Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

Алдабергенова Амангул Мустафаевна

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ
ФРОНТТЫҚ ТЫЛ (ТАРИХИ АСПЕКТ)

8D12102 - Әскери тарих

Философия докторы (PhD)
дәрежесін алу үшін диссертацияның
АННОТАЦИЯСЫ

Ғылыми консультанттар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор Мухамеджанова С.Ш.
философия доктор (PhD), асс. профессор, полковник Асилов Н.Т.

Нұр-Сұлтан, 2022
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ...
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1-БӨЛІМ. ТАРИХНАМА, ДЕРЕККӨЗДЕР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1
Тарихнама проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2
Дереккөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ...

Қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2-БӨЛІМ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІНДЕ (1941 МАУСЫМ - 1942 ЖЖ. ҚАРАША)
2.1
Батыс Қазақстанның Қызыл Армия тылын нығайтудағы және майданға көмек берудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2
Батыс Қазақстанға мекемелерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын және халықты эвакуациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3
Батыс Қазақстан аумағында белсенді армия үшін әскери бөлімдерді құру және резервтерді дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3-БӨЛІМ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - СТАЛИНГРАД, ОҢТҮСТІК-БАТЫС, ДОНСКИЙ МАЙДАНДАРЫНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ТЫЛЫ (1942 Ж. ШІЛДЕ - 1943 Ж. АҚПАН)
3.1
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі ... ... ... ...
3.2
Батыс Қазақстан теміржол станциялары - майдан даласының негізгі нысандары болып табылады. Неміс әуе шабуылдарына қарсы күрес...
3.3
Неміс барлау, диверсиялық және қарсы барлау командаларымен және топтарымен күресу
Қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Практикалық ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық республикаларының тұрғындары үшін ең үлкен соққы және сынақ болды. Аты аңызға айналған қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс миллиондаған біздің отандастарымыздың жүрегінде өшпес із қалдырған қазақ халқының тарихындағы бетбұрысты кезең болып табылды.
Бүкіл посткеңестік кеңістіктегі елдердің тарихына негіз болған кеңестік тарих ғылымында Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан терең тыл болды деген пікір қалыптасқан. Жалпы, Қазақстан майданға адам ресурстарымен, қару-жарақпен, азық-түлікпен үлкен көмек көрсеткен республика ретінде зерттелді. Алайда, Ұлы Отан соғысының тарихын ресми түсіндіруде республика аумағын шайқастар мен ұрыстарға тарту, Қазақстан аумағында әскери іс-қимылдар жүргізу мәселесі дұрыс қамтылмаған.
Мәселен, 1942 жылғы 1 қыркүйекте неміс әскери қолбасшылығының Орал қаласын алуды жоспарлағаны туралы Қазақстан тарихы оқу құралдарында күні бүгінге дейін бірде-бір мәлімет жоқ. Осыдан Қазақстан аумағын басып алуды бастау керек болатын. Ал, Сталинград майданының әскери іс-қимылдар театрына фашистік авиация шабуылының жүйелі жауыздығына және жаудың барлау-диверсиялық топтарының әрекеттеріне ұшыраған соғыс жылдарында Батыс Қазақстан аумағынан өтетін Орал - Урбах - Жәнібек - Сайхын - Шұңғай - Жоғарғы Басқұншақ теміржол станцияларының бойындағы кең жолақ қамтылған.
Қазіргі уақытта отандық әскери-тарихи ғылымда Ұлы Отан соғысы мен бүкіл Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрыс ретінде дүниежүзілік тарихқа енген Сталинград шайқасы кезіндегі ұрыс қимылдарына Батыс Қазақстан аумағын белсенді тартуға арналған бірде-бір жалпылама әскери-ғылыми еңбек жоқ.
Соның нәтижесінде Қазақстан тарихы толық зерттелмей, қазақ халқының соғыс жылдарындағы ерлігінің әлеуеті жастарға патриоттық тәрбие беру шеңберінде кеңінен пайдаланылмай отыр.
Қазіргі уақытта отандық әскери-тарихи ғылымда Қазақстанның соғыс жылдарындағы негізгі түсіндірмелі рөлі мен Қазақ КСР аумағының бір бөлігі шын мәнінде Сталинград шайқасы кезінде алдыңғы шепте болған Батыс Қазақстан аумағында болған нақты оқиғалар арасында қайшылық бар.
Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста Ұлы Отан соғысы мен бүкіл Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс болған Сталинград шайқасы кезіндегі Батыс Қазақстанның майдан тылы рөліне объективті баға беру - негізгі ғылыми міндет шешіледі.
Сонымен, диссертацияның зерттеу тақырыбының өзектілігі келесі факторларға байланысты.
Біріншіден, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның әскери тарихын зерделеу үлкен ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады, өйткені ол неміс-фашистік басқыншыларға қарсы күрестегі Қазақстанның орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Ұлы Отан соғысы туралы тарихи шындықты қайта жаңғырту - бүгінгі таңда жаңартылып отырған қазақстандық әскери-тарихи ғылымының басты міндеті.
Екіншіден, кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің қайнар көздерін терең және жан-жақты зерделеудің ғылыми-танымдық мәнімен қатар, идеологиялық маңызы зор және өткен даңқты қаһармандық туралы Қазақстан Республикасының жас ұрпағын әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңызды міндетін құрайды. Бұл міндетті орындауға бағытталған жұмыс Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы мен Қазақстан тарихын бұрмалау фактілерінің көбеюі тұрғысынан ерекше өзекті болып табылады.
Үшіншіден, ресми кеңестік және отандық тарихнамадағы рөлі ұрыс қимылдарынан зардап шекпеген терең тыл ретінде болған және бүгінгі күнге дейін де солай түсіндіріліп келе жатқан Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы білімнің жеткіліксіздігі.
Тақырыпты зерделеу дәрежесі.
Кеңестік, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың жарияланған еңбектері мен диссертацияларын зерттей келе, автор Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және Сталинград шайқасы кезіндегі ЖКҚА тылының тарихын көрсетуге көптеген ғалымдардың қосқан үлесі зор деген қорытындыға келеді. Алайда, Сталинград шайқасының бүкіл кезеңінде Қазақ КСР батыс облыстарының майдандарды тылдық қамтамасыз етудегі негізгі аумақ ретіндегі рөлі мен маңызы туралы бір ауыз сөз айтылмады.
Кеңестік және отандық азаматтық тарихнамада Қазақстан тек терең тыл болды деген стереотиптік пікір қалыптасты, онда зауыттар, фабрикалар, мәдениет мекемелері және басқалары көшірілді. П.Р.Букаткиннің, М.К.Қозыбаевтың, П.С.Беланның, К.Д.Доскалиевтің ғылыми еңбектерінде жеке фрагменттер болып майданды материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шаралары сияқты, жаудың әуе шабуылына, сондай-ақ диверсиялық-барлау топтарына қарсы күресі де қамтылған ұрыс қимылдарына Батыс Қазақстан аумағын тарту фактілері көрсетілген.
Осы диссертациялық жұмыстың бірінші тарауында тарихнаманың егжей-тегжейлі талдауы ашылған.
Зерттеу объектісі - (1941-1945 жж.) Ұлы Отан соғысы болып табылады.
Зерттеу пәні - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстан.
Зерттеудің мақсаты - мұрағат деректерін, ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде Сталинград шайқасы (1942-1943 жж.) кезіндегі Батыс Қазақстан аумағының майдандық тыл ретіндегі маңызын негіздеу.
Зерттеу мақсаттары:
мәселенің тарихнамалық және деректанулық талдауын жүргізу, сондай-ақ зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтау;
Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде (1941 ж. маусым - 1942 ж. шілде) Қазақ КСР Батыс облыстары аумағының маңызын зерттеу;
жаңа мұрағат құжаттары негізінде Батыс Қазақстанның Сталинград шайқасы кезіндегі (1942 ж. шілде - 1943 ж. ақпаны) майдандық тыл ретіндегі рөлін негіздеу.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері Ұлы Отан соғысының басынан (1941 жылғы маусым) Сталинград шайқасының аяқталуына (1943 жылғы ақпан) дейінгі кезеңді қамтиды.
Әдістеме және зерттеу әдістемесі.
Диссертациялық жұмысты жазу кезінде автор әскери ғылым теориясының базалық негіздерін, тарихи зерттеулердің принциптері мен әдістерін басшылыққа алды. Бұл, ең алдымен, объективтілік, ғылыми сипат, тарихшылдық, алға қойылған болжамдардың дәлелі, бағалар мен қорытындылар. Зерттеу жұмысы барысында индукция мен дедукция, талдау мен синтез, салыстыру мен аналогия, тарихи-салыстырмалы, проблемалық-хронологиялық, қазіргі заманмен байланыс орнату сияқты жалпы ғылыми және тарихи әдістер қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың әдістемелік негізі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қызыл Армияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, стратегиялық тыл, майдандық тыл санаттарын сипаттайтын әскери ғылымның теориялық тұжырымдары болды. Бұл диссертациялық жұмыс Батыс Қазақстан аумағының Сталинград шайқасы кезеңіндегі майдандық тыл ретіндегі рөлін теориялық және әдістемелік тұрғыдан түсінуге талпыныс болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Ғылыми мәселені зерделеу барысында автор алғаш рет Батыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маңызын әскери және әскери-тарихи ғылым тұрғысынан зерттеді. Диссертацияда алғаш рет:
- мәселеге тарихнамалық және деректанулық талдау жасалып, сондай-ақ зерттеудің әдіснамалық негізі анықталды. Батыс Қазақстан аумағының соғыс жылдарындағы рөлі мен маңызы туралы жаңа авторлық тұжырымдаманы негіздеп, ұсынылды;
- Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде (1941 ж. маусым - 1942 ж. шілде) Қазақ КСР-нің Батыс облыстары аумағының стратегиялық тыл ретіндегі маңызы зерттелді;
- жаңа мұрағат құжаттары мен қолда бар ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде Сталинград шайқасы кезінде (1942 ж. шілде - 1943 ж. ақпан) Батыс Қазақстанның майдан тылы ретіндегі рөлі негізделіп, дәлелденді.
Қорғанысқа енгізілген ережелері:
- Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде Батыс Қазақстан шынымен де Қазақ КСР-нің басқа облыстарының стратегиялық тыл, терең тыл деп аталатын мәртебесіне сәйкес болды, мұнда әскери өнеркәсіп әскери өнімдер өндіру үшін эвакуацияланды. Соғыс басталғалы Батыс Қазақстан аумағы жұмылдыру ресурстарының, азық-түлік пен киім-кешек, жанар-жағармайдың көзіне айналды;
- 1942 жылдың мамыр айынан бастап Харьков түбінде Қызыл Армия жеңілгеннен кейін 1942 жылдың шілдесіне дейін Қазақ КСР-нің Батыс облыстарының майдан шебіне аумақтық жақындығы арта түсті. Сталинград майданының тылдағы әскери бөлімдерін Батыс Қазақстан аумағына жаппай көшіру басталды, госпитальдардың саны көбейеді, Қазақ КСР-нің Батыс облыстарынан жергілікті әскерге шақырылғандардың негізгі бөлігі Сталинград майданына жіберілді;
- 1942 жылғы 17 шілдеден бастап 1943 жылғы 3 ақпанға дейін Сталинградты қорғау басталғаннан неміс-фашистік әскерлерді талқандағанға дейін Қызыл Армия үшін де, жау үшін де майдан тылы ретіндегі Батыс Қазақстанның оперативтік- тактикалық маңызы күшейді.
Диссертацияның теориялық және практикалық маңызы.
Диссертация материалдарын Қазақстанның әскери және отандық тарихы бойынша оқулықтар, оқу құралдары және арнайы курстарды жазу кезінде пайдалануға болады.
Әртүрлі мұрағаттардан алынған деректі материалды әскери тарих бойынша лекциялық курстарды, әдістемелік ұсыныстарды жазу үшін, сондай-ақ соғыстар мен әскери өнер тарихы мәселелері бойынша, тыл мен тылдық қамтамасыз ету тарихы бойынша одан әрі ғылыми зерттеулерде пайдалануға болады.
Практикалық маңыздылық шеңберінде диссертациялық зерттеу материалдарын қазақ халқының Фашизмді жеңген Жеңісі - әлемдік тарихына қосқан үлесін түсіну үшін қазақ қоғамын және әсіресе жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысында пайдалануға болады.
Диссертациялық зерттеу барысында Соңғы шеп. Батыс Қазақстан трагедиясы декеркті фильмінің дайындығына қатысу болды, ол 2021 жыл,ы 6 мамырда эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, 2021 жылы Әскери тарих мұражайында Батыс Қазақстанның іздестіру-мемориалдық топтарымен өзара іс-қимылын зерттеу негізінде автор Батыс Қазақстан - Сталинград шайқасының алдыңғы шебіндегі аймақ экспозициясын жасады.
Сондай-ақ, Орал қаласынан ұзақ жылдар бойы Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің сүйегін іздеп, жерлеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы іздеу-мемориалдық тобының құрамында автор аты аңызға айналған Сайхын ауылында 2022 жылы 5 мамырда марқұмдардың сүйек қалдықтарын іздестіруге және көтеруге, сондай-ақ оларды салтанатты жерлеу рәсіміне қатысты. Марқұмдардың сүйегін жерлеу әскерлерді қару-жарақпен және әскери техникамен, азық-түлікпен, жанар-жағармай материаларымен жарақтандырған теміржол желісінде жүргізілді, бұл Сталинградтағы Жеңісті және Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі өзгерістерді қамтамасыз етті.
Зерттеу дереккөздері.
Осы диссертациялық жұмыста дереккөз ретінде ғылыми айналымға алғаш енгізілген мұрағаттық құжаттардың едәуір бөлігі, сондай-ақ жинақтар мен мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттар пайдаланылды.Барлық дереккөздер шартты түрде 5 топқа бөлінеді.
Дереккөздердің бірінші тобын Ұлы Отан соғысы кезеңінің жарияланған басшылық құжаттары құрады. Бұл ең алдымен, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар болды.
Дереккөздердің екінші тобын күнделіктер, әскер басшыларының естеліктері, Сталинград шайқасы кезеңіндегі Қызыл Армия әскерлерін тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға тікелей қатысқан қолбасшылардың естеліктері құрады.
Дереккөздердің үшінші тобын мұрағат материалдары құрады. Батыс Қазақстанда соғыс жылдарында болған оқиғалар туралы объективті көрініс беретін көптеген мұрағат құжаттары зерттелді. Диссертациялық жұмыс барысында: Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының облыстық мемлекеттік мұрағаттары қорларындағы құжаттар зерттелді.
Дереккөздердің төртінші тобын іздестіру жұмыстары негізінде құрастырылған публицистикалық материалдар, 1942-1943 жылдардағы оқиғаның куәгерлері, еңбек ардагерлері мен журналистердің материалдары құрады.
Дереккөздердің бесінші тобына анықтамалық-энциклопедиялық басылымдар, Кеңес әскерлерінің тылдық қамтамасыз етілуі туралы әртүрлі анықтамалық мәліметтер, әскери-энциклопедиялық сөздіктер қамтылған.
Олардың барлығы тікелей немесе жанама түрде Батыс Қазақстан аумағының Сталинград шайқасы кезеңіндегі майдан тылы ретіндегі шынайы рөлін, осы диссертациялық жұмыстың дәлелдемелік базасына айналғанын айғақтайды.
Зерттеудің негізгі нәтижелері
1. Біріншіден, зерттеу Ұлы Отан соғысы және оған Қазақстанның қатысуы тақырыбын зерделеу кеңестік кезеңде де, тәуелсіздік кезеңінде де айтарлықтай ауқымды жүргізілгенін және жүргізіліп жатқанын көрсетті. Дегенмен, ресми кеңесте де, бүгінгі ресейде де, өкінішке орай, қазақ тарих ғылымында да, қоғам санасында да тек көшірілген зауыттар мен кәсіпорындарда Жеңіс жасалған және Қазақ КСР колхоздары азық-түлік көмегін көрсеткен терең тыл ретінде ғана Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы рөлі, маңызы мен қосқан үлесі туралы пікір қалыптасқан және бар.
Зерттеу тақырыбын білу дәрежесіне жүргізілген тарихнамалық шолу нәтижесінде мынадай қорытындылар жасалды.
Көптеген ғалымдардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және Сталинград шайқасы кезеңіндегі Қызыл Армия тылының тарихын көрсетуге қосқан үлесі зор. Алайда, Сталинград шайқасының бүкіл кезеңінде майдандарды тылдық қамтамасыз ету үшін негізгі аумақ ретінде Қазақ КСР-і батыс облыстарының рөлі мен маңызы көп жылдар бойы айтылмады.
Қазақ тарихшылары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысын зерделеу бойынша үлкен жұмыс атқарды, оны 3 кезеңге бөлуге болады.
1-кезең. Соғыстан кейінгі жылдарда 60-жылдардың ортасына дейін қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы мәліметтер жинақталып, қорытылды. Соғыстан кейінгі бірінші онжылдықта жинақталған, мардымсыз болса да, мұрағат құжаттары негізінде зерттеліп жатқан кезеңнің жекелеген мәселелерін соғыс жылдарындағыдан біршама кеңірек қарастыратын жекелеген кітаптар мен мақалалар жазылды. Алайда, көрсетілген проблемаларды республика көлемінде зерттеудің кеңдігі мен алуан түрлілігі соғыс жылдарында тарихшылардың Батыс Қазақстанға тиісті көңіл бөлуіне мүмкіндік бермеді. Бұл ретте, 60-жылдардың ортасына қарай өлкетанушылар, іздеушілер, жергілікті ғалымдар Батыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы терең тыл ретіндегі рөлін ашатын елеулі материалдар жинақтады.
2-кезең. 60-жылдардың ортасынан Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Сталинград шайқасы барысында Батыс Қазақстанды майдан аймағына қосу туралы зерттеулер пайда болды. Алайда, олар оқшауланған болып табылады және Ұлы Отан соғысы оқиғалары мен Батыс Қазақстанның терең тыл ретіндегі рөлін түсіндірудің жалпы көрінісін өзгертпейді.
Ресми түсіндірмені өзгерту әрекетін тарих ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Романович Букаткин жасады. Өз еңбектерінде П.Р. Букаткин Батыс Қазақстанға қатысты жақын тыл терминін негіздеді. Алайда, Батыс Қазақстан аумағының ұрыс қимылдарына майдандық тыл ретінде қатысуының тарихи фактісі жеке ғылыми мәселе ретінде зерттелмей, жалпы алғанда тақырып жергілікті өлкетанушылар мен іздеушілердің жариялауды зерттеу нысаны болып қала берді.
П.Р. Букаткиннен кейін, сондай-ақ П.С. Белан, К.Д. Досқалиев өз зерттеулерінде Батыс Қазақстанның Сталинград майданының жақын тылы ретіндегі рөлін жариялады.
3-кезең. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезеңде Батыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы рөлін зерттеу жұмыстары жандана түсті.
1993 жылы П.Р. Букаткин Батыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) кітабында диссертация материалдарын қайта жариялап, онда бірнеше ондаған жылдар бойы жинақталған зерттеулерін қорытындылайды. Сонымен қатар, ол Батыс Қазақстан - Сталинград майданының жақын тылы, деген тұжырымдаманың шеңберінде қалады.
Азаматтық тарих тұрғысынан алғанда бұл тұжырымдар Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлін зерттеудегі маңызды кезең болып табылатындығына қарамастан, түбегейлі анықтаманы қажет етеді. Сонымен, әскери-тарих ғылымы тұрғысынан алғанда жақын, ең жақын тыл, майдан аймағы терминдері Қазақстанның және оның Батыс аймақтарының Сталинград шайқасы кезеңінде Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болған кездегі шынайы рөлін, маңызын, қосқан үлесін көрсетпейді. Бұл жағдай тақырыпты түпкілікті анықтауға негіз болды.
Осылайша, зерттеудің алғашқы нәтижесі Қазақстанның және қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қатысуының, рөлінің, маңызының шынайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық құрамалардың ерліктерін насихаттау
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
1941-45 жылдардағы қанды майдан туралы
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Кеңес әскери қолбасшылардың естеліктеріндегі Сталинград шайқасы
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан
Пәндер