Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Жеміс - жидек ағаштарының карантинді бактериалды күйік ауруының таралған аймақтары және кешенді қорғау нәтижелері.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІ.1 Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
ІІ.2 Күйік ауруының таралған аймақтары және кешенді қорғау нәтижелері
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ауру қоздырғышы - Erwinia amylovora (Burill) Winslow etl бактериясы, Bacteriaceae тұқымдасының Gracilicutes туысына жатады. Жеміс ағаштарының күйігi Еуропа, Азия, АҚШ, Африкада таралған. Қазақстанда тіркелмеген сыртқы карантиндік нысанға жатады. Erwinia amylovora көлемі 1,1-1,6x0,6-0,9 мкм қозғалмалы таяқша, спора, капсула түзбейтін бактерия. Дара, тізбекті немесе жұп жасуша, Грам-теріс, аэробты болады. Агардағы тобы дөңгелек, кішкене, жиектері тегic, ақ жылтыр, майлы консистенция күйінде кездеседі. Ет ортасында түйіршікті қабыршақ түзеді, желатин баяу ериді; сүт іриді және аздап пептонданады; крахмал ыдырамайды. Жеміс ағаштарының бактериялы күйігінің қоздырғышы қышқыл түзеді, бipaқ глюкозада, сахарозада, лактозада, глицеринде газ бөлмейді; индол, күкіртті сутек түзбейді. Қоздырғыштың дамуына оңтайлы температура 22-25°С, 43,7°С ол өлeдi; кепкен жағдайда және суығанда төзімді келеді. Аурудың белгісі көктемде өсімдіктің гүлдеу кезеңінде білінеді. Залалдану гүл шоғырынан басталып бұтақтарына көшеді. Ауруға шалдыққан ағаштардың гүлдері кенеттен қарайып, солады, бірақ түспей iлiнiп тұрады. Жас бұтақтар мен жапырақтар ұшынан бастап қарайып, кейін соңғылары ширатылып, қурайды, бipaқ түcпeйдi. Өciп жетілген жапырақтар шетінен бастап қарайып, кейін қызыл-қоңыр түске еніп, жаз маусымының соңына дейін ағашта қалып қояды. Ағаш қабығында қоңыр-жасыл, немесе қара-қоңыр түсті шетi көмескі сулы дақтар пайда болып, көлденең кесіндісінде қоңыр-жасыл немесе қоңыр түcтi ұлпалар көрінеді. Сау және ауру ұлпалардың аралығы мәрмәр тәрізді камбиймен шектеледі. Қабық жұмсарып, ақшыл экссудат пайда болып, соңыра кеуіп, коңырланады. Эпидермис қабықтан ажырап, кейін ауру қабық шытынап, сауларынан бөлектенеді. Жаздың бастапқы кезеңінде залалданған жемістер қарайып, қыртыстанып, ағаш басында жапырақтар сияқты түспей ілініп тұрады. Жаздың eкiншi жартысында залалданған жеміс бетінде алғаш сулы, жасыл кейін қызыл-қоңыр дақтарда ақшыл экссудат түзіледі. Жас ағаштардың жоғарғы ұшындағы жапырақтары ағаш түссізденіп, өркен ұштары қисайып, солады да, 1-2 жылда ауру ағаштар қурап, жойылады. Ауру қоздырғыш Erwinia amylovora бактериясы бунақденелілермен, 34 әcipece бактерия экссудатымен қоpeктeнeтiн аралар, соналар, сондай-ақ отырғызу және телінуші материалдармен, жемістермен таралады. Өсімдік әртүрлі жаралар мен жарақаттар, кейде леп тесіктер және күтіп-баптауда қолданылатын құралдар (ара, пышақ) арқылы да залалданады. Бұл ауруға көптеген жеміс ағаштары, әcipece алмұрт қатты шалдығады. Қоздырғыш ауру өсімдіктің жасуша аралығында қыстап шығып, көзшелер мен шырындықтар арқылы енеді. Инфекция жинақтаушылар долана, шетен болуы мүмкін. Ayру өте зиянды, залалданған ағаш 1-2 жылда түгел жойылады.
ІІ Негізгі бөлім
ІІ. 1 Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі -Erwinia amylovora (Curill.) - Бактериальный ожог плодовых деревьев. Ауру біздің еліміздің бақтарына үлкен қауіп төндіреді. Өнім түсімінің төмендеуі мен жеміс ағаштарының өлуінен, сонымен қатар ауру ағаштарды орнынан алып тазалаудан үлкен экономикалық шығын келеді. Алмұрт, алма бақтарына және телім бақтарға (питомниктерге) үлкен зиян келтіреді. Жеміс ағаштарының басқа ауруларымен салыстырғанда күйік ауруы өте үлкен зиян келтіреді. Күйік ауруы Қазақстан Республикасының территориясына отырғызу және телу материалдарымен, жемістермен бірге келуі мүмкін. Жеміс ағаштарының күйік ауруы алғаш рет Солтүстік Америка құрылығында анықталған.
Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
Таралуы. АҚШ, Канада, Мексика, Чили, Колумбия, Жаңа Зеландия, Қытай, Жапония, Сауд Аравиясында, Египетте, Түркияда, Арменияда және Европаның көптеген елдерінде: Ұлы Британия, Франция, Нидерланд, Польша, Италия және т.б. таралған.
1-сурет. Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
Өсімдік иелері. Ауру 100 астам өсімдіктердің түрлерін зақымдайды. Ең көп зақымдалатын өсімдіктердің қатарына раушан гүлділер тұқымдастары жатады: алмұрт, алма, өрік, таңқурай, бүлдірген, раушан, құрма, грек жаңғағы, пираканта, стравезия, хеномелес, мушмула және т. б. Жол жиектері мен қоршау ретінде өсірілетін долана мен қызыл тал ауру сақталатын өсімдіктер.
Зияндылығы. Өте жылдам таралатын болғандықтан аурудың зияндылығы өте жоғары. Ауру күшті деңгейде таралған бақтарда жеміс ағаштарының 20-50 пайызға дейін зақымдалуы мүмкін, соның ішінде ағаштардың 10-20 пайызы толық өледі. Мұндай жағдайда ауа райы қолайлы болғанда өнім түсімі азаяды, кейде толықтай жойылады. Елімізде жеміс ағашының бактериялық күйігінің таралуы алмұрт, алма бақтарына және телімбақтарға орасан зор нұсқан келтіреді. Жеміс дақылдары бақтарының аудандарын көбейтуге тосқауыл болады.
2-сурет. Аурудың қоздырғышы зақымдалған өсімдікте қыстайды. Көктемде ағаш сөлдері жүре бастағанда, бактериялар сөлмен бірге ағаштың барлық мүшелеріне таралады.
Биологиялық ерекшелігі. Аурудың қоздырғышы зақымдалған өсімдікте қыстайды. Көктемде ағаш сөлдері жүре бастағанда, бактериялар сөлмен бірге ағаштың барлық мүшелеріне таралады. Бактерияның көбеюіне ауаның жоғары ылғалдылығы және 18-20ºС температура қолайлы. Бактериалардың көбеюінің нәтижесінде жапырақ бетінде ұсақ тамшылар, жұқа, жылтыр түсті экссудат пайда болады. Осы инфекция көзінен ауру гүл шоғырына, жапырақтарға және бір жылдық өркендерге таралады. Қоздырғыш әдетте гүлдің аналық ауызында дамиды. Жаңбыр, шық инфекцияның аналық ауызынан жуылып, таралуын тездетеді. Жапырақтарға, көк жемістерге, өркендерге, қаңқалық бұталарға бактерия зақымдалған жерлер, устицалар арқылы өтеді. Экссудат тамшыларындағы бактерия өзінің өміршендігін күн жарықта 22 сағат, қараңғыда 2 айға дейін сақтайды. Бактериалдық күйіктің дамуына ауаның ылғалдылығы, температура әсер етеді. Аурудың дамуы ауа температурасы +16+29ºС болған кезде жақсы жүреді. Қолайлы температура +25+30ºС, төменгі шегі +3ºС. Ауа темпрературасы +43-50ºС болғанда бактерия өледі.
3-сурет. Erwinia amylovoria қоздырғышының түрі, жылжымалы перитриалды таяқшалар, өлшемі (1,1-1,6х0,6-0,9) мкм; споралары мен капсулалары (қалташалар) болмайды.
Бактериалдық күйікпен зақымдалудың белгілері. Өсімдіктің жер бетіндегі орналасқан бөлімдерінің барлығы зақымдалады. Алғашқы белгілерін өсімдік гүлдеген кезде анықтауға болады. Зақымдалған гүлдер суланған тәрізді көрініп, артынан қарайып солады. Алма ағашының зақымдалған гүлдері қара қоңыр түстеніп, алмұрттікі қарайып, жерге түспей вегетативтік кезеңнің аяғына дейін тұрады. Піспеген алма, алмұрт жемістерінде, қысқа мерзім аралығында бүкіл жемістің бетіне таралатын, майлы, бурыл-қызыл немесе қара-бурыл дақтар пайда болады, кейде ұсақ экссудат бөлінеді, зақымдалған жеміс солып, қатып қалады. Алма ағашының жапырақтарында, алғашқыда жапырақ жүйелерінің арасында кішігірім қызғылт (алмұртта қарақоңыр) қотыр пайда болып, уақыт өте келе ұлғайып жапырақты тұтас басып кетеді. Жас, жасыл өскіндердің ұштары бүгіліп (доғаланып) солады. Ылғалды күндері сүт тәрізді ақ түсті экссудаттың бөлінгені байқалады. Залалданған жас жемістер қоңырланып немесе қарайып кеуіп, гүлдер секілді бұталарда түспей ілініп тұрады. Ағашта инфекция жоғарыдан төмен қарай, яғни біржылдық өскіндерінен бұталарға, ары қарай діңіне таралады. Ағаш бұтағының қабығы инфекция дамып жатқан жерінде суланып ісінеді және қысқан кезде жырықтардан сұйық зат бөлінеді. Ағаштың зақымдалған қабықтарында вегетациялық кезеңнің аяғында кішігірім қотырлар пайда болады. Бұталар мен ағаштың діңгегінің инфекция түскен жерден бастап жоғарғы жағы қурайды. Қатты зақымдалған ағаш от жалынымен шарпылғандай көрінеді. Бактериалдық күйіктің қоздырғыштары тек зақымдалған өсімдіктерде ғана қыстайды.
Аурудың дамуына ағаштың гүлдеу кезеңіндегі 70% жоғары ылғалдылық және ауа температурасының +18º С-тан жоғары болуы өте ыңғайлы.
Көктемде бактериялар өсімдікке гүлден, жаралардан, жарықтардан, устицалардан енеді. Ауру сабақтардың ұшынан басталады және аурудың дамуына қарай белгілері гүлде, сабақта, жапырағында және түйнегінде байқалады. Бүршігі, гүлі ашылмай қоңырланады, қараяды бірақ түсіп қалмайды. Жас сабақтар қоңырқайланады және көп жағдайда сабағының ұшы қайырылып, малшы ілмегі сияқты болады. Жапырақтары қоңыр және қара, шетінен ортасына қарай қоңыр түстерге боялады, барлық вегетация кезеңі бойында ағашта қалып қояды. Залалданған ағаш діңдерінде қоңыр-жасыл сулы дақтар пайда болады, бұл жерлерде ағаш қабығы жұмсарады және тамшы түрінде ақ сүт түстес экссудат бөлінеді.
Ағаш діңінің қабығында үшбұрышты жара пайда болып, нәтижесінде дами келе ағаштың қурап қалуына алып келеді. Зақымдалған ағашты кескенде кескен жердің түсі қоңыр қызыл, ал өткізгіш түтікшелер мрамор түсті болады.
Залалданған жеміс түйнектері қоңыр-қызыл түсті болып, бүріскен және мумификацияланған күйінде ағаштарда ілініп тұрады.
Қыстап шыққан жаралар аса қауіпті. Экссудат гүлдің көктемгі залалдану көзі болып табылады. Аурудың даму жағдайына байланысты бактериялар ағаштың діңіне, бұталарына толық таралып, оны қуратып жібереді.
Морфологиялық көрсеткіші. Erwinia amylovoria қоздырғышының түрі, жылжымалы перитриалды таяқшалар, өлшемі (1,1-1,6х0,6-0,9) мкм; споралары мен капсулалары (қалташалар) болмайды. Агарада өсірілген колониялардың пішіні домалақ, кішкентай, түзу шеңберлі, аз палесцирланады, ақ, жылтыр, консистенциясы майлы.
Таралу жолдары. Үлкен ара қашықтыққа бактериалдық күйік негізінен залалданған екпе ағаштармен таралады. Сонымен қатар жәндіктер, құстар арқылы, жауын - шашын және ауамен таралады.
ІІ. 2 Күйік ауруының таралған аймақтары және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz