Мәдениет және ұлттық мәдениет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 222 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 03-18

Атемова Г. Т

«МӘДЕНИ - ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» ПӘНІНЕН

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

ШЫМКЕНТ - 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

«Мәдениет және өнер» факультеті

«Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы

Атемова Г. Т

.

6В11120 - «Мәдени-тынығу жұмысы» БББ бойынша

«Мәдени - тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері» пәнінен

дәрістер жинағы

Шымкент, 2023

ОӘЖ 378. 4. 006

КБЖ 82. 3

К 16

Құрастырған: Атмеова Г. Т. 6В11120 - «Мәдени-тынығу жұмысы» БББ бойынша студенттеріне «Мәдени - тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері» пәнінен дәрістер жинағы. - М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, 2023. - 222 б.

Лекциялар жинағы жоғары оқу 6В11120 - «Мәдени-тынығу жұмысы» БББ бойынша студенттеріне арналған. «Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері» таңдау компонентіне кіретін оқу бағдарламасы негізінде жазылды. Мәдени-тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің тарихи-мәдени дамуы, олардың, міндеттері, түрлері мен мазмұны туралы білім қалыптастырып, заманауи талаптар негізінде мәдени мекемелердің қызметіне ұлттық сипат енгізу жолдары қарастырылған. Лекциялар тақырыптары бойынша өздігінен білімін тереңдету мүмкіндіктері білім алушыға берілген өзін-өзі бағылауға арналған сұрақтар арқылы жасалған.

Рецензент:

Сапарова Ю. А. -п. ғ. к., М. Әуезов атындағы ОҚУ доценті

«Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының мәжiлiciндe (Хаттама №1, «27». 08. 2023 ж. ) және «Мәдениет және өнер» факультетінің әдістемелік комиссиясы карап (Хаттама №1, «29». 08. 2023 ж. ) баспаға ұсынды.

М. Әуезов атындағы ОҚУ әдістемелік кеңесі баспаға ұсынды (Хаттама №. «» . 2023 ж. ) .

© М. О. Әуезов атындағы ОҚУ, 2023ж.

Жауапты Атемова Г. Т

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
5: 5
Кіріспе:
5:
Кіріспе: І тарау. Ұлттық дәстүрлердің тарихы мен теориясы . . .
5: 7
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 1 Ұлттық дәстүрлердің бастауалды
5: 7
Кіріспе: 2 Дәстүрлік тынығу мен бос уақыт ұғымы . . .
5: 18
Кіріспе: 3 Мәдениет және ұлттық дәстүр . . .
5: 24
Кіріспе: 4 Мәдени-тынығу әрекеттерінің негізгі ұғымдары . . .
5: 29
Кіріспе:

5 Мәдени-тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің негізгі

міндеттері . .

5: 40
Кіріспе: 6 Мәдени-тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің негізгі бағыттары . . .
5: 46
Кіріспе: 7. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру . . .
5: 49
Кіріспе:
5:
Кіріспе: ІІ тарау. Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері
5:
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 8 Мәдени-тынығу жұмысының дәстүрлі сұхбаттық қалыптары . . .
5: 57
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 9 Жастар қарым-қатынасының дәстүрлі қалыптары . . .
5: 62
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 10 Ұлттық көркемөнер . . .
5: 77
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 11 Ұлттық қолөнер . . .
5: 109
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 12 Ұлттық мерекелік мәдениет . . .
5: 117
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 13 Дәстүрлі отбасылық мәдениет . . .
5: 136
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 14 Қазақтардың күнтізбелік мерекелері . . .
5: 167
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 15 Мәдени-тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерін жаңғырту жолдары . . .
5: 183
Кіріспе:
5:
Кіріспе: Бақылау сұрақтары . . .
5: 209
Кіріспе:
5:
Кіріспе: Студенттердің білімін бағалау критериялары . . .
5: 210
Кіріспе:
5:
Кіріспе: Ұсынылған әдебиеттер тізімі . . .
5: 211

Кіріспе

Бүгінгі Қазақстан аңызы мен діні, халық даналығы мен философиядан көрініс тауып этномәдени ерекшеліктерімен орын алған полиэтникалық мемлекет. Сол себептен біздің қоғамымыздың мәдени бейнесі терең тамырлы құбылыс деп атасақ болады.

Географиялық орналасу ерекшелігі, тұрмыс салты мен Қазақстан жерінде әуел бастан қалыптасқан мәдениеттің көпқырлылығы қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арақатынастар кіндігі болуының өзі Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени және сауда-саттық байланыстың мәдени тәжірибелер алмасу өзегіне айналдырды.

Осы байланыстар барысында Еуразияны мекендейтін халықтар идеялық және рухани құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастырып, оларды қарым-қатынас кілті мен амалына айналдырды.

Егемендікке ие болған бойда ортаазиялық мемлекеттердің бәрі де дәстүрлі мәдениетіне негізделген мәдениет және білім саласындағы саясат ұстанымын қалыптастыру қажеттілігін сезінді. Халқының қанына сіңген қайталанбас ерекшеліктерге ие мәдениет арқылы ұлттық сана сезімді оятып, даралығын дәлелдеп, тарихи-мәдени ортасын жаңғырту қажеттігі туындады. Оған дәлел қазақ дәстүрлі мәдениетін зерттеп, жаңғырту мақсатын көздейтін Қазақстан Республикасының он жылға созылып отырған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақ дәстүрлі мәдениетінің күрделі саласының бірі халықтың бос уақытын ұйымдастыру мәдениеті - мәдени-тынығу жұмысы. Өзге халықтар сияқты қазақ мәдени-тынығу жұмысының бастауалды ерекшелігі еңбекпен, өмір-тұрмыс салтымен тығыз байланыстылығында. Мәдениеттің реттеушілік міндеті мәдени-тынығу әрекеттері: ойын-сауық, салт-дәстүрлер, мерекелер арқылы атқарылған.

Дәстүрлі мәдени-тынығу жұмысының екінші ерекшелігі адам мен табиғат арақатынасына байланыстылығында. Табиғат құбылыстарын назардан тыс қалдырмай, тіпті оның өзгерістеріне тұрмыс-тіршіліктерін рәсімдеп реттеу қажеттілігінен туындаған салт-дәстүрлері, демалу, тынығу, сауық құру дәстүрлері қалыптасқан.

Адамзат қалыптасуы мен дамуының негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі - қарым-қатынас жасау. Бос уақыттағы мәдени-тынығудың сан-алуан түрлері арқылы әр адамның ой-санасын, қоғамдық қатынастарға түсу тәжірибесін қалыптастырып жетілдіретін, әлеуметтік орнына сай үйлесімді дамуына ықпал ететін жиын, мәжіліс, ойын-сауықтар да рухани қажеттілікті өтеген мәдени әрекеттер формалары.

Қоғам дамуы мен қоғам мүшелерінің рухани жетілуінің негізгі көрсеткіші өнер мен өнерге деген қабілеттілігі. Қазақ халқының рухани өмірін шыңдауға, мәдениеттің насихаттық, тәрбиелік міндеттерін атқаруға өнер түрлерінің барлығы да мәдени-тынығу әрекеті ретінде өз үлесін қосты.

Мәдени-тынығу әрекеттерінің ішінде әдебиеттен орын алып, ғылыми тұрғыдан зерттеу нысанына алынып отырған тек өнер саласы ғана. Қазақстанның ғылыми өмірінде мәдени-тынығу жұмысы не мәдениет, не салалы педагогика ретінде зерттеушілер тарапынан қарастырылған жоқ. Сол себептен мәдени-тынығу жұмысы туралы жүйелі көзқарас қалыптаспаған. Бұл саланың кейбір бағыттары ғана ғылыми ізденіс нәтижесі ретінде мақалалар жинақтарында жарияланған.

Мәдени-тынығу жұмысы туралы арнайы мәліметтерді басқа ғылым салаларынан табуға болады. Бірінші аталатыны тарихи еңбектер. Қазақстан тарихын зерттеушілер, осы салада оқулықтар мен оқу құралдарын жазып жүргендердің еңбектерінен тарихи-мәдени даму мәліметтері, археологиялық қазба жұмыстарының деректері алынды. Сонымен бірге қазақ жеріндегі тарихи даму және ежелгі өнер бастауларын зерттеушілердің еңбектеріндегі тасқа қашалып жасалынған ежелгі «суретшілер өнері» де бабалар өмірін реттеген рәсімдер мен дүниетанымын байқататын мәліметтерден хабардар етеді.

Мәдениеттанушылар еңбектерінде әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтары, қағидалары, мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлерінің мәнін, дүниетанымдық аспектілерін анықтауға негіз болды.

Өнертану саласындағы еңбектер қазақ халқының өнер туындыларының жанрлары мен даму жолдарын анықтауға, негізін қалаған авторларды тануға, олардың шығармаларында бейнеленген дала философиясының орын алуы туралы таным қалыптастыруға ықпал етті.

Қазақ фольклортанушылардың еңбектерінен фольклор міндеттерін, түрлерін, даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік болды.

Қазақ дәстүрлі мәдениеті туралы мәліметтердің негізі этнографтар еңбектерінде жарық көрген. Қазақ салт-дәстүрлері, шаруашылық салалары, наным-сенімдері, жер атаулары, бала тәрбиесі, қолөнер, киім мен әшекей бұйымдары т. с. с. мәліметтер қазақ халқының айналысқан мәдени әрекеттері туралы ұғым қалыптастырды.

Еуропалық елдерден Шығыс әлеміне жол салған саяхатшылар мен ғалымдардың, географиялық қоғам мүшелері мен діни сапар шегушілердің қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы жазба естеліктерін қалдырған, өз саяси-мәдени дүниетанымы тұрғысынан жазылған шығармалар болса да пәнді игерушілер үшін көптеген қажетті информация бере алады.

Мәдени-тынығудың дәстүрлі өнегесі туралы мәліметтер қазақ өмір салты мен мәдениетін бейнелеген деректі және әдеби шығармаларда да келтірілген. ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында сауатын ашқан жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің қазақ дәстүрлі мәдениеті туралы жазбағаны жоқ. Сол кездердегі газет-журналдарда шығарылған мақалалардың өзі халық рухани өмірінің өнегелерімен, айтыстар мен мерекелер, бала тәрбиесі мен саяткерлік т. б. туралы жазған.

І ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

Лекция 1.

Тақырыбы: Ұлттық дәстүрлердің бастауалды

Мақсаты : мәдени амалдардың тарихи-мәдени қалыптасуы туралы ой-пікір қалыптастыру

Міндеті: мәдениет бастауалды қалыптасқан адами әрекеттердің туындау факторлары, олардың мәдени амалдарды: сақтану, қорғану, ниеттендіру, үйлесімдік табуға бағытталу кезеңдері мен декректері туралы кезең-салаларын ажыратып, дәйектей білу

Сабақ қалыбы : шолу дәріс

Тақырыпты табысты игере отырып, Сіз:

Білесіз : мәдениет негізі ретінде дәстүрлердің қалыптасу факторлары мен жағдаяттарын

Бейімделесіз: қазақ дәстүрлі мәдениетінің дүниетанымдық негіздерін ажырата білуге

уметь : отличать мировоззренчение основы традиционной культуры казахов

Жоспар

1. Адами әрекеттердің туындау факторлары

2. Табиғы қажеттіліктерден туындағын алғашқы мәдени әрекеттер

3. Сақтану қажеттілігінен туындаған мәдени әрекеттер

4. Қоршаған ортамен уйлесімділік табуға бағытталған арнайы амалдар

Қажетті бұйымдар тізбесі : интерактивтік тақта, компьютер

Қолданылатын білім беру технологиясын тізбесі: әңгімелесі, иллюстрация, шағын сауал

Жоспар

  1. Адамның табиғы қажеттілігін өтеуден туындаға алғашқы мәдени әрекеттік амалдар
  2. Терімдік, аңшылық, ол өнімдерді өңдеу сатылары алғашқы адам және шағын топ қажеттілігін өтеу( қарапайым қару, терімдік қорек, аңшылықпен тапқан қоректер - алғашқы қауымдасып еңбектену дәстүрлері.
  3. Қоршаған ортаны игеру амалдарының мәдени сипаттары.
  4. Өміріне зиян келтірмейтін өсімдіктер мен жануарлар мүшелерін қорғаныс бұйымы ретінде сақтау
  5. Археологиялық қазбалардағы солардың дерекнамалары.
  6. Қоғамдасу арқылы топтық жұмыс нәтижелігін тану арқылы қауымдасу, қорек табу жолдарын үйрету арқылы сабақтастыққа бейімдеу
  7. «Дала галереся» деп танылып отырған тасқа қашалған тұрмыстық жағдаяттағы суреттер(гравюралар) мәлімдемелері.
  8. Археологтар табысы көне домбыра үлгісінің табылуы.
  9. Кұнге табынудан туындаған рәсімдік әрекеттер.
  10. Аруақтарға табыну,
  11. Отбасылық салт-дәстүрлер мен мерекелер.
  12. Азамат тәрбиесі.
  13. Көші-қон өмір салтына байланысты сат-дәст. рлер.
  14. Мемлекеттік құрылымдар мен идеологиялық ұстанымдар өзгеруінің дәстүрлі мәдениетке ықпалы.
  15. Этнографиялық материалдар жинақтау әдістері.

Теориялық материалдар

Ұлттық дәстүрлер ең демократиялық мәдени құбылыс ретінде ел, дәуір, халық туралы ой-пікір қалыптастырады. Бұхаралық мерекелер мен салт-дәстүрлер, ойын-сауық пен саяткерлік, көркемөнер мен қолөнер туындыларының тарихи-мәдени дамуы мен халықтық сипатына талдау жасап, жоғарыда айтылған пікірге дәлел табамыз. Ұлттық дәстүрлерге үстірт шолу жасаудың өзінде ол халықтың табиғи қажеттілігі болғанын аңғарамыз.

Өмір сүру қажеттігін өтейтін алғашқы еңбек қаруларын жасаудан бастап, табиғат туындыларын өзіне бейімдеп, тіршілік ортасын жасап адам әлеуметтік-мәдени әрекетке ене бастаған.

Қоршаған ортаны игеру барысында табиғатпен үндестік табу, оның дүлейінен сақтану, сұлулығын мадақтау - алғашқы мәдени әрекеттер бастаулары екені анық. Терушілік заманында алғашқы адамдар зиян келтірмеген өсімдіктер түйнегі мен дәнегін кептіріп, қорғаушы және қажеттілікті шақырушы бұйым ретінде тізбектеп мойынға іліп, ең мықты аңның, құстың күш қоры болып есептелген дене мүшесін қорғаныс құралы, қуат қоры тұтып бойында сақтау арқылы өмірін реттейді деген үмітпен арнайы амалдар жасаған. Жігер, қуат жинау үшін тұрмыстың сәттілік кезеңін үйрету мақсатымен, жадыға сақталып, бейнелі түрде көрсетуде саздық, ритмдік сүйемелдеу жасау да алғашқы қауым мүшелерінің адами қалыптасуының, рухани қажеттілікті өтеудің бастапқы сатылары десе де болады.

Адамдардың тағы бір ерекше қасиеті топтар мен қауымдастықтар құру арқылы олардың мәнін ұғыну. Қоғамдық өмірдің мәнін ұғыну арқылы адамдар қоршаған ортаны ұйымдастырып, тұрмысты реттейтін әрекеттер белгілеген.

Көне дәуір адамдарының өмірі туралы мәдени информацияларды археологиялық қазбалар материалдары сипаттайды. Олар арқылы қоғамның шаруашылық үлгілері, өмір салты, дүниетанымы туралы мәлімет алып, пікір қалыптастыра аламыз.

Алғашқы қауым адамдары тіршілік қажеттіліктерін табиғатпен үндестік табу арқылы өтеген. Ол қажеттіліктер материалдық орта құрумен қатар, өмір тіршілік ережелерін ойластырумен ұштасқан. Осы әрекеттер арқылы алғашқы қауымдық материалдық және рухани өмір негіздері қалыптастырылған. Олардың өшпес куәлары - тасқа қашалып жасалған сол кездегі өмір құндылықтары мен өмір салтының суреттемелерін сипаттайтын «гравюралар». Оларда алғашқы қауым адамдарының өмір заңдылықтарын тануға, қоршаған ортамен байланыс жасау жолдарын үйренуге деген талпыныстары мен көзқарастары бейнеленген.

Археологиялық қазбалардағы бұйымдар арқылы алғашқы адамдардың өз өмірін табиғат құбылыстарымен теңдестіріп қарайтыны дәлелденеді. Олар жыл мезгілінің айналып келуі сияқты өмірден өткен адам да қайта оралатынына сенгендіктен, қабірге отбасы мүшелерін, қаруы, ат-әбзелдерін, ыдыс-аяғын бірге жерлеген. Бұл ақпар көне жерлеу салты туралы мәлімет береді. Қазақ жеріндегі археологиялық қазбалар бұл салттың кең тарағанын баяндайды. Көне жерлеу салты туралы мәліметтерді Есік, Бесшатыр, Сыпыра-оба, Қара-оба т. б. зираттарында жүргізілген археологиялық есептерден табамыз.

Көшпелілер өмірінде мерекелеу, тойлау, рәсімдік әрекеттер қалыптасуы туралы мәліметтерді тек археологиялық қазбалардан ғана емес, сонымен бірге дала галереясы іспеттес сақталып қалған тасқа қашалып жасалған көне дәуірден келген суреттерден де анықтауға болады. А. Ц. Медоевтың «Наскальные гравюры», Р. Л. Садоковтың «Тысяча осколков золотого саза», Ө. Жәнібековтың «Эхо», Т., Ә. Қоңыратпаевтардың «Көне мәдениет жазбалары» еңбектерінде келтірілген қазақ мәдениеті қалыптасуының бастауалды мәліметтерінде мерекелеу, ойын-сауық құру халықтың рухани қажеттілігі болғаны дәлелденеді. Қой қырылған қала /Антикалық Хорезм/ қазбаларынан табылған мүсіншелерде қос ішекті аспап ұстап отырған сазгер бейнеленгенін Р. Л. Садоков баяндайды. Музыкалық аспаптанудың көне мәдениетін зерттеуші автордың пікірі бойынша, ең кемінде екі мың жыл бұрын қолдануда болған музыкалық аспап бүгінгі қазақ домбырасының ежелдегі прототипі /үлгісі/ екендігі туралы айтылады. Сонда музыкалық аспап пайда болғанға дейін қалыптасқан рәсімделген әрекеттердің жыл санауы шегініңкірейді. Ендеше дәстүрлі мәдени әрекеттер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың мәдени қалыптасуына ықпал еткен алғашқы мәдени формалардың бірі десек те болады. Оған дәлел А. Ц. Медоев шығармасында келтірілген тасқа қашалған гравюлардағы алғашқы қауым адамдарының қуаныш кезеңін сипаттаған топтасқан әрекет жасап жатқан кезеңінің бейнеленуі. Соның бірінде адам бейнелі гүлденген ағаш, күнбасты адам, олардың аяқ жағында қойлар, ал төменінде қол ұстасып билеп жүрген адамдар бейнеленген. Мұны толыққанды сюжеттік композиция ретінде қабылдауға болады. Ағаш гүлденуіне себепкер болған күнге қойларды құрбандыққа шалып, осы уақиғаға байланысты салтанат құру кезеңі деп оқыса да болады. Сонда ол алғашқы қауымдағы адамдардың Наурыз тойын мерекелегені деп түсінсе де болады ғой. Қол ұстасып билеп жүрген бейнелер этнографиялық «Алтынай» би ансамблінің «Алқақотан» деген биіне негіз болған.

Күнге табыну, Күннің киелі тазартушылық қасиетін қастерлеуден отқа табыну бастау алады. Жоғарыда аталған қайталану табиғат пен өмір заңдылығы деп түсіну, сол қайталанудың жолынан адаспай, оралу ізін жамандықтан сақтау үшін отпен тазартқан. Оттың жер астындағы үлгісі - қызыл бояу болған. Археологиялық қазбаларды жүргізуші ғалым К. Ф. Смирнов айтылған ойды дәлелдейді. «Батыс Қазақстанда зират үстіндегі ағаштан көтерілген «үйлердің» өртелгенін мәлімдейді. Елек пен Орал савроматтардың, Арал бойындағы сақтардың қабірінен қызыл бояуды көруге болады. Ол от пен күннің нышаны», - дейді ғалым.

Ал Ж. Нұсқабайұлы мен Ө. Жәнібеков құрастырған Көне Отырар альбомында Кенгу Тарбан Отырарда құдалық пен той бейнеленгенін келтіреді. Отқа, жылқыға, күнге табынушылық қазақ мал өсіруші тайпалары дүниетанымының басты белгілерінің бірі болған.

Күн мен отты, ошақты дәріптеу дәлелі - қола /Жетісу/, тас /Арал, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Орал/ құрбандық алтарьлары.

Қазақ арасындағы отқа табыну әдетіне тоқтай келіп, Шоқан Уалиханов - «монғолдар сияқты, қазақтар да отты әулие тұтқан. Сол үшін де - «от ана»деп атап, оның әр түрлі пәле-жала, қауіп-қатерден сақтайтын киелі күшіне сенген», - дейді. Расында да қазақ өмірінде отқа табыну, оттан аттамау, отқа түкірмеу сияқты ырымдар қатты сақталады. Қазақ тіпті от орыны - жер ошақты да қасиет тұтқан. Ол жек көрген, өштескен адамын да «отың өшсін», «күлің көкке ұшсын» деп қарғаған. Күнәлі не ауру адамды екі оттың ортасынан өткізген. Көп алдында ант берген адам отпен аласталған. Оның бәрі жамандықты өртегені. Ш. Уалиханов «қазақтар ай жаңасын көргенде жерге маңдайын тигізіп бас иеді. Жаз болса сол бас иген жерінен шөп алып, үйіне әкеліп отқа тастаған», - деп жазған.

Отқа табыну тек рәсімдік әрекеттер арқылы ғана атқарылған жоқ. Отқа табыну арқылы қоғамдық өмірді реттеп, елді басқарып, әлеуметтік топтар қарым-қатынасын қалыптастырған.

Мидияда Ксеркс әкесі Дарийдің басқару кезеңінде от храмы - Дэу салынған. Оның қирандысында қалған жазулардың бірін Е. Герцвальд «Осы қасиетті от арқылы Ахурамазданы дәріптегенмін» деп оқыған. Б. д. д. V ғасырда Иран патшасы Дарий өзі басып алған елдерді бір құдіретке табындыру мақсатымен мемлекеттік дін енгізген. Бұл діннің аты парсы дінінің негізін қалаған Заратуштраның атына байланысты зороастризм деп аталады. Бұл дінді ұстанушылар табиғат және ондағы құбылыстарға сиынатын кейбір халықтардың діни мерекелері мен әдет-ғұрыптарын шеберлікпен пайдаланады. Бұл діннің пайда болып қалыптасуында Орта Азия халықтарының маңызы үлкен болғаны күмәнсіз. Орта Азия халықтары отқа, суға табынған. Күнді жоғарғы құдірет деп санаған. Орта Азия көне қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде жергілікті халықтар табынған «от үйлері» табылған. Көшпелі түркі тайпаларының арғы тегі саналатын массагеттер күнді жоғарғы құдірет дәрежесіне көтерген. Бұл жайында Геродот шығармасынан дәлел табамыз: «массагеттер бидай екпейді, бірақ олар мал шаруашылығы және балық аулаумен тіршілік етеді. Аракс өзенінде -Қызылсу балық қоры өте мол. Олардың сиынатын жалғыз құдайы - күн. Олар күнге арнап жылқы малын құрбандыққа шалады. Оның мәні ең жүйрік құдайға ең жүйрік жануарды құрбандыққа шалу керек», -деп түсіндіреді Геродот. Оған дәлелді қазақ жерінде сақталған Маңғыстау түбегіндегі жартаста қашап салынған Шақпақ ата жертөле мешітінен табуға болады. Мешіт Маңғыстауға мұсылман діні келмей тұрып салынған болса керек. Алғашында оның ең үлкен бөлмесі отқа табынушылардың ғибадатханасы болған сияқты. Мұндай болжам жасауға мешіттің «Шақпақ» - тас, от, «Ата» - қастерлі жер, әулие деген сөздерден тұратын атының өзі де меңзеп тұрғандай. Отқа табынушылық ортағасырлық қоныстарда да болған.

Күн мен отқа табынумен қатар адамзат басқа да табиғат күштерін құдірет тұтты. Олардың ықпалы арқасында адамзат дүниетанымына өзгерістер енді. Бірақ көшпелілер өміріндегі рухани мұраны заттық айғақпен шектеуге болмайды.

Материалдық құндылықтан гөрі адамның рухани әлемін жоғары бағалаған бабаларымыз өмір тәжірибесін, таным мен тәлім берер байлығын, бабасынан қалған рухани асылдарын ұрпағына жеткізген. Рухани сабақтастық - көшпелілер үшін тұрақтылық кепілі және айрықша қасиет. Бұл орайда қазақ мәдениетін тереңінен зерттеуші ғалым А. Сейдімбек пікірі арқылы біздің ойымыздың дұрыстығына дәлел табамыз: « . . . материалдық өндіріс пен мәдени дамудың өзара байланысы бір-біріне үнемі сай келе бермейтінін атап өткен жөн. Мұның өзі, төлтума мәдениетін көшпелі өмір салтта қалыптастырған қазақ халқының мәдени-рухани әлемін парықтауда айрықша қажет». Көшпелілердің рухани өмірінің сабақтастығы біздің жыл санауымыздан көп бұрын қалыптастырылып, далалық ру-тайпалардың сол өмір салтымен жиырмасыншы ғасырға аяқ басуына дейін жеткізілді, бүгінгі күнге дейін ұлттық рухани-мәдени өмірінің мызғымас алтын тірегі ретінде сақталды.

Ру, тайпаның бастау алған жануары - тотем. Оны пір тұту арқылы әр адам санасында қауымын сақтандырамын, жеңіске жеткіземін деген дүниетанымы қалыптасқан. Сол жануардың жалын, қылын, құйрығын, басын т. б қарудың басына ілу арқылы табынатын жануардың жеңіске жеткізетініне, оның шамадан тыс күш-қуат беретініне сенген. Сыртқы жағымсыз күштердің ықпалынан сақтану үшін тұмар таққан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
МӘДЕНИ САЯСАТ ПРИНЦИПТЕРІ
Адамзат рухани мәдениетінің мақтанышы
Мәдени саясаттың модельдері
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Мәдениет және оның қалыптасуы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Тіл және ұлт - мәдениет құрамы
Мәдени саясат
Спорт саласын қолжетімді ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz