Қазақ қоғамына билер ықпалы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті



Реферат

Тақырыбы: Қазақ билері:Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би

Орындаған: Мұңсызбаев Айбол
Тобы: Э-23-1
Қабылдаған: т.ғ.к.профессор
Алланиязов.Т.К

Жезқазған 2023 жыл

Жоспары:

І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақ хандығындағы билердің орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 6
2. Қазақ қоғамына билер ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3. Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы мәліметтер ... ... ... ... .15

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Әр халықтың өз заманына қарай хандары, билеушілері немесе рухани ұстаздары болды. Сол сияқты қазақ елінің де тарихтың даму сатысына қарай хандарына ақыл қосып, қара халықтың сөзін сөйлеп, түрлі мәселелерін шешіп отыратын билері болған.
Би болу қаншалықты қиын болса, соншалықты мәртебелі. Оның даңқы туыс-туған, ру-тегінің ғана емес, өзі туған өңірдің де атағын асыратын. Сондықтан баланы би-төрелікке тәрбиелеу ісіне ата-ана ғана емес барлық ауылдастары ат салысқан. Би болуға деген құштарлықтан қастерлеу, еркін ойлап, шешендік тілде еркін сөйлеу және айтыс-тартыста парасат-пайым танытып, ұтымды да, ұтқыр сөз табу қажет. Сонда ғана қазақ жерлерінің тұтастығын сақтап, үш жүздің бірлігін нығайту сияқты халық құндылықтарын аманат етіп, би сайлаған. Және әулеттік, рулық, қауымдық қоғамдық мәселелердің бәрін аталмыш құндылықтар қисынымен қарастырған. Бұған қарасты Атаның баласы болма, адамның баласы бол деген даналық бар. Билер ұғымы туралы түсінікті С.Негимов Шешендік өнер атты кітабында: Би шешендер мұрасы - ұлт, заман, мемлекет тағдырын өмір, тіршілік тұрмыс құбылыстарын, адамгершілік дүниесін жан-жақты қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат тұжырымды тұрлаулы пікірлер қорытатын, нәзік талдаудар жасайтын, туған халқының ақыл-ой дәрежесін, рухани болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы деген еді.
Билер тарихында әр қайсысы жеке дәуірге лайықты Майқы би, Асанқайғы , Жеренше шешен, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Ескелді, Қарауыл Қанай би, Байдалы би, Бөлтірік, Жанқұтты, Ақтайлақ би, т.б. атауға болады. Олар өздерінің ойлау еркіндігімен, ұшқырлығымен, тапқырлығымен алғырлығымен тілдерінің мейлінше орамдылығы, жылдам ой қорыту қасиеттерімен, сыншылдық-шыншылдығымен таңқалдырған.
Жалпы алғанда, ұлттық би-шешендік өнердің тарихы мен теориясы мәдени, саяси, рухани дәстүрлермен тамырлас. Ұлттық сананың кемелденуіне, мәдениеттің көркеюіне, дүниетанымдық дамуына билердің биі, Жеті жарғы заңын жасаушылардың ірі өкілі Тәуке ханның кеңесшісі, үш кемеңгер Төле бидің, Қаздауысты Қазыбек бидің, Әйтеке бидің, Абылай ханның бас билері Байдалы мен Қарауыл Қанай бидің, қолбасшысы Ескелді мен Балтық билердің және т.б жүздеген тұлғалардың қайраткерлік ерен еңбегі қазақтың ескі сөздерінде айрықша аталады.
Әйтеке би бүкіл қазақ халқын парасаттыққа, сол арқылы бірліктің биігіне шақырған. Ал бір даудың ретінде: Ашу деген - ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген - дария, алдын тоссаң тоқырар... Кісі бірге туыспау керек, бірге туысқасын сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, жол қуған кәдеге жолығады, - деп байлам жасапты. Осылардағы түйдектеген философиялық ой оралымдары ар жағы түркі, алты алаш, бер жағы қазақ жамағаттары бірлік, туыстық жолын қуып берекеге жетсек деген арнасына құйса керек.
С.Сейфуллиннің қазақ билерінің болмысының халық өмірінің сан-алуан қырларымен байланыстылығын, билердің көп қырлы функциясын атап көрсетеді. Әдебиетші ғалым С. Негимов бұл турасында "..бұған қоса ол әрі батыр, әрі әнші-ақын, жыршы, сыншы, сәуегей, шежіреші, ғұлама, бір сөзбен айтқанда, әмбебап дарын екендігін ескертеді", - деп пайымдайды. Қазірде жаңаша ойлау диалектикасы тұрғысынан әдеби мұрағаттарымызды қайыра екшеп жатқан тұста билер функциясының аясын барынша кең арнада қарастырып жүрген еңбектердегі теориялық ой-пікірдің жоғарыдағы С.Сейфуллин еңбегінен бастау алатынын көреміз. Мысалы зерттеуші Мұқадес Есламғалиұлы би - көсем, би - шешен, би - ақын, би - заңгер, би - емші, мәмлегер, би - батыр, би - саясаткер, қоғам қайраткері, би - ойшыл-ғалым, би - психолог, әртіс, би - тәрбиеші деп қазақ билерінің халық өміріндегі, қоғам алдындағы он түрлі қызметін түстегенде, жоғарыдағы С.Сейфуллиннің пікіріне сүйенгендігін байқаймыз.
Қазақ мемлекетінің нығаюына, өркендеп дамуына би-шешендердің қосқан үлесі өте көп. Олар халқының болашағына, тағдырына, ілгері басуына, адамгершілік қасиеттерінің гүлденуіне ерекше еңбек сіңірді. Қазақ билері сонымен қатар рухани тұтастықтың кепілі бола білді, қоғамның рухани жағынан жаңғырып-жаңаруына, бақытты заман орнауына, ұлттың тілімен дінінің құдіретін түсінуге қызмет етті.
Би - рудың билеушісі, әкімі ғана емес сонымен қатар өз ортасының, уақытының беделді, белді азаматы, ақылшысы. Ақылы асқан, ойы түпсіз терең би-шешендердің табиғатына ісқимыл әрекетіне мейірімділік, ізгілік, ақжарқын мінез, байыптылық, көкірек көзімен, есте сақтаушылық, әр нәрсенің обал-сауабын ойлаушылық тән. Бұлар жоқ жерде дана сөзің далаға кетеді. Тыңдаушың ұқпайды. Билік айту, өнерпаздықпен өнегелі. Сөз өрбіту - даналыққа баулу, рухани қорек беру, адамгершілікке шақыру, әдептілікке тәрбиелеу. Тағылым беру деген сөз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Қазақ билері туралы деректер көп емес, бірақ олардың айтқан өткір сөздері және дұрыс әрекеттері халықтың аңыз-әңгімелерінде жақсы сақталып келеді. Солардың өзі де халқымыздың басынан кешкен үлкенді-кішілі оқиғалардың жаңарғанындай, жаугершілік замандардың, жауынгер ұрандарындай естіледі, елдің еркіндігі, жерінің бүтіндігі үшін күрескен ерлердің есімдері биік үлгі болып адамгершілікке баулиды.
Келер ұрпаққа үлгі болар даналықтың көзі болған билердің өміріне жеке-жеке тоқтала кетсек.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені - тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында қазақ халқына әйгілі билеріміздің орны ерекше болған. Кемеңгер үш дүлдүлділдің бірі Төле би жайында төменде сөз қозғаймыз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды. Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер - қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар - шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.
Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең - тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.

Негізгі бөлім:

Қазақ хандығындағы билердің орны мен рөлі
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды. Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер - қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар - шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған.
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.
Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең - тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.

Қазақ билерінің және билер сотының ерекшеліктері
Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті - дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді. Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған: 1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан. Қазақтардың арасында он үште отау иесі деген ұғым қалыптасқан. 2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы құқықтық ережелері құнды болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген ережелерге сүйенген.
Ол туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: ...Бұл билік деген бізді қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолын, Әз Тәуке ханның Күл төбенің басында күнде кеңес болғандағы Жеті жарғысын білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. Бұрынғы қазақ жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: Би екеу болса, дау төртеу болады - деп. Оның мәнісі - тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе - деуі көп нәрсені аңғартады.Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті болуы - саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен, қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып отыр.
3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-жанжалдар туындағанда қолданылған. Кезінде осындай дауды Едіге би былай шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған деген сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы.
4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген. Болашақта мұндай сыңаржақ шешімді билерге дауласқан адамдар іс қарауға өтініш бермеген. Соның нәтижесінде билердің әділ шешім шығаруға деген жауапкершілігі мен кәсіби мүдделігі артқан, оған қоса мұндай жағдайда жарыспалылық ұстанымы бойынша кәсіби тұрғыдағы әділ бәсекелестіктің орнайтыныда сөзсіз 5) қазақ билерінің билік айтуы, іс қарауы көпшілікке ашық, жария түрде өткен. Соның арқасында әділ сот ісінің барлық оқиғалары: дауласушы тараптарыдң пікірталасы, тартқан куәгерлері мен келтірген дәлелдеулері істі талқылауға қатысушы барша халыққа құпия болмаған, яғни, кез-келген даулы істі құпия қарауға тыйым салынған. Қазіргі кезде қол жеткізуге талпынып жүрген транспраренттілік, яғни, ашықтық, мөлдірлік деген қасиеттер билер сотына тән болған. Мұның бәрі далалық демократияның, жариялылықтың, тең құқықтық пен сөз бостандығының да көрінісі. Тіптен, соңғы сөз айтуға мүмкіндік берген дат ұғымының да құқықтық қуаты зор болған. 6) қазақ билері дауласушы тараптардың қалауларына сай, өзара келісім бойынша сайланған. Ал егер де істі қараушы би тек бір ғана тараптың қалауымен таңдалса, оның шығарған билігі әділ деп саналмаған. Мұндай жағдайда іс қайта қаралатын болған. Өзара консенсус арқылы таңдалған би Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген ұстанымға берік болып, сол арқылы сотта ұтылғандардың өзі шығарылған үкімнің әділдігіне ешбір күмәнсіз болған, себебі билік айтушы биді өзі қалап, оған билік айтуға құқық береді. Бұл дегеніміз қазақ қоғамында таңдау құқығының еркін қолданыста болғанын айғақтайды.
7) билер сотында апеляциялық құқық та сақталған, мысалы, дауласушы тараптар бидің айтқан билігіне риза болмаса, шағым беруге құқылы. Сонымен қатар, билер сотында ант беру рәсімі жүргізіліп, барлық қаралған істер бойынша қорғаушылар қатысқан.
Тәуке ханның Жеті Жарғысы
Белгілі заңгер С. Зимановтың көрсетуінше, қорғаушы болуға Тәуке ханның Жеті Жарғысының талаптары барлық ниет білдірген адамдарды қатыстырған. Қорғаушылар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, айыпкерді қорғау құқығына ие. Егер қаралған іс бойынша куәгер болатын адамдар жоқ болса, ант, яғни жан беру рәсімі іске асырылады. Жан беруге дауласушылардың құқы жоқ. Айып тағылған адам үшін аймаққа, руға, елге танымал адамның оның кінәсіздігін көрсетіп, өз атынан ара түсуі және қорғауы. Жан беру рәсіміне беделсіз, елге танымал емес адамдар жіберілмейді. Себебі сенімсіз адамдардың жан беруі әділетсіз билік шығаруға жол ашуы әбден мүмкін.
Жеті Жарғыға сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Жан жазасы атынан көрініп тұрғандай, қылмыскер өлім жазасына кесіледі, бұл қанға қан, жанға жан ұстанымының жүзеге асу көрінісі. Сонымен қатар, көтеріліс жасап, бүлік шығарғандар, еліне опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген. Үкім түрлі жолдармен орындалған (ат құйрығына байлап жіберу, садақпен ату, арқанмен қылқындырып өлтіру т.б.).
Ар жазасына келсек, ол негізінен адамның абырой-намысына тиетін, немесе оғаш қылықтар жасағандарды халық алдында ұялтып, өзгелерге сабақ ретінде қолданылған. Мысалы ата-анаға, қарияларға тіл тигізіп, қол көтергендер, түрлі оспадар іс-әрекетке барғандар т.б. Ар жазасы масқаралау және елден қуу арқылы орындалған. Масқаралау үшін айыпты адамның мойнына құрым киіз ілініп, бетіне күйе жағып, есекке немесе өгізге теріс қаратып мінгізіп, ауылды айналдыра алып жүреді. Ол елге мазақ болып, қарабет атанады. Осылайша, айыптыны ел алдында ұялтып қана қоймай, одан екінші рет нашар қылыққа бармайтыны туралы уәде алынады, халық алдында кешірім сұратады. Ал елден қуылу қазақтар үшін тіптен ауыр жаза болған. Жазаның бұл түрі аз қолданылған.
Билер құн дауларын негізінен Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті Жарғысын басшылыққа ала отырып шешкен. Осы жерде аталған заң жинақтарында адам өліміне немесе тәнге жарақат салғаны үшін қандай жазалар белгілегеніне қысқаша тоқталғанымыз жөн сияқты. Дәстүрлі қазақ қоғамы туралы зерттеуінде А.И.Левшин Жеті Жарғыға сілтеме жасай отырып, жанға жан, қанға қан ұстанымы бойынша өлген адамның туыстары кісі өлтірушіні өлтіруге құқылы, ал қолын, аяғын, құлағын кескендердің сондай дене мүшелерін шауып тастауына құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай қанды жазалар айыптаушылардың келісімі бойынша бидің шешімімен жұмсартылып, айыпты жасаған қылмысы үшін белгіленген құн төлеу арқылы жазасын өтейді. Құн төлеу арқылы кісі өлтіруші өзінің өмірін сақтап қалады, яғни, ер адам үшін 1000 қой, әйел үшін 500 қой төлеуі тиіс. Басқа біреуге дене жарақатын салғаны үшін немесе қандай-да бір дене мүшесін шауып тастағаны үшін белгілі бір мал санын төлеуі тиіс. Бас бармақ 100 қой тұрса, кішкене саусақ 20 қой тұрады, және сол сияқты...
Ал сүйек құны дегеніміз - кісі өлтірген адам өлген кісінің мәйітін, яғни сүйегін жоқ қылып жіберсе, немесе түрлі себептермен өлік туған-туыстарының қолына арулап жерлеуге берілмей, жоқ болып кеткен жағдайда екі адамның құны төленген.
Жоғарыда айтылғандардан қазақтар гендерлік сипатта немесе әлеуметтік жіктелу тұрғысынан адамдарды алалап, дискриминациялаған деген жаңсақ пікір туындамауы тиіс. Ер адам мен әйелдерге ерекше құнның белгіленуін саяси және демографиялық мәні зор стратегиялық қажеттілікпен түсіндіруге болады. Еркектер үйдің қожайыны әрі асыраушысы, елдің қорғаушысы. Жаугершілікті көп көрген қазақ қоғамы ер адамға ел қорғаушы деп қараған, соғыстарда еркек кіндіктілер көп қырылатын еді. Сәйкесінше, қоғамдағы демографиялық тепе-теңдік бұзылып, әйелдердің үлес салмағы басым болған. Осының барлығы құнның жынысқа қарай ерекше болуына ықпал еткен.
Осы жерде мәселені бір қайырып алсақ: отырықшы қоғамдардың саяси жүйесі негізінен таптық жіктелуге негізделсе, көшпелі қоғамдарда әлеуметтік жіктелу анағұрлым күрделі жүрген. Отырықшы қоғамдарда мемлекет белгілі бір таптардың түрлі мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жолында пайда болса, көшпелі қоғамдардағы мемлекет белгілі бір шаруашылық аумақты әлеуметтік-саяси қауымдастықтың бірлесе пайдалануы процесімен тікелей байланысты.
Сол сияқты, билер үкімімен ақ некені бұзғандар да қатаң жазаланған. Мысалы, бөтен біреудің әйелін күш қолдану арқылы еркісіз алып қашып кеткен болса, ондай басбұзар өлім жазасына кесілген. Күйеуі тарапынан рахымшылық болып, кешірім берген жағдайда құн төлеп өлім жазасынан құтыла алады. Керісінше болса, яғни әйелі өз еркімен күйеуінен қашып кетсе, сол қашып барған еркектің қолында қалатын болған. Бірақ та, әділдік үшін, істеген әрекеті үшін жаңа күйеу алғашқы күйеуге қалыңмалын төлеп, оған қоса қалың малсыз бір қыз беруге міндетті. Ерінің көзіне шөп салғаны үшін күйеуі әйелін өлтіруге құқығы болған.
Жеті атадан аспаған ру ішілік неке қию да өлім жазасын қолдануға себеп болған. Бұл сау да салауаты ұрпақ жалғастыру үшін аса қажет шарт: қазіргі медицина ғылымы туыс адамдар арасындағы некеден түрлі ауытқуларға душар болған сәбилер дүниеге келетінін дәлелдеді. Сол үшін қазақтар басқа жүзбен немесе жеті буыннан асқан ру-тайпалармен құдаласып, қызды алысқа ұзатты, алыстан қыз алып, дәстүр-салтын ғана байытпай, құда-жегжаттық, нағашы-жиендік қарым-қатынастар арқылы халықтың ынтымағы артты. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық деп арадағы сыйластық-татулық үзілмейтіндей желілер қалыптасты. Күйеуге шыққан қыз барған жеріне "тастай батып, судай сіңіп" кетуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Алда жалда күйеуі өлсе, жесір қалған әйел күйеуінің бауырына, болмаса оның жақын ағайындарының біріне күйеуге шығуын қарастыратын әмеңгерлік заңы болды. Бұл жесір қалған әйелді жатқа жібермей, жетім қалған баланы өгейсітпей, күйеуінің туыстары арасында өсіп-өнуіне қолайлы психологиялық жағдай туғызды.
Мұның барлығынан отбасы институтының қазақтар үшін қымбат құндылық болғанын байқаймыз. Адамның әлеуметтенуі отбасынан басталып, жалпы қоғам мен рулық қауымдастық тарапынан қатты қадағаланды. Тегінде Отан отбасынан басталады деген аталы сөздің мағынасы өте терең...
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болған соң, мал бағуға қатысты әртүрлі даулы жағдайлар болады. Малға қатысты қылмыстық құрамы бар әрекет - барымта. Бұл даулы мәселе де билер тарапынан әділ шешімін тауып отырған, барымта кезінде соққы бата тимесе, қате тиіп мертіккен, немесе құрбан болғандарға тиісті құн төленген, айыпты жақ ат-тон айыбын тартқан. Кейде қазіргідей прокуратура, ішкі істер органы, сот атқарушысы сияқты мемлекеттің бір орталыққа бағынған күштеу аппаратының болмауы себепті бидің шығарған шешімін айыпты тарап орындамаған жағдайда, оны жүзеге асыру құқығы талапкер жағына беріліп, жауап барымта жасауға рұқсат етілген, бұл қарымта қайтару. Көріп отырғанымыздай, қажет болғанда барымта жасау да заңды саналып, әдет-ғұрып заңдарымен тиімді реттелген.
Қазақ билерінің қоғамдағы әділеттілікті сақтаудағы қызметтерін ары қарай қарастыратын болсақ, заңгер-ғалым С. Созақбаевтың Тәуке хан. Жеті жарғы атты еңбегінде қазақ қоғамында даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінгенін көрсетеді: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге қимыл-әрекет жасайды. Әдеттік құқықта оны Бітім, Береке, Салауат деп атаған.
Бітім - екі жақтың өзара келісімі арқылы, сөз жүзінде даудың аяқталуы. Бітімнен кейін билерге істі қарауға құқық берілмейді. Себебі бітімді, өзара келісімді бір жақты бұзу сөзде, сертте тұрмаудың, жалпы ар-ожданның жоқтығының белгісі.
Береке - айырбас, немесе сатып алу туралы сөз жүзінде шарт жасау. Өзіндік мүдделерін қанағаттандыру. Жалпы қазақтың әдеттік құқығында береке институты барлық келісім шарттардың негізі болған.
Салауат - немесе кешірім, - дауласқан екі жақтың бір-біріне талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Кешірім жасау ауыл, ел, ру ақсақалдарының қатысуымен өтетін болған.
Тәуке хан заманынан бастап қалыптасқан тағы бір институт - Жүгініс - яғни рулар арасында болған даулар мен қақтығыстарды билердің алқалық құраммен қарауы. Негізінде бұл институт қауымдық демократияның бір нышаны ретінде танылады және оның тәртібі бойынша екі жақтың келісімімен, дауға ешқандай қатысы жоқ өзінің әділеттілігімен ел көзіне түскен, ақыл-парасаты жоғары, яғни ала жіпті аттамаған араби сайланады. Ол істің барлық мән-жайын алқалық құрамдағы билерге баяндайды, екі жақты бітімге келуге шақырады. Бітім болмаған жағдайларда билер ұсынылған барлық дәлелдерді таразыға сала отырып, өздерінің билігін айтады. Даудың соңы ала жіп кесу рәсімімен аяқталады. Көпшілік алдында араби екі жақтың дауласқан адамдарына, немесе олардың өкілдеріне ала жіптің екі шетін ұстатып, ортасынан кеседі. Қазақ қоғамының дамуы барысында Араби ұғымы Төбе би ұғымымен алмастырылды.
Билердің қоғамдық қайраткерлігін көрсететін қасиеттерінің және біреуі - қазақ елінің дамуына кесірі тиетін салт-дәстүрлерді теріске шығаруы. Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама деген қазақтың мақалы адамды шыққан тегіне, атақ беделіне қарап емес, жеке басының қадір-қасиетіне сәйкес бағалауды үндейді. Осылайша тәрбиелеу арқылы ағайынына ғана емес, еліне, кісіге ғана емес, халқына қамқор бола алатын азаматтардың қалыптасуына үміт артқан. Бұл азаматтың, жеке тұлғаның өзін толықтай жүзеге асыруына септігін тигізетін рухани ынталандырушы фактор.
Қазақтар еркін өмір сүрген халық. Бізде сөз бостандығы да болған, және де ол басты құндылық ретінде бағаланған: Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген аталы сөзге жүгінген халықпыз. Тіптен жаны қысылғанда ханның өзіне де Дат, тақсыр! - деп қарапайым адамдар да өз ойларын еркін білдіре алған. Қазіргі заманғы демократияның басты құндылығында - адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарында бұл аталған мәселелердің шоқтығы биі.

Қазақ қоғамына билер ықпалы және билер институты
Қазақ билік қоғамының идеологиясын құруда, оның рухани салауаттығын арттыруда да билер жоғарыда аталған ұлттық этикалық және этнопсихологиялық түсініктерді ұлттық сана-сезім мен саяси мәдениет дәрежесіне жеткізуді мұрат еткен. Осылайша этикалық мәселелерді мемлекетке қызмет еткізуге талпыныс жасалған. Сол үшін де Қазақстандағы биліктің сипатын жақсы ұғыну үшін әуелі қазақтардың дәстүрлі саяси мәдениетін, құндылықтар сатысын, саяси дәстүрлерді және олардың қазіргі замандағы Қазақстан өміріндегі рөлін зерделеуіміз қажет.
Билеріміз қазақ елін асқақ мұраттарға жеткізуде ұлттық бірлікті көкседі. Ел билеушілердің бойында көсемдік пен имандылық қасиеттерді дамытарлықтай ақыл қосып, кәсіби заңгер әрі саясаткер ретінде ел басқаруды жетілдіру жолдарын іздестірді. Сол себепті билер қазақ жеріне қатер төнген заманда әскер басқару мүмкіндігін үш жүздің батырларының ішінен ретімен, алауыздық туғызбайтын етіп, алаламай, келісіп шешіп отырды.
Сондай-ақ билер әлеуметтік жағынан шығу тегіне қарамай, қараны да, төрені де ісіне, қабілетіне, азаматтығына сәйкес әділ бағалап, қолдау білдіргені белгілі. Билердің батасысыз хан тұқымынан емес Әбілқайыр мен Жолбарыс хан тағына отыра алмайтын еді. Билердің қолдауы болмағанда, кезінде ата-бабалары ел алыстатылған Күшік, Әбілмансұр, Барақ, т.б. қазақ арасында жеке бастарының батырлығымен ғана танымал тұлғалар бола алмас еді. Билердің әділдік бағалары, еңіреген ер, қас батыр екендіктерін тани білгендігі олардың елге танылуына жол ашты. Қазақ қоғамындағы билік иерархияларында алмағайып заман тұсында ру басына, ұлыс ұлықтығына текті әулеттен шыққаны бойынша емес, ерлігімен сын сағаттарда көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен батырларды қою билердің қолдауынсыз болмады. Сондай-ақ хандықта атқару кеңесі болған. Хандық өзінің атқару кеңесінде - билермен, қолбасы батырлармен, уәзірлер тобымен ақылдасып кезектегі істерді қалай атқаруды талқылаған. Бұл - қазіргі заманымызда жалпы қолданысқа ие болып отырған бөлінісінің, тепе-теңдік пен тежемелік принциптерінің, қоғамдық бақылаудың тағы бір көрінісі.
Ел еңсесі көтеріліп, бірігіп бас көтере бастаған қазақ жұрты ескі әдетімен билікке жармасып, жаға жыртысып, өзара ру-ру болып, кикілжіңге ұрынуы мүмкіндігі көрінген сәтте, билер оның алдын алу жағынан қамданып, көрегендік жасады. Мемлекеттік құрылымның қалыптасқан дәстүр бойынша бір орданы бір тұқымның ұрпақтарынан тараған сұлтан ғана билейтін қатып қалған қағиданы өзгертті. Ру, тайпалардың әлеуметтік-саяси басшылығы тек қана сұлтандардың билігі мен ықпалында кетпес үшін, олардың бегі, әскер басшысы, өз ұраны болды және де бұлардың әрқайсысы бөлек әлеуметтік топтардың өкілдерінен тағайындалды. Айталық, ұраны Алла қожадан, ұраны Алаш қарадан, ұраны Арқар төреден. Ел басқару жүйесіне енгізілген мұндай жаңалық өзгерістер билердің өзге халықтардың, мемлекеттердің саяси құрылымы жөнінде мағлұматы болып, соны өз елінің саяси ахуалын нығайтуға пайдалана білгендігін көрсетеді.
Мұндай өкілдіктің орын алу төркінінде ежелгі Греция, Рим, парсылар мен үнділердің мемлекет құрылысында қатаң сақтап, қадағалап келген, яғни қоғамның үштік қауымын - абыздар, нояндар, кәсіпкерлердің қайсысын да басқару жүйесінен қағыс қалдырмай, ескеріп, билік тізгінінің бір жағын ұстатып отырған әлемдік тарихтағы үрдіс жатыр. Қазақ хандығының саясаткері болған билер елдің тұтастығын құрап тұрған әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескермейінше, бас біріктірудің, ынтымақ табудың, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың мүмкін емес екендігін уақытында аңғара білді. Билер іргесін қалаған осы бірлік пен татулықты ұстанған саясат қазіргі күнде Қазақстан Республикасының ішкі саясатында үрдіс тауып та отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, оның сәтті жұмыстар атқаруы, ТМД елдерінің ішіндегі тұрақтылық қаймағы бұзылмай, ішкі дүрдараздықтан дін-аман алып келе жатқан бірден-бір мемлекет болуы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бір кезде билер салған ел бірлігін сақтау саясатының сабақтастығы деуге негіз бар.
Алайда қазақ қоғамы Ресейдің қол астына кіргеннен кейін ғасырлар бойы мінсіз қызмет атқарған билер институты теперіш көре бастады. Патшалық Ресей үкіметі қазақ халқын өздігінше билеп-төстеп, отарлау мақсатында 1822 жылы М.М. Сперанскийдің басшылығымен Сібір қырғыздарының (қазақтарының) жарғысын даярлап, дуандық (округтік) жаңа әкімшілік-басқару бірліктерін енгізіп, оның бас әкімдері етіп аға сұлтандарды тағайындайды. Соған сәйкес қазақтар Батыс Сібірде алты дуан ел болған. Аталған Жарғыны Ш. Уәлиханов қатты сынға алып, мұндай асығыс жасалған реформалар халықты опат етеді және даму жолына кедергі келтіреді деп есептеп, қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы елдің жобасы мен пікірін Ресей империясының отарлау әкімшілігіне ұсынады. Ол саяси реформаларды экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырды, соған сай адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы. Оның сәтті шығуы мен көздеген мақсатқа жетуі үшін халық пікіріне сүйене отырып жасалуы керек. Ш. Уәлиханов қазақ халқының өз пікірін білдіре алмайтын тағылығы мен тұрпайылығы туралы көзқарасқа қарсылық білдіріп, халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ билерінің және билер сотының ерекшеліктері
Қазақ билерінің өсиет сөздері
Билер кеңесінің соттық функциясы
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Ақкете Шернияз Жарылғасұлы
Дәстүрлі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жайлы
Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ (ХV ғасырдың ортасы ХІХ ғасырдың соңы)
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
Пәндер