Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Анвар Исмаилов атындағы өнер кәсіптік колледжі

Курстық жумыс

Пәні:Өндірістік және арнайы пәндерді оқытуды уйимдастыруді және әдістемесі
Тақырып:Сабақа қойылатын дидактыкалық талаптар

Орындаған:ТП201Б тобының студенті Мухсумбаев Б
Қабылдаған оқытушы:Умарова С.A

Аксукент-2023ж
Мазмұны
Оқу материалымен алғашқы танысу сабағы

Кіріспе сабақ

Жаңа білімді меңгеру сабағы

Меңгерілеген сабақты тәжірибеде қолдану сабағы

Дағдылану сабағы

Қайталау, пысықтау және қорыту сабағы

Бақылау сабағы

Кіріспе
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал - жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс - тәсілдердің түрлері жазылады.

Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. Мұғалімдер оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиетте жіктеудің 20 - дан астам түрі бар. Солардың ішінде ең кең тараған түрі: Огородников, Бабанский, Лемберг сынды ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйелері. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген:
1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)
2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)
3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.
Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20%, көру қабілеті арқылы 40 - 60% қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.
Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс - тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан да көрінеді.

Оқу - тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. Ең бірінші, мұғалім өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер, шебер болуы керек. Оның үстіне өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт.

Екіншіден, шәкірттермен қарым - қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап етіледі. Мұғалім шәкіртімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, оларды өз ойларын қысылмай - қымсынбай айтуға, пікірін еркін, ашық айтуға тәрбиелеп отыруы керек. Оқушы мұғалім қойған талапты зорлықпен емес, саналылықпен орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.

Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік - жігерін, т. б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.

Мұғалімнің көңіл - күйі, жинақтылығы, жүріс - тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл - күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.

Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі - балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл - ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақта оқушылардың әректін ұйымдастыру формалары. Мектептің аса жауапты міндеті - оқушыларды ғылым негіздерімен берік және терең қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануының оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ - сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әр бір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ беруінде ірі кемшіліктер болмақ.
Әр мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап педагогикалық процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұрақтарға жауап беруі керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай.
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді.
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсы.
4. Бұл ой қандай жүйемен баяндалмақ.
5. Олар қандай жолмен негізделмек.
6. Қандай қорытындылар керек.
7. Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланылмақ.
8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек.
9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек.
10. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.
Озық тәжірибелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен дайындалады. Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:
- алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау;
- өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу;
- кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу - сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады.
Мектепте оқу материалы әр бір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.
Тақырыптық жоспарлау - белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.
Ол мұғалімге бір сабақтың келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізігі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралақ байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарды ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.
Жеке сабақ жоспары - әр мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде қандай жұмыс жүргізетіндігін анықтайды. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:
1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.
2. Сабақ тақырыбы.
3. Сабақ мақсаты.
4. Сабақ құрылымы (дидактикалық кезеңдері).
5. Мазмұны.
6. Әдіс тәсілдері.
7. Құралдары.
8. Үй тапсырмасы.
9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Тәжірибелі мұғалімдер жоспар бойынша сабақ өткізілгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды. Талдауда төмендегі мәселелер еске алынады:
- тақырып мазмұнын оқушылар қалай игерді;
- сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
- дидактикалық және тәрбие міндеттері қалай шешілді;
- жетістіктер мен кемшіліктер;
- кемшіліктерді келесі сабақта болдырмау жолдары.
Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Мұғалім алдыңғы қатарлы тәжірибені, мамандығына байланысты жаңа әдістемелік еңбектерді үнемі зерттеп, оқып, тиімді пайдалану жолдарын іздестіріп отыруы тиіс.
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Солндықтан олармен жеке-дара, топтық және ұжымдық, фронтальдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.

Сабақта оқушылар әрекетін ұйымдастыру түрлерін төмендегідей сызбадан көруге болады.

Сызба. Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары.
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке-дара жұмысының түрі. Себебі әр оқушы білімді өз шамасына, дайындығына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай, жеке-дара жұмыс әр оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып, білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Жеке-дара жұмыс түрлері

Оқулықпен жұмыс

Практикалық жұмыс

Мұғалім тапсырмасы бойынша түрлі лабораториялық тапсырмаларды орындау

Топтық жұмыс - сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруы
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай және бірнеше бөлшекке бөлу жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмамен шағын топтарңға бөліп, өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді.
Топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шарттары

Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

Жолдастарымен ақылдасуға үйрету;

Оқу тапсырмасының нақты болуы;

Тапсырмаларды топ арасында үйлестіру іскерлігінің болуы.

Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыс ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әр бір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.

3. Конференция - кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.

Пәндік үйірме - мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.

Сынақ - бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.

Үй жұмысы - сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.

Үй жұмысын дұрыс ұйымдастырудың шарттары:
1) тиімді орындау туралы нұсқау беру;
2) үй тапсырмасы оқушының қызығушылығын оятуы тиіс, ол өмірмен, тәжірибемен байланысты болуы ьтиіс;
3) үй жұмысы шығармашылық сипатта болуы тиіс;
4) үй жұмысын орындау жолын түсіндіру керек;
5) үй тапсырмалары оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне, ойлау қабілетіне сәйкес болуы тиіс;
6) үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында оның жақсы жәәне нашар жақтарына назар аударту керек;
7) тапсырмаға әділетті баға қою керек;
8) мұғалімнің бағалауы мен өзін өзі бағалауды ұштастырып отыру қажет.
Үй жұмысын орындаудың ұзақтығы оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі болып келеді: 1,2 сыныптарда - 1 сағат; 3, 4 сыныптарда - 1,5 сағат; 5 - 8 сыныптарда - 2 сағат; 9 -11 сыныптарда 3 сағат болуы тиіс. Қоғамда болып жатқан елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру шартында өмір талабына сай мектеп оқушыларына сапалы білім беру, өнегелі де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, жетілдірілген оқыту технологияларын меңгеру, сабақты ғылыми негізде ұйымдастыру - өзекті мәселелердің бірі. Көтеріліп отырған өзекті мәселені қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды күшейту, талдау жасай отырып оларды орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асыру. Ол үшін мектептерде оқушыларды нақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыратын мақсатты, нәтижелі оқу жүйесі құрылуы керек. Кез келген мектеп оқушылары меңгеруге тиісті білім мен іскерлік шеңбері анық та дұрыс сызылып алынғаны жөн, ал негізгі алынатын білім анықталғаннан кейін, күтілетін нәтижелер сабақтың жүргізілу шеберлігі мен мұғалімге байланысты. Себебі сабақ - оқыту жүйесінің негізгі құрам бөлігі, мұғалім мен оқушылардың білімі және іскерлігі белгілі бір деңгейде тек сабақта ғана байқалады. Сабақта алынатын барлық бақылау мен өздік жұмыстарда білімі орташа оқушыларға қиыны, мықтыларға қызығушылығын жоғалтып алмайтындай түрлі деңгейдегі тапсырмалардың берілуін ойластыру ұсынылады. Ал қосымша сабақтарда оқушылардың өздерін қызықтыратын немесе жоғары оқу орындарына түсуге ниеттеніп дайындалатын пәндер бойынша шығармашылық күшті талап ететін күрделі, жүйелі тапсырмалар түрі берілуі керек. Оқушының дайындық сапасы оқу пәндеріне, яғни оның мазмұны мен әдістемелік шеберлігіне, сабақта білім алуға жасалынған жағдайларға, яғни қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарға тығыз байланысты. Тұлғаны қалыптастырып дамыту және сапалы білім беру мақсатында төмендегідей талаптар ұсынылады:
1) Сабақта бағдарлама-әдістемелік талаптардың нақты және шығарма-шылықпен орындалуы; сауатты түрде сабақ түрлерін анықтау, оның бөлімдегі, курсаралық байланыстағы орны, әр сабақтың өткізілу ерекшеліктері.
2) Әр түрлі жастағы оқушы-лардың, сыныптың оқу мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелері мен сынып ұжымына қалыптасу деңгейлерін, қызығушы-лықтарын, бейімділіктерін, қажеттіліктері мен сұраныстарын, білімдегі кемшілік-тертерді жоюға талпыныстарын ескеру.
3) Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпыоқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; оқушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл - ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.
4) Сабақтың жүргізілу қарқыны мен тиімді құрылымына қарай таңдау, алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану.
5) Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушы-лардың ықыласын, назарын аудару.
6) Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайда-лануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңге-руге жол бермеу.
7) Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, оқушылардың өздік жұмыс-тарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда оқушыларға оқу жаңалықтарының мазмұ-нын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.
8) Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.
9) Диагностикалау негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға дифференциялды көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен жүзеге асыру.
10) Барлық оқушылардың сабақта өз әрекеттеріне, дағдыларына белсенді және саналы қарым-қатынастарын, оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру; сабақта, бақылау мен білімді бағалауда, оқушылардың іскерлік пен дағдыларында тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктер жақсы ұйымдастырылған оқуды пайдалану.
11) Жоғары талаптардың үйлесім-ділігі негізінде оқушылардың жеке басына құрметпен қарым-қатынас, жұмыста сынып ұжымына тірек болуға, мұғалімнің жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалдарға жетуге ұмтылысы.
12) Кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің талап-тарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т.б)
13) Сабақта жайлы жұмыстар үшін эстетикалық және гигиеналық шарттарды сақтау.
14) Оқушылардың уақыттарын ескере отырып, қиындықтар түсір-мейтіндей етіп үй жұмыстарының көлемі мен мазмұнын анықтау, үй жұмысын орындауда мән-мағынасына және тиімді орындау әдістеріне түсінік беру; қай жерде қысқартуға болатын үй жұмысының көлемін емес, керісінше сабақта оқудың артықшылығын сезінуге талпындыру.
15) Оқыту жағдайы өзгертілгенде, сабақтың түпкі мақсатын анық тексеру және бірмезгілдік дайындықты ыңғайлап қайта құру, методикалық нұсқалардың қосымша қорын іске асыруға көшу.
16) Сабаққа қатысу барысында алынған өздікталдау арқылы білім нәтижесін, тәрбиені, оқушының дамуын анықтау, оларды алдыға қойылған педагогикалық міндеттермен салыстыру, жетістіктер мен кемшіліктердің басты себептерін табу, келесі сабақты жоспарлағанда, өздікталдаудың нәтижесін, шешімін еске алып отыру.
Сонымен қатар бүгінгі таңда мұғалімнің басты назарында ұстайтын сабаққа қойылатын арнайы талаптар өзара психологиялық және дидактикалық талаптар деп бөлінеді. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптарға жататындар:
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
- Психологиялық ерекшеліктерді (есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген ықыластарын, көңілін, ерік-жігерін, темпераментін, елестетуі мен меңгеруін) ескеру;
- Сабаққа гигиеналық талаптар;
- Меңгерген білімдеріне, тәрбиесіне, іскерліктеріне өзіндік сыни көзқарастары.
С.И. Высоцкийдің психологиялық зерттеулеріне қарағанда оқушының сабақта оқуға деген ықыласының бұзылу дағдарысы:
1. 14-18 минуттарда
2. 11-14 минуттан кейін
3. 9-11 минуттан кейін
4. 8-9 минуттан кейін деп берілсе, ал меңгеру уақыты:
1- 4 минуттарда 60 %
5- 23 минуттарда 80 %
23- 34 минуттарда 45-60 %
35- 45 минуттарда 6 %- ды көрсетеді.
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- Білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау. Сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау.
- оқушылардың дайындығын ескерумен қатар, сабақ мазмұнының оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау.
- Оқушылардың ғылыми білімді меңгеруі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасуын сабақта және оның жеке кезеңдерінде бақылау.
- Тиімді методтар, әдістер мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау.Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау.
- Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.
- Оқушылардың ойдағыдай оқуына жағдай жасау т.б.
Талаптарды сәтті жүзеге асуыруда пайдаланылатын сабақтардың негізгі түрлері:
1. Жаңа білім беру сабақтары - дәстүрлі (аралас) сабақ, дәріс, серуен, саяхат, іздендіру жұмысы, оқу және еңбек тәжірибесі. Мақсаты оқыту мен алғашқы білімді бекіту болып табылады.
2. Алған білімді бекіту сабақтары - тәжірибе, саяхат, лабораториялық жұмыс, әңгімелесу, кеңес беру. Мақсаты білімді қолдануда іскерлікті шыңдау болып табылады.
3. Білімді кешенді түрде қолдану сабақтары - тәжірибе, лабораториялық жұмыс, семинар т.б. Мақсаты жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану іскерлігін шыңдау болып табылады.
4. Білімді жүйелеу және кеңейту сабақтары - семинар, конференция, дөңгелек үстел т.б. Мақсаты білімді бірыңғай жүйеде кеңейту болып табылады.
5. Білімді бақылау, бағалау және талдау сабақтары - бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, білімді тексеру т.б. Мақсаты білімді, іскерліктерді, дағдыларды меңгеру деңгейлерін анықтау болып табылады.
Сабақ түрлеріне сәйкес біртұтас үш мақсат
Білімділік: Оқушыны білім, іскерлік, дағды жүйелерімен қаруландыру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойына ғылыми көзқарас, тұлғалық адамгершілік қасиеттер, пікірлер мен сенімдер қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқыту барысында оқушының танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттіліктерін, еркін-дігін, көңіл күйлерін, танымдық қабілет-тіліктерін, есте сақтауларын, назарын, түсініктерін, қабылдауларын дамыту.
Қазіргі сабақтардың негізгі құрамдас бөліктері (компоненттері):
1. Ұйымдастырушылық - сабақ барысында сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп пен тәрбие.
2. Мақсаттық - сабаққа және оның әрбір кезеңдеріне мақсат қойғандағыдай, оқушылардың алдарына да мақсаттар қою.
3. Қызығушылық - оқытылатын материалдың тақырыпта ғана емес, бүкіл бөлімдегі маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтік - мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Мазмұндылық - оқытуға, бекітуге, қайталауға, өздік жұмыстарға материалдар іріктеу.
6. Технологиялық - өтілетін сабақ, тақырып, сынып үшін оқыту әдістерін, методтарын, түрлерін таңдау.
7. Бақылау-бағалау - бағаны оқушының сабаққа қатысу әрекетін, танымдық қызығушылығы мен белсен-ділігін арттыру үшін пайдалану.
8. Аналитикалық - сабақ қорытындысын шығару, сабақтағы оқушы-лар әрекеттеріне талдау жасау, сабақты ұйымдастырудағы жеке әрекетінің қоры-тындысын талдау.
Жоғарыда көрсетілген қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар, сабақ түрлері, олардың мақсаттары, негізгі құрамдас бөліктері туралы сөз еттік. Енді сол сабақтарды қалай құруға немесе қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы қысқаша тоқталып өтелік.
Сабақ оқушыларды тек біліммен, іскерлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның мазмұндылығы талқыға түспей-тіндей, сабақта не іске асса да, оқушылардың шынайы қызығушылығын арттыратындай қалай ұйымдастыруға болады?
І. Біріншіден, сабаққа дайын-дықты неден бастау керек?
- өзің үшін сабақтың тақырыбын нақты анықтау;
- тақырыптағы сабақтың орнын, ал тақырыптың жылдық оқу бөліміндегі орнын анықтау;
- сабақтың жалпы міндеттерін көрсету;
- сабақтың мақсаттары мен міндеттерін нақтылау, сабақтың негізгі басшы міндетін ашып көрсету, мақсаттар мен міндеттердің оқушыларға түсінікті, оңай, қолайлы болуы үшін жоспарда оны жазып және олармен таныстырып отыру;
- сабақ бағытталып жүргізілетін негізгі түсініктерді анықтау немесе керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілеп алу;
- оқушы сабақта нені түсініп, нені есте сақтауы керектігін анықтау, сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуі қажет;
- оқушыға қандай оқу материалын, оған қатысты қандай қызықты деректерді, оларды дәлелдейтін басты идеяларды қанша көлемде, қалай хабарлау керектігін анықтау. Ол үшін төмендегі мына ерекшеліктерге назар аударуды қажет етеді:
1. Сынып оқушыларының ерекшеліктері:
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
«Дарвинизм»
Пәндер