Жыртқыш өрмекші кененің тиімділігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

II. I Фитосейулюсті өсіп-өндіру

II. II Фитосейулюсті сақтау

II. III Фитосейулюсті қолдану

II. IV Фитосейулюсті жіберу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәдімгі өрмекші кене ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлерін зақымдайды. Жылыжайда өсірілетін көкөніс дақылдардың, әсіресе қиярдың, ең негізгі зиянкесі - кәдімгі өрмекші кене. Соңғы он шақты жылдың ішінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бұл зиянкеске қарсы биологиялық күресте фитосейулюс деп алатын жыртқыш кенені қолдану өте жақсы нәтиже беретіндігін көрсетті. Өрмекші кене акарифагтарының ішінде біздің елімізде бүгінгі таңда биологиялық әдісте кеңінен қолданылып жүргені-жыртқыш кене фитосейулюс Phytoseiulus persimilis Athias, Фитосейид-Phytoseiidae тұқымдасына жатады. Фитосейулюс табиғатта Чилиде, Алжирде, Ливанда және Франция мен Италияның оңтүстігінде кең таралған. Москвадағы бүкілодақтық фитопотология ғылыми зерттеу институтының ғалымы Г. О. Бегляров 1963 жылы Канададан алып келіп, біздің елге жерсіндірген. Жыртқыш кенені зертхана жағдайында жаппай өсіріп өндіру жолдары қарастырылып, қазіргі кезде жылыжай шарушылықтарында қияр өсімдігін өрмекші кенеден қорғауда іс жүзінде кеңінен қолданылып отыр. Ересек аналық кененің дене тұрқы сопақша келген, ұзындығы 0, 5 мм сарғыш немесе күрең қызыл түсті. Аталықтары аналықтарынан кішірек болады. Оларды бір-бірінен тек қана микроскоп арқылы қарап ажыратуға болады. Фитосейулюстің көбеюі гаммогенез жолымен, яғни екі жыныс дарақтарының шағылысуы арқылы жүреді. Ұрықтанғаннан кейін бір екі тәуліктен соң аналық кенелер жұмыртқалауға кіріседі. Ұрықтанбаған кенелер жұмыртқа салмайды. Жұмыртқаларын бір-бірлеп өсімдіктердің жапырағына, өрмекші кене топтарының арасына шашыратып салады. Жұмыртқалары өрмекші кенелердің жұмыртқаларынан ірі, сопақша келген ақшыл-жасыл түсті болады. Өсімталдығы әрбір аналық кенеге орта есеппен 50-80 жұмыртқадан келеді. Жұмыртқалардан шыққан алты аяқты дернәсілдердің түсі сары, қоректенбейді. Көп кешікпей бұл дернәсілдер түлеп, сегіз аяқты нимфаға айналады. Ал осы нимфалар екі рет түлегеннен кейін барып, ересек кенелердің қатарына қосылады. Жыртқыш өрмекші кененің тиімділігі. Бірінші екінші жастағы нимфа мен ересек фитосейлустер өрмекші кенелерді барлық даму сатысында жеп қоректенеді. Бір аналық фитосейлус тәулігіне өрмекші кененің 24 ересегін немесе 30 жұмыртқасын жейді. Фитосейлус-өрмекші кенелердің бейімделген жыртқыш акарифагы. Өрмекші кенелер жоқ жерде олар тіршілік ете алмайды. Фитосейулюстің бір ұрпағының дамуы ауаның температурасына байланысты бес тәуліктен 40-50 тәулікке созылады. Жалпы алғанда фитосейулюсті өсіріп көбейтуге қолайлы жағдай 25-300С температурамен 7080% шамасындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы .

II. I Фитосейулюсті өсіріп-өндіру.

Фитосейулюстерді қолдап жаппай өсіріп өндіру үшін өрмекші кенелердің миллиондаған дарағы қажет болады. Жыртқыш кенеге қажетті мұндай мол азық қорын даярлау мақсатында зертханада өрмекші кенелерді де өсіріп өндіру керек. Ол үшін алдымен ие өсімдіктерді өсіру қажет. Сынақтан өткен өсімдіктердің ішінде өрмекші кенелер бұршақ тұқымдас өсімдіктерде тез қарқынмен өсіп өнеді. Бұлардың ішінде соны пайдалану өте тиімді. Себебі оның даму мерзімі қысқа және өрмекші кенелердің зақымдануына төзімді келеді. Акарифагты тікелей жылыжайда 70-80% ылғалдылық пен 25-280С температура жағдайында өсіреді. Фитосейулюс пен кәдімгі өрмекші кененің екеуін екі бөлек жылыжайда өсірген жөн. Мұндай жылыжайды өндіргіш жылыжай деп атайды. Бұл жылыжайдың көлемі шаруашылықтағы жылыжайдың жалпы көлемінің 10%-дай болса жеткілікті. Өндіргіш жылыжайды полиэтиленді пленкамен қапталған 7 бокске бөледі де, бір боксте өрмекші кененің тұрақты аналық қорын үздіксіз өсіріп сақтайды; екінші боксте фитосейулюстің аналық қорын үздіксіз өсіріп бейімдейді; Ал қалған бокстерді іс жүзінде қолданылатын фитосейулюстерді жаппай өсіп-өндіру үшен пайдаланады. Бұл бокстердің әрқайсысына бес-алты күн аралатып, сояның тұқымдарын сеуіп отырады. 15-18 күннен кейін көктеп шыққан өсімдіктерді кәдімгі өрмекші кенемен зақымдап, одан кейін 12-13 күн өткен соң бір өсімдікке орта есеппен 10 данадан келетіндей шамамен фитосейулюстеді жібереді. Фитосейулюсті жинау мерзімдерін анықтаудың маңызы зор. Жыртқыштарды ерте жинаса, олардың сан мөлшері азайып қалады, ал кешіктіріп жинаса, фитосейулюстер өрмекші кенелерді түгел жеп тауысып, қорек іздеп, өсімдіктерден кетіп қалуы мүмкін.

1-сурет. Кәдімгі өрмекші кене

Сондықтан жыртқыштарды жинайтын уақыт жақындап қалды деген кезде, бинокуляр арқылы күнделікті бақылау жасап, өсімдік жапырақтарындағы фитосейулюс пен өрмекші кенелерді санап тұру керек. Екеуінің мөлшері бірдей болғанда, яғни жыртқыш пен құрбанының ара қатынасы 1:1 жуықтағанда фитосейулюстерді жинауға кіріседі. Ол үшін соя өсімдігін түгелдей қырқып алады да, онша тығындамай 3 литрлік шыныға салып тоңазытқышқа қойып сақтайды немесе дер кезінде пайдаланады.

II. II Фитосейулюсті сақтау.

Фитосейулюс ауаның температурасы төмен, ал ылғалдығы өте жоғары болған жағдайда ұзақ уақыт сақтауға болады. Ол үшін ең қолайлы жағдай 3оС температурамен 90-98% ылғалдылық. Әсіресе аналықтары жақсы сақталады. Ал жұмыртқаларымен жас кенелер тез өліп қалады. Дегенмен жыртқыш кенелер дамуының барлық сатысында 5-6 күн сақтауға шыдайды. Тоңазытқышта қолайлы жағдайда сақтағанда 30-35 күннен кейін фитосейулюстің аналықтарының 80%-дан астамы тіршілік қабілетін жоймайды, ал сақтау мерзімі 45 күнге дейін созылғанда тек 35% ғана тірі қалады. Осыған орай, фитосейулюсті 10-20 күннен артық сақтаудың қажеті жоқ. Тоңазытқыштан алынған акарифагтарды қолдану алдында, олардың тірі қалғандарының санын білген жөн. Қажетіне қарай тоңазытқыштан жыртқыш кенелері бар, соя жапырақтарын біртіндеп алады да, фитосейлюстерді жаппай өндіріп-өсіретін жылыжайға немесе өрмекші кенелермен күресу мақсатымен шаруашылық жылыжайына жібереді. Тоңазытқыштан алынған жыртқыш кенелер +10оС температурада белсенді қимылдап, өзінің қалыпты тіршілік жағдайына тез түседі. Фитосейулюсі бар өсімдіктердің жапырағына күн сәулесінің тура түспегені дұрыс. Зертхана жағдайында ең қолайлысы, кенелерді сыйымдылығы 0, 5-0, 1 литрлік шыныға салады. Шынылардың түбіне жұмсақ акварель қылқаламмен ұстағыш белдіктердің шетінен қиып алып, қағаздардан өрмекші кенелердің біразын қағып түсіреді де, 10-15 дана жыртқыш фитосейлуюсті жібереді. Шыны құтылардың шетіне бірнеше су тамшысын тамызып, бөлмеге қояды. Шамамен 10-15 күннің ішінде фитосейулюстер өсіп-өніп өрмекші кенелерді түгел жеп құртады. Акарифагтарды осы құтылармен температурасы 3о-5оС тоңазытқышта 2-3 апта ұстайды, бұдан соң өсіріп-көбейтуді қайтадан бастайды. Міне, осылайша бірнеше дүркін қайталап өсіріп, фитосейулюстерді көктемде жылыжайда соя өсімдігінде жаппай өсіруге дейін сақтайды. Фитосейулюсті жаппай өсіріп-өндіру жұмыстарын ұйымдастыру. От жағып жылытатын жылыжайда бір маусым ішінде 1м2 жерге орта есеппен фитосейулюстің 100 данасы кетеді. Егер зиянкес өрмекші-кенелерді уақытында қарамай, олардың сан мөлшері көбейіп кеткенде қолданса, жыртқыштарды әлдеқайда көп жіберуге тура келеді. От жағылмайтын көктемгі жылыжай мен парниктерде жыртқыштар 2 есе кем жұмсалады (1м2 жерге 50 данадан) . Фитосейулюсті жылыжайға (өрмекші-кенелердің жаңадан пайда болған ошақтарына) мезгіл-мезгіл жіберіп отыру керек. Сондықтан фитосейулюстерді жаппай өсіріп-өндіру әдісі оларды 7-10 күнде бір рет жинауға негізделген. Фитосейулюсті жаппай өсіру жұмысының басталуы жылыжайда қиярдың тұқымын себетін және оларда өрмекші-кенелердің пайда болатын уақытына байланысты. Әдетте акарифагты өндіріс жылыжайында жұмыс басталуынан 40-50 күн бұрын өсіре бастайды. Жыртқыштың барлық даму кезеңі (соя өсімдігін отырғызғаннан бастап) шамамен 6-7 аптаға созылады. Ал басқа қосымша жұмыстарға (газондарды және басқа құрал-саймандарды жуып тазалау, жаңа топырақ әкелу) бір апта уақыт жұмсалады. Осыған сәйкес фитосейулюстерді жаппай өсіріп-өндіру жұмысын бір орнында 8 апта өткеннен кейін қайталап отырады. Сондықтан өндіргіш жылыжайды көлемін бірдей етіп 8 бокске бөледі. Әрбір боксте немесе мөлтекте топырақпен толтырылған жәшіктер және т. б. құралсаймандар болуы қажет. Бокстердің әрқайсысына 1 апта аралатып соя, атбас бұршақ өсімдіктерінің тұқымдарын сеуіп отырады (өсімдіктердің тезірек өсуі үшін олардың тұқымдарын топыраққа себерден 3-4 күн бұрын суға салып бөктіріп алған жөн) . Босаған мөлтектерді қайтадан пайдаланып отырады. Міне, осылайша ұйымдастырылған жасыл өсімдіктер конвейері фитосейулюстерді қорландырып, оларды аптасына 1 рет жинап отыруға мүмкіндік туғызады. Егер мөлтектер немесе бокстер сөрелермен жабдықталған болса, олардың топырақтарын жаңартып отыру керек. Осы айтылған шараларды сақтап, дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда жылыжайдың 1м2 жерінен 2-3 айдың (наурыз-сәуір) ішінде 15 мыңға, ал жаз айларында 20 мыңға жуық фитосейулюс жинауға болады.

2-сурет. Фитосейулюс

II. III Фитосейулюсті қолдану.

Нәтижелі қолданудың бірден-бір кепілі - өрмекші кенелердің алғашқы ошақтарын дер кезінде іздеп тауып, оларға қарсы жыртқыштарды жеткілікті мөлшерде жіберіп отыру болып табылады. Өрмекші кенелердің ошақтарын дер кезінде табу үшін жылыжайлардағы өсімдіктерді ұдайы тексеріп тұру керек. Тексерер алдында жылыжайлардағы өсімдіктердің орналасу жоспарын және де парниктер пленкамен жабылған грунттардың жобасын жасау керек. Бұдан кейін жылыжайдың ішіндегі орталық жолдан бастап сыртқы қабырғаларына қарай өсімдіктерді қатарлап таңбалайды да, әрбір өсімдіккке тән тұрақты рет санын белгіледі. Тексеру негізінен әрбір өсімдікті қарау арқылы іске асырылады. Қияр өсімдігінің өрмекші-кенелерімен зақымдана бастаған жапырақтарында ақшыл нүктелер пайда болады. Олар, әсіресе, жапырақтың үстіңгі бетінен жақсы көрінеді. Кейіннен жапырақтар ақшылданып бозарады да, қурап қалады. Қыстық және от жағылмайтын көктемгі жылыжайда тексеруші маршрутының сол жағанда орналасқан бір қатардағы өсімдіктерді түгел қарайды, ал парниктердің рамаларымен пленкаларымен жабылған топырақтағы қияр өсімдіктерін түгел тексеріп шығады. Қыстық жылыжайда зиянкестерді тексеру жұмыстары аптасына бір рет, ал көктемгі жылыжаймен парниктерде 10 күнде бір рет жүргізіледі. Егер уақытты өткізіп алып, өрмекші - кенелердің ошақтарын алдын ала жоймаса олар тез көбейіп, барлық өсімдіктерді зақымдап, олармен биологиялық күрес жүргізу қиынға соғады. Тексеру жұмыстарының нәтижесі арнаулы күнделік дәптерге ұқыппен жызылып отыруы керек. Ол күнделікте шаруашылықтың аты-жөні (аудан, облыс, өлке), жылыжайдың рет саны, көлемі, қиярдың сорты, отырғызылған уақыты түгел көрсетіледі. Жылыжайдағы, парниктердегі, полиэтиленді пленкалармен жабылған топырақтағы жеке өсімдіктердің зақымдану дәрежесін төрт баллды шкала бойынша анықтайды: 0 балл-зақымданбаған; 1 балл-аз (жапырақтардың 25 %-дайы ғана зақымданған) ; 2- балл-орташа (жапырақтардың 25%-дан 75%-ға дейінгі зақымданған) ; 3 балл-күшті зақымданған (жапырақтардың 75%-дан көбі зақымданған) .

II. IV Фитосейулюсті жіберу.

Жыртқыш кенелерді аз мөлшерде жұмсап, өте жоғары нәтижеге жету үшін оларды зиянкестің алғашқы ошақтары пайда бола бастаған кезде жіберу керек. Жыртқыштарды жіберу қияр өсімдіктерінің көшеттері өсірілетін жылыжайларда басталса тіпті жақсы. Фитосейулюстің жіберу мөлшерін өрмекші-кенелердің сан мөлшерін есептегеннен кейін барып анықтайды. Әдетте, өндіріс жағдайында әрбір зақымданған өсімдік жапырақтарындағы өрмекші кенелердің сан мөлшерін анықтау мүмкін емес. Фитосейулюстерді өсімдіктердің зақымдану дәрежесін көз мөлшерімен анықтап (аз, орташа, күшті) жіберген қолайлы. Осыған орай, жылыжайда әрбір зақымданған өсімдікке сояның 1-6, ал әрбір парниктің рамаларына 1015 жапырағын орналастырады. Ал өте асқынып кеткен зиянкестің ошақтарына фитосейулюсті жаппай көп мөлшерде жібереді. Сояның жапырақтарынан фитосейулюстер қияр өсімдіктерінің жапырқтарына тез көшіп өсіп-өнеді де, зиянкесті барлық даму фазасында жеп құртады. Фитосейулюсті сынау және іс жүзінде қолдану тәжірибесі жыртқыштар бір жылыжайда қатарынан 2-3 жыл қолданғанда келесі жылдары зиянкестің сан мөлшері аз болып және олар әдеттегіден 3-4 жұма кейін пайда болатындығы байқалады. Себебі мұндай жылыжайда фитосейулюстер қорланып, өрмекші-кенелерді қыстауға кеткен жерлерінде жеп қоректенетіні анықталады. Мысалы, әдетте өрмекші - кенелер қыстау үшін жылыжайдың ішіне қойылған аралардың ұясында мекендейді. Сондықтан оларды осы қысқы жиналған жерінде құрту мақсатымен сояның фитосейулюстер бар жапырақтарын (бір ұяға 300-400 жапырақ) жәшіктің қабырғасына, іргесіне қыстырып қояды. Акарифагтар өз бетімен қыстауға кеткен кенелерді іздеп тауып жейді. Кейінгі жылдары еліміздегі жылыжай шаруашылықтарында өрмекші кенелермен биологиялық күресу тәсілі кеңінен өріс алып, жылдан-жылға оларды пайдалану қарқыны артуда. Мысалы, тек біздің республикамыздың өзінде ғана фитосейулюсті көлемі 800 мың2 жылыжайда қияр өсімдігін улы химикаттарды қолданбай, тек қана биологиялық әдіспен аса қауіпті зиянкестен қорғап шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Энтомофагтардың биологиясы
Биоагенттердің (энтомофагтардың) жаппай жасанды өсіру және мақтаның асақауіпті зиянкестеріне қарсы күрес
Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Картоп дақылын өндіру
Қияр дақылының өсіру технологиясы
Мақта дақылы жайлы
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Қызанақ дақылы жайлы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданының климаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz