Жылыжайда қызанақ аурулары есепке алу әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жылыжайда қызанақ ауруларын есепке алу әдістері және фунгицидтердің биологиялық тиімділігі.

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жылыжайда қызанақ аурулары және оларды есепке алу әдістері
2.2 Фунгицидтердің биологиялық тиімділігі
ІІІ Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қызанақты жылыжайлар мен парниктерде арнайы жасанды климатта өсіреді. Егіс даласымен салыстырғанда мұнда ауа мен топырақтың температурасы және ылғалдылығы әдетте жоғары және топырақтың құрамы мен оған түсетін жарықта өзгеше болады. Мұндай арнайы жағдайлар және осы дақылдардың басқа дақылдармен алмастырылмай өсірілуі зиянды организмдердің көптеген түрлерінің жаппай көбейіп, қорлана беруіне мүмкіншілік тудырады. Жылыжайларда қызанақтан басқа көптеген көкеніс дақылдары: қызанақ, бұрыш және баклажан т.б. дақылдар өсіріледі. Жылыжайдағы зиянкестерге қолайлы жағдай да кіріп кететін жергілікті және жылу сүйгіш зиянкестер жатады.
Жылыжайларда өсірілетін көкеніс дақылдарының зақымдаға маманданған зиянкестердің барлығының дерлік ауыз аппараты шаншып - сорғыш, полифагтар және көбею потенциялы жоғары дәрежеге көтерілген поливольтинді түрлер. Мұндай ерекшеліктерде олардың жылыжай жағдайында температура мен ылғалдылықтың жоғары болуы, дақылдың ұзақ уақыт, кейде жыл бойы, үзіліссіз өсірілуі олардың қарқынды түрде жаппай өсіп - өніп көбеюіне мүмкіншілік тудырады.
Қызанақ дақылының негізгі зиянкестеріне бітелер тұқымдасының өкілдері, жылыжай аққанаты, темекі трипсі және кәдімгі өрмекші кене, беріш нематодалары т.б. зиянкестер жатады. Қызанақ дақылының зиянкестерімен күрес жүргізіп қана қоймай, алдын алу шараларында жасау қажет. Қызанақ күйесімен залалданған өсімдіктерді елімізде химиялық және биологиялық қолдануға рұқсат етілген препараттармен өңдеу керек. Өсімдік өнімдерін дайындау және тасымалдау кезінде ерекше карантиндік ережелер сақталуы тиіс. Шаруашылықтар үшін тағы бір ескеретін жайт -- жылыжайларда қызанақ күйесін кіріп кетпеуден сақтау үшін терезелер мен желдеткіштерге москиттік торлар қондырып, кіреберістерге залалсыздандырғыш төсеніш жайылуы керек. Ең бастысы -- алқа тұқымдас өсімдіктерді басқа өсімдіктермен жиі ауыстырып тұрған жөн. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жылыжайда қызанақ аурулары және оларды есепке алу әдістері

Тамыр шірігі. Қоздырғыштары Fusarium solani, F. c - фузариум туысының саңырауқұлақтары. Ауру өсіп дамудың барлық кезеңдерінде зиян келтіреді. Бастапқыда сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда шамалы дақтар пайда болады, кейін олар ұлғайып, тұтасып кетеді. Сабақ пен тамырдың зақымданған ұлпалары шіріп кетеді. Су және қоректік заттар жетіспегендіктен өсімдіктің жапырақтары сарғайып солып қалады. Саңырауқұлақтар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды.(1 - сурет ).

1 - сурет. Тамыр шірігі

Ақ ұнтақ. Ауруды Erysiphe cichoracearum D., Erysiphe communis Fr., Sphaerotheca fuliginea Poll. ( Ascomycetes класы , Erysiphales қатары ) саңырауқұлақтары тудырады. Өсімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелері, әсіресе жапырақтары мен олардың сағақтары қатты зақымданады. Ақ өңез алғашқыда жапырақтардың үстіңгі бетінде, ал кейін астында да пайда болады. Зақымданған жапырақтардың түстері ағарып, қурайды, өсімдік өліп қалады.
Ауруға өсімдіктер төмен температурада және суық сумен суарғанда шалдығады. Ауру өсімдік қалдықтары мен арамшөптерде дамитын конидийлер мен аскоспоралар арқылы тарайды.
Антракноз. Қоздырғышы: Colletotrichum lagenarium E. ( Deuteromycetes класы, Melenconiales қатары ). Жапырақ сағағын , сабақты, тамырды және жемістерді зақымдайды. Жапырақтарда дөңгелек пішінді, шашырап орналасқан, ашық қоңыр немесе сары түсті дақтар пайда болады. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп, тесіктер пайда болады. Қатты зақымданған жапырақтар өліп қалады. Сабақтарда, жапырақ сағақтарында, жемістері мен тамырда кейін жараға айналатын, суланған дақтар дамиды. Ылғалды ауа - райында зақымданған мүшелерде ақшыл - қызғылт түсті өңез түзіледі. Ауру жемістердің дәмі ащы болады, кейін шіріп кетеді. Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында, сондай - ақ тұқымда конидийлер және микроклероцийлер түрінде 5 жылға дейін сақталады. Аурудың жылдам дамуына жоғары ылғалдылық пен температура қолайлы.
Аскохитоз. Қоздырғышы: Ascohita cucumis Fautr et Roum. ( Deuteromycetes класы , Sphaeropsidales қатары). Ауру өсімдіктің барлық мүшелерін залалдайды. Алғашқыда сабақта сопақша немесе дөңгелек пішінді дақтар пайда болады. Басында олар ашық сары түсті болады, сосын біртіндеп қоңырланады. Кейін оларда пикнидтер түзіледі және кебуіне қарай дақтар ағарады. Аурудың қоздырғыштары ауру жемістерден алынған тұқымда сақталады. Жаңбыр тамшылары, бунақденелілер және топырақ арқылы тарайды.
Қызанақтың зәйтүн дағы ( кладоспориоз ). Қоздырғышы Cladosporium cucumerinum Ell et Arth., ( Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары). Қызанақдың жемістерін залалдайды. Аурудың алғашқы белгілері кішігірім суланған дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп ақшыл - жасыл түсті өңезбен қапталған жараларға айналады. Ауруға шалдыққан жемістердің тауарлық сапасы болмайды, пішіні өзгереді және өспей қалады. Жоғары ылғалдылықта ауру тез дамиды, дақтардың көлемі үлкейіп сұйықтық шығатын жарықшалар пайда болады. Саңырауқұлақтың конидийлері жаңбыр тамшысымен, желмен және топырақ арқылы тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта, құрал - жабдықтарда сақталады.
Жалған ақ ұнтағы. Қоздырғышы Pseudoperonospora cubensis Rostov., Oomycetes класы , Perenosporales қатары. Өсімдіктің жапырақтарын зақымдайды, олардың үстіңгі бетінде кішігірім, майлы, ақшыл - жасыл түсті дақтар пайда болады. Біртіндеп дақтар үлкейіп, түсі қоңырланады, ауруға шалдыққан жапырақ қурап қалады. Жапырақтардың астыңғы бетінде зақымданған ұлпа өңезденеді, өңез сұр - күлгін түсті болады. Ауру көбінесе қызанақтың жаппай гүлденуі мен жемістенуі кезінде байқалады. Ауру топырақта бес жылға дейін өнгіштігін сақтайтын ооспоралармен тарайды.

Жылыжайда қызанақ аурулары есепке алу әдістері

Қызанақтың қурап қалуы алғашқы жемістердің пайда болу кезеңінде және олардың жаппай пісу кезеңінде шкала бойынша ескеріледі: 0-зақымдану жоқ; 1-бүкіл өсімдікке қысым жасамайтын жеке сабақтардың әлсіз ауруы, жапырақ бетінің 25% - на дейін әсер етеді; 2-бүкіл өсімдіктің айқын депрессиясы бар жеке сабақтар зардап шегеді, жапырақ бетінің 26-50% - ы аурумен қамтылған; 3-өсімдік қатты депрессияға ұшырайды және дерлік өнім бермейді, жапырақ бетінің 50% - дан астамы зардап шегеді; 4-өсімдіктің толық өлімі. Барлық дақылдарда зардап шеккен өсімдіктердің пайызы есептеледі.
Әрі қарай есепке алу үшін фитофтораны (Phytophora infestans) ескере отырып, оның алғашқы пайда болу күндерін анықтау маңызды. Ауру, ең алдымен, ерте сезімтал сорттарда, оның дамуы үшін жағдайлар ең қолайлы жерлерде пайда болатындығын есте ұстаған жөн. Мұнда бухгалтерлік есеп жаппай бүршіктену кезеңінен басталады, бірақ гүлдену басталғаннан кешіктірілмейді.
Фитофтораны есепке алу өсімдіктерді өрістің сынған диагоналінде немесе шахмат тәртібінде тексеру арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жақын жерде орналасқан 10 өсімдіктің тамырына талдау жасалады. Сынамалардың жалпы саны учаскенің ауданына байланысты белгіленеді. 5 гектар плантацияда 100 бұта, яғни 10 өсімдік үшін 10 сынама тексеріледі; 25 гектар аумақта 200 бұта (20 сынама) тексеріледі; 50 гектарға - 500 өсімдік (50 сынама). Бұталарды тексеру кезінде олардың зақымдану дәрежесі 1-кестеде келтірілген шкала бойынша анықталады.
Ақ жапырақ дақтары. Есепке алу қызанақтардың пайда болуы мен пісуі кезінде жүзеге асырылады. Ауданы 100 гектарға дейінгі зерттелетін учаскеде 100 өсімдік (5 өсімдіктен 20 жерде) диагональ бойынша немесе шахмат тәртібімен тексеріледі.
Зардап шеккен өсімдіктердің саны мен пайызы есептеледі, ал шкала бойынша олардың зақымдану қарқындылығы анықталады: әлсіз зақымдану -- өсімдіктің жапырақ бетінің 13 дейін зақымдануы; орташа зақымдану -- жапырақ бетінің 23 дейін; қатты зақымдану -- жапырақ бетінің 23 жоғары.
Бұл әдіс қоңыр жапырақ дақтарын есепке алу үшін де қолданылады.
Жеміс шірігі. Есепке алу жемістердің пісетін кезеңінде жүзеге асырылады. 100 гектарға дейінгі учаскеде 100 өсімдік диагональ бойынша тексеріледі (5 өсімдіктің 20 сынамасы) және сау және зақымдалған жемістердің саны есептеледі (әр шірік үшін бөлек); осы мәліметтер бойынша белгілі бір жеміс шіріктерінің орташа пайызы анықталады
Столбур, стрик және бактериялық қатерлі ісік. Есепке алу өсімдіктерін тексеру арқылы (5 өсімдіктің 20 сынамасы) зардап шеккен өсімдіктердің саны мен пайызы анықталады.
Қызанақ, әртүрлі зиянкестермен зақымданады және түрлі ауруларға шалдығады. Олар өнімді, оның дәмдік және тауарлық сапасын төмендетеді. Жиі кездесетін аурулары - шимай ауруы, жеміс шірігі, фитофтороз. Қорғаулы жерде олардан басқа көп зиянды оңтүстік фитофторозы, бурыл теңбіл, мозаика, жылыжай мен булы жайда - гүлзар (шабдалы) және алқа биті, аққанат келтіреді. Агротехникалық шаралармен бірге химиялық күрес шаралары қолданылады. (1-кесте).

Зиянкестер, аурулар
Қолданылатын дәрмектер
Қолдану мөлшері, лга
Өңдеу тәсілі шектеуі
Соңғы өңдеудің жинауға дейінгі уақыты, өңдеудің дүркінділігі
( )
Кеміргіш түн көбелектері
Циракс, 25% э.к
0,24-0,32
Өсінді кезеңінде бүрку
20 (1)
Колорад қоңызы
Банкол, 50% с.ұ.
0,3-0,5
--
40 (2)

Ровикурт, 25% э.к.
0,2
Гүлдеуге дейін бүрку
20 (2)

Битоксибацил-лин (биодәрмек)
2,5
Зиянкестердің әр ұрпағына 6-8 күннен кейін 2-3 рет өңдеу

Новодор, с.к.
(биопрепарат)
3-5
--
Ақ ұнтақ
Байлетон, 25% с.ұ.
(қорғ. жер)
1-4
Өсінді кезеңінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Қызанақтың аурулары
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Аймақтың топырақ климаттық жағдайларына сипаттама
Өсімдік ауруларының биотикалық себептері
Жүзімді өсіру технологиясы
Жылыжайда қияр өсіру технологиясы
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Пәндер