Базидиомицеттердің жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Телиобазидиомицеттер класс тармағы саңырауқұлақтары қоздыратын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім.
2.1. Базидиомицеттер класы (BASIDIOMYCETES)
2.2. Базидиомицеттердің жіктелуі
2.3. Телиобазидиомицеттер класс тармағы саңырауқұлақтары қоздыратын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
3.Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.Кіріспе

Базидиомицеттер, базидиялы саңырауқұлақтар (Basidiomycetes - гр. basidion - негіз, фундамент - myces - саңырауқұлақ) базидиялы саңырауқұлақтар. Пішіні түсі жемісті денесінің консистенциясы бойынша жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар класына жатады. Бұларға жыныс процесінің нәтижесінде пайда болатын ерекше көбею мүшесі базидия тән. Базидиомицеттерге афиллофоралы саңырауқұлақтар дрожалкалылар, гастеромицеттер, тат саңырауқұлақтар және т.б. жатады. Олардың жалпы белгісі - қалпақ және центрлік немесе эксцентрлі қысқа бүйір табаннан тұратын жеміс денесі болады. Кейбір туыстастарда табаны болмайды. Гименофоры пластинкалы немесе трубкалы. Гимений базидийлерден, парафиздерден, цистидтерден тұрады, гименофорда, қақпағының төменгі жағында пластинкалар немесе трубкаларда орналасады. Қақпағы мен табанының формасы, құрылысы, түсі мен консистенциясы, трубкалар мен пластинкалардың табанға бекілу тәсілі, споралық тозаңның түсі өте түрленеді және таксономиялық көрсеткіші болып табылады. Көп түрлерде барлық денені қаптайтын, кейін жоғалатын жабындысы болады; басқаларында - гименофорды жұқа қабық тәрізді жауып тұратын жеке жабындысы болады. Барлық жерлерде таралған, бірақ көбіне - ормандарда топырақта, түсімде, кейде паразит ретінде басқа саңырауқұлақтарда ( р. Nyctalis). Өлі, өңделген, кейде тірі ағашта да кездеседі (р. Armillaria). Олардың шаруашылық маңызы өте зор. Көптеген түрлері құнды тамақ өнімі болып табылады: шампиньондер (р. Agaricus), груздь (р. Lactarius) және т.б.;биологиялық активті заттардың продуценттері болып табылады (40 астам түр) : Clytocybe, Boletus, Cortinarius. Олардың арасында өмірге қауіпті зиянды түрлері де : Amanita phalloides, Amanita panterina, Amanita verna және т.б., микоризатүзушілер де: Leccinum scabrum, Leccinum aurantiacum. Әлемде 3250 түр белгілі. Қазақстанда 500 түр анықталған.

2.Негізгі бөлім.
2.1. Базидиомицеттер класы (BASIDIOMYCETES)
Класта 30 мыңға жуық саңырауқұлақ түрлері бар. Негізгі споралары базидиоспоралар аналық дене базидияда орналасады. Саңырауқұлақтың арнайы жыныстық мүшелері болмайды. Жыныстық көбеюде екі жіпше клеткалары немесе екі базидиоспоралар қосылып, дикарион клеткасын түзеді. Ол өніп дикариотты жіпше береді.Дикариотты жіпше субстратта таралып, одан ризоморфтар, склероцийлар, жеміс денелер түзіледі. Кейбір базидиялы саңырауқұлақтардың (қозықұйрық, ағашқұлақ) дикаротты жіпшелері көпжылдық болып, оның ұшында базидиялар түзіледі. Базидия ядролары қосылып (кариогамия) диплоидты ядро құрады, соңғысы редукциялық бөлінуден кейін гаплоидты ядролар түзеді де, олар базидиоспораға көшеді. Базидиоспоралар гаплоидты жіпшеге өніп, олардың клеткалары екі-екіден қосылып, қайтадан дикариотты жіпше құрады. Базидиялар бір клеткалы холобазидия екі бөліктен тұрады, оның төменгі бөлігі - гипобазидия, жоғарғысы - эпибазидия деп аталады. 2-4 бөліктен тұратын базидия гетеробазидия деп аталады. Кейбір базидиялар 4 клеткалы, оларды фрагмобазидия деп атайды (1-сурет).

1-сурет. 1 - холобазидия, 2, 3, 4 - гетеробазидиялар, 5 - фрагмобазидия Базидия мен базидиоспоралар жіпше үстінде немесе жеміс дене ішінде пайда болады. Жеміс денелердің пішіні, түсі, құрылысы əртүрлі (2-сурет).

2-сурет. Базидиялы саңырауқұлақтардың жеміс денелері Барлық қалпақты саңырауқұлақтарға жататын базидиомицеттер жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың екінші класы. Мицелийі жақсы жетілген, екі ядролы клеткадан құралған. Жынысты спора құраушы мүшесі болып базидий есептеледі. Базидий бір клеткалы не көп клеткалы. Жыныссыз конидиальды спора тасушы мүшесі қалталы саңырауқұлақтарға қарағанда аз тараған. Клетка қабықшасының құрамында хитин және глюкан болады. Базидиомицеттерде мицелийлердің дамуының үш кезеңі болады. Мицелийдің дамуы базидиоспораның өсуәінен басталады. Ол өне келе алғашқы бірінші ретті гаплоидты мицелийді береді. Гаплоидты мицелий бір ядролы жіне көп уақыт тіршілік ете алмайды. Әр жынысты споралардан дамыған гифалар қосылып анастомозға ұшырап, екі ядролы екінші ретті дикарионды мицелий құрайды. Мицелий гифаларының ұштары қосылған уақытта плазмогомия процесі ғана жүреді, әр жынысты ядролар қосылмайды, олар бір-бірімен жақындасып дикарион түзеді. Үшінші ретті диплоидты мицелий, дикарион ядроларының қосылуы нәтижесінде жемісті денелерде түзіледі. Базидиалды саңырауқұлақтардың мицелийлері әртүрлі пішінді, құрылысы да әртүрлі келеді. Базидиомицеттерде жынысты спора құру - базидиоспораның түзілуімен аяқталады. Базидиоспора ерекше өсінділерде - базидийлерде түзіледі. Базидий екі ядролы - дикарионды мицелийлерден құралады. Арнаулы жыныс мүшесі болмайды. Жыныс процесі екі вегетативтік гаплоидты базидиоспорадан түзілген мицелий гифаларының ұштарының қосылуынан дикарион түзіледі. Одан соң клеткадағы дикарион ядролары қосылып диплоидты ядро түзеді. Зигота ядросы екі рет бөлініп 4 гаплоидты ядро құрады. Осы уақытта зигота қабығы жоғары қарай қапшық пішінді ұзарып өседі, оны базидий деп атайды. Базидийдің жоғарғы жағынан өсінділер пайда болып, оларт үйреуіштің басы сияқты қампиып өседі де, оның стеригма деп аталатын жіңішке сағағы арқылы әрқайсысына редукциялы бөлінудің нәтижесінде түзілген гаплоидты ядролар өтеді. Сөйтіп жыныс процесінің нәтижесінде 4 гаплоидты базидиоспора құралады. Базидиоспораның құралуы аскоспоралардың құралуы сияқты күрделі жолмен түзіледі. Базидиомицеттердің дикариондық мицелийлердің екі ядросы бір мезгілде қатар бөлінеді де, пайда болған екі жұп ядролардың аралығында перде құралады. Базидиомицеттердің екінші біреулерінде дикарионды мицелийлер күрделі жолмен көбейеді. Дикарион бөліне алдында оған қарама-қарсы гифаның бүйірінен базальды бөліміне қарай иілген бүйір өсінді шығады. Бөлінетін ядролар өсіндіге қарай сәл көлбей орналасады да, бөлінген кезде оның біреуі сол өсіндіге өтеді. Екі қарама-қарсы жынысты бір жұп ядроның бір сыңары гифаның төменгі (базальды) жағына қарай ауысады. Содан кейін гифа бүйір өсіндінің тұсынан пердемен бөлінеді, бұл кезде өсіндінің өзі де дистальды жағынан пердемен бөлініп қалады. Бұдан соң бүйір өсінді гифаның базальды клеткасына қарай иіліп, шеттерімен түйіседі. Түйіскен жерінде тесік пайда болып, қарама-қарсы жынысты ядролар түзіледі. Бұл бүйір өсіндісінің гифамен бірігіп, қосылып кетуін қапсырма (тоға) деп атайды. Морфологиялық жағынан алғанда қапсырманың түзілуі қалталы саңырауқұлақтың аскогондік гифаларының ілгектеріне сәйкес келеді. Базидиомицеттердің жемісті денесі сырт пішіні және консистенциясы жағынан әр түрлі. Олар тор, жұмсақ, көн, таға сияқты қатты не түбірі бар қалпақты етті жұмсақ болып келеді. Жемісті дененің спора құратын қабатын гимений деп атайды. Ол қарапайым түрлерінде жемісті дененің жоғарғы жағында, ал күрделі құрылысты түрлерінде төменгі жағында орналасады. Гимений қабаты базидий мен базидиоспорадан және парафизден тұрады. Жемісті дененің гимений өсетін қабатын гименофор деп атайды. Қарапайым базидиомицеттерде гименофор қабаты тегіс, ал күрделі құрылысты түрлерінде пластинка, түтік, иректелген тіс пішінді болып, жемісті денесінің төменгі жағында орналасады. Күрделі құрылысты базидиомицеттердің жемісті денесінің дамуының құрылысына қарай негізінен 3-ке бөлуге болады. Гимнокарпты - жемісті денесінің гимений қабаты алғашқы дамуынан спора жетілгенге дейін ашық келеді (Russula, Hygrocybe, Camarophyllus, Marasimius). Гемиангиокарпты - саңырауқұлақтың жемісті денесінің гимений қабаты алғашқы даму сатысында жабық, спораның жетілуіне қарай ашылады (Agaricus, Volvariella, Cortinarius т.б.). Жалған ангиокарпты жемісті денесінің алғашқы дамуында гимений қабаты ашық болады, кейін қалпақтың жиектерінің ішке қарай иіліп өсуіне байланысты жабылады. Көпшілік агарикалықтардың жемісті денесі гемиангиокарпты. Олардың жемісті денелерінің жеке және жалпы жамылғылары болады. Олар қорғаныш қызметін атқарады. Жалпы жамылғы жас жемісті денені жауып тұрады. Жемісті дене ұлғайған уақытта жамылғы жыртылып төменгі жағы түбірдің түбінде тостағанша сияқты қалып қойса, жоғарғы жағы қалпақтың үстіңгі жағында ұсақ қабыршақ түрінде қалады (Amonita phalloides, A.muscaria), кейде жойылып кетеді (Hygrophorus). Жеке жамылғы гименофорды, кейде түбірді ғана жауып тұрады. Жемісті дененің жетілуіне қарай қалпақтың жиегінен жыртылып түбірде сақина қалады, не түбірде жыртылып қалпақтың жиегінде қалады (Agaricus, Lepiota). Қалпақтарының формалары жастықша, воронка, жұмыртқа, бүйрек т.б. пішінді болып келеді. Жеміс денесінің жұмсағы негізгі және дәнекер тіндерден тұрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың топтануы
«Саңырауқұлақтардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлі»
Саңырауқұлақтар жайында
Жағынды дайындау
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер
Ашытқы саңырауқұлақтар
Ашытқылар көбейтудегі теориялық негiздер
Алкиндер ( Органикалық химия пәні бойынша)
Саңырауқұлақ жайлы түсінік
Пәндер