Зиянды бақашық


Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Зиянды бақашық. Систематикасы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары.
Жоспары:
1. Кіріспе:
Зиянды бақашық. Систематикасы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары.
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Зиянды бақашық. Систематикасы, биологиясы.
2. 2. Қандаланың зияндылығы және күресу шаралары.
2. 3. Есептеу әдістемесі.
Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер
Ғылыми жіктеу:
Зиянды бақашық қандала - Eurigaster integriceps.
Дүниесі: Animalia
Типі: Arthropoda
Табы: Insecta
Туыс: Hemiptera
Тұқымдасы: Scutelleridae
Тегі: Eurygaster
Түрі: E. integriceps
1-сурет. Зиянды бақашық қандала - Eurigaster integriceps.
Астық дақылдарда кездесетін зиянды бақашық қандаласы аса қауіпті зиянкес түріне жатады. Зиянды бақашық қандала жаздық бидай мен қара бидайды, арпа мен cұлыны, ал жемшөптік дақылдардан еркекшөп пен бидайықты және т. б. ерте көктемнен бастап өнімді жинап алуға дейін зақымдайды. Ересек қандаласы тоғай алқаптарының, орманның жапырақ төсемінің астында қыстайды. Жұмыртқаларын өсімдіктің жапырағына, қурап қалған өсімдік қалдықтарына, кейде топырақ кесектерінің үстіне салады. Жұмыртқасы шар тәріздес дөңгелек болып келеді. Көктемде орташа тәулік температурасы 14-16, ал күндізгі температура 20 Сº асқанда, яғни жазғы егіс көктеп шыққан кезде қандалалар егінге қарай ұша бастайды. Зиянды бақашық қандаласының ауыз апараты шаншып сорғыш болғандықтан бидайдың клейковинасын сорып алу арқылы зақым келтіреді.
1. Кіріспе:
Зиянды бақашық. Систематикасы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары.
Зиянды бақашық қандала(Eurygaster іntegrіceps) - жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отрядының қалқаншалы бақашықтар тұқымдасына жататын жәндік.
Қазақстанның шығыс, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында таралған. Ұзындығы 10 - 13 мм, ақшыл сары түстен қара қоңыр түске дейін болады. Жылына бір рет ұрпақ беріп дамиды. Зиянды бақашық қандала әр түрлі ағаш бұталарының арасында қыстайды. Көктемде егіс көктеп шыққанда егінге қарай ұшады, 7 - 10 күннен кейін жұмыртқалауға кіріседі.
Жұмыртқаларын (200-ге жуық) астық дақылдарының жапырағына, өсімдік қалдықтарына, топырақ бетіне салады. Дернәсілдері 35 - 40 күн дамиды. 5 рет түлеп, ересек қандалаға айналады. Зиянды бақашық қандала астық дақылдарын (күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы, тағы басқа) және жемшөп дақылдарын зақымдайды. Көктеу және түптеу кезеңдерінде зақымданған өсімдіктердің жапырағы солып, сарғаяды.
Сабақтану кезінде зақымданса масағы қурайды, ал тамырлану кезінде дәні бүрісіп, семіп қалады. Дәннің зиянкес қоректенген жерінде қара қоңыр дақ пайда болады. Ересек қандалалар және олардың дернәсілдері бидай дәнін зақымдағанда оның салмағын кемітіп қана қоймай, тауарлық және тұқымдық сапаларын да төмендетеді.
Зиянды бақашық қандала сілекейіндегі ферменттер дәннің уызын азайтады. Мұндай бидай ұнынан пісірілген нан көтерілмейді, сапасы төмендейді.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті енгізу, астық өнімін қысқа мерзім ішінде жинап алу, көктемде және жазда қыстап шыққан қандалаларды және оның дернәсілдерін жою үшін егіске тиісті препараттар бүрку қажет
Зиянды бақашық қандала- жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отрядының қалқаншалы бақашықтар тұқымдасына жататын жәндік.
Таралуы. Қазақстанның шығыс, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарында таралған.
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Зиянды бақашық. Систематикасы, биологиясы.
Ұзындығы 10 - 13 мм, ақшыл сары түстен қара қоңыр түске дейін болады. Жылына бір рет ұрпақ беріп дамиды. Зиянды бақашық қандала әр түрлі ағаш бұталарының арасында қыстайды. Көктемде егіс көктеп шыққанда егінге қарай ұшады, 7 - 10 күннен кейін жұмыртқалауға кіріседі. Әр қатарға 14 жұмыртқадан салып, оларды жеті-жетіден екі қатар етіп орналастырады. Жұмыртқаларын (200-ге жуық) астық дақылдарының жапырағына, өсімдік қалдықтарына, топырақ бетіне салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан личинка қызғылт түсті, пішіні шар тәрізді болады. Бірнеше сағаттан соң ол бірте - бірте күңгірттеніп қара - қоңыр түске көшеді. Эмбриондық даму 9-16 күнге дейін созылады. Дернәсілдері 35 - 40 күн дамиды. 5 рет түлеп, ересек қандалаға айналады. Ересек қандалалар толық қанаттанған соң 10-шақты күннен кейін қыстайтын жерлеріне ұша бастайды. ІІ-жастағы личинканың басы, арқасының алды, құрсақ сегменттерінің ортасы мен шеттері қара-қоңыр денесінің қалған бөліктері бозғылт болады. ІІІ-жастағыларының басы және кеуде сегменттерінің қара - қоңыр, құрсағы ақшыл қанаттарының негізі біліне бастады. IV - жастағы личинканың денесі түгелімен ақшыл-сұр, ортаңғы көкірек сегментінің арқа бөлімінде бүйір өсінділері, яғни қанат өсінділері көріне бастайды. V-жастағы личинканікіндей, қалқанша құрсағының 2-2, 5 сегментін жауып жатады.
2-сурет. Морфологиясы. Зиянды бақашық қандаланың дернәсілдері -Eurygaster integriceps Put.
Әр түрлі жастағы: 1 - бірінші; 2 - екінші; 3 - үшінші; 4 - төртінші; 5 - бесінші.
2. 2. Қандаланың зияндылығы және күресу шаралары.
Зиянды бақашық қандала - дәнді дақылдарды зақымдайды. Қазақстанда оның екі түрі бар. Бақашық қандала Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына; Үшкір басты қандала Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысытарына кезігеді. Бұлар аңызда, астық тұқымдас көп жылдық өсімдіктерді паналап қыстап шығады да, егіс көгін ойсырата жейді. Жаздық бидайды, қара бидайды, арпаны, сұлыны, ал жемшөптік дақылдардан еркекшөпті, бидайықты т. б ерте көктемнен бастап өнімді жинап алуға дейін зақымдайды. Осылардың ішінде көбірек зақымдайтындары жаздық және күздік бидай мен қара бидай. Көктеу және түптену фазаларында зақымданған өсімдіктің орталық жапырағы солып, сарғайып кетеді. Ал сабақтану кезінде зақымданса, онда оның масағы қурайды да, ақ масақ болып қалады. Қандалалар және олардың личинкалары бидай дәнін зақымдағанда оның тек салмағын ғана кемітіп қоймайды, сонымен қатар оның товарлық және тұқымдық сапаларын да төмендетеді. Себебі зиянкестің сілекейіндегі ферменттер дәннің клейковинасын бүлдіреді.
Күресу шаралары. егінді қысқа мерзімде жинау; егіс жағалауындағы арамшөптерді құрту; егістікті сыдыра жырту; не қайырмалы соқамен сүдігер жырту. көктемде және жазда қыстап шыққан қандалаларды және оның дернәсілдерін жою үшін егіске тиісті препараттар бүрку қажет. ДДТ дусы, 2, 5%-ды метафос дусы, 65%-ды хлорофос қолданылады.
Зиянкестермен күресудің екі негізгі әдісі бар: биологиялық және химиялық. Олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
1-кесте. Химиялық заттар
22000 рубль / 5л
1 рубль / 5л
8000 рубль / 5л
Циракс
Кинмикс
Дэцис
4500 рубль / 5л
20 рубль / 2 мл
30 рубль / 1 г
Актара
Регент
Моспилан
5000 рубль/250г
3400 рубль / 100г
6500 рубль / кг
Инсектицидтерді қолдану тиімді, бірақ олар ұзаққа созылмайды және бір маусымда екі рет қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар, жәндіктер белгілі бір препаратқа тез үйреніп, оған жауап беруді тоқтатады. Сондықтан жыл сайын әртүрлі химиялық заттарды қолдану қажет.
Паразиттерден басқа, Инсектицидтер егінді қорғайтын пайдалы жәндіктерді де жоя алатындығын ескеру маңызды. Өрістерді өңдеуге арналған химия дернәсілдерді толығымен жою үшін қолданылады.
Биологиялық әдістер
Биологиялық әдістерге энтомофагтарды, яғни зиянды бақашық популяциясын жоятын жәндіктер мен құстарды қолдану жатады.
Олар шартты түрде екі түрге бөлінеді:
паразиттер (Азия және теленомус) ;
жыртқыштар (жер қоңыздары, өрмекшілер, кенелер мен құстар) .
Биологиялық препарат Боверин жақсы пікірлерге ие болды, оның негізінде арнайы саңырауқұлақ жеп, "ақ мускардинмен" жұқтырылып, өледі.
Өкінішке орай, препаратты еркін сатылымда сатып алу мүмкін емес. Бұл адамдар мен жануарлар үшін мүлдем қауіпсіз, улы емес.
Зиянды бақашықтарды жоюдың негізгі әдістері - үнемі арамшөптерден тазарту, сабанды міндетті түрде тазарту және уақтылы жинау.
Сонымен қатар, өсімдіктер калий-фосфор тыңайтқыштарымен мезгіл-мезгіл қоректенуді қажет етеді. Зиянды бақашықтар санын астық екпелерін дұрыс орналастыру арқылы азайтуға болады. Энтомофагты жәндіктерді тарту үшін өрістер ормандар мен шабындықтардың жанында, рапс екпелерінің жанында орналасқан және негізгі екпелерден алшақтату үшін көршілес алқаптарды сапасыз немесе жабайы дәнді дақылдармен себу.
2. 3. Есептеу әдістемесі.
Республиканың Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде таралған. Қандаланың қыстауы жақсыжағдайда өтті. Қыста өлгені Шығыс-Қазақстан облысында 17%-ке дейін, ал басқа облыстарда 3-5%-тен асқан жоқ. Көктемгі тексерілген 58, 7 мың га көлемнің 23, 11 мың га жерінен зиянкестер табылды, орналасу тығыздығы 0, 2-1, 7 экз/м2 Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында зиянкестердің орналасу дәрежесі жоғары болғандығы анықталды - 4-9 экз/м2. Қыстап шыққан қандалалардың салмағы: ұрғашысы орташа - 98-115 мг, жоғарысы - 121-140 мг, төменгісі - 77-93 мг; еркегі орташа - 93-111 мг, жоғарысы - 104-130 мг, төменгісі - 66-86 мг. Қыстап шыққан жерінен қандалалар ұшып шығып күздік дақылдарға орналасуы оңтүстік өңірлердже - 7-13 сәуірде; Шығыс-Қазақстан облысында - 27 сәуірден 11 мамырға дейін; Батыс-Қазақстан облысында - мамырдың бірінші онкүндігінде тіркелді. Оңтүстікте қандаланың дернәсілдерінің шығуы мамыр айының бірінші онкүндігінде, оңтүстік-шығыста - 21 мамырда, тығыздығы 0, 05-0, 8-ден 2, 6-6, 0 экз/м2. Батыс өңірлерде және Шығыс-Қазақстан облысында дернәсілдердің ішінара шығуы маусымның бірінші онкүндігінде, жапай шығуы 25 маусымнан 12 шілде аралығында өтті. Күндізгі және түнгі температурының өзгерістеріне байланысты дернәсілдердің шығуы созылмалы болды. Егістіктегі дернәсілдердің орналасу тығыздығы - 0, 01-5, 1 экз/м2. Бидай егістігін қандала дернәсілдермен залалдануын жазғы тексеру жұмыстары 1179, 8 мың га жерге жүргізіліп, онан ЭЗШ-нен жоғарысы 171, 5 мың га болды Оңтүстікте және Шығыс-Қазақстан облысында ересек жәндіктердің шығуы және жаңа ұрпақтың қандалаларының зиян келтіруі 30 маусым және 18 шілдеде 0, 5-4, 0 экз/м2 тығыздықпен байқалды. Қыстайтын жерге қайтадан ұшуы шілде айының екінші онкүндігінен тамыздың үшінші онкүндігінде тіркелді. Батыс-Қазақстан облысында қандаланың қанаттануының басталуы 11 шілдеде, жаппай - 26 шілдеде, қыстауға ұшуы - 12 тамыздан басталды. Қандаланың қыстап қалған жеріндегі күзгі тексеру кезінде 0, 3-2, 3-тен 6 экз/м2 тығыздықпен табылды. Қыстаудың алдындағы салмағы: ұрғашысы орташа - 83-153 мг, жоғарысы - 85-155 мг, төменгісі - 65-150 мг; еркегі орташа - 70-138 мг, жоғарысы - 80-148 мг, төменгісі - 60-130 мг. Жыл сайынғы маусымдық тексеру кезіндегі елді мекендерден кездесетін бүргелер, саны жағынан әр жылда түрлі деңгейді көрсеткенімен сол бүргелердің жылжып, қарқынды түрде елді мекендерді жайлап бара жатқандығы аса көңіл бөлуді қажет етеді.
Қорытынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz