасиеттер бар екенін, ол пақырлар біле ме?!
Бір ғана жас геолог Сәтбаевтың сан қырлы, сан сырлы талантына
тәнті боласың. Жезқазған жаңа мемлекеттің мыс таулы қазынасы болатынына
сенді. 1928-1929 жылдарда мыстың алғашқы кездері табылды. Өзінің "Қарсақбай
ауданы және оның болашағы" деген мақаласында "Жезқазған мысқа бай ауданның
бірі атанып, болашақта игілік жолында Американың атақты мыс
провинцияларының көбісінен даңқы асып түседі" деп жазды (1928 ж). Отызыншы
жылдардың басында Сәтбаев Ұлытау айналасындағы ірі мыс кені екенін біліп,
оны дәлелдеді. Екі жыл бойы үлкен Жезқазған женінде баспасез беттерінде өз
мақалаларын жазды. Ғалымдар мен геологтарға Жезқазғанның болашағын
мойындату жолында көп тер текті. Ол мәселе КСРО Ғылым академиясының күн
тәртібіне енгізілді. Өзі осы тақырыпта Академияның сессиясында баяндама
жасап, үлкен Жезқазғанның игілікті ісін қорғап шықты. 7
Бұл өте ірі жеңіс болды. Ғалымдар үлкен Жезқазғанның қойнауында қазына-
байлық тұнып жатқанын мойындап, кен орнының атағы кең жайылды. Сәтбаевты
сол кездегі ауыр өнеркәсіп жәніндегі халық комиссары С. Орджоникидзе
қабылдады. Халық комиссарына Жезқазған мен шетелдік осындай кен орындарын
салыстыра отырып, оның кен байлығын игеруді тезірек қолға алу қажеттілігін
дәлелдеді.
Алыс Қазақстаннан келген келелі кең ойлы жас маманды қуаттап,
қолдағанын Орджоникидзе архивінен кездестіреміз.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында түсті металдар, әсіресе мыс,
қорғасын, вольфрам, хром, т. б. өте қажет еді. Әсіресе, танк бронын құю
үшін марганецке тапшылық туды. Дәл осындай сәтте Сәтбаевтың тікелей
жетекшілігімен жезді марганец кені ашылды. Тез қарқынды қысқа мерзім ішінде
барлау жүргізіліп, іске қосылды.
Қазақстан жерінде Менделеев кестесіндегі элементтер түгелге
дерлік кездеседі. Осыған байланысты Қазақстанда КСРО Ғылым Академиясының
филиалын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым
Қаныш Сәтпаев - алғашқы геолог
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Сәтбаев – академик
Сәтбаев Қаныш (1899-1964)
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Музыка саласында сіңірген еңбегі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір баяны
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Пәндер