Ортағасыр мұсылман философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӨСКЕМЕН ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырып: "Ортағасырлык философия"

Мамандық: 06130100 Бағдарламамен қамтамасыз ету(түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі

Орындаған: Еркінғазыұлы Ернұр
Тексерген: Бакешова.А.К

Өскемен, 2023-2024

Жоспар:
1.Орта ғасырдағы Европаның философиясы
2.Діннің үстемдік етуі
3.Тұлға психологиясы
4.Ортағасырлық мұсылман философиясы

Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды.
Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.)
Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
Патристика (латынша - әке) - ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.
Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) - ІІ - ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;
Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;
Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.
Ортағасырлық батысеуропалық философия -- дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375 -- 383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін әкей ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі дейді. Аврелий Ав-густин өзінің Құдай қаласы туралы еңбегінде атақты фор-муласын -- сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі V -- XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің әкейі болса, онда Боэций (480 -- 526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша соңғы римдік және бірінші схоласт болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің үғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Қүдіретті Құдай, оның Үлы және Қасиетгі Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция. Боэцийдің айтуынша субстанция -- бүл барша аорибуттар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық философия туралы
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Ислам философиясының батысқа әсері
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Фараби туралы
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде)
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
ӘБУ ХАМИД ӘЛ-ҒАЗАЛИДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
Пәндер