Кең таралған зиянкес
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қатты қанаттылар: қамба және күріш бізтұмсықтары, ұнның қара қоңыздары, ұн жемірлер, ұры қоңызы, дән тескіш, тері жемірі және басқалар.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4-14
2.1.Қамба және күріш бізтұмсықтары, ұнның қара қоңыздары, ұн жемірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
2.2.Ұры қоңызы, дән тескіш, тері жемірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
10
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...
16
КІРІСПЕ
Зиянды бунақденелілер мен кенелердін көптеген түрі коймадағы астықты және басқа да ауыл шаруашылық дақылының өнімдерін зақымдауға бейімделген. Бұл зиянкестер астық дәндерімен және олардан жасалған азық- түліктермен, сондай-ақ кептірілген жеміс және көкөніспен коректеніп, олардың санын кемітеді, экскременттерімен ластайды және тұқымдық материалдың өнгіштік қасиетін төмендетеді.
Зиянкестер қоймаға астық дәндерімен және баска дақылдың өнімдерімен бірге енеді, оларды кемірушілер мен құстар апаруы мүмкін. Бұрын табиғи жағдайда тіршілік еткен және кемірушілердің іні мен құстардың ұясында әсімдік типті азық - түліктің қорымен коректенген көптеген зиянкестер ұзақ уакытқа созылған тарихи үдерістердің нәтижесінде бірте - бірте жабық орында мекендеуге бейімделіп, карқынды түрде өсіп-өне бастаған. Бұған азық - түлік сақталатын коймадағы ерекше жағдай, яғни күн сәулесінің жоктығы, ауа ылғалдылығының жоғарылығы, температураның бірқалыпты болуы да едәуір мүмкіндік туғызған.
Қазіргі уақытта қойма жағдайында өсіп-өніп дамитын бунақденелілер мен кенелердің және кемірушілердің 300-дей түрі белгілі. Қоймада мекендеп, ауыл шаруашылық дақылының өніміне зиян келтіретін бунакденелілердің көпшілігі қатты қанаттылар мен қабыршақ қанаттылар тобына жатады. Бунақденелілердің басқа топ өкілдерінің қоймаға енуі кездейсоқ болады да тұрақты мекендеуші болып саналмайды. Соның ішінде төменде қамба және күріш бізтұмсықтары, ұнның қара қоңыздары, ұн жемірлер, мавритан қоңызы, дән тескіш, тері жемірі және басқаларына сипаттама беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қамба және күріш бізтұмсықтары, ұнның қара қоңыздары, ұн жемірлер.
Қамба бізтұмсығы Sitophilus granaries L.
Coleoptera - қатты қанаттылар тобы, бізтұмсұқтылар Curculiolidae тұқымдасына жатады. Қойма зиянкестерінің ішінде кең таралған түрінің бірі. Тек жылыжайда ғана өсіп-өне алады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облысында көп болады.
Ал солтүстік облыстарда диірмен, наубайхана, сыра заводы сияқты жылыжайда көбірек зиян келтіреді. Қоңыздың денесі сопақтау, ұзындығы 3,5 мм, түсі қара-қоңыр немесе қара, аяқтары және мұршалары қызыл-қоңыр. Үстіңгі қанаттары бір түсті, дақсыз, артқы қанаттары жетілмеген. Қоңыз ұша алмайды, жұмырқасы сопақша, түсі сарғылт болады. Дернәсілінің басы қара денесінің қалған бөліктерінің түсі ақ, аяқтары болмайды, ұзындығы 4 мм жетеді. Қуыршағы ақшыл-сары, ұзындығы 2,7 мм шамасындай (1-сурет).
1-сурет. Қамба бізтұмсығы - Sitophilus granaries L
Зиянкес жұмыртқадан басқа сатыларының барлығында қыстап шыға алады. Төменгі даму табалдырығы +10°С. Дәннің дымқылдығы 15-16% болғанда, дамуы үшін үйлесімді температура 20-26°С. Дәннің дымқылдығы 11%-дан төмен болса, зиянкес дами алмайды. Өсімталдығы орташа шамамен алғанда 150 жұмыртқаға жетеді. 25°С температурада даму кезеңі 36-40 күнге, ал 12°С температурада 7 айға созылады.
Солтүстік Қазақстанда жылына 2, оңтүстікте 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Бізтұмсұқтардың аналығы жұмыртқасын дәннің ішіне, өздері кеміріп жасаған, кішкентай қуысқа салады. Астық тұқымдасының әр дәніне бір жұмыртқадан, ал жүгерінің дәніне екі жұмыртқадан орналасады. Жұмыртқадан шыққан соң дернәсіл дәннің ішін үңгіп жеп, сонда тіршілік етеді. Қуыршақ сатысында сол дәннің ішінде өтеді.
Қоңызы және оның дернәсілі бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері дәндерін, бұршақ тұқымдастар мен астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын, әртүрлі жарма мен ұнды және ұннан жасалған тағамды зақымдайды. Олар, әсіресе ұсақталған дәнді көбірек ұнатады. Бүтін дәнді көбінесе арқа жағынан бастап үңгіп жеп, ұрық бөлігін зақымдайды. Бізтұмсықтар әрқашанда еден астындағы төгіліп түскен дәнде көп болады. Олардың дернәсілі зақымдаған астық дәні себуге мүлдем жарамайды. Экономикалық зияндылық шегі 5-10 данам2 қамба кездессе Тізім... бойынша Гюхарад 5%(0.1лга) к.э. Дельта стар 12,5% к.э.( 0.04-0.06лга), Децис 2,5% (0.1-0.15) к.э.инсектицидтермен өңдейді.
Күріш бізтұмсығы - Sitophilus oryzae L.
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. Солтүстік және орталық Қазақстанда жылыжайды, сонымен қатар қоймада ылғал шамадан жоғары болған жағдайда дән үймелерінің өздігінен қызған жерін мекендейді. Қоңыздың ұзындығы 2-2,5 мм, түсі күңгірт қоңыр, немесе аздап жылтыр, арқа сақинасында тығыз орналасқан көптеген ірі шұнқыры бар. Үстіңгі қанатынын әр қайсысында қызғылт түсті 2 дақ пайда болады (2-сурет).
2-сурет. Күріш бізтұмсығы Sitophilus oryzae L.
Артқы қанаттары жақсы дамыған. Дернәсілдің сыртқы пішіні жағынан камба бізтұмсығының дернәсіліне ұқсас. Қоңыз 3 айдан 8 айға дейін өмір сүреді. Осы уақыт ішінде аналықтың әр қайсысы 500-ге дейін жұмыртка салады. Жұмырткасын біреуден дәннің ішіне орналастырады. Ұрықтың дамуы 4-8, дернәсілдің дамуы 25-30, қуыршактың дамуы 5-8 күнге созылады. 18°С температура жағдайында бір ұрпақтың дамуы 3,5 айға, ал 21-22,5°C 1,5 айға дейін созылады, қолайлы жағдай болса.
Солтүстік облыстарда жылына 7-8 ұрпаққа дейін беріп өсіп-өнеді. Қамба бізтұмсығымен салыстырғанда күріш бізтұмсығы жылу сүйгіш бунақденелілер, оның белсенді тіршілігі үшін үйлесімді температура 27-29°С шамасында. Суыққа ең төзімдісі жұмыртқа, одан кейін төзімдірегі қуыршақ пен дернәсіл, ең төзімсізі ересек қоңыз.
Р.С.Ушатинцкаяның мәліметі бойынша -10°С ересек қоңыз 15, куыршак 27, дернәсілі 24, жұмыртқа 90 сағаттан кейін тіршілігін жояды. Дәннің дымқылдығы 10% төмен болған жағдайда қоңыз дами алмайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 73% болғанда салатын жұмыртқаның саны азаяды, ал 50% коңыз қырылады. Дернәсілдің дамуы үшін дәннің дымқыл- дығы 17%-дан асқанда, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 89% болғанда ғана қолайлы жағдай туады.
Қамба бізтұмсығына карағанда күріш бізтұмсығы көп коректілерге жатады. Ол масақты дақылдың көптеген түрінің, күріштің, жүгерінің дәндерін және әртүрлі жарманы, ұннан жасалған тағамды, бұршақты, мақта тұқымын, темекіні, шошқа жанғағын, және т.б көптеген өсімдік өнімдерін зақымдайды. Ол қамба бізтұмсығына қарағанда жақсы ұша алады және егіс даласында масақты, пісіп келе жатқан астық дәндерін зақымдайды. Одан соң ол астықпен бірге қоймаға енеді.
Ұн қоңызы Tenebrio molitor L.
Қатты қанаттылар - Coleoptera тобы, қара денелілер Tenebrionidae тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған, әсіресе Солтүстік және Батыс Қазақстанда жиі кездеседі. Қоңыздың ұзындығы 12-16 мм, түсі майлы жылтыры бар қара қоңыр, үстіңгі қанатында көптеген нүктеден тұратын бойлық айғыз орналасқан. Мұртшасы қысқа, үш жағы аздап жуандау, алдыңғы арқа сақинасы едәуір жалпақ. Жұмыртқасы сопакша келген, ұзындығы 1,6-1,8 мм, түсі сүттей ақ, жылтыр. Дернәсілін ұн құрты деп атайды. Олардың ұзындығы 25-30 мм дейін жетеді (3-сурет).
3-сурет. Ұн қоңызы Tenebrio molitor L.
Қуыршағының ұзындығы 16-18 мм, түсі сарғылттау, құрсақ бунағының бүйір жағында тарақ тәрізді төрт бұрышты қосалқысы және денесінің артқы жағында мүйіз тәрізді екі өсіндісі болады. Зиянкес дернәсіл сатысында ұнның арасында, ұннан жасалған тағамда немесе қойма керегесінің жары- ғында, қаптың тігісінде және басқа пана жерде қыстайды. Суық жайда жылына 1, жылыжайда 2 ұрпақ беріп дамиды.
Дернәсілі қыстап шыққан жерінде көктемде қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы 18°С температурада 10 күнге созылады. Қоңыз кешке және түнде ғана ұшады. Жұмыртқасын шашыратып немесе аз ғанадан топтап, ұнға, ұнтаққа немесе ұннан жасалған тағамға, олар жоқ болған жағдайда керегенің жақтарына, каптың үстіне салады. Олардың үсті сілекейлі болады да көрсетілген заттарға жабыса орналасады немесе оған ұн жабысып, түйіршік қамыр тәрізді болып көрінеді.
Қоңыз 25°С температура жағдайында 10 күндей өмір сүреді. Осы уақыт ішінде аналық қоңыздың әр қайсысы 300-ге дейін жұмыртқа салады. Ұрықтың дамуы 19-21°С температурада 10 күннен 19 күнге созылады. Дернәсілі температураға және басқа жағдайға байланысты 280 күннен 600 күнге дейін тіршілік етеді.
Суыққа өте төзімді -10°С температурада 1 айдан кейін -18°С бір күннен кейін өледі. Қоңыздың өзі де, дернәсілі де зиян келтіреді. Дернәсілі ұнды және ұнтақты, сонымен қатар жарманы, піскен нанды, кептірілген нанды, темекіні және т.б зақымдайды.
Кіші ұн қоңызы Tribolium Confusum Duv.
Қатты қанаттылар - Coleoptera тобы, қара денелілер Tenebrionidae тұқымдасына жатады. Ұзындығы 2,6-4,4 мм, қара немесе қоңырқай түсті кішірек қоңыз. Дернәсілінің түсі сарғылт қоңыр, ұзындығы б- 7 мм, денесінің артқы жағында үш бұрышты ілмек тәрізді екі өсіндісі болады. Қуыршағының ұзындығы 2,7-3,5 мм, ақшыл сары, құрсақ бунағының бүйір жағы ұшында қылшығы бар өсінділер болады. Барлық аймақта тегіс таралған. Бұл қоңыз әдетте диірмен, макарон фабрикасы, наубайхана, жарма және құрама жем заводтарын мекендейді (4-сурет).
4-сурет. Кіші ұн қоңызы - Tribolium Confusum Duv.
Қоңыздың өздері қыстап шығады. Ал жылыжайда зиянкес жыл бойы өсіп-өніп көбейеді. Жұмыртқасын қоректік заттың үстіне бір-бірлеп орналас- тырады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқаға жетеді. Қоңыз 3 жылға дейін өмір сүреді де өсіп-өнуі жыл сайын қайталады. Ұрықтың дамуы 6-15 күнге созылады. Дернәсілі жазда 20-30 күн, ал кыста одан ұзағырак дамиды да коректенген жерінде қуыршаққа айналады.
Қуыршақтын дамуы орта жағдайына байланысты 5 күннен 28 күнге дейін дамиды. Жылылық 27-30°С, дәннің дымқылдылығы 14,5% және одан жоғары болғанда зияикестің дамуы үшін ең қолайлы жағдайр туалы. Осы жағдайда оның бір ұрпағының дамуы 30-40 күнге созылады. Қоңыздың бұл түрі жылытылмайтын жайда бір жаз ішінде 2-3, ал жылыжайда 4-5 ұрпаққа дейін өсіп-өнеді.
Қоңыз және оның дернәсілі ұнмен, ұнтақ жарма және баска жармамен, ұннан жасалған тағаммен, астық дәнмен және басқа дақылдың тұқымымен, кептірілген жеміс және көкөніспен, темекі және оның өнімімен қоректенеді. Зақымданған ұн иленіп кесек-кесек немесе түйір-түйір болып қалады, дәмі және иісі ұнамсыз болады. Ондай ұн тамаққа және мал жемі үшін пайдалануға жарамайды.
Шоқпар мұртты ұн қоңызы Tribolium castaneum Herbst
Бұл да қараденелілер Tenebrionidae тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған, әсіресе онтүстік аудандарда жиі кездеседі. Сыртқы құрылысы және тіршілік әрекеті жағынан кіші ұн қоңызына ұқсас. Одан негізгі айырмашылығы - мұртшасының соңғы үш бунағы шоқпар тәрізді болып, жуандаған (5-сурет).
5-сурет. Шоқпар мұртты ұн қоңызы - Tribolium castaneum Herbst.
Қоңыз және оның дернәсілі көп қоректі, ұнды, жарманы, күнбағыс тұкымын, ұрпақты, құрама жем-азыкты, кептірілген жемісті және баска көптеген өсімдік тектес өнімді қатты зақымдайды. Уатылған дәнді көбірек ұнатады, бірак өте дымқыл болған жағдайда тұтас дәнмен де коректенеді. Қоныз екі жыл өмір сүреді. Әр аналық қоңыз орта есеппен 400-ге дейін жұмыртка салады. Зиянкестің дамуы үшін ең қолайлы температура 27-30°С. Қолайлы жағдай туған жағдайда жылына 6-8 ұрпаққа дейін беріп дамиды.
Суринам ұн жемірі Oryzaephilus surinamsis L
Қатты қанаттылар Coleoptera тобының жалпақ денелілер Сucujidae тұкымдасына жататын ұзындығы 2,5-3,5 мм, кара-коңыр түсті қоңыз. Алдынғы арқа бунағының бүйір жағы ара тісті тәрізді болады. Мұртшасының шоқпар тәрізді ұшы 3 бунақтан тұрады. Дернәсілінің ұзындығы 2,5-3,5 мм дейін, түсі сарғылттау ақ, пішіні цилиндр тәрізді, көкірек бөлімінде 3 жұп аяғы бар.
Қуыршағының ұзындығы 2,5-3,2 мм, түсі сарғылттау ақ, көкірек бөлігі- нің бүйір жағының әрқайсысында 6 тікенек болады. Ал құрсақ бунақтарының бүйір жағында оның саны бір-біреуден ғана. Кең таралған зиянкес. Әр түрлі коймада, диірменде, макарон және тәтті тағам жасайтын фабрикада, дүкен мен тұрғын үйді мекендейді. Табиғатта ағаштың ескі қабығының астында кездеседі.
6-сурет. Суринам ұн жемірі Oryzaephilus surinamsis L
Қоңыз 6 айдан 10 айға дейін, кейде 2 жылға дейін өмір сүреді. Жұмырт- қасын көктемде бір-бірден жекелеп немесе 3-5 данадан топтап, ұнға, әртүрлі тағамға, қойма керегесінің жарықтарына, қаптарға және т.б жерге салады. Аналық қоңыздың әрқайсысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz