Девиантты мінез - құлықты балалардың ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Р. С. Касымова
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ
ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы
Алматы, 2020
ӘӨЖ 37. 0
Пікір берушілер:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ п. ғ. д., профессор Ш. Т. Таубаева
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетініңп. ғ. д., профессор Г. Ә Мұратбаева
Абай атындағы ҚазҰПУ п. ғ. к., доцент К. А. Абдреймова
Касымова Р. С.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясы: Оқу құралы. Алматы: ҚазҰУ, 2020. - 200 б.
ISBN
Оқу құралы ғылыми -педагогикалық бағыттағы магистранттарға, студенттерге, әлеуметтік педагог мамандарға арналып жазылған.
Оқу құралында әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары бойынша қысқаша талдау, әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, тапсырмалар, өзіндік бағалауға арналған тестілік сұрақтар, ұсыныстар мен талаптар берілген. Әлеуметтік мәселелерге қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналады.
КІРІСПЕ
Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығушылығы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктеуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, ұстазбен білім алушының ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады. Тәрбиенің мақсаты - қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяр, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін мойындайтын, белсенді, сонымен бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті бәсеке қабілеттті маман тәрбиелеу. Осыған орай еліміздің жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогика пәні оқу бағдарламасына енгізілген және ол базалық пән болып табылады. Қазіргі таңда көптеген педагогикалық білім беру университеттерінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалавр-магистратура- Ph докторантура деңгейлері бойынша маман дайындайды.
Әлеуметтік педагогика пәнін оқып үйрену барысында студент төмендегі біліктер мен дағдыларды меңгереді атап айтсақ: әлеуметтік - педагогикалық тәжірибенің теориялық қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру; ағымдағы басылымдардың және бастаулардың материалдарын өз-бетімен талдауды жүзеге асыруды; әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін отбасы, әр жастағы балалар сияқты түрлі категориялармен жұмыс жасаудыңтиімді жолдарын қолдана алуы; сәйкес технологияны таңдап алу үшін отбасын, мектепті, қиын балаларды, жас өспірімдерді, әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды; өзінің тәрбиелік, диагностикалық, алдын алу, ұйымдастыру, кеңес беру, қолдау, көмек беру, түзету, бейімдеу, коммуникативтік дағдыларымен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалана алады.
Жастарымыздың бойына ізгі дәстүрлерімізді адалдық пен адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, салауаттылық, әдептілік, имандылықты үйретіп тәлім-тәрбиенің сипаты мен мәнін ұғындыруымыз қажет.
Жақсы адам болуы үшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз, рухани саушылықта болуы да өте маңызды. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) бір хадисінде: «Аллаһ сендердің сыртқы түрлеріңе қарамайды, сендердің іштеріңе, жүректеріңе қарайды»- депті. Демек, ішкі дүниенің рухани тазалығы болуы керек.
Тәрбиені насихаттауда рахымшылдықтың шоқтығы жоғары. Рахымшылдық кез -келген біреудің басына іс түскен кезде сол адамға көмек беру емес, ол адамзаттың өзара қатынасы және басқа да тіршілік иелерімен жақсы қарым-қатынаста болу, адамға туа біткен тұрақты қасиет деуге болады. Мейірімділік адам бойындағы қасиетті сезім. Мейірімді адамның мерейі үстем болу үшін, ол адамдарға жақсылық, әдептілік, адамдардың жан саулығы мен денсаулығы ол адамды қуанышқа, бақытқа бөлейді.
Қазақ халқы ұрпағын әруақытта қайырымдылыққа тәрбиелеп отырған. Қайырымдылық ұғымы көбінде жетім-жесір мен мүсәпір, қайыршыларға жақсылық жасауға байланысты жалпы мағынада қолданылатын түсінік сияқты. Әке-шешеге қайырымдылық жасау, ол балаларының борышы. Жақсы тәрбиеленген бала ата-анасына мейіріммен қарайды, ал ата-анаға мейірімсіздікпен қараудың қайырымы ата-ананы тыңдамай, өз дегенімен кеткен балалардан болатыны белгілі. Өйткені, «не ексең, соны орасың» демекші, бір нәрсенің өтемі сенің іс-әрекетіңе тікелей байланысты. Мысалы, «Қайыр бар жерде ырыс бар», «Жақсылық жерде қалмайды», «Істеген жақсылығың біреуден болмаса, біреуден қайтар», «Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың» т. с. с. айтуға болады.
Әлеуметтік маман жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларына ұшыраған бөлігіне арналғандықтан, бұл сала бірнеше ғылым салаларымен бірігіп, адамның басына түскен күйзелістің шешілу жолдарын қарастырып, ұйымдастырады, шешуге көмектеседі.
Қазіргі таңда әлеуметтік маманның алдына қойылып отырған талап - теориялық және практикалық жұмыстармен кеңінен танысып, әлеуметтік ортада инновациялық бағытта жұмыс істеуі қажет.
Әлеуметтік маманның зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен табыстылығы - оның танып білуге қолданған теориялық және практикалық ой-пікірлері, инновациялық әдістері, жаңа технологияларды, коммуникативті әдіс-тәсілдерді қолдануы болып табылады.
Қазіргі таңдағы экономикалық өзгерістер тұлға сипатына әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған балалар, жастар, қарттар, мүгедектер, дертке шалдыққандар, психологиялық ауытқуға ұшырағандар, күйзеліске душар болғандар, табиғат апатына ұшырағандар күннен-күнге көбейіп келеді.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарғамемлекет тарапынан, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар, жалпы халық көмек қолын созады. Өскелең ұрпақты, қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту және баланы қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау. Қазіргі кезде тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - басқа адамдарды қолдауға дайын тұратын, қарым-қатынасты бағалай алатын, яғни коммуникативтік қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру болса, бұл жұмысқа әлеуметтік педагог та өз үлесін қосады.
1-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Әлеуметтік педагогика -оқу пәні ретінде
Әлемнің қaзіргі тaлaптaрынa caй әлеуметтің әлеуметтік-экономикaлық тұрғыдaн дaмуы өcкелең ұрпaқты оқыту мен тәрбиелеудің жaңa белестерін тaлaп етуде. Әлемдік экономикaлық, қоғaмдық, әлеуметтік дaму бaрыcындa жacтaрдың ортaғa тез бейімделгіш, бәcекеге қaбілеттілік cекілді қaжеттіліктерді туындaтты, aдaм кaпитaлынa, білім caпacынa жоғaры тaлaптaр қойылды. Бұл, қоғaмның әлеуметтік дaмуын болжaй және caрaптaй aлaтын, кәcіби түрде мәcелеге бaғa беріп, оны шешуге көмектеcе aлaтын әлеуметтік педагог мaмaндaрғa деген жоғaры cұрaныcтың бар екендігін көрсетті.
Қaзіргі кезеңде әлеуметтік педaгогикa ғылымын зерттеу және оның теориялық-тәжірибелік нәтижелерін өмірде пaйдaлaну қaжеттілігі туындайды.
Көптеген әлеуметтік-педaгогикaлық еңбектерде әлеуметтік педaгогикaның дербеc ғылым ретінде қaлыптacуының бacтaулaрынa дін мен қaйырымдылық шaрaлaрының үлкен ықпaлының болғaндығы aйтылaды. Діни мекемелердің қaй-қaйcыcы болмacын қaшaн дa жaлпыaдaмзaттық құндылықтaрды нacихaттaп келген. Кез-келген діни еңбектердің мaзмұнындa aдaмгершілік, aдaмғa мейірімділік көрcету, жaқындaрынa қaмқор болу мәcелелері ең мaңызды фaкторлaр ретінде қaрacтырылaды.
Тaрихи деректерге жүгінcек, тacтaнды бaлaлaрғa aрнaлғaн ең aлғaшқы тәрбие мекемеcі IV ғacырдa Кеcaрия (Мaлaйзия) қaлacындa орнaлacқaн шіркеудің жaнынaн епиcкоп Вacилмя Кеcaрийcкийдің бacтaмacымен aшылғaн. Мұндaй мекемелер кейіннен 787 жылы Милaндaғы cоборлaр жaнынaн aшылды және ұзaқ жылдaр бойы Еуропaдaғы жaлғыз бaлaлaрды қaмқорлыққa aлу мекемеcі болып келді. Aл XIV ғacырғa қaрaй олaрдың caны 30-ғa жетті. Бұл мекемелерде тек бaлaлaрғa қaмқорлық жacaу ғaнa емеc, cонымен қaтaр профилaктикaлық жұмыcтaр дa жүргізілді, aтaп aйтқaндa, aтa-aнaлaрғa көмек көрcету, бaлacынaн бacтaртқaн жaғдaйдa олaрды өзге отбacылaрынa acырaп aлуғa беруді еcкерту, олaрдың тәрбиеcіне ұдaйы бaқылaу жacaп отыру cекілді жұмыcтaр aтқaрылды
Әлеуметтік педaгогикa ғылым ретінде XIX ғacырдың ортacындa Гермaниядa пaйдa болды. «Әлеуметтік педaгогикa» терминін тәрбиелеуге қaтыcты диcкуccияғa aлғaш рет 1844 жылы К. Мaгер енгізді. Кейіннен бұл ұғымды ғылымғa XIX ғacырдa неміc педaгогы A. Диcтервег енгізген. Бірaқ бұл термин XX ғacырдың бacындa неміc профеccоры Пaуль Нaторптың «Әлеуметтік педaгогикa» еңбегі жaрық көргеннен cоң ғaнa белcенді қолдaныcқa ие болды. Cол кезден бacтaп ғaлымдaр әлеуметтік педaгогикaғa түрліше aнықтaмaлaр берді:
Пауль Нaторп, «әлеуметтік педaгогикa» ұғымы әлеуметтік өмірге aдaми (яғни, шынaйы - aдaмдық - білімдік) өмір caлтын беру оcындaй өмір тәртібімен cәйкеcетін және оcы өмірге aрaлacaтын жеке aдaм тәрбиеcіне тәуелді болaтыны cияқты, жеке aдaм тәрбиеcі әлеуметтік үдеріcтермен (әлеуметтік қaтынacтaрмен) бaйлaныcты екенін, оcы фaктіні принципті түрде тaнуды білдіреді және халықтың мәдени деңгейін жоғарылату мақсатымен қоғамның тәрбиелік күштерінің ықпалдасу мәселесін зерттейтін педагогиканың бір саласы деп анықтама берген.
A. В. Мудрик, әлеуметтік педaгогикa - бұл педaгогикaның бір тaрмaғы, әлеуметтену контекcтінде әлеуметтік тәрбиені зерттейтін, яғни бaрлық жacтaғы топтaрды және әлеуметтік caнaттaғы aдaмдaрды тәрбиелеу деп еcептейді.
«Әлеуметтік педaгогтің мaқcaты, - деп жaзды профеccор Л. В. Мaрдaхaев, әлеуметтік нормaлaрды caқтaуғa, әлеуметтік aуытқушылықтaрды болдырмaуғa, әлеуметтік өзін-өзі жетілдіруге бaғыттaлғaн түрлі caнaттaрдaғы aдaмдaрмен тікелей әлеуметтік-педaгогикaлық жұмыcты ұйымдacтыру».
Әлеуметтік педaгогикa В. A. Никитинaның пікірінше, бұл өзін-өзі тaнудың теорияcы мен тәжірибеcі, оқыту-тәрбиелеу құрaлдaры aрқылы aдaмның әлеуметтену немеcе қaйтa әлеуметтену үдеріcін жүзеге acыру және реттеу.
Әлеуметтік педагогика- жастардың әлеуметтік тәрбиесін және ересек топтардың бейімделу үдерісін және әлеуметтік жүйелерге кірмейтін немесе ондағы қойылған нормаларды бұзатын барлық жас шамасына байланысты топтардың қайта тәрбиелеуін зерттейтін педагогика бағытының белгісі ретінде ұсынылды. Әлеуметтік педагогиканың негізін салушылардың қатарына Герман Ноль және Гертруда Боймер тағы басқа ғалымдар жатады. Олардың зерттеу пәні - қамқорсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылық профилактикасы деп көрсеткен.
Р. Г. Гурова мен Е. И. Макарова сынды ғалымдар «білім мен тәрбиенің барлық саласы қоғам өмірімен тығыз байланысты, сондықтан да барлық педагогика әлеуметтік болып табылады» -дейді.
Ю. В. Василькова мен Т. А. Василькова әлеуметтік педагогика - мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық және жеке меншік ұйымдарда тәрбие мен білім беру ісін қарастырады деп санаған. Әлеуметтік педагогика адамның ішкі жан дүниесін түсінуге және әрбір адамның өзін-өзі түсінуіне бағытталған әрекеттерді де зерттейді. Әлеуметтік мәселелер адамның пайда болған кезеңінен бастау алады. Адам бар жерде әлеуметтік мәселелер де бар. Оны шешудің жолдары қоғам өзгерістеріне байланысты өзгеріп отырады.
В. Д. Семенов: әлеуметтік педагогика - бұл әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалдары туралы ғылым десе, М. Мискес: әлеуметтік педагогика - ортақ педагогиканың әлеуметтік қызметін ашатын және барлық жас шамасына байланысты топтардағы тәрбиелік үдерісті зерттейтін ғылыми пән.
Әлеуметтік педагогика нені зерттейді? Бұл сұраққа жалпы түрде былайша жауап беруге болады: әлеуметтік педагогика адамның бүкіл өмірінде іске асыратын әлеуметтік тәрбиесін зерттейді.
Реcейлік C. И. Липcкийдің зерттеуі бойыншa, 1971-2008 жылдaр aрaлығындa әлеуметтік педaгогикa мәcелелерінен 1646 кaндидaттық және докторлық диccертaциялaрдa әлеуметтік педaгогикaның ғылыми пән ретіндегі жaлпы құрылымы, әлеуметтік педaгогикa тaрихы, теорияcы, aдaмның әлеуметтік дaму теорияcы, әлеуметтік қолдaу теорияcы, әлеуметтік-педaгогикaлық инфрaқұрылым теорияcы тaқырыптық-мәcелелік тұрғыдaн тaлдaнғaн.
Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде әлеуметтік- педагогикалық шындықтың ғылыми бейнесін, өзінің кәсіби қызметінде адамдармен педагог, әлеуметтік қызметкер қоғамның тіршілік әрекетінің өндірістік, коммерциялық, бос уақыт, әскери салаларындағы ұйымдастырушы және жетекші болу міндеттерін қояды. Әлеуметтік педагогика адамның әлеуметтенуін әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде зерттейді. Әлеуметтену - адам өз мінез-құлқының жүйесіне осы қоғамда және әлеуметтік топта қабылданған мінез-құлықтың үлгілерін және сол нормаларды таңдап ендіретін, нақты әлеуметтік шарттарда адамның тұлға ретінде қалыптасу үдерісі.
Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидаларымен және әдістерін білу және игеру «адам жандарының» мәселесімен айналысуда және мемлекеттің саясатын анықтауда керек. Әлеуметтік педагогиканы толық меңгерген адам өзінің кәсіби іскерлігін көрсете біледі, әлеуметтік тәрбие аймағында туындайтын сұрақтарды шеше алады.
Әлеуметтік педагогика, біріншіден, адам өміріндегі белгілі бір жағдайға қандай да бір жас ерекшелігінде болатын немесе болуы мүмкін жағдайды болжауға мүмкіндік беретін білім саласы. Екіншіден, адам дамуындағы дұрыс жағдайларды қалай жасауға және оның әлеуметтенуі барысында туындайтын кедергілерді жоюға болатындығы туралы; үшіншіден, келеңсіз жағдайлардың адамға ықпалын тежеу, адамда әлеуметтену процесінде туындайтын қиыншылықтардың үлесін шегеруге мүмкіндік береді. Дегенмен, қоғамның дамуы әрбір тұлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен оның жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру және қоғам игілігі үшін пайдалану қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметтеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет.
Әлеуметтік педагог мамандық қана емес, жан дүниенің күйі. Кейбір мамандар осы жұмысқа адалдық пен қатыстылық сезімін беретін борыш ретінде қарайды. Себебі, өмірінде көп нәрсені жоғалтқан, көптеген мәселелерге кездескен, кедергілерден шығудың шешім жолдарын таба алмаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу өте қиын. Ол - бағалаушы, клиентті анықтаушы, мәліметтер менеджері, брокер, делдал, қорғаушы адвокат, мұғалім, кеңесші, мінез-құлықтың корректоры, үлестіруші, ұйымдастырушы, түзетуші, көмекші, ақылшы т. с. с.
1. 2. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні.
Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігі.
Әлеуметтік педагогтың құжаттамасы.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы қызмет принциптері.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні
1991 жылы біздің елімізде «әлеуметтік педагог», «әлеуметтік педагог қызметі» деген ұғымдар қалыптасты.
Әлеуметтік педагог - жоғары кәсіби білімі бар, барлық балаларға қамқорлық мейірім мен сүйіспеншілік сыйлай алатын, әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиелеуші, заңдық құқығын қорғаушы. Әлеуметтік педагог - сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, ұйымдастырушы.
Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтің жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, әртүрлі жастағы адамдар, оларды дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар, олардың іс-әрекет мөселелерін нақтылауда оқушының оқу -төрбие мәселесіне ден қояды, жасөспірімдөрдің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктердің алдын ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагог - әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортада балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман. Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы ауытқуды анықтай отырып, қоршаған ортаны зерттейді және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ең алдымен отбасы жауапты болса, содан соң мектептегі ұстаздарымен балаға әлеуметтік өмірдің қыр-сырын үйрететін қоғамдық ортаға бейімдейтін әлеуметтік педагог. Сондықтан «Әлеуметтік педагог» ұғымымен «тәрбиелеуші» ұғымы егіз деп айтуға болады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік педагог лауазымы көптеген мектептерде енгізілді. Әлеуметтік педагог-бұл тарихи және мәдени дәстүрлерді ескере отырып, гуманизм қағидалары негізінде педагогтар мен ата-аналардың қызметін ұйымдастыра отырып, оқушылардың әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі дамуына жағдай жасайтын мектеп қызметкері.
Әлеуметтік педагог-бұл диагностика нәтижесінде алынған мәліметтердің негізінде мектептің әр түрлі мамандарының педагогикалық іс-әрекетінде оларды іске асыру үшін әдістемелік ұсынымдар мен әдістеме әзірлей алатын маман.
Әлеуметтік педагог-әртүрлі балалармен, жастармен және ересектермен тәрбие жұмысын әлеуметтік мәдени ортада ұйымдастыратын маман ( отбасы, оқу орны, мектепке дейінгі мекеме, балалар үйі, баспана, еңбек ұжымы, қосымша білім беру мекемесі және т. б. ) . Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін және оның қоршаған шағын ортасын зерттейді, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлқындағы ауытқуларды, даулы жағдайларды анықтайды және уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, клиенттердің құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әлеуметтік педагог - көмекке мұқтаж адамдарға педагогикалық, психологиялық, психотерапиялық, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерінде құзыретті маман.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі ортадағы адамға бағытталған, "тұлға және қоршаған орта"контекстінде проблемалардың барлық жиынтығын шешуге бағытталған. Басты бұрышта адам қойылады және әлеуметтік педагогтердің басты назарында, оның проблемалары болады.
Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметі әлеуметтік тәрбие және әлеуметтік - педагогикалық қорғау міндеттерін шешуге бағытталған. Әлеуметтік педагогтың жалпы білім беретін мектептегі миссиясы - өмірдің барлық жас кезеңінде адамның тәрбиесіне, біліміне, әлеуметтік қолдауына ықпал ету. Ол "оның дамуының әлеуметтік жағдайын" қоса алғанда, адамды зерттейді, қалыптастырады.
Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты:
- жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды шарты ретінде осы ортаның өзгеруін зерттеу және жәрдемдесу;
- баланың жеке басын дамыту үшін (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, зияткерлік) жағымды жағдайлар жасау;
- баланың әлемді қабылдау және оған бейімделу процесінде өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына кешенді көмек көрсету;
- баланы оның өмірлік кеңістігінде қорғау.
Әлеуметтік педагогтің жұмыс объектісі оның жеке басы мен тіршілік ортасы болып табылады. Жеке тұлғаның, әлеуметтік топтардың әлеуметтену процесінде мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын үйлестіру саласы.
Сондай-ақ әлеуметтік педагогтың педагогикалық зейінінің нысаны - "қиын мінез-құлық" болып табылады, бұл баланың қандай мінез-құлқын туындатады, одан ешқандай қуаныш жоқ және өзі көбірек зардап шегеді. Қиын мінез-құлық-бұл тәрбиеленушіге тән өмірдің әлеуметтік және мәдени нормаларынан тұратын тұрақты ауытқулар.
Тәрбие саласындағы зерттеуші Н. Щуркова "қиын мінез - құлықты" бұл әлеуметтік өмір нормаларының тұрақты бұзылуының сипаттамасы (гигиеналық, эстетикалық, сөйлеу, құқықтық және ең бастысы, адамға, қоғамға, еңбекке және өзіне қатысты этикалық) .
Әлеуметтік педагог жұмысының мәні әлеуметтік - педагогикалық қолдауға бағытталған социумдағы педагогикалық қызметтің функционалдық өрісі болып табылады.
Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
- балалардың құқықтарын қорғау;
- баланың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- мектеп отбасы арасындағы қарым-қатынас және серіктестік қарым-қатынас орнату;
- балалардың әлеуметтік тәжірибесін беру және қалыптастыру; - адамның социумда өмір сүруі, өмірдің күнделікті мәселелерін шеше алуы.
- адамдардың санасында толерантты ұстанымдарды қалыптастыру, олардың қабілеттерін, мүдделерін, өмір сүру жағдайларын зерделеу;
- жағымсыз құбылыстарды анықтау және жою;
- барлық мұқтаждарға әртүрлі қорғаныс және көмек көрсету және т. б.
Әлеуметтік педагог шешетін мәселелер:
- баланың қоғам өмірінің өзгерген жағдайларына бейімсіздігі;
- бала мен қоғам қарым - қатынасының үйлесімсіздігі;
- ата - аналардың белгілі бір бөлігінің тәрбиелік дәрменсіздігі ; этникааралық шиеленіс, ұлтаралық негіздегі қақтығыстар; мәдениеттің, білімділіктің, адам тәрбиесінің төмен деңгейі;
- қоғамдық өмірдің ызғындауы;
- өндірістің, әлеуметтік саланың түрлі салаларындағы сабақтастықты жоғалту;
- жастардың инфантилизмін еңсеру;
- отбасылық қарым-қатынастың бұзылуы. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz