Топырақ - ерекше биокосты дене


Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым министрлігі
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: География жəне табиғатты пайдалану
Кафедра: География, жерге орналастыру жəне кадастр
Реферат
Тақырыбы: Топырақты ерекше табиғи дене ретінде, топырақ түзуші экологиялық факторлардың ықпалының нәтижесі ретінде қарастыру. Топырақ жамылғысының биосферлік қызметтерін талқылау.
Тексерген: Шимшиков Б. Е.
Кадастр 1-топ
Орындаған: Билибек Қ.
Жоспары:
- Кіріспе
- Топырақ туралы жалпы түсінік
- Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарастыру
- Топырақ түзуші экологиялық факторлар
- Топырақ жамылғысының биосферлік қызметтерін талқылау.
Кіріспе
Табиғатты тануда топырақтану пәнінің алатын орны ерекше. ХІХ ғасырдың аяк кезінде, көптеген ғылымдардың зеттеу бағыттары айқындалып, олардың салалары нақтыланды. Минералогия минералдарды, ал ботаника өсімдіктерді зерттейді. ал минералдардың өсімдікке, өсімдіктің минералға тигізетін әсері ғалымдардың ой өрісінен тыс қалды. Табиғатта барлык заттар бір- бірімен тығыз байланыста екені белгілі.
Табиғаттанудағы материяның қозғаушы күшін қараған кезде, олардың қарым- қатынасы ең бірінші кезекте шығатындығын К. Маркс пен Ф. Энгельс кезінде айтқан болатын. Міне сондықтан XIX ғасырдың аяқ кезінде табиғи пәндердің мамандандырылуы мен бір-біріне деген карым-қатынасының нәтижесінде топырактану пәні дүниеге келеді.
Топырақ туралы түсінік . Топырақтану пәні, неге XIX ғасырдың аяк кезінде пайда болды деген сұрақ көптеген жағдайда халық арасында түсінбеушілік тудырады, себебі егіншілік дамыған кезден бастап адамдар топырақпен таныс, яғни объективті, себептерге байланысты топырақ туралы ілім әлдеқашан даму керек еді. Бұл сұрақтың шешімін табу үшін «Топырак деген не?» сауалына жауап беруіміз керек. Былай карағанда бұл сүрак өте оңай сияқты.
Топырақты басып, оны өндеп, онда өмір сүреміз, көзімізбен байкап, оның бейнесін жасай аламыз, ал нақтылы алғанда «Топырақ деген не?» деген сұраққа жауап беру өте қиын. Міне оның өзі топырақтың өте күрделі құрылым екенін көрсетеді.
Ерте кезден бастап жердің беткі қабатын адамдар өңдеп, керекті өсімдіктерін егіп өсірген. Соның нәтижесінде, жердің беткі қабаты туралы тәжірибелер мен ғылыми агрономиялық құжаттар жан-жақты жинақталған. Ол XIX ғасырдың аяқ жылдарынан бастап бұл егіншіліктің саласын топырақтану деп өсімдіктердің негізгі тамырлары орналасқан жердің беткі қабатын атаған.
Бірақта топырақтың құрамдық бөлігінде, кейбір компоненттер. яғни өсімдіктер мен жәндіктер организмдері минерология мен петрографиялық зерттеу объектіне кірмейді. Олар топырақта әруақытта бар. Топырақтан өсімдіктер мен жәндіктерді бөліп караса топырақ түзілу үрдісі бұзылады. Топырақтағы өсімдіктер мен жәндіктер тұракты баска түрлерге өзгерсе, соған байланысты топырақ өзгереді.
Сонымен топыракты минералдарға да, өсімдіктерге де немесе жәндіктерге де жатқызуға болмайды. Бірақта минералдар, өсімдіктер мен жәндіктер табиғи денелердің бірі. Міне сондықтан, топырақта минерал, өсімдік және жәндіктер сияқты жеке табиғи дене құрамына кіреді. Бірақта топырақ табиғи дене болғанымен ол бір мезетте бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады. және осы құрамдардың, топырақ түзуші агенттердің, яғни топырак түзуші факторлардың қарым-қатынасының нәтижесінде дамып пайда болады.
Қазіргі кездегі ғылыми топырақтанудың негізін қалаушы В. В. Докучаевтың пікірі бойынша Топырақ деп табиғи-тарихи денені айтамыз, ол өнімдердің: а) грунттың, б) климаттың, в) өсімдіктер мен хайуанаттар әлемінің, е) жергілікті бедердің біріккен іс әрекетінің нәтижесінде уақыттар бойы пайда болған.
Міне сондықтан, В. В. Докучаев топыракты ерекше жеке табиғи дене ретінде ашқан. В. В. Докучаевтың ашқан топырак барлык топырақ түзуші факторлардың түйіскен іс әсерінен (функциясымен) дамып пайда болған.
В. В. Докучаев көрсеткендей, топырақ түсінігі оның диалектикалық пайда болуымен (генезис), топырақ түзіші әсерлердің қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Сондықтан, Докучаевтың топырақ туралы ілімі тектік топырақтану деп аталады.
Топырақ түзілу себептері туралы ілім, В. В. Докучаевтың пікірі бойыншы топырақтану ғылымының ірге тасы болып саналады. Топырақты оның топырақ түзілу себепкерлерісіз зерттеу, оны кері корытындыға итермелеуі мүмкін.
В. В. Докучаев анықтаған бес топырақ түзілу себепкерлеріне - топырақтүзуші жыныс, өсімдік пен жануарлар организмдері, климат, бедер және уақытқа, кейін су (топырақтың және грунттык) және адамдардың шаруашылықтың іс әрекеттері косылады. Осы қосымшалармен Докучаевтың топырақ туралы анықтамсын мына формуламен беруге болады. Ол арқылы топырақ пен топырак түзіші себепкерлердің арасындағы функциянальды байланысты көреміз: Т= (Аж; Ө; Ж; КЭ; Б; А. Т) *t, мұнда Аж аналык жыныс,
Ө-өсімдіктер организмі; КЭ-климат элементтері; Б-бедер; АТ-адамдардың тіршілігі; Т-уақыт.
Топырақтың қалыптасуы бірлесіп бірнеше топырақ түзілуінің факторларын белгілейді: топырақ түзуші жыныстар, микро-, өсімдік және жануарлар ағзалары, климат, бедер, жер топырақ суы мен жер асты сулары, уақыт, адамның шаруашылық қызметі. Топырақ түзілу үдерісінің ағымы нәтижесінде жер бөлшектерінің топырағын кұрайтын мөлшерінде өзгерістер орын алады (механикалык құрамының), органикалық заттармен байыту, суспензия түрінде ерітілген күйде элементтердің көшуі, кейбір қабаттарда жуулы заттардың жинақталуы.
Топырак ауылшараушылығы өндірісінің басты құралы және агроэкожүйенің негізі, оның көмегімен адамзат барлық азық-түліктің 95% алады. Топырактың маңызы оның тіршілік ортасының және онда өсіп-өнуші өсімдіктердің механикалық тірегі қызметімен ғана шектелмейді, биогендерді, суды және энергетикалық заттарды шоғырландырады. Ол ауыл шаруашылығын жүргізуге ерекше маңызды басқа да қызметтерді атқарады:
■ табиғатта биоалуантүрлілік қолдауды және өсімдік популяциясын жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұқымдарды сақтау (топырақ өсімдік тұқымын оның ішінде көктеуін тежейтін заттардың болуы арқасында олардың өнгіштігін жоғалтпай бірнеше жыл сақтауға қабілетті) ;
■ топырақтың биогендік элементтерінің алмасуын белгілейтін және түрлі ластағыш заттарды (топырақта тірі ағзаларда болатын белгілі ферменттер болады пероксидаздар, нитрогеназдар, нитратредуктаздар, каталаздар және т. б. ) зиянсыздандыруға топырақтың қабілетін қамтамасыз ететін ферменттерді (биохимиялық реакцияны үдеткіштер) өндіруші тіршілік ортасын жасау;
■ топырактағы ағзалардың тіршілік етуін қамтамасыз етуші гидротермиялык режимді реттеу;
■ көптеген патогендерді (ауру тудыратын микроағзалар) зиянсыздандыратын, сонымен қатар түрлі токсиканттардың (улы заттар) адсорбциялану есебінен жұтылатын және тежейтін биота нәтижесінде топырақтың өзін-өзін тазарту қабілетімен белгіленетін санитарлық функция, бұл ауылшаруашылығы өнімдеріне олардың түсуінің алдын алады;
■ ақпараттық қызмет көктемде топырақ температурасының +5 - °С белгісі арқылы ауысуы оның құрамындағы азот, фосфор және калий қоспаларының қозғалғыштығын көтеруді қоздырады және өсу мерзімі басталуына байланысты өсімдіктердің қоректік элементтерді тұтынуының басталуына «белгі» ретінде қызмет етеді;
■ топырактың «жады» аумактың экологиялык жай күйі туралы ұзақмерзімді ақпаратты сақтау қабілеті. Агроценозда табиғи экожүйе сияқты міндетті трофикалық деңгейлерінің болуына карамастан трофикалық тізбек түзетін продуценттер, консументтер, редуценттер бар, бұл екі қоғамдастық түрлерінің арасында биологиялык алуантүрлілік, тұрақтылық, және өзінен өзі реттелу, энергия көздері, заталмасу, өзгеру жылдамдығы кабілеттерінде едәуір айырмашылық бар.
Топырақтану - кең ауқымды жаратылыстану ғылымы. Бұл ғылым топыракты және Жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мәселесі кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдармен байла- нысып, олардың әдістемелерін және жетістіктерін қолданып отырады. Қазіргі топырактану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан және әлі де геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының Жер ша- рында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеу- де геология ғылымының үлкен маңызы бар. Топырақты және оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микро- биология, биохимия, өсімдіктер биологиясы өсімдіктану, жануар- тану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады.
Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгітілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле коймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, катты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныс- тарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгітілу деп атайды. Үгітілу құбылысы тарихи топырақ түзілуінен бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz