Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . …. . ……. . 6-8
1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР . . . 9
1. 1 Қазіргі білім берудің жағдайы. . … . . . . . . 9-14
1. 2 Бала бақшадағы білім бағдарламаларына психологиялық талдау … . . . 14-19
1. 3 Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының психологиялық моделі . . . 19-24
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ («Baby-Land» бала-бақшасы мысалында) …25
2. 1 Зерттеу бағдарламасы…… . . . . . …. 25-30
2. 2 Зерттеу нәтижелері……… . . . 30-43
2. 3 Жеке бала-бақшаларда психологиялық білім бағдарламаларын ұйымдастыру ерекшеліктері… . . . …43-50
ҚОРЫТЫНДЫ. . …… . . . ……51-52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . 53-54
ҚОСЫМШАЛАР . . . 55-60
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазақстанның әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену мен мемлекетте бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажеттілігі жағдайында қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде баланы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне аса мән беріліп отырғаны мәлім [1] .
Соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру жүйесі жалпы білім беру жүйесінің бастапқы сатысы ретінде елеулі өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда білім беру мекемелері, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер үнемі өзгеретін сыртқы және ішкі талаптар жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.
Қазақстандық ғалымдар арасынан мектепке дейінгі жастағы балалардың даму мәселесін зерттеген ғалымдар - Н. Құлжанова (қол еңбегіне үйрету), М. Лексина (шала туылған балалардың дамуы), Б. Баймұратова (сөздік қорын байыту), Р. Каримова (нейрофизиологиялық дамуы бұзылған балаларды, алдын ала ерте жасынан түзету жолдары) және т. с. с.
Қазіргі уақытта «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі "Балапан" бағдарламасы» міндеттерін жүзеге асыруда республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру үдерісінде «Алғашқы қадам», «Балбөбек», «Тәй, тәй балапан» және т. б. білім беру бағдарламалары қолданылуда.
Дейтұрғанмен, жоғарыда көрсетілген еңбектерге жасаған талдау ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту мәселесінің зерттелмегенін көрсетті.
Сондықтан, жоғарыда айтылғандарға сәйкес, осы зерттеудің өзектілігі динамиканы, педагогикалық процестің мазмұнын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың психикалық дамуын және білім беру кеңістігіне қатысушыларды сүйемелдеуді жан-жақты зерттеу қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу мақсаты: эксперименттік бағдарламаның тиімділігін (бала-бақша мысалында) психологиялық зерттеу .
Зерттеу жұмысының болжамы: егер, мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың теориялық негіздері айқындалса, моделі мен оны жүзеге асырудың эксперименттік кешенді бағдарламасы жасалып, оның тиімділігі тәжірибеде тексерілсе, онда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігі артады деген болжам жасап отырмыз.
Зерттеу нысаны: «Baby-Land» бала-бақшасындағы педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: жалпы білім беру бағдарламаларының психологиялық тұрғыдан тиімділігі.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттелетін мәселенің өзектілігін негіздеу.
2. Жалпы білім беру бағдарламаларының тиімділігін зерттеудің психологиялық аспектілерін теориялық тұрғыдан негіздеу.
3. Тиімді әдістемелерді таңдап, жалпы білім беру бағдарламаларының тиімділігін психологиялық тұрғыдан тәжірибелік зерттеу.
4. Алынған нәтижелерге талдау жасау.
Зерттеу мәселелерін шешу үшін бірқатар әдістер қолданылды:
1. Зерттеудің теориялық әдістері:
- зерттеу мәселесі бойынша арнайы психология-педагогикалық әдебиетті талдау, синтездеу, зерделеу және қорыту;
- абстракция, нақтылау, ұқсастық.
2. Эмпирикалық зерттеу әдістері:
- сауалнама;
- педагогикалық бақылау;
- әңгімелесу;
- диагностикалық әдістер;
- педагогикалық эксперимент.
3. Математикалық статистика әдістері.
4. Логика және салыстырмалы талдау әдістері.
Эксперименттік іріктеу: тәжірибелік экспериментке Алматы облысы Талғар ауданының «Baby-Land» балабақшасының бөбек тобына баратын балалары мен олардың ата-аналары, педагогтары қатысты.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы - психологиялық жалпы білім беру бағдарламалары туралы терең білім алу.
Практикалық маңыздылығы: дипломдық жұмыстағы теориялық тұжырымдар, зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, осы мәселе бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз бола алады; жұмыстың материалдары болашақ бала-бақша тәрбиешілері үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім (екі тарау), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі (23 атаулар) . Жұмыс баспа мәтінінің 60 бетінде баяндалған, 3 кестемен рәсімделген, 7 суретпен безендірілген.
Түйін сөздер: мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметін бағалау, жалпы білім беру бағдарламалардың тиімділігі, мектепке дейінгі білім беру сапасы, бала бақшалар.
1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
1. 1 Қазіргі білім берудің жағдайы
Қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы мынадай деңгейлерді қамтиды:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) арнайы орта білім беру;
5) орта білімнен кейінгі білім беру;
6) жоғары білім беру;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Әр деңгейдің өзіндік мақсаты бар.
Біздің дипломдық жұмысымызда жалпы білім беру бағдарламаларының тиімділігін бала бақша мысалында зерттеу мәселесі қарастырылатын болғандықтан мектепке дейінгі білім беру саласының қазіргі жағдайын тереңірек талдап өтейік.
Жалпы алғанда, ел балаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға құқығы мектепке дейінгі ұйымдардың мынадай типтері мен түрлерімен қамтамасыз етіледі:
- балабақшалар;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы ұйымдар;
- мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталықтары;
- даму орталықтары;
- қысқа мерзімді (кешкі, демалыс, мереке) топтар және басқалар.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған [2] .
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде отбасында немесе бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда; бес жастан бастап балаларды мектепалды даярлау отбасында немесе меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың негізгі бағыттары айқындалған [3] . Қолжетімді және сапалы мектепке дейінгі білім беру Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарының тізбесіне енеді.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан балалардың сапалы білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға және қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған «Балапан»» бағдарламасының арқасында кеңейді. Мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін жеке бизнесті тарту және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар желісі 13 есе - 2010 жылы 347 бірліктен 2020 жылы 4556 бірлікке дейін ұлғайды.
2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 10759 бірлікті құрады, оның ішінде 6949 балабақша және 3696 шағын орталық, 6080 мемлекеттік және 4679 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар, оларға 1-6 жастағы 903 мыңнан аса бала барады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту мәселелері көбіне соңғы 10 жылда шешілді. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттары модельді іске асыруда көзделген сапалық көрсеткіштерді арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар:
1) балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен нысандардың заманауи талаптарға сәйкес келмеуі;
2) балалардың танымдық қызығушылықтары мен білуге құмарлығы, дербестігі жеткілікті ескерілмеуі;
3) білім берудің әртүрлі деңгейлерінде алынатын негізгі дағдылар жиынтығындағы сәйкессіздіктің өмір бойы оқыту жүйесін (lifelong learning) құруға кедергі жасауы;
4) көрсетілетін қызметтер сапасының төмендігі, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын өлшеу және бағалау жүйесінің болмауы;
5) кадрлар жасының ұлғаюы және жетіспеуі;
6) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог мамандығы беделінің болмауы;
7) кадрлардың тұрақтамауы;
8) педагогтерді даярлау бағдарламалары мазмұнының әлемдік ғылымның заманауи үрдісіне сәйкес келмеуі;
9) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқшаулануы;
10) инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мамандар тапшылығы;
11) ата-аналар қауымымен байланыстың жеткіліксіздігі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын бағалау жүйесінің болмауы, тексеру рәсімін оңайлату, лицензиялауды алып тастау, мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне хабарлама тәртібін енгізу мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту қызметі сапасының төмендеуіне алып келді.
Қазақстанда ECERS-R сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша өткізілген зерттеу 7 балдық шкала бойынша 4, 1 балл деңгейін көрсетті, бұл «орташа сапа» бағасына сәйкес келеді, ал «жақсы сапа» 5 балдан басталады. «Баланы қарау және күтім жасау» шкаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар жоғары көрсеткішті иеленді, «Бағдарламаны құрылымдау», «Өзара ынтымақтастық», «Сөйлеу және ойлау» және «Заттық-кеңістіктік орта» кіші шкалалары, әсіресе, балалардың еркін ойыны және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жағдайлар бойынша баға 4, 0-ден төмен болды. Текшелер, математика, ойын, табиғат/ғылым, музыка/қимыл, өнер, ұсақ моторика және т. б. көрсеткіштер бойынша «Белсенділік түрлері» кіші шкаласы бойынша балдар ең төмен. Ортаның жабдықталуы мен балаларға қолжетімділігінің төмендігі. Зерттеу баланың педагогпен өзара әрекетіне, баланың эмоционалдық дамуына, жеке тәсілді күшейтуге және баланың қызығушылығын қолдауға назар аудару қажеттілігін көрсетті [4] .
Мемлекеттік бағдарламада мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту деңгейінде білім беру қызметтерінің сапалық көрсеткіштерімен байланысты индикаторлардың шектеулі саны айқындалған, олар - балалардың сауаттылық дағдылары, мектепке дейінгі ұйымдармен қамту, педагогтердің білім деңгейі, ал халықаралық практикада мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасы - көптеген компоненттерді қамтитын және жергілікті контексті көрсететін ауқымды ұғым [5] .
Сапа көрсеткіштерінің үш тобы бар, балаларды оқыту және күтім жасау саласында қызмет көрсететін ұйымдардың сапасын бағалаудың әрбір халықаралық құралы осы көрсеткіштердің өзіндік теңгеріміне ие:
1) құрылымдық сапа - мектепке дейінгі ұйым дизайны, оны ұйымдастыру және кеңістікті ішкі ұйымдастыру, педагогтердің білім деңгейі мен кәсібилігі, куррикулум дизайны, қаржылық реттеу, балалар санының ересектер санына арақатынасы, балалармен жұмыс жүргізудегі жеке тәсіл, балалар қауіпсіздігі үшін жағдайлар, аккредиттеу;
2) процестің сапасы - мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер нені қалай жасайды, ойынға қанша уақыт бөлінеді, педагог пен балалар және балалар арасындағы маңызды өзара әрекет, күтім мен білім күнделікті практикаға қаншалықты кіріктірілген, оның балаға мейірімді және оның қажеттіліктеріне сай келуі, педагогтердің әр баланың отбасымен өзара қарым-қатынасы, ата-аналардың қатысуы және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің күнделікті практикасы;
3) нәтиженің сапасы - балалар, отбасы, қоғам нақты бір мектепке дейінгі ұйымнан қандай пайда алады, бұл нәтиже балалардың аман-саулығын, балалардың эмоциялық, моральдық, психикалық, психологиялық аман-саулығы мен дамуын, әлеуметтік дағдыларын, болашақ өмірге дайындығын, балалардың денсаулығы мен олардың мектепке дайындығын өлшеуге қалай әсер етеді.
Бұл көрсеткіштердің көбі Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде ескерілмейді. Үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып және оған сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесін одан әрі дамыту, мектеп жасына дейінгі балалар үшін сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және ата-аналар қауымының сапалы қызметтер алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет [6] .
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы заманауи өзгеріп отыратын әлемге бейімделе алатын бала тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар құрады (1-ші сурет) .
Тәжірибелі
педагогтар
Эксперименттік
жұмыс
Инновациялық
технологиялар
Сурет 1 - Тұлғаны қалыптастыратын негізгі факторлар
Қазіргі кезде білім беру саласын қайта қарау мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып келеді. Елдің даму деңгейі жалпы білім берудің деңгейі мен жан-жақтылығына, орта және жоғары кәсіптік мектепте мамандар даярлау сапасына тікелей байланысты. Білім беру саласын пәнаралық байланыстарды, сондай-ақ мемлекеттің бүкіл әлеуметтік саласын міндетті түрде пайдалана отырып, оны сүйене отырып, іс жүзінде пайдалы етіп өзгертуге, жаңартуға болады.
1. 2 Бала бақшадағы білім бағдарламаларына психологиялық талдау
Бала бақшаларда жүзеге асырылатын білім бағдарламаларында көзделген мектепке дейінгі жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау түсінігінің мәні мен мазмұны.
Баланың өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені ол баланың құрбыларымен, әр жастағы балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады.
Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, тұрмыстық және т. б. болуы мүмкін. Бала өмірдің барлық жағына қатысты көптеген әртүрлі таңдаулар алдында болады: қалай оқу және ересектермен қандай қарым-қатынас құру, құрдастарымен қалай сөйлесу, қазіргі және өзге талаптарға, ережелерге қалай бағытталу, т. б. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке айқындамаларымен балаға әртүрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар - педагог, ата-ана және психолог [7] .
Сол себептен, психологиялық-педагогикалық қолдау түсінігін ашу мақсатында өзара қарым-қатынас, әріптестік, жағдайлар құру, көмек, қызмет бағыты, объектімен жұмыс сияқты ұғымдар қолданылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдауды бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:
- балаға жеке білім беруде көмек пен қолдау көрсетуге қабілетті педагогпсихологтың кәсіптік қызметі сияқты;
- білім беру міндеттерін шешу кезінде балаға рухани дербес таңдау жасауға көмектесетін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттер кешенін құрайтын үдеріс сияқты;
- жетекші мен жетеленушінің өзара іс-әрекеті сияқты;
- оқушылардың оқу жетістіктерін қамтамасыз етуде педагог, психолог, және т. б. мамандар әрекетінің дәйекті кезеңдерінің қатарын құрайтын технология сияқты;
- мақсатты, мазмұнды, үдерісті және нәтижелі элементтердің өзара қарымқатынасын мінездейтін жүйе сияқты.
Соңғы жылдары психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясы мен практикасының жіті дамуы білім беру мақсаты туралы ұсынымды кеңейтуге байланысты болды. Бұл мақсатқа тәрбиелеу, дамыту мақсаттары, бала денсаулығын физикалық, психологиялық, психикалық, рухани және әлеуметтік қамтамасыз ету енеді.
Қолдаудың негізі келесі ұстанымдардан болады:
1. Ізгілендіру - бала мүмкіндігіне сенуге болжанған.
2. Жүйелі тәсіл - біртұтас жүйе ретінде адам түсінігіне негізделген.
3. Кешенді тәсіл - бала дамуын қолдауға бағытталған.
4. Баланың жеке мүмкіндігіне, оның даму қарқынына сәйкес қолдаудың мазмұнын, формаларын және тәсілдерін болжайтын баланың жеке және жас ерекшеліктерінің есебі.
5. Білім беру үдерісінде баланы қолдаудың үздіксіздігі.
Мектепалды білім беру жалпы білім беру жүйесінің 5-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білімнен бастауыш білімге үйлесімді көшуін, сабақтастығын қамтамасыз ететін толық құқылы буыны болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау - бұл мектепалды даярлық үдерісінде әрбір баланың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметті-психологиялық және педагогикалық жағдайлар құратын толық, жүйелі ұйымдастырылған қызмет.
Психологиялық-педагогикалық қолдау объектісі болып білім беру бағдарламалары (оқу-тәрбие үдерісі) табылады.
Қызмет пәні - бала қатынасының жүйесі ретінде бала дамуының жағдайы:
- әлеммен;
- айналасындағылармен (ересектер, құрбылар) ;
- өзімен өзі.
Оқу-тәрбие үдерісінде бала дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау мақсаты баланың қалыпты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау міндеттері:
- бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту (ерте диагностика және дамуындағы бұзушылықтарды коррекциялау) ;
- даму, оқыту, әлеуметтенудің өзекті міндеттерін шешуде балаға көмек (ықпал) беру: мектепке дайындықты қамтамасыз ету, оқу қиындықтары, білім беру маршруттарын таңдау мәселелері, эмоциялы-жігерлі шеңбердің бұзушылықтары, құрбыларымен, педагогтармен, ата-аналармен өзара қарымқатынас мәселелері;
- тәрбие-білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;
-ата-аналар, педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын дамыту.
Баланы қолдау бойынша жұмыстың тізбектілігі келесі алгоритмді ұсынады:
1. Мәселенің қойылымы. Сұраныстың түсуінен, мәселенің мәнін түсінуден, бала туралы жиын жоспарын әзірлеуден және диагностикалық зерттеу жүргізуден басталады.
2. Алынған ақпараттың сараптамасы. Барлық қызығушылық танытқан мүдделермен мәселені шешудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін бағалау және талдау, әртүрлі шешімдердің жағымды және теріс жақтарын талқылау.
3. Кешенді көмек беру жоспарын әзірлеу. Әрекет тізбектілігін анықтау, тараптардың функциялары мен жауапкершіліктерін, іске асыру мерзімдерін бөлу: бала, педагог, ата-ана, мамандарға арналған бірлескен ұсынымдар өндіру. Барлық қатысушыларға бала мәселелерін шешу жолдары мен тәсілдері туралы кеңес беріледі.
4. Мәселені шешуде жоспарды іске асыру. Әрбір қатысушымен ұсынымдарды орындау.
5. Қолдау қызметі нәтижелерінің мәнін ұғыну және бағалау. Не сәтті болды? Қандай сәтсіздік пайда болды? Неліктен? сұрақтарына жауаптар болжайды. Жеке мәселенің шешімі немесе бала дамуына одан әрі дамуын жүргізу. Одан әрі не істеу қажет? сұрағына жауап.
Жоғарыда аталғандай, тәрбие - білім беру үдерісінің психологиялық- педагогикалық қолдауымен бала тұлғасын зерттеудің толық үздіксіз үдерісі, оқыту мен тәрбиелеудің барлық жас ерекшелік кезеңдерінде әлеуметке бейімдеу, оны формалау қызметтері ұғынылады.
Мектепке дейінгі оқытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасының мазмұны. Мектепке дейінгі оқыту пәні баланың психологиялық дамуының әртүрлі компоненттері болып табылатын психологиялық-педагогикалық талдау жүргізеді.
- Біріншіден, бағдарламаны диагностикалық рәсімнің шағын көлемі ажырата біледі. Мұнда мектеп үлгерімі үшін маңызды негізгі процестер көрсетілген. Көлемі жағынан үлкен диагностика мектепке дейінгі жастағы балаларды тиімді оқыту мен дамуына жағдайлар құруға қажетті уақыт пен күшті алып кетеді. Аталған бағдарлама - көптеген әдістемелердің талдау және қолдаудың мақсаттарын таңдау нәтижелері.
- Екіншіден, оқу дағдылары және таным процестерін дамытудың контекстінде қандай да бір диагностикаларды жүргізудің тиімді уақытын құру. Яғни, нақты психологиялық функциялары бар қандай да бір білімді, дағдыны меңгерудің сензитивті кезеңдері анықталады. Бұл дер кезінде оқытудың мәселелерін ескертуге, балаларға көмек көрсетуге, бағдарламаға түзетулер енгізуге және т. б. мүмкіндік береді.
- Үшіншіден, әрбір диагностикаланатын параметр оқыту кезінде екі рет өлшенеді. Бұл даму динамикасын құруға, бір деңгейден екіншісіне көшуге қажет. Біз оқытудың әр кезеңінде қолдана алатын, ал нәтижелерін бір-бірімен үйлестіретін әдістемелер қолданамыз.
- Төртіншіден, зерттеу нәтижелері дамытудың биологиялық факторларын диагностикалауға, оқу және таным әрекеттерінің сәттілігін болжауға, шамадан тыс қажытуды, эмоционалды бұзушылықты ескертуге мүмкіндік береді.
- Бесіншіден, көптеген әдістемелерді психологтарға да, педагогтарға да қолдануға болады. Бұл нәтижелерге психологиялық-педагогикалық талдау жүргізуге, алынған мәліметтер есебінен оқыту үдерісін жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностика нәтижесінде педагог пен психологтың кеңес беру, коррекциялау, ағарту бойынша біріккен қызметі қарастырылған.
- Алтыншыдан, психологиялық-педагогикалық әдістемелер мен әдістерді меңгеру барысында психологиялық білім бастауыш сынып педагогтарының жеке тәжірибесіне қосылады және өз жұмыстарында қолданылады.
Психологиялық-педагогикалық диагностика психологиялық мониторингтің мақсатына жетуге, яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың білім беру, танымдық және әлеуметтік міндеттерін сәтті шешуге арналған қажетті жағдайлар құру үшін қажет.
1. 3 Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының психологиялық моделі
Психологиялық-педагогикалық қолдауды әзірлеуде келесі міндеттер қойылады:
1. Балалармен және педагогикалық қызметкерлермен сөйлесу кезінде топта бала үшін жағымды микроклимат құру.
2. Баланың жеке даму ерекшеліктерін оның пайда болуының интеллектуалды, эмоционалды шеңбері бірлігінде зерттеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz