Жиынтық бағалаудың құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

9-сынып

Нұр-Сұлтан қ., 2019

МАЗМҰНЫ

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. Күтілетін нәтижелер 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

6. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 34

2

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде).

Күтілетін нәтижелер
тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;
оқылым:

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;

жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

3

Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар
Ойлау
Сипаттама
Сұрақтар
тобы
дағдылары

түрі

ның деңгейі

Тыңдалым
Білу және
- тақырыптық мәтіндерді түсінеді,
Ауызша
мен
түсіну
болжайды;
толық
айтылым

- сөйлесу ерекшеліктерін таниды;
жауапты

Қолдану
- ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге
қажет ететін

асырады;
сұрақтар

- жалпы және нақты сұрақтарға жауап

береді;

Жоғары деңгей
- тілдік құралдарды пайдаланады;

дағдылары
- әңгімеге, диалогке қатысады;

- ақпаратты жинақтайды;

- диалог, монологтердегі көтерілген

мәселені талдайды, өз пікірін қорғайды

және дәлелдейді;

- сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;

- грамматикалық, стилистикалық

нормаларды сақтайды.

Оқылым
Білу және
- мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты
Жазбаша
және әдеби
түсіну
анықтайды;
толық
тіл

- ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді
жауапты
нормалары

тілдік құралдар арқылы таниды;
қажет ететін

Қолдану
- ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің
сұрақтар

құрылымдық және жанрлық

ерекшеліктерін ажыратады;

-мәтін негізіндегі берілген сұрақтарға

нақты жауап береді;

Жоғары деңгей
- оқылым стратегияларын қолданып,

дағдылары
комментарий жасайды;

- іріктеп және рөлге бөліп оқиды;

- әртүрлі дереккөздерден қажетті

ақпараттарды алады, оларды талдайды

және жинақтайды.

Жазылым
Білу және
- естіген және оқыған ақпараттарын
Жазбаша
және әдеби
түсіну
жинақтайды;
толық
тіл
Қолдану
- әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін
жауапты
нормалары

жоспар құрады;
қажет ететін

-мінездеме, өмірбаян, құттықтауды
сұрақтар

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне

сай жазады;

Жоғары деңгей
- графиктік мәтін құрастырады;

дағдылары
- эссе жазу барысында абзацты жүйелі

құрастырып, келісу, келіспеу эссесін

жазады;

-жинақы мәтін жаза алады;

- орфографиялық, грамматикалық және

стилистикалық нормаларды сақтайды.

4

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым - 15 минут
Жазылым - 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
КТБ - көп таңдауды қажет ететін сұрақтар

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

6

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмал
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау
Балл

ар түрлері

уақыты, мин

9.1.2.1
қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-
Толық
Тапсырма
жұппен
орындалады.
Тыңдалым мен
10

экономикалық,
ғылыми
тақырыптарға
жауапты
Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын
айтылым

байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
қажет ететін
ортақ
тақырыпқа
қатысты
мәтіндер
сабақтан тыс,

мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен
сұрақтар
беріледі, оқушы жеке отырып оқиды
қосымша

көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

(немесе аудио арқылы тыңдатуға
уақытта

болады).

өткізіледі (әр

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды

Оқушылар
мәтінді
оқу
барысында
білім алушыға

анықтау;

мәтіннің мазмұнын түсініп, мақсатты
3-5 минут

аудитория
мен

көркемдегіш
беріледі)

1
9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға
өз көзқарасын

құралдардың рөлін
талдайды,
негізгі

білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

ойды анықтайды, өз көзқарасын

білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп

9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік

айтады.

бірліктердің дұрыс қолдана білу;

Тыңдаушы
жұп
мәтінде
көтерілген

мәселе бойынша екі сұрақ қояды.

Сөйлеу

барысында

стильдік

ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің

дұрыс қолдана білуі бағаланады.

Бағалауәроқушығажеке-жеке

қойылады.

9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы
Көп
Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын
15
10

жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

таңдауы
мәтін беріледі. Мәтінді оқып, тілдік

2
9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің
бар, қысқа
құралдарды
анықтайды, қолданысына

жауапты
түсінік
береді,

құрылымы
мен

түрлерін
қолданылған тілдік құралдар арқылы

қажет ететін
ресімделуі
арқылы
жанрлық,стильдік

тану;

сұрақтар
ерекшеліктерін анықтайды.

7

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын
Жазбаша
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың
25
10

ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер
толық
бірінтаңдап,жазбажұмысын

құрастыру;

жауапты
орындайды. Бірінші жұмыста мақсатты

қажет ететін
аудиторияның

қызығушылығын

9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
сұрақтар
ынталандыра отырып, жанрлық және

көтерілген мәселе
бойынша
екіжақты
пікірді

стильдік
ерекшеліктеріне сай
жазба

3
немесе жағдаятты
талқылау,
біреуіне
таңдау

жұмысын жазады. Екінші жазылым

жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті

жұмысында
құрылымын
сақтай

эссе);

отырып, көтерілген мәселе бойынша

екіжақты
пікірдің немесе жағдаяттың

9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді

біреуін таңдап, өз ойын дәлелдеп,

орфографиялық нормаға сай жазу.

тілдік
бірліктерді
орфографиялық

нормаға сай жазады.

Барлығы

40
30

8

Қазақ тілі пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Мәңгілік Ел - мұратым, Жаһандану мәселелері бөлімдері бойынша

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.

Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.

[10]

Транскрипт
1-мәтін

Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрек пен көңілден шыққан ойлар...

Бұл шығарманың тақырыбы - тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың жапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным - қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.

Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәламай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы.

2-мәтін
Қадірлі халқым!

Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Мен қоғамда Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек? деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - Қазақстан-2050 Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын

9

құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Қазақстан-2050 - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

1-мәтін

Қазіргі уақытта нарықтық экономика негізінде әлемдік экономикалық жаһандану үрдісі кең етек жайып келе жатыр. Бұның басты себебі - көптеген интеграциялық бірлестіктердің пайда болуы, ұлттық экономиканың тікелей бір-біріне тәуелділігі, экспортқа және импортқа деген тәуелділіктің өсуі, нарықтық қарым-қатынастардың баға белгілеуі, трансұлттық компаниялардың беделінің өсуі, мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі, әлемдік қаржылық ұйымдардың беделінің өсуі сияқты белгілердің пайда болуы.

Әлемдік жаһандану терминін ең алғаш рет 1983 жылы американ ғалымы Теодор Левит енгізген болатын. Ол ең алғаш рет Гарвард Бизнес Ревю журналындағы Нарықтардың жаһандануы атты мақаласында осы мәселе жайлы жазып кеткен. Қазіргі уақытта жаһандану терминіне берілетін түсініктемелер өте көп. Жалпы, жаһандану - капиталдың, еңбек ресурстарының, тауарлардың бірігуі, сонымен қатар, компания, концерндердің және корпорациялардың іріленіп, әлемде таралуын айтамыз. Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық жаһандануға тән өзіндік сипаттар бар. Олар: әлемдік сауда-экономикалық одақтар мен бірлестіктердің пайда болуы, халықаралық және жаһандық валютаның пайда болуы, қаржы нарықтарының қызмет етуі, трансұлттық компаниялардың іріленуі, банктік, саудалық және кез келген қаржылық операциялардың жаһандық желілер арқылы қызмет жасауы. Өз кезегімде, әлеуметтік еңбек саласын, еңбек нарығындағы тұрақсыз жұмыс мәселесін зерттеуді жөн көрдім. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұрақтылық, адами потенциалдың қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен байланыстырылады.

2-мәтін
Қадірлі қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар!

Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.

Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.

Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.

Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі - күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі - әлеуметтік теңсіздік.

Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.

10

Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады, сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет - қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

[10]

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар Мәңгілік ел жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: ...біздің бір ғана Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді Мәңгілік Ел етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен Мәңгілік Елге жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгiлiк Ел, - деген сөздерімен толыға түседі. Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Кестені толтырыңыз.


Тілдік құралдар
Мәтіннен 2 мысал

1
Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер

2
Эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары

3
Ой салу мағынасында қолданылған сөздер

Мәтінді құрылымына сай бөліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз.
Мәтін бөліктері
Мәтін бөліктері басталатын сөйлем
Жанры, стилі
Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады?

Мәңгілік Ел сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?
Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз.

А. Очерк

Шешендік толғау С. Шешендік арнау Д. Баяндама

11

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.

[10]

Бүгінде біз - тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жазыңыз.

Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы шекараларсыз әлем тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.

12

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл
Грамматика мен
Балл
Сұрақты түсіну мен толық жауап

лексиканы дұрыс

беру қабілеті

қолдануы

5
Грамматикалық
және
5
Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі

қолдану
аясын өте жақсы

орынды.

түсінеді.

Талқылау кезінде өз ойын толық

Сөз саптауы дұрыс, анда-

жеткізе алады.

санда мардымсыз қателерді

жібереді.

4
Грамматикалық
және
4
Тақырыпты жақсы түсінеді.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген

сұрақтарға
жауабын

қолдану

аясын
жақсы

ойланып, әрі орынды жеткізеді.

түсінеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті

Сөз саптауы дұрыс, анда-

жеткізе алады, бірақ кейде сырттан

санда қателер жібереді.

қолдауды қажет етеді.

3
Грамматикалық
және
3
Тақырыптың
негізгі
тараптарын

лексикалық
құрылымдарды

түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды

қолдану

аясын
орташа

талдауда едәуір қиналады.

түсінеді.

Күтпеген
сұрақтарға
жауап

беруде

Сөз саптауы дұрыс, қателері

қиналады.

байқалғанмен,
түсінуге

Талқылау
кезінде
қолдауды
қажет

кедергі тудырмайды.

етеді, жауаптарын алдын ала дайындап

келгендей көрінеді.

2
Грамматикалық
және
2
Тақырыпты түсінуде қиналады.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген
сұрақтарға
жауап

беруде

қолдану

аясын
аздап

қиналады, тақырыпты ашуды дамыта

түсінеді.

алмайды.

Сөз саптауы нақты емес,

Талқылау
кезінде
қолдаусыз өзін

түсініспеушілікті тудырады.

көрсете алмайды.

1
Грамматикалық
және
1
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген
сұрақтарға
жауап

беруде

қолдану
аясын
өтеаз

қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

түсінеді.

Талқылауға өте аз қатысады.

Түсініспеушілікті

тудыратын,
қайталанып

келетін

қателер
жиі

кездеседі.

Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі


Жауабы

Балл

1.
Фактор, қоғамдық келісім, құндылықтар,
Мәңгілік ел,
3

тәуелсіздік.

2.
Бір ғана Отанымыз, Мәңгілік Елге
жететінімізге

1
сенімдімін, тағзым да, мақтаныш та сенім де, Мәңгiлiк Ел, сан

мың жылдан бергі асыл арманы

3.
Тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат,

әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда

13

бар әлеуетімізді салсақ, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын

1.
Ел ішіндегі тұрақтылық...
1

2
2.
Мәңгілік елге айналу үшін...
1

3.
Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың...
1

Жанры - мақала, шешендік сөз, стилі - публицистикалық
1

1.
Біз, Отанымыз, тәуелсіз елміз, әрқайсысымыз сезініп,
2

2. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де

С
1
4

Барлығы
10

Жазылым

Балл Сипаттамасы

9-10 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады.

Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

7-8 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағаттанарлық деңгейде қолданады.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады.

3-4 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады.

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама - қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2 Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
емес

Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

14

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым - 15 минут
Жазылым - 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
КТБ - көп таңдауды қажет ететін сұрақтар

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

15

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмал
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау
Балл

ар түрлері

уақыты, мин

1
9.1.2.1
қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-
Толық
Тапсырма
жұппен
орындалады.
Тыңдалым мен
10

экономикалық,
ғылыми
тақырыптарға
жауапты
Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын
айтылым

байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
қажет ететін
ортақ тақырыпқа
қатысты
мәтіндер
сабақтан тыс,

мәтіндердегі(дәріс,интервью)мақсатт ы
сұрақтар
беріледі, оқушы жеке отырып оқиды
қосымша

аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін

(немесе аудио арқылы тыңдатуға
уақытта

талдау;

болады).

өткізіледі (әр

9.1.3.1
тыңдалған
мәтіндегі ақпаратты өмірлік

Оқушылар
мәтінді
оқу
барысында
білім алушыға

мәтіннің
мазмұнын
түсініп,
мақсатты
3-5 минут

мәселелермен байланыстыра білу;

аудитория
мен
көркемдегіш
беріледі)

9.1.5.1
мәтіндегі
айтылған ойға
өз көзқарасын

құралдардың рөлін талдайды, өмірлік

мәселелерменбайланыстырып,өз

білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан

баға беріп айтады.

Тыңдаушы
жұбы
мәтін
мазмұны

бойынша сұрақтар қояды, көтерілген

мәселені талдайды. Дәл осылай екінші

оқушы
тапсырманы
қайталайды..

Сөйлеу

барысында

стильдік

ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің

дұрыс қолдана білуі бағаланады.

Бағалауәроқушығажеке-жеке

қойылады

16

2
9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның
Көп
Оқушыларға
120-150 сөзден
тұратын
15
10

қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау
таңдауы бар
мәтін беріледі. Мәтіннен қажетті

сұрақтарын құрастыру;

сұрақтар
ақпаратты іріктеп, берілген ақпаратқа

9.2.6.1
белгілі
бір мақсат
үшін оқылым
Қысқа
комментарий
жасайды.
Көтерілген

жауапты
мәселе бойынша оқырман тұрғысынан

стратегияларын тиімді қолдана білу.

қажет ететін
талқылау сұрақтарын құрастырады.

сұрақтар

Толық

жауапты

қажет ететін

сұрақтар

3
9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
Жазбаша
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың
25
10

көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді
толық
бірін
таңдап,жазбажұмысын

немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау
жауапты
орындайды.
Жазылым
жұмысында

жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті
қажет ететін
құрылымын сақтай отырып, көтерілген

эссе);

сұрақтар
мәселе
бойынша
екіжақты
пікірдің

9.4.4.2
салалас
құрмалас
сөйлемдердің

немесе жағдаяттың біреуін таңдап, өз

ойын
дәлелдеп,
салалас
құрмалас

мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.

сөйлемдерді
орынды
қолданып

жазады.

Барлығы

40
30

17

Қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017, Адам құқығы мен бостандығы бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.

Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсене қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]
Транскрипт
1-мәтін

ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО -- индустрияландыру символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.

Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.

Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.

Үшіншіден, біздің Болашақтың энергиясы атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар ЭКСПО көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар ЭКСПО көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
2-мәтін

Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

- Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай сай деп айта аламын.

Париждегі атақты Эйфель мұнарасы ЕХРО-ға арнап салынғаны белгілі. Астанадағы Нұр Әлем сферасы сол сияқты бүкіл әлем танитын көрікті ғимаратқа айналуы мүмкін бе?

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

- Біздегі Эйфель мұнарасы Францияның символы ғана емес, ол - бүкіл әлемде бәрі танитын көрікті нысан. Бірақ оның құрылысы басталғанда француздардың көбі жақтырмай,сын айтқан. Арада жылдар өтіп, Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін жаулап алды және оны қазір барлығы біледі. Сондықтан барлығына уақыт қажет сияқты. Меніңше, Астанадағы Нұр Әлем сферасы да танымал ғимарат атануы әбден мүмкін. Қалай болғанда да ол Астананың, Қазақстанның символына айналары хақ. Бірақ айттым ғой, бұл үшін уақыт қажет.
1-мәтін

Адам құқықтары мен бостандықтары - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтарына жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда адам құқықтары мен бостандықтары жасалған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында баяндалған.

2-мәтін

- Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз.

- Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық адам құқығын қорғау комитеті ел ішіндегі дау-дамайларды халықаралық деңгейде реттеуге атсалысады. Өркениетке ұмтылған кез келген зайырлы мемлекетте құқықтық келіспеушіліктің бәрі заң шеңберінде шешімін табуы тиіс. Комитет адамдарға дау-дамайды реттеудің халықаралық заңдардағы тетіктерін көрсетеді, құқықтық кеңес береді. Өкілдіктің көздегені - екі адамды бір-бірімен айтыстырып қою емес, керісінше, адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Комитеттің темірқазық етіп ұстанатыны - бейбітшілік, бейбіт бітім.

- Демек комитет өкілдігі Қазақстан азаматтарының арасындағы құқықтық дауларға тікелей араласады, солай ма?

- Иә, мәселен, кейбір азаматтық істер шешілмей немесе іске қатысты бұрмалаушылықтар болып жатады. Осындай жағдайда біздің өкілдік қызметкерлері дауды шешудің жолдарын көрсетіп, тәртіптерін түсіндіріп береді. Даудың әділдікпен бітіп, тараптардың бейбіт келісімге келуіне қызмет жасайды, көмектеседі.

- Халықтың құқықтық сауатының деңгейі жөнінде не айтар едіңіз?

- Көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен бәрі бірдей сауатты деп тағы айта алмаймын. Ел іші болғасын сауаттысы да бар, сауаты кемі де кездеседі. Көбіне адамдар салақтығының, жауапсыздығының кесірінен дауға тап болып жатады. Мысалы, салық төлеу мәселесінде үйінің, көлігінің немесе жерінің алым-салығын уақытында төлеп тұрса, ешқандай құқықтық дау туындамайды. Тек осыны ескере бермейтіндер бар.

- Құқықтық насихат жұмыстарын жүргізесіздер ме?

- Мектептерде, діни мекемелерде, жоғары оқу орындарында көпшілікпен кездесу өткізіп, құқықтық тақырыптарда әңгіме қозғап, түсініктемелер береміз.

- Әңгімеңізге рақмет.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
[10]
Биылғы жыл ел жылнамасында айрықша әріптермен жазылатын айтулы оқиғаларға толы болды десек, олардың көш басында төрткүл дүниенің назарын Қазақ еліне бұрған айтулы оқиға - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұрғаны талассыз. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді.

Көрме аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер еткенін ерекше атап өтті.

- Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік бергенін айтты. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.
Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз.

Іріктелген ақпарат
Комментарий
Мәселенің оң
1.

Жақтары
2.

Мәселенің
1.

мүмкіндіктері
2.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? Пікіріңізді білдіруде мәтіннен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз.
Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында жанры мен стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. Көркемдегіш құралдарды, ығайлас, себеп-салдар, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.

[10]

ЭКСПО Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, тиімділігі және келешекке көзқарас тақырыбында жинақы мәтін (тезис) жазыңыз. Жазба жұмысын орындауда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз.

Мектепте үзіліс кезінде Мақсат Қайраттың кітабын ұрлап алды. Қайрат кітабының жоғалғанын сынып жетекшісіне айтты, ол кімнің ұрлағанын анықтады. Сіздің ойыңызша, Мақсат қандай жаза тартуы керек? Өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз.

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл
Грамматика мен лексиканы
Балл
Сұрақты түсіну мен толық жауап

дұрыс қолдануы

беру қабілеті

5
Грамматикалық

және
5
Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі

қолдану аясын өте
жақсы

орынды.

түсінеді.

Талқылау кезінде өз ойын толық

Сөз саптауы дұрыс, анда-

жеткізе алады.

санда мардымсыз
қателерді

жібереді.

4
Грамматикалық

және
4
Тақырыпты жақсы түсінеді.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген

сұрақтарға
жауабын

қолдану
аясын
жақсы

ойланып, әрі орынды жеткізеді.

түсінеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті

Сөз саптауы дұрыс, анда-

жеткізе алады, бірақ кейде сырттан

санда қателер жібереді.

қолдауды қажет етеді.

3
Грамматикалық

және
3
Тақырыптың
негізгі

тараптарын

лексикалық
құрылымдарды

түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды

қолдану
аясын

орташа

талдауда едәуір қиналады.

түсінеді.

Күтпеген
сұрақтарға
жауап
беруде

Сөз саптауы дұрыс, қателері

қиналады.

байқалғанмен,

түсінуге

Талқылау
кезінде қолдауды
қажет

кедергі тудырмайды.

етеді,жауаптарыналдынала

дайындап келгендей көрінеді.

2
Грамматикалық

және
2
Тақырыпты түсінуде қиналады.

лексикалық
құрылымдардың

Күтпеген
сұрақтарға
жауап
беруде

қолдану аясын аздап түсінеді.

қиналады, тақырыпты ашуды дамыта

Сөз саптауы нақты емес,

алмайды.

түсініспеушілікті тудырады.

Талқылау
кезінде жақсы
қолдаусыз

өзін көрсете алмайды.

1
Грамматикалық

және
1
Тақырыпты
түсінуде

қатты

лексикалық
құрылымдардың

қиналады.

қолдану аясын өте аз түсінеді.

Күтпеген
сұрақтарға
жауап
беруде

Түсініспеушілікті
тудыратын,

қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

қайталанып
келетін
қателер

Талқылауға өте аз қатысады.

жиі кездеседі.

21

Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі

Тапсырма
Жауабы
Балл


1
Мәселенің 2 оң жағын көрсетеді;
2

Мәселенің 2 мүмкіндігін жазады;
2

Мәселенің оң жағына комментарий жасайды;
2

Мәселенің мүмкіндіктеріне комментарий жасайды
2
2
Пікірін жүйелі білдіреді
1

Авторына сілтеме жасай отырып, мәтіннен дәлелдер
1

келтіреді.

Барлығы

10

Жазылым

Балл
Сипаттамасы
9-10
Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік

құралдарды орынды қолданады.

Салалас құрмалас сөйлемдерді жүйелі қолданады, орфографиялық,

пунктуациялық нормаға сай жазады
7-8
Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік

құралдарды қолдануда мардымсыз қателер жібереді.

Салалас құрмалас сөйлемдерді жүйелі қолдануда, орфографиялық,

пунктуациялық нормаға сай жазуда жіберген қателері түсінуді

қиындатпайды.
5-6
Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік

құралдарды қолдануға тырысады.

Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда қателіктер жібереді

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер

(мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы,

шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық

қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4
Жанры мен стиліне сай құрылымы жүйесіз немесе анық емес.

Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда жіберген қателері ақпаратты

түсінуге кедергі келтіреді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық

қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы,

шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық

қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2
Стилі мен жанрына сай көркем тіл құралдарын, салалас құрмалас

сөйлемдерді аз қолданады немесе мүлдем қолданбайды.

Сөздері кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер

(сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың,

бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,

пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

22

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Суммативті бағалау құрылымы
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Тоқсандық жиынтық бағалау
Окыту сапасын бағалау объектілері
Пәндер