Жазғы кезең



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазықұрт ауданы жағдайында бидайдың карантиндік зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары.

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының табиғи-климаттық жағдайы
2. Бидай өсіру технологиясы
3. Бидайдың карантиндік зиянкестері мен аурулары және күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бидай (лат. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Елімізде өсірілетін бидай сорттары өсіп-жетілу кезеңдері әртүрлі ұзақтығымен ерекшеленеді. Кеш пісетін сорттарында бұл кезең 100 тәулік және одан жоғары, ылғалды және салқын жылдары ол 115-120 тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70-80 тәулікте пісіп үлгереді. Жаздық бидай өсуі мен дамуының алғашқы кезеңінде жылу ережесіне (режиміне) қажетсінуі жоғары емес. Бидай тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура 1-2оС, алайда бастапқы өсуіне 4-5оС қажет, бірақ мұндай температурада өну және көктеу үрдістері өте баяу жүреді. Егін көгі - 6оС аязды (бозқырауды) көтереді. Алғашқы өсуі мен түптенуі топырақтың температурасы 10-12оС болғанда жақсы өтеді, мұның өзі өсімдіктердің жақсы тамырлануы мен түйін тамыр жүйесінің дамуына оң әсерін тигізеді. Генеративті мүшелерінің (органдарының) дамуы мен гүлдену кезеңінде бидай температураға өте сезімтал. Бірқатар зерттеушілердің көрсеткеніндей, 12оС-дан төмен болғанда бидайдың тозаңдықтары дамымайды, 5оС-дан төмендегенде өсімдіктер ұрықтанбайды, ал 5-10оС-да ұрықтанғанмен эндосперм мен әсіресе ұрықтың өсуі өте баяу жүреді.

ІІ Негізгі бөлім
1. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы табиғи-климаттық жағдайы

Жер бедері. Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800 м), Өгем (3000-3600 м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі.
Тік зоналылыққа орай мұнда келесі табиғи климаттық зоналар кездеседі: салқын және дымқыл таулы, ыстық және өлшемді-ылғалды тауға жақын, шөлді-далалы және құрғақ, ыстық тауасты шөлді. Таулы зонада жылдық жауын-шашын түсімі 600 мм-ден жоғары, ал аязсыз кезең ұзақтығы әдетте 100 күннен аспайды. 100 жоғары жылы температура мөлшері шамамен 2000 жетеді. Таулы аудандарда жылдық жауын-шашын түсімі 400-ден 500 мм аралығында, олардыњ 330-дан 360 мм-ге дейінгісі жылы кезенде түседі. Аязсыз кезең ұзақтығы 170-1800 және жайлы ауа температурасы бұнда 2700-3000.
Қысқы кезең. Суық кезең ұзақтығы 4 - 4,5 айды құрайды. Ең суық ай қаңтар болып табылады. Ең суық қыс ауданның қиыр солтүстігінде байқалады (қаңтар айының орташа температурасы - 130). Қыс мезгілінде тауға жақын аудандарда температура - 8-90-тан жоғары.
Көктемгі кезең. Жайлы температураның өтпелі айлары ақпан мен наурыз айларында болды. Қардың еруі аудан аумағыныњ үлкен бөлігінде наурыз айының басында аяқталады, тау етегі бөліктері - наурыздың екінші бөлігінде таулы бөлікте қар сәуір-мамыр айларына дейін сақталады.
Жазғы кезең. Жылы кезең ұзақтығы орташа тәуліктік температура 00-тан жоғары, ең жоғарысы ауданның орталық жєне солтүстік бөліктерінде белгіленеді (8 айға дейін), ал ең төмені таулы бөлікте (5 - 6 ай). Ауданның үлкен бөлігінде вегетациялық кезең (орташа температурасы +50 жоғары). 6 - 7 айға созылады.
Күзгі кезең. Температураның төмендеуі бастапқыда баяу бола, келе-келе күшейе түседі. Ауданның үлкен бөлігінде қарашадағы орташа температура сияқты көрсетеді (1 - 3 жазықта және 3-5 тауда).

2. Бидай өсіру технологиясы

Бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе қиын-қыстау кезеңі түптену - масақтану, басқаша айтқанда, репродуктивтік мүшелерінің (органдарының) пайда болу кезеңдерінде байқалады. Бұл кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Оңтайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың қиын-қыстау кезеңі, ауа-райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Бидайдың әртүрлі мерзімде пісетін сорттарының ылғалға талаптары бірдей емес: ылғалға жоғары талап қоятын және құрғақшылыққа төзімді сорттары ажыратылады. Құрғақшылыққа барынша төзімді сорттарына өсіп-дамуының алғашқы кезеңдерінде баяу қарқынмен өсіп, масақты баяу қалыптастыратындары жатады. Олар әдетте Солтүстік Қазақстан аймағында болатын жаздың бірінші жартысындағы құрғақшылықты жақсы көтереді, әрі олар қарқынды өсіп-даму кезеңінде түсетін жаздың екінші жартысындағы ылғалды тиімді пайдаланады. Олар негізінен ортадан кеш және кеш пісетін сорттар болып табылады.
Өсіру технологиясы. Жаздық бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады. Бидай өсірудің технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуға тиіс. Жаздық бидай өсіруге қойылатын талаптарды төмендегідей жиынтық түрде көрсетуге болады: жаздық бидай барынша жоғары өнімді қоректік заттарға бай, жыртылатын қабаты қалың, бонитеті жоғары танаптарда қамтамасыз етеді. Топырақтың механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым егіншілік мәдениеті мен пәрмендендіру факторларына талаптар да арттырылады. Бидайды өсіргенде шектеулі факторға өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріндегі ылғалмен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі де жатады; топырақ жеңіл болған сайын, жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады.
Алғы дақылдар. Дақылдың құндылығын ескере отырып, оның өсірілу жағдайларына талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаздық бидайға барынша жақсы жерлерді, алғы дақылдарды таңдап алуға тура келеді. Ең жақсы алғы дақылдар: сүрі жері, сүріден кейінгі екінші дақыл, дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге, жасыл балаусаға дәнді бұршақ дақылдарының бірімен (асбұршақ, сиыржоңышқа, ж.б.) немесе жеке өзі өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидайды себуге дейін) және жалқы азыққа (монокорм) жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады.
Қазақстанның далалық, орманды-дала аудандары үшін кезінде ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды (4,5,6 танапты т.б.) дәнді сүр танапты, дәнді отамалы дақылдар ауыспалы егістерін зерттеп жасады және олар жазық тілгішті, минималды топырақ өңдеу технологияларына негізделген:
Сүрі жері, бидай, бидай, арпа, бидай;
Сүрі жері, бидай, бидай, бидай, арпа
Сүрі жері, бидай, бидай, сұлы, бидай, арпа
Жүгері, бидай, арпа немесе сұлы
Біржылдық шөптер (пішенге, жасыл балаусаға), бидай; асбұршақ, бидай, сұлы немесе арпа; тағы басқа кескінді ауыспалы егістер.
Эрозияға қауіпті алқаптарда жаздық бидайды жолақты сүрі танабында орналастырады: сүрі жер + жаздық бидай, жаздық бидай + сүрі жер, жаздық бидай, арпа (сұлы).
Механикалық құрамы жеңіл топырақты шаруашылықтарда (Павлодар және Қостанай облыстарының шығыс бөлігі) да жаздық жұмсақ бидайды жолақтарға орналастырады (жолақтың ені 50 м аспағаны жөн): егістің 50% біржылдық және көпжылдық шөптер, 10% сүрі жер, және 40% бидай болуға тиіс.
Екі жылғы жауын-шашынның есебінен сүрі жерде айтарлықтай ылғал қоры жинақталады, мұның өзі жаздық бидайдан тұрақты да мол өнім алудың негізі болып табылады. ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ ЖШС-нің егіншілік бөлімінің деректері бойынша орта есеппен 14 жылда топырақтың 1м қабатындағы өнімді ылғал қоры күзде өңделген дәнді дақылдар танабында 101,1 мм, ал сүрі жерде 150,1 мм болды.
Бірдей жағдайда егістіктің арамшөптермен ластануы сүрі жер емес алғы дақылда сүріге қарағанда анағұрлым жоғары. Мәселен, орта есеппен 13 жылда карбонатты оңтүстік қара топырағындағы сүріге себілген жаздық бидай егістігінің 1м2 36,5 дана арамшөп болды, оның ішінде біржылдық - 34,6, көпжылдықтары - 1,9, үздіксіз жыл сайын бидай себіліп отырған танапта - тиісінше 128,9, 113 және 15,9 дана болды.
Сүрі жерде топырақтың құнарлығы да артады. Өйткені басқа танаптарға қарағанда мұнда өсімдік сіңіре алатын түрдегі азот қосылыстары көп мөлшерде жинақталады. Жоғары да аталған ғылыми мекеменің деректеріне қарағанда көктемде бидайды себу алдында топырақтың 1м қабатындағы нақты нитратты азот мөлшері сүр жерде 200-400, екінші дақылда - 150-350, үшінші дақылда - 100-300 кгга болады.
Топырақта ылғал мен қоректік заттардың жинақталуы, жаздық бидай өнімінің артуына мүмкіндік жасайды. Әр түрлі алғы дақылдардың жаздық бидай өніміне тигізетін әсерін Қазақстанның солтүстік облыстарындағы ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі тұрақты ауыспалы егістіктердің көпжылдық деректері жалпы мағлұмат береді.

3. Бидайдың карантиндік зинкестері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жем өзенінің ең аз ағындысын есептеу
Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
Ауыспалы жайылымдар маңызы
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Жаз айларында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар өткізу әдістемесі
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Пәндер