Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
  1. сұрақ. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығының 1-қосымшасына сипаттама беріңіз.
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
Пәндер мен циклдердің атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық сағат бойынша
академиялық кредит бойынша
№: 1
Пәндер мен циклдердің атауы: 2
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 3
4
№: 1
Пәндер мен циклдердің атауы: Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 1680
56
№: 1)
Пәндер мен циклдердің атауы: Міндетті компонент
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 1530
51
№: Қазақстан тарихы
Пәндер мен циклдердің атауы: 150
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 5
№: Философия
Пәндер мен циклдердің атауы: 150
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 5
№: Шетел тілі
Пәндер мен циклдердің атауы: 300
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 10
№: Қазақ (Орыс) тілі
Пәндер мен циклдердің атауы: 300
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 10
№: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер мен циклдердің атауы: 150
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 5
№: Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
Пәндер мен циклдердің атауы: 240
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 8
№: Дене шынықтыру
Пәндер мен циклдердің атауы: 240
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 8
№: 2)
Пәндер мен циклдердің атауы: Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті
Жалпы еңбек сыйымдылығы: 150
5
№: 2
Пәндер мен циклдердің атауы: Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)
Жалпы еңбек сыйымдылығы: кемінде 5280
кемінде 176
№: 1)
Пәндер мен циклдердің атауы: Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті
Жалпы еңбек сыйымдылығы:
№: 2)
Пәндер мен циклдердің атауы: Кәсіптік практика
Жалпы еңбек сыйымдылығы:
№: 3
Пәндер мен циклдердің атауы: Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
Жалпы еңбек сыйымдылығы:
№: 1)
Пәндер мен циклдердің атауы: Таңдау компоненті
Жалпы еңбек сыйымдылығы:
№: 4
Пәндер мен циклдердің атауы: Қорытынды аттестаттау
Жалпы еңбек сыйымдылығы: кемінде 240
кемінде 8
№:
Пәндер мен циклдердің атауы: Барлығы
Жалпы еңбек сыйымдылығы: кемінде 7200
кемінде 240
  1. Сұрақ 6В013- “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларды талдап айтыңыз. 1. 1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері . ББ 6В01303 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі жұмыс берушілердің сұраныстары мен ұсыныстарына сәйкес жасалады, қала мен облыстың профессорлық оқытушылық құрамға деген қажеттіліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Мақсаты: ББ 6В01303 солтүстік аймақ үшін бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі бойынша модернизация, корпоративті мәдениетті дамыту және әлеуметтік саясатты дамыту арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Мақсаты: 6В01303 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ББ бакалаврының мақсаты - студенттердің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі саласындағы білімін қалыптастыру, оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту, тұлғаның гуманистік бағытын, тұлғаның негізгі құзіреттіліктері, тұлғаның субъективті ұстанымы, белсенділікті, жауапкершілікті қалыптастыру шарты ретінде. шешім қабылдай білу, өмірде және мамандықта таңдауға дайын болу, сәттілікті қамтамасыз ететін практикалық есептерді шешуде теориялық білімді қолдана білу студенттердің болашақ қызметінің сәттілігін қамтамасыз етеді Оқыту мен білім алу кезінде қол жеткізуге болатын түпкі мақсаттарды анықтауға негіз болып қазіргі қоғамдағы магистранттың интеллектуалдық, тұлғалық және мінез-құлық сапалары мен дағдыларына қоғамның әлеуметтік күтуі жатады. Міндеттері: - Білім беру қызметі саласында: - білім беру ұйымдарында бастауыш білім беруді ғылыми негізде енгізу; - оқушылардың бастапқы білімін қалыптастыруға, нығайтуға, білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану арқылы пәндерді оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған студенттердің бастауыш білім берудегі педагогикалық қызметі - Ұйымдастырушылық және басқару қызметі саласында: - мектеп жүйесінде бастауыш білім берудегі педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру және өткізу; - бастауыш сынып оқушыларымен сабақтан тыс уақыттағы оқу орындарында, сондай-ақ жазғы мектеп жанындағы лагерьлерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - Эксперименттік зерттеулер саласында: - педагогика және бастауыш білім беру әдістері саласында зерттеулер жүргізу; - Ұйымдастырушылық және технологиялық қызмет саласында: - бастауыш сыныптарда оқу кезеңінде оқытылатын пәндер бойынша жаңа оқыту технологияларын оқу процесіне енгізу және енгізу; - Білім беру қызметі саласында: - тәрбие жұмысын заңдарға, заңдарға, принциптерге, педагогикалық процестің тәрбиелік тетіктеріне сәйкес жүзеге асыру; - сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау; - нақты білім беру мәселелерін шешу; - оқушылармен, осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынас орнату. - Педагогикалық қызмет саласында: - студенттерді оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жеке бағыттарының нәтижелері бойынша білім беру және дизайн саласындағы мүмкіндіктерді, қажеттіліктерді, жетістіктерді зерттеу; - білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін және пәндік аймақтың ерекшелігін көрсететін технологияларды қолдана отырып, білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру; - кәсіби қызметіндегі мәселелерді шешу үшін қоғамдық және білім беру ұйымдарымен, балалар топтарымен және ата-аналармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру; - білім беру сапасын, оның ішінде ақпараттық технологияны қолдану үшін білім беру ортасын пайдалану; - кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуді және тұлғалық өсуді жүзеге асыру, болашақ білім беру бағыты мен кәсіби мансапты жобалау Мәдени-ағарту қызметі саласында: - балалар мен ересектердің мәдени-ағартушылық қызметке қажеттіліктерін зерттеу және қалыптастыру; - мәдени кеңістікті ұйымдастыру; - әр түрлі әлеуметтік топтар үшін мәдени және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; - ғылыми білімді қоғамда кеңінен насихаттау. Білім беру бағдарламасы Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген Ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген. Білім беру бағдарламасы модульдік жүйенің негізінде пәндерді оқуға арналған.

3-сұрақ. Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері. Дербес пәндерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бала психологиясын толық меңгеру, темпераменттерін, қабілеттерін ажырата алуы керек. Сонымен қатар, әр пәнді меңгертуде баланың қай салаға бейім екенін анықтап, оны әрі қарай дамыта алулары қажет. Осы тұрғыда алдымен студенттер өздерін танып білулері керек. Өзінің темперамент ерекшелігін анықтап, әр пәнді меңгерту барысында өз-өзін оқушылар алдында қалай ұстау керегін білулері тиіс. Бұл психологиялық ерекшеліктердің бәрін дербес пәндерді оқыту барысында жүзеге асырады. Мысалы: әліппе пәнін өтер алдында студент енді ғана мектеп табалдырығын аттаған балалардың әлі де ойын баласы екенін ескеріп, олардың зейіндері тұрақсыз болатынын біліп алуы керек. Бұны білудің арқасында әліппені оқытудан студент сабақты қызықты өткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді алдын-ала ойластырып, зейіндері тұрақсыз оқушылардың зейінін шоғырландыруға көмектесетін тапсырмаларды дайындап келеді.

4- Сұрақ. Негізгі дербес әдістемелік категориялар мен ұғымдарды жазыңыз.

Категориялар - шындықтың ең маңызды байланыстары мен қатынастарын көрсететін жалпы, іргелі ұғымдар. Ұғымдар мен категориялар педагогика ғылымының негізін құрайды. Олар терминдермен көрсетіледі. Бірыңғай терминология ғылымда ортақ тіл ретінде қажет. Дербес әдістемелік пәндердің категориялары мен ұғымдарына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту», «педагогикалық процесс», «білім беру жүйесі», сондай-ақ «даму», т. б жатады. Тәрбие - бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетін қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесі жағдайында тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру процесі. Даму - адамның денесінде, психикасында, интеллектуалдық және рухани сферасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі. Дене дамуы (жалпы дененің, жеке бұлшықеттер), психикалық (сезім, интеллект, ерік, қабілет, қажеттіліктер, мінез), сонымен қатар рухани даму (адамның ішкі әлемі) бар. Білім беру- тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

5-сұрақ. Қазақстан Республикасында дербес әдістемелік пәндерді оқыту жүйесінің қалыптасуы мен дамуын сипаттап көрсетіңіз. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, дамуына және даму тарихына тікелей байланысты. Қ. Р дағы білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы қазақ мемлекеттігінің құрылу кезеңінен бастап ұзақ уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістердің көрсеткіші болып табылады.

Дербес әдістемелік пәндерге: әліппе, қазақ тілі, математика, жаратылыстану, дүниетану, цифрлық сауаттылық, бейнелеу өнері, музыка, еңбекке баулу т. б пәндер жатады. Аталмыш пәндердің де өзіндік даму тарихтары бар. Соның ішінде әліппенің шығу тарихына тоқталайын. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады.

6-Сұрақ. Дербес әдістемелік пәндерден орындалатын курстық дипломдық жұмыстардың психология, педагогика ғылымдарымен байланысы және ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Курстық жұмыс - студенттің жыл бойына орындайтын оқу жұмысының міндетті түрі. Курстық жұмыс студенттің өзбетіндік зерттеу жұмысы боп табылады және педагогика, психология немесе жеке әдістемелер саласындағы бір мәселенің мәтін түрінде рәсімделіп, логикалық аяқталған ғылыми зерттеу түрін қамтиды. Курстық жұмысты орындау студенттерден тек қана педагогикалық және арнайы білімдерін жетілдіру ғана емес, жекелеген педагогтардың, білім беру ұйымының т. б. практикалық жұмыс тәжірибесімен танысу, тәжірибелік-практикалық немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін тиімді шешу тәсілдерін жасақтау және сынақтан өткізуді талап етеді. Дипломдық жұмыс қазіргі таңда жеткілікті терең зерттелмеген пікірталастық сипаттағы жалпы немесе жеке мәселелердің бірін өз бетінше ғылыми тұрғыда зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмыс - бұл бакалавриаттың соңғы сатысында орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады. Кез келген ғылыми зерттеу - ғылыми еңбекті шығармашылық ойдан тұжырымды ресімдеу - жекелей жүзеге асады. Дербес әдістемелік пәндерден көбіне дипломдық жұмысқа мынандай тақырыптарды таңдауға болады:Жаратылыстану пәнін оқытуда 3 сынып оқушыларының зерттеу қабілеттерін дамыту. Дүниетану пәнінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін проблемалық оқыту арқылы дамыту. Қазақ тілі пәнін оқытуда 2 сынып оқушыларының жазылым дағдысын қалыптастыру т. б. ( әрі қарай өз ойларыңмен өтіріктен педагогикамен, психологиямен қандай байланысы бар соны жаза саласыңдар) .

7-сұрақ. Бастауышта дербес әдістемелік пәндерді оқытудың әр түрлі жүйелерін (дамыта оқыту, саралап оқыту, деңгейлеп оқыту) айтыңыз. Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В. В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз. Ж. Пиаже пікірінше, «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған. Дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады. Дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

проблеманы шешу жолын іздестіреді жаңаны өздері табады ақылдасады, кеңеседі. Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т. б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т. б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Саралап оқытудың ең басты шарты - сынып оқушылары үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау кабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін калыптастыру.

Орташа қабілетті оқушылар екінші топты құрайды. Білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз, өзіне - өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.

Үшінші топқа үлгерімі төмен оқушылар жатқызылады. Бұлар тұрақты назарды ұстауды, білім, білік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің үлен күш жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни мұғалім көмегін көп қажет ететін оқушылар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Оқушының білімді меңгеру сатысы: 1. Шығармашылық; 2. Эвристикалық; 3. Алгоритмдік; 4. Оқушылық деңгей. Ж. А. Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.

  1. Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылымилық принципін көрсетіңіз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я. А. Каменский. Ғылымилық принцип - болашақ маманның өзі таңдаған саласы бойынша объективті ғылыми деректермен, тұжырымдар және теориялармен толыққанды тоғысуына мүмкіндік береді. Ғылымилық принципі арқылы қоршаған орта жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасып, жаңа қоғамды құру ғылыми негізделген процесс ретінде қабылданады. Ғылымилық принциптің талабы - оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Бастапқы мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда іске асып барады.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3-тамыздағы №348 бұйрығына 2-қосымша талдау жасаңыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Педагогикадан дәрістер жайында
Квалиаметрия пәнінен дәрістер кешені
Психология пәні бойынша дәрістер
Ана тілі Математика пәндері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz