Қозғалыс формасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӨСКЕМЕН ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырып: "Материя және Сана"

Мамандық: 06130100 Бағдарламамен қамтамасыз ету(түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі

Орындаған: Еркінғазыұлы Ернұр
Тексерген: Бакешова.А.К

Өскемен, 2023-2024

Жоспар:
1.Материя ұғымы
2.Материя түрлері мен құрылымы
3.Қозғалыс формасы
4.Уақыт
5.Сана туралы түсінік

Материя және сана.

Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдык тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. "Материя" деген терминді қолданбаған бірде-бір философиялық мектеп немесе бірде-бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес.
Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз - зат. Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат, т.т. Материяны затпен барабар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көз қарас болған. Ол ең қарапайым зат. Ерте заманғы материалистер дүниенің алғашқы негізі, түпкі бастамасы деп суды алған, екіншілері - ауаны, үшіншілері отты алған; сөйтіп, бәрі де судан, ауадан немесе оттан пайда болады да, қайтадан бәрі де солардың өзіне айналады деп есептеген. Мысалы, Фалес үшін ол - су, Анаксимен үшін - ауа, Гераклит үшін - от, Демокрит үшін - атом ("бөлінбейтін" деген сез), Пифагор үшін - сан, т.т.. Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашқы қарапайым заттарға бөлінеді. Ал қарапайым біртекті заттар тұрақты.
Мұнан кейін философтар заттай нәрсенің бәрі атомдардан - өзгермейтін және бөлінбейтін, бос кеңістікте мәңгі-бақи қозғалып жүретін өте ұсақ материялық бөлшектерден құралады деген данышпандық болжам айтты. Сонансоң табиғаттың алуан түрлі заттары мен қүбылыстарының мөңгі-бақи өмір сүретін жалпы негізін материя деп түсіне бастады. Материя осы кезеңнен бастапақ материалисте бағытта бүкіл космостың түпкі негізі, бүкіл әлемнің бір тұтастығының шығатын тегі ретінде қаралады. Олар үшін әлем әртүрлі заттардың кездейсоқ косындысы ғана емес. Әлем біртұтас нәрсе.
Жаңа дәуір философиясында (XVII-XVIII ғ.ғ.) қоғамдық өндіріс пен ғылымның дамуы, қоғамдық еңбек бөліністің тереңдеуі материяны механикалың заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрмен емес, олардың барлығына тән ортақ қасиеттері мен байланыстыруға бейім.
Ал XIX ғ. Фейербах болса материя барлық заттардың қосындысы деген көзқарасқа ойысады. Маркске дейінгі материалистік философия мен жаратылыс тану ғылымында материя жөніндегі осы сияқты кезқарастар болды. Мұнда талас: материяны барлық заттардың табиғи себебі. деп есептеуге бола ма, әлде онан басқатағы бір "бастапқы себеп" бар ма, материялың объектілердің тоқтаусыз қозғалыста болатын себебіне және қозғалыстың шығатын көзінеде, материя бір түрлі болып табыла ма және сезім аркылы аңғарылатын нақты заттардан өзгеше материяны дәл сол өзіндей деп ойлауға бола ма деген мәселелер жөнінде болды. Бұл ретте материяны барлық заттардың алғашқы негізі деп танып білу үшін атомдар қозғалысының заңдарын ашса болғаны деп есептелді. Сонымен қатар көптеген ғалымдар физикалық немесе химиялық процестерді атомдардың механикалық жылжып ауысуына апарып саюға тырысты.
Алайда, XX ғасырдың бас кезінде ғылым шешілместей болып көрінген қиыншылықтарға кездесті. Атомдардың бөлінбейтіндігі жөніндегі, материялың белшектердің кейбір басқа да қасиеттері жөніндегі, энергия женіндегі сол кезде үстем болып Жүрген түсініктерді жоққа шығарған ірі-ірі жаңалықтар ашылды. Физика микро-дүниеге, яғни атом құбылыстарының дүниесіне тереңдей еніп, материялық бөлшектерің таңғажайып қасиеттері мен энергияның жаңа түрлеріне тап болды.
Ғылымда жаңадан ашылған табыстар материя мен оның қасиеттері жайындағы ескі метафизикалық түсініктерге мүлде қайшы келді. Физикада дағдарыс туды. В.И.Ленин "Материализм және эмпириокритицизм" деген кітабында ғылымда туып отырған жағдайды талдай келіп, физикадағы дағдарыстық себептерін ашып берді, идеализм қалыптасып қалған ұғымдардың күйреуінен туған ғылымдағы қиыншылықтарды пайдаланып, сол ғылымның жетістіктерін бұрмалап отыр деп көрсетті.
1909 жылыВ.И. Ленинның материяға берген анықтамасы:
"Материя дегеніміз - адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сөулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория". Әр деуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдың дүниені каншалыкты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалыкты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады - міне материя туралы ең алдымен қоғамдың санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, т.т., яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
Жалпы алғанда, материяньң түрлері: зат пен өpic, метагалактика мен биосфера. Материяныц алуан түрлілігінің шексіздігін мынадай факті керсетеді: материя тек зат түрінде ғана ("элементарлық" белшектерден құралатын құм түйіршіктерінен бастап зор аспан денелеріне дейінгі айналамыздағы заттардың бәрі) емес, сонымен қатар өpic түрінде де (электромагнит ерісі, ядро ерісі, тартылыс өрісі) емір сүреді. Материяның осы негізгі екі түрі өзара тығыз байланысты және өзара бір-біріне айналып түруға қабілетті келеді.
XX ғ. 80-ші жылдарында материяның құрылымы осындай болып көрінеді: Метагалактика (оған галактикалар, макро-микро-денелер, молекулалар, атомдар, элементарлық бөлшектер жатады) және Биосфера (оған қоғам, биоценоз, көпклеткалық организмдер, клеткалар, ДНК, РНК жатады). Дәуір өткен сайын, адамның өндіріс қызметі жан-жақты күрделі процеске айналған сайын, адамдардың қызметтері саналуан болып кетті. Материя туралы адамзаттың түсініктері заманына сай өзгере береді.
Материя үшін заттың форма оның негізі емес, негізгі форма - қозғалыс. Бұл қорытынды тек адамның дүние-де болу формасына ғана емес, ол жалпы болмыстың барлык формаларына қатысты.
Материя үнемі қозғалыста болады. Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс. Сондықтан да бұрынғы материалистер де мұны белгілі бір дәрежеде болжаған. Философия да көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген
пікіpre ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсірген. Қозғалыс: табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне карама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде nәpсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші қалпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық - қозғалыстың біршам, бір сәткі тұрақтылығы.
Материя қозғалыстың бір формасынан екіншісіне ауысып отырады. Бірақ ол денелер жерге қатынасында тыныштық қалпында. Қозғалыс негізгі, себебі барлық тіршіліктің формалары шын мәнінде қозғалыс. Тіпті тыныштықтың өзіде - қозғалыс немесе қозғалыстың біршама тұрақты қалпы дедік. Сондықтан тыныштық относительдік (салыстырмалы) нәрсе. Тыныштық белгілі бір қатынаста ғана тыныштық, басқа барлық қатынастарда қозғалыс. Материя қозғалысының негізгі формалары: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік. Механикалық қозғалысқа әр түрлі денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруы: аса ұсақ бөлшектердің қозғалысы, атомдар мен молекулалардың орын ауыстыруы кіреді. Физикалық өзгерістерге жылу процестері, ядро мен атомның ішінде болатын өзгерістер, "элементарлың" бөлшектердің өзара әрекеттері, т.б. кіреді. Қозғалыстың химиялық формасына атомдардың молекулалар болып қосылу және молекулалардың ыдырау процестері, заттардың органикалық және органикалық емес табиғатта болып жататын құралу және бұзылу процестері кіреді. Қозғалыстың биологиялық формасы дегеніміз -тіршіліктің алуан түрлі көріністері, тірі организмдердің өзара және олі табиғатпен арадағы қарым-қатынастары. Қозғалыстың әлеуметтік (қоғамдық) формасы өндіріс саласындағы өзгерістерді, таптық және үлттық қатынастарды қоса алғанда қоғамда болып жататын алуан түрлі процестердің материалдық және рухани мәдениеттің даму процестерін, қоғам мен табиғаттың өзара жасайтын әрекеттерін қамтиды. Қозғалыстың жеке формалары жөніндегі козқарастар ғылымның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қозғалыс және оның негізгі формалары
Материяның ғылыми философиялық ұғымының қалыптасуы
Табиғат болмысы
Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс
Балалар церебральды салы
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Ай қозғалысы мен ай фазаларының ауысуын зерттеу
Пәндер