Жапония экономикасының қазіргі жағдайы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ
Какимжан Нурайым Бауржанкызы
Қазіргі кезеңдегі Жапония экономикасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050500 - «АЙМАҚТАНУ» мамандығы
Алматы, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ
Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«» 2022 ж.
ӘГП кафедрасының меңгерушісі
(ғылыми дәрежесі мен атағы) Аты-жөні.
қолы
ДИПЛОМдық жұмыс
Тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі Жапония экономикасы»
5В050500 - «Аймақтану» мамандығы
Орындаған Какимжан Н. Б
Ғылыми жетекші
т. ғ. к. Кошербаев Ж. Д.
Алматы, 2022
Мазмұны
Анықтамалар . . .
Белгілеулер мен қысқартулар . . .
Кіріспе . . .
4
5
6
Анықтамалар
Абэномика - 2012 жылдан бастап Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің үкіметі жүргізген экономикалық саясатты сипаттау үшін қолданылатын неологизм.
Жапон кереметі - бұл экономистер мен тарихшылардың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапониядағы үлкен экономикалық даму кезеңін белгілеу үшін қолданған термині.
«Белгілеулер мен қысқартулар»
АТА - Азия-Тынық мұхит аймағы
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім (Gross National Product, GDP)
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ІҰӨ - Ішкі ұлттық өнім
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҒЗТКЖ - Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
АКТ - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АРЕС - Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық конференция (1989 жылы Азия және Солтүстік Америка елдерімен ұйымдастырылған форум) .
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы (World Trade Organization, WTO)
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бүкіл әлемде Жапонияға деген қызығушылық зор. Күншығыс елінің, әсіресе экономикадағы әсерлі жетістіктері өзіне назар аудартпай қоймайды, сондай-ақ таңқаларлық пен таңданудан қызғаныш пен қорқынышқа дейін аралас сезімдерді тудырады. Шынында да, Жапония соғыста қатты жеңіліске ұшырап, үлкен материалдық және моральдық шығынға ұшырады, бір ұрпақ ішінде қирандылардан көтеріліп қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсіп пен сауданың, ғылым мен техниканың көптеген салаларында жетекші бірінші дәрежелі экономикалық державаға айналды.
Жапония экономикасы - әлемдегі ең дамыған экономикалардың бірі. ЖІӨ және өнеркәсіптік өндіріс деңгейі бойынша Жапония әлемдегі елдер арасында АҚШ пен Қытайдан кейін үшінші орын алады. Жоғары технологиялар дамыған (электроника және робототехника) . Көліктік машина жасау, соның ішінде автомобиль жасау және кеме жасау, станоктар жасау дамыған. Балық аулау паркі әлемнің 15 пайыз құрайды. Ауыл шаруашылығына мемлекет субсидиялайды, бірақ азық-түліктің 55 пайызы импортталады. Шинкансенді жылдам жүретін теміржолдар мен экспресс жолдар желісі бар.
Азиялық құрылғындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен ХХ ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде Ішкі ұлттық өнімнің (ІҰӨ) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді 1 . Жапонияға бүкіл әлемнің қызығушылығы да едәуір зор болды. екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.
Соған қарамастан бұл елге қызығушылығы сөнбей керісінше, біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде. Адамзат іскерлігінің барлық салаларындағы әлемдік тәжірбиеге сүйеніп, көңерген стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі уақытта Жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау ұмытылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай пайдалану мүмкіндігі тақырыптың өзектілігін құрайды.
Жапония ежелгі дәстүрлер мен мәдениетті заманауи және дамыған экономикамен - электроника, робототехника және автомобиль өндірісімен үйлестіретін ерекше ел. Соңғы алпыс жыл ішінде Жапония экономикасында айтарлықтай өзгерістер болды, сексенінші жылдардағы экономикалық өсудің керемет көрсеткіштерін көрсететін ел қазіргі уақытта жалғасып жатқан ұзақ дағдарыс кезеңіне тап болды. Қазіргі жағдайға әсер еткен көптеген себептер бар, оларды түсіну осы елдің экономикасының одан әрі дамуын талдау үшін қажет.
Жапония-қысқа тарихи мерзімде әлемдік көшбасшылардың біріне айналған экономикалық жетістік елі. Бізде ерекше құбылыс бар, тіпті тарихи құбылыс - жапон экономикасының рекордтық өсуі, бұл Жапония экономикасын жетекші орынға итермелеп, соғыста жеңілгеннен кейін қалпына келтіруге көмектесті. Біз осы елдің табыс тарихын, экономиканың осындай жылдам дамуына мүмкіндік берген институционалдық тетіктерді, өзгертуді түсінуге тырысамыз.
Соңғы жүз жыл ішінде Жапония әлемнің басқа елдерінің зерттеушілері мен бақылаушыларының назарын Күншығыс елінің ерекше дамуының «құпияларын» білуге тырысады. Шынында да, екінші дүниежүзілік соғыста қатты жеңіліске ұшыраған, үлкен материалдық және моральдық шығынға ұшыраған Жапония бір ұрпақтың өмірінде қирандылар мен қирандылардан көтеріліп қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсіп пен сауданың, ғылым мен техниканың көптеген салаларында жетекші бірінші дәрежелі экономикалық державаға қалай айналды?
Қазіргі уақытта отандық экономика өзінің дамуының бетбұрыс кезеңіне жетті: дамудың шикізаттық сценарийін инновациялық және технологиялық модельге ауыстыру қажеттілігі пісіп-жетілді. Жапондық бәсекелестік тәжірибесі және әлемдік нарықтағы сенімді жеңістер Қазақстан үшін өте пайдалы және маңызды болмақ. Тек батыстық тәжірибені зерттеуге деген көзқарас жеткіліксіз және мүмкін болатын өзгерістердің суретін көруге мүмкіндік бермейді.
Зерттеу нысаны - Жапония экономикасының даму үрдісі .
Зерттеу пәні - қазіргі кезеңдегі Жапония экономикасының жай-күйін талдау.
Зерттеу мақсаты - Қазіргі кезеңдегі Жапония экономикасын талдау.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жалпы сипаттамасын беру;
- экономикалық дамудың жапондық моделін қарастыру;
- жапондық «экономикалық ғажайыптың» алғышарттарын, себептерін, аяқталу шарттарын талдау;
- экономикалық өсудің негізгі факторлары мен стратегиялары
- Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
- Жапония экономикасының құрылымы: жекелеген салалардың көрсеткіштерін талдау
- Қазіргі кезеңдегі Жапония экономикасының алдында тұрған мәселелер мен перспективаларын айқындау
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1945-2020 ж. ж. қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алудың себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т. б. Жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден бұл мерзімдік алғы 1990- шы ж. ж. қамтуына мүмкіндік болмайды. Себебі біздің жағдайымыз да қажетті тікелей ғана емес жанама әдебиеттердің де болмауы болып табылады.
Сонымен қатар осы уақытта Жапон экономикасында ең басты, негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тек қалпына келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.
Зерттеудің теоретикалық және әдіснамалық негізі жүйелік, құрылымдық-функционалдық, салыстырмалы және тарихи тәсілдердің принциптері болды.
Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Ресей зерттеушілерінің арасында Жапония экономикасы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосқан белгілі зерттеуші - шығыстанушылар М. И. Лукьянова, В. А. Попов, А. Г. Фесюн, т. б. әр-түрлі кезеңді қамтыған Жапон экономикасының әр мәселелерін қараған. Осылардың ішінде толық экономикалық дамуына арналған «Экономика современной Японии» атты М. И. Лукьянованың мақалалар жинағы [1], В. А. Попов құрастырған «История Японии 1945-1975гг» [2] атты еңбектері бар. Осы аталған еңбектердің ішінде В. А. Поповтың еңбегінде екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тарихы, соның ішінде экономикалық даму тарихы кең, жан-жақты ашып көрсеткен. Бұл еңбекте соғыстан кейінгі елде жүргізілген экономикалық реформалар, олардың нәтижесі Жапон үкіметі және АҚШ - тың экономикалық саясаттары кеңінен айтылады. Сонымен қатар 1950-1960-шы жылдары өзіндік даму жолына түскен Жапонияның экономикалық жағдайы көрсетілген [2] .
А. Г. Фесюннің «Экономика Японии. Ключевые понятия и показатели» атты оқу құралында Жапонияның экономикалық өмірі мен оның сыртқы экономикалық байланыстарына арналған кеңестік жапония тану еңбектерінде өз зерттелген және бір қатар өзекті мәселелер бастырылады. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы монополистік Мицубиси тобы туралы, ғылыми-техникалық революция жағдайындағы Жапонияның жұмысшысы күш нарығының мәселелері жарияланып, өндіріс орындардың табысы мен техникалық дәрежесін көтеруіне арналған монополиялардың өндірісті басқаруды ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалану және ғылыми зерттеулердің маңызы көрсетіліп, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттің қаржы саясаты туралы мақалалар жарияланды. Одан басқа Жапонияның сыртқы экономикалық байланыстары, соның ішінде капиталдық импорты мен экспортындағы жаңа құбылыстар және Жапонияның АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасы қаралды [3] .
Ал Я. А. Певзнер, Д. В. Петров, т. б. ғалымдардың ұжымымен жазылған «Экономика и политика стран современного капитализма» сериясының «Япония» [4] атты еңбегінде Жапонияның 1960-шы жылдардың аяғына дейін экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қалыптастырған технико-экономикалық және саяси әлеуметтік факторлар және осы өсудің негізінде туындаған жаңа антагонистік қарама-қайшылықтар қаралды. Авторлар ұжымы қарастырған барлық мәселелер ішінде, оларды жан-жақты талдап экономикаға байланысты бірқатар маңызды мәселелерді көрсеткен.
А. А. Одинцовтың «Торговые монополии в Японии» [5] кітабында кеңестік экономикалық еңбектерде өз зерттелген қазіргі заманғы мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайын да сауданы монополияндыру мәселесі қаралған. Сауда монополиялардың қаржы экономикалық дамудың дәрежесі және тенденциялары олардың қаржы топтар құрылымындағы ролі мен орны т. б. мәселелер көрсетілген.
Сонымен қоса қарасытрылатын кезіндегі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде орыс тіліне аударылған кейбір жапон зерттеуші-ғалымдарының еңбектері де бар. Атап кететін болсақ олар Масанори Моритани «Современная технология и экономическое развитие Японии» [6], Исикова Каору «Япония методы управления качествомң [7], Хироси Окумура «Корпоративный капитализм в Японии» [8] және Акиро Морита «Сделано в Японии» [9] .
М. Моританидің еңбегі Жапонияның жаңашыл технологияларды және құруда мен өнеркәсіпте және әлемдік ғылыми-тезникалық прогресстің жетістіктерін пайдалануда Жапон елінің позициясын талдауына арналды. Ерекше көңілді жаңа өнім игерудегі бақталастықтың роліне, тұтыну сұранысына бағытталуына, сапаны толық бақылауын ұйымдастыруына, жалдау мен еңбектің төлем ақы жүйелеріне, корпорациялардың жұмыстарымен салыстырмалы түрде ашылды. Және де бұл еңбек жұмыстың негізгі дерегі ретінде пайдаланылады.
Канамори Хисако мен Дзюн Ваданың еңбегінде Жапон экономикасын ұлттандыру процесіне терең, жан-жақты талдау берілді. Авторлар қазіргі заманғы жалпы әлемдік нарықтық экономикасының жағдайына және Жапонияның ролі маңызды болған салаларына (сыртқы сауда, инвестициялық іскерлік т. б. ) жан-жақты қарастырды. Еңбекте сонымен қатар Жапон эконгомикасын көрсететін бір -қатар кең көрсеткіштер келтірілді.
Жапонияның монополистік капитализм мәселелері бойынша өзінің еңбектермен әйгілі болған және Жапон-Кеңестік экономист-ғалымдар ассоциациясының мүшесі де болып табылатын Хисао Окумура өз еңбегінде Жапонияны басқаратын кім? Корпорациялар капиталы кімнің қолында және оны кім жұмсайды? Жапон экономиасының корпаративтік құрылымы оның эффективтілігіне, халықаралық позицияларына ықпалы осы және тағы басқа мәселелерді қарастырды. Бұнда жанашыл уникалды фактілі материалдар пайдаланылды.
Исикова Каорудың еңбегі соңғы кезде шетелде басылып шыққан өнімінің сапасын басқару саласындағы фундаменталды, жұмыстардың бірі болып табылады. Кітаптың авторы - Токиодағы Мусаси технологиялық институтының президенті Исикова К. негізгі көңілін, нәтижесінде еңбектің жоғарғы өнімділігі мен төмен шығындарынан өнімнің жоғарғы сапасы болып табылатын жапон корпарациялардың стратегиясының ерекше белгілеріне және қабылданған өндірісті ұйымдастыру жүйесіне негізгі көңілін бөлді.
Сонымен айтып кететіні керек, өткен ХХ-ші ғасырда да осы кезде де бірден бір қазақтың тарихшысы Жапонияның экономикалық дамуы туралы ғана емес, жалпы Азия мен Африка және Европа мен Америка елдеріне қатысты арнайы еңбек, монография жазып, жарыққа шығарып көрген емес. Сондықтан Қазақстан Республикасында шет елдер тарихының тарихнамасы ғылыми пән ретінде қатты дамып тарлмағандықтан Қазақстан зерттеуші ғалымдарының жаңашыл пікірлері белгілі дәрежеде ғылыми дәлелденбеген. Ал, Кеңестік тарихнаманың оған қосқан үлесі зор болды. Бірақта олар егер бастапқы кезде топтық-партиялық методологиясы негізінде жазылса кейін әсіресе 1980-шы жылдары екінші жартысынан бастап бұл методология жойылды.
Соғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде жоғары аталған көптеген кеңестік еңбектерде жазылып шыққан және осы зерттеулердің алдын да қойған мақсат - міндеттері де әртүрлі болды.
Зерттеудің дереккөздік базасы үш топтан тұрады: бірінші топ 1947 жылғы Жапония Конституциясы [10] түріндегі нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік актілер болып табылады, олар: 01. 12. 1949 ж. №228 «Валюталық операциялар мен сыртқы сауданы реттеу туралы» Жапония Заңы [11] ; 13. 04. 1959 ж. № 125 «Өнеркәсіптік үлгілер туралы» Жапония Заңы [12] ; 27. 12. 1975 ж. № 96 «Мұнай қорлары туралы» Жапония Заңы [13] . Құжаттар Жапониядағы экономикалық ғажайыптың құқықтық негіздерін талдауға мүмкіндік берді.
Екінші топқа статистикалық мәліметтер [14] кіреді, соның арқасында белгілі бір хронологиялық аралықта өндірістің басым салалары байқалады. Статистика мемлекет өзінің қаржысын қай уақытта ғылым мен технологияны дамытуға [15], экономикалық жүйені қайта құруға жұмсағанын көрсетеді.
Үшінші топқа шетелдік және отындық ғалымдардың жапонияның «экономикалық ғажайыбына» арналған еңбектері құрайды. Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерде «экономикалық ғажайып» әлемдік масштабта қарастырылмай, жекелеген мемлекеттердегі құбылыс ретінде зерттеледі. Экономикалық жүйені қалпына келтіру мәселесін қамтыған және экономикалық ғажайып кезеңіндегі жапон экономикасындағы сапалық өзгерістерді егжей-тегжейлі сипаттайтын жетекші шетелдік зерттеушілер Сава Токамису [16] сияқты жапон ғалымдары болды, олардың зерттеуі 1955-1973 жж. кезеңіне назар аударды, сонымен қатар 1990 жылдардағы Жапония экономикасымен параллельдер жасады. Жапониядағы шетелдік капиталдың қозғалысына және оның жапон экономикасын жандандырудағы рөліне ерекше назар аударған Кобаяши Гио [17] болды.
Жапон экономикалық кереметі американдық ғалымдардың, атап айтқанда көрнекті марксист-зерттеуші Р. Бреннердің [18] ғылыми қызығушылығын тудырды. Бреннер өзінің зерттеуінде АҚШ, Германия және Жапония экономикасының соғыстан кейінгі құрылымын қамтып, олардың арасындағы байланыстарды параллельдер жасады, орнатты және түсіндірді. ДРК тақырыбы үшін ең маңыздысы, ол жапон экономикасының өсу процесіне, оның дағдарысына, сондай-ақ оның кезеңдерінің егжей-тегжейлі сипаттамасын бере отырып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін атап көрсете отырып, жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуына назар аударды.
Экономикалық ғажайып құбылысын зерттеуге ресейлік ғалымдар үлкен үлес қосты. Я. А. Певзнер [19], В. В. Алексеев [20], К. М. Попов [21], Л. М. Леонтьева [22] еңбектерінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық жағдайына талдау жасалған. Л. Н. Дружинин [23] өзінің зерттеуінде соғыстан кейінгі экономикалық реформаларға ерекше назар аударады. И. А. Латышев [24] жалпы халықтың, атап айтқанда жұмысшы табының, Жапонияның өмір сүру жағдайларын талдайды. Т. Н. Матрусова [25] сонымен қатар әлеуметтік аспектіні кеңінен зерттеп, еңбек нарығындағы адам ресурстарына нақты сипаттама береді, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық жағдайын орнатудағы мемлекеттің маңыздылығын атап көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Жапонияның экономикалық дамуын объективті және субъективті жағынан зерттеу әрекеті жасалынып, бұрын тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан бойынша көлемді еңбек ретінде зерттелініп көрмеген және осы зерттеулердің бастамасы бола алатын 1945-2020-шы жылдар аралығында кезеңдегі Жапонияның экономикалық даму ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Берілген тақырыптың мәлеметтерінің ғылыми-тәжірбиелік құндылығы бар. Олардың кейбіреулері Жапонияның қазіргі заман тарихын әсіресе қазіргі замандағы экономикалық тарихын оқып білуде және оқыту мәліметі ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, бірнеше бөлімнен тұратын екі тарудан, қорытындыдан, сілтемелер тізімі мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылды.
1 ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАПОНИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
1. 1 Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жалпы сипаттамасы
Жапония-қысқа тарихи мерзімде әлемдік көшбасшылардың біріне айналған, азия құрлығындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі дамыған капиталистік мемлекет.
Жапонияда таңғажайып ландшафт пен әдемі табиғат бар. Жапония Шығыс Азия жағалауына жақын Тынық мұхитында орналасқан шамамен 6800 аралдан тұрады, олардың жалпы ауданы 378 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге ел аумағының 99% - ы төрт ірі аралға-Хоккайдо, Хонсю, Шикоку және Кюсюге тиесілі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Жапон архипелагының ұзындығы 3000 шақырымды құрайды. Мемлекеттің құрлықтағы көршілері жоқ, ал ең жақын теңіз көршілері - Ресей, Қытай және Солтүстік Корея. Мемлекеттің қолайлы географиялық орналасуы мемлекеттің халықаралық аренада табысты жұмыс істеуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл елде табиғи жер сілкіністері өте жиі болғандықтан, жыл сайын бір мың бес жүзге жуық жер дүмпулері тіркеледі. Ал, қуаты күшті сілкіністер әрбір он жыл мен отыз жылдың аралығында қайталанады. Сондай-ақ, Жапон аралдарында теңіз дауылы - цунами жиі болады. Су астындағы сілкіністерден пайда болатын цунамилердің биіктігі 10 метрге дейін жетіп, теңіздің шығыс жағалауына жиі «шабуылға» шығады. Тегінде, табан астындағы топырақтың тайдай тулауына жер қыртысындағы вулкандар ағысының әсері бар. Бүгінде Жапонияда 200 жанартау анықталған. Ондағы 40 жанартау жиі-жиі буырқанып тұратындықтан, мамандардың тілінде «ояу» отты таулар деп аталады. Халқының саны - 127, 33 млн. Астанасы - Токио. Ресми тілі -жапон тілі. Негізгі діндері- синтоизм және буддизм. Хонсюда аралында 101 миллион, Кюсюда 13, 4 миллион, Сикокуда 4, 2 миллион және Хоккайдода 5, 7 миллион адам тұрады [26] .
Ел астанасы - Токио Нью-Йорк пен Лондонмен қатар әлемдегі үш қаржы орталығының бірі болып табылады. Сондай-ақ, Токио - әлемдегі ең экономикалық дамыған агломерациялардың бірі. Токио ірі халықаралық қаржы орталығы және бірқатар ірі әлемдік инвестициялық банктер мен сақтандыру компанияларының штаб-пәтері болып табылады, сондай-ақ Жапонияда көлік, баспа және хабар тарату саласының концентраторы қызметін атқарады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон экономикасының орталықтандырылған өсуі кезінде көптеген ірі компаниялар штаб-пәтерлерін Осака (тарихи қаржы астанасы) сияқты қалалардан Токиоға көбірек қол жетімділікті пайдалану мақсатында көшірді. Жақында бұл үрдіс Токиодағы халық санының өсуіне және сол жерде өмір сүрудің қымбаттығына байланысты төмендеді.
Жапон мемлекеті аумағының шамамен 80% - ын таулы жер алып жатыр, сондай-ақ бөлшектелген рельефі бар биіктіктер жиі кездеседі. Мемлекет аумағында жанартаулар аз емес. Архипелагтың мұндай геологиясы мемлекеттің жұмысына да әсер етеді, өйткені елде жер сілкінісі мен цунами түріндегі апаттар жиі кездеседі, бұл Жапония үшін кедергі болып табылады және үнемі қауіп төндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz