Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Кәсіпорынды басқару (менеджмент) »
Пәні: «Өндіріс экономикасы»
Студент:
Мамандығы:
Біліктілігі:
Тобы:
Мен ұсынылған жұмыс менің жеке жазғанымды, пайданылған көздер расталғанын растаймын.
Студенттің қолы
__ 202_ ж
Алматы 202_
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . ……
1 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
1. 1Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні . . . . .
1. 2Кәсіпорынды басқарудың жүйесі . . . .
1. 3 Кәсіпорындағы қызметкерлер құрамын басқару жүйесі……. . …… ……
2 БӨЛІМ . «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ»АҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.
2. 1 «ҚазАгроҚаржы» АҚ кәсіпорынының құрылымы және негізгі көрсеткіштері . . . ……
2. 2«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқару тиімділігін талдау
3 БӨЛІМ . «КАЗАГРОҚАРЖЫ»АҚ-НЫҢ БАСҚАРУДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.
3. 1. «ҚазАгроҚаржы»АҚ-ның басқарудағы экономикалық проблемалары…
3. 2«ҚазАгроҚаржы»АҚ-ның басқаруын дамыту жолдары . . . ……
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . …
Кіріспе
Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді теориясы мен практикасы. Зерттеудің объектісі болып менеджменттің ерте заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі даму эволюциясының ерекшеліктері болып табылады. Курстық жұмыс кіріспеден, бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды. Менің таңдаған осы жұмысым қазіргі күні өте керекті, өйткені жақсы ақпараттық жүйе жетістіктер мен бәсекеге қабілеттіліктің кепілі ғана емес күшті бәсекелестік жағдайында аман қалу құралы болып табылады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.
1 Бөлім. Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні және жүйесі
1. 1Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні .
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды. Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикалық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмектесетін кеңейіп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе дегеніміз ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объекте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардың алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процеспен байланысты. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функционалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі басқаруда жаңа әдістерді қажет етеді: бірінші кезекте тиімділіктің экономикалық және нарықтық, икемділікке деген талаптарда жоғарлауда.
Кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, сату мен сатып алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жүйелер бизнестің негізгі мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.
Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорының тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты.
Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады
1. кәсіпорынды басқару жүйесін талдау;
2. қаржылық есеп берулермен талдап көрсеткіштердің есептелу жолдарын талдау;
3. кәсіпорынды басқаруға жәрдемдесетін қаржылық есеп берулерді автоматтандыру
Басқару ұғымының туындауы еңбек бөлінісінің пайда болуымен туындауымен байланысты. Мұның өзі жалпы процестің қарым - қатынасы басқарушы функциямен қамтамасыз етіледі, сондықтан басқару қоғамдық еңбекке тән. Өндіріс масштабы өскен сайын басқару ролі де атқарады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердегі басқару кең ұғымда қызмет түрі мен мақсатына тәуелсіз кез-келген ұғымдағы басқару ретінде қарастырылады.
1. 2Кәсіпорынды басқарудың жүйесі.
Басқарудың мәнің оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару) .
Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:
1) басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
2) басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.
Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін, ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспекиілерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процессінде адамдардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және т. с. с. зерттейді. Басқару теориясының маңызды мәселесі - басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы.
Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т. с. с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.
Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.
Басқару қызметінің негізгі мазмұны - болашақтағы процестерді болжау, ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру, реттеу, зерттеу. Бұған тән ерекшеліктерінің бірі - адамдардың бірлесіп істейтін қызметіне бағытталғандығы.
Менеджменттің ғылым ретіндегі құрылымы.
Басқару. ісі
Басқару. ісі
Басқару экономикасы
Социология және басқару
Басқарудағы ұйымдастыру
Биресми басқару
Ғылыми басқару
Ресми басқару
Басқару өнері
Менеджмент ғылым ретінде
Басқару жүйесі
Басқару механизмі
Басқару процесі
Басқаруды жіктеу
Басқаруды интеграциялау
Басқарудың дамуы
Басқару теориясы дегеніміз басқарудың мәнін, мазмұнын және ерекшеліктерін анықтайтын категориялардың жиынтығы.
Өндіріс - бұл қандай да бір өнімді немесе қызмет көрсетуді әрқашан дайындап отырады. Өндірісті басқару адам қызметін басқару болып табылады. Өндірісті басқаруды басқа да элементтер қамтиды (материалдық техникалық қамтамасыз ету, ресурстар, өнімді өткізу, технологиялық үрдістер) . Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйесінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді.
1. 3 Кәсіпорындағы қызметкерлер құрамын басқару жүйесі
Қызмектерлер құрамын басқару - кәсіпорын деңгейінде жұмыс күшін бөлу, қайта бөлу, қалыптастыру процесіне, кәсіпорынның нәтижелі қызметтік қамтамасыз ету және қызметкерлердің жан-жақты дамуын, іскерлік қасиеттерін пайдалану үшін жағдай жасау мақсатымен өзара байланысты ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік шаралар көмегімен жүйеленген, бағдарлы түрде ықпал жасау. Қызметкерлер құрамын басқарудың көптеген тұжырымдамаларын қорытындылай келе, қоғамдық өндірісте адамның 2 түрлі рөлін көрсетуге болады:
- адам өндірістік жүйенің ресурсы ретінде - өндіріс және басқару процесінің маңызды элементі;
- адам тұлға ретінде өз қажеттіліктерімен, құндылықтарымен, байланыстарымен - басқарудың басты субъектісі.
Шаруашылық басқару әдістері экономикалық, әкімшілік-құқықтық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық деп бөлуге болады. Бұл әдістердің барлығын ұйымдастыру жүйесімен басқару техникасы қамтамасыз ететін, жалпы өндірісті тиімді басқару жиынтығы болатын өзара байланысты жүйе ретінде қарастыруға болады. Басқару әдістерін толығымен қарастырамыз.
Өндіріс процесіне әсер етудің экономикалық әдістері және оның қатысушылары басқару жүйесінде негізгі орын алады. Бұл өндірісті басқарудың объективті экономикалық заңдарды тану мен нақты жағдайларда олардың әрекет ету ерекшеліктерімен негізделетінін көрсетеді. Экономикалық әдістер жеке кәсіпорын немесе сала, халық шаруашылығы үшін тиімді алуда экономикалық қатынастардағы әртүрлі тәсілдер әрекетін алуды көздейді: бағабелгілеу, қаржыландыру, несиелеу, экономикалық нормативтер жүйесі және басқалары. Жүйелердің 2 тобын анық бөлуге болады:
- экономикалық, онда материалдық игіліктердің өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну мәселелері басты, маңызды осыдан персонал (қызметкерлер құрамы) еңбек ресурсы немесе адамдар ұйымы (ұжымы) деп қаралады;
- әлеуметтік, онда адамдардың қарым-қатынастары, әлеуметтік топтар қаралады, ал қызметкерлер құрамы - бір-біріне ұқсамайтын тұлғалардан тұратын басты жүйе ретінде қаралады.
- Өндірістегі адам ролін талдауда осы барлық аталған амалдар (тәсілдер) бір құбылысқа деген әртүрлі көзқарастарды білдіретінін есептей келе, белгілі тұжырымдамаларды квадрат түрінде жіктеуге болады (сурет 1. 1)
Сурет 1. 1 - Қызметкерлер құрамын басқару тұжырымдамаларының жіктеуі
Қызметкерлер құрамын басқару - басқарушылық қызметтің ерекше функциясы. Қызмектерлер құрамын басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары бір жағынан әкімшілік басқарудың қағидалары мен әдістеріне, екінші жағынан - тұлғаның жан-жақты даму тұжырымдамасы мен адам қатынастары теориясына негізделеді
Кәсіпорынның еңбек ұжымы және жеке қызметкер де басқару объектісі бола алады. Осылай, еңбек ұжымына барлық персонал (қызметкерлер құрамы), сонымен қатар құрылымдық бөлімшенің (бөлім, цех) немесе өндіріс ұйымының (бригада - өндірістік топ қызметкерлер құрамы кіреді.
Басқару субъектілері ретінде кадр қызметінің жұмысын атқаратын мамандар және қарамағындағыларды басқарып отырған барлық деңгейдегі басшылар болады.
Кәсіпорынның қызметкерлер құрамын басқару жүйесі келесі құрауыштардан тұрады:
а) кәсіпорынның басты мақсаттарына жетуде қызметкерлер құрамын басқарудың рөлі мен орнын табу
б) қызметкерлер құрамын басқару қызметінің ұйымдастыру құрылымына қатысты мәселелерді шешу - қызметтің құрылымды тізбектерін тауып, олардың мақсаттары мен міндеттерін қысқа әрі дәл жеткізу, кәсіпорынның және ондағы қалыптасқан басқару құрылымына байланысты қызметкерлер құрамын (персоналды) басқару құрылымын құру, құрылымды бөлімшелердің және кәсіпорынның басқа да басқарушылық құрылымдарымен өзара байланыстарын анықтау;
в) қызметкерлер құрамын басқару қызметінің ұйымдастыру - құрылымдық құруына сәйкес басқарушылық шешімдердің ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін әзірлеу - ақпарат иелері, қозғалыс жолдары және маңызы
Осы жерден кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, сату мен сатып алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жүйелер бизнестің негізгі мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.
Басқарудың жалпы және нақты қызметтері
Менеджменттің жалпы қызметтері
Жоспарла
у - бұл басқару процесінің бір кезеңі. Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқада заттар сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс тәсілдерт жасалынады.
Ұйымдастыру
- бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, сонымен бірге оның бір қалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету.
Мотивация
- бұл іс әрекет, қызмет, оның мақсаты ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда тиімді еңбекке, мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.
Бақылау
- бұл басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу.
Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.
Ұйымдастыру менеджменті: 1) тар мағынасында - басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі - ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және тұжырымдарының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты, жалпы ұйымдастырудың қағидалары мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы. Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық құрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру) ; міндетті істердің дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.
2 Бөлім . «ҚазАгроҚаржы»АҚ құрылымы және басқару тиімділігін талдау
2. 1 «ҚазАгроҚаржы» АҚ кәсіпорынының құрылымы және негізгі көрсеткіштері.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚазА-гроҚаржы, Компания, ҚАҚ) еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсаттарында отандық фермерлерге ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу бойынша лизинг қызметтерін көрсетеді. Компания тарихы 19 жылдан асты және осы уақыт ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг саласындағы өзінің көшбасшылық позициясын сақтап келеді.
Компания саладағы жоғары құзыреттілігі, нарықтағы көпжылғы жұмыс тәжірибесі, филиалдарының дамыған желісі, мықты кадрлық құрам, сенімді несие рейтингтері және қаржы құралдарын тартуға қолжетімділік сияқты бәсекеге қабілетті күшті бәсекелік артықшылықтарға ие. Бұл артықшылықтар отандық фермерлерге тиімді қолдау көрсетуге және компанияның саладағы тұрақты жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» АҚ одан әрі даму үшін үнемі жұмыс атқаруда.
Компания «AgriTek/FarmTek Astana 2018» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне 13-ші рет қатысты. Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін бағалау бойынша тәуелсіз зерттеулердің қорытындысы шығарылды. Клинттердің қанағаттанушылық деңгейі 93, 0% құрады. Өсімдік шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизинг нысаналарын жеделдете ұсыну мақсаттарында «Экспресс-лизинг» жаңа қаржыландыру бағдарламасы басталды.
Ауыл шаруашылығы, орман және шаруашылық өнімдерінің қызмет көрсетулерінің) жалпы шығарылымы 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы республика бойынша 4, 4 трлн теңге құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 3, 4%-ға жоғары. Өсу өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3, 1%-ға, мал және салмақтағы көлемдерінің - 4, 3%-ға, шикі сиыр сүті сауылымының - 3, 3%-ға өсуімен, алынған тауық өсуіне байланысты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылмен салыстырғанда өсуі республиканың 13 облысында көрініс тапқан.
Жалғыз акционер тарапынан қолдау жасалатындығын, Компания қызметінің пайдалылығын және әртүрлі қаржылық тәуекелдерді абсорбциялауға жоғары қабілеттілігін куәландырады. 2018 жылы Компания 6, 73 млрд теңге көлемінде таза пайда алды.
Өтімділіктің қолайлы деңгейі. Компания несие қоржынының тұрақты өсуін, кредиторлар алдындағы міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін өтімді қаражаттың жеткілікті деңгейін ұстап тұрады. 2019 жылғы 1 қаңтарға активтердегі өтімді активтердің үлесі 15, 0% құрады. Жоғары кредиттік рейтинг. 2019 жылғы 04 сәуірде болжам . Тұрақты деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингті растады, бұл тәуелсіз рейтингтен екі деңгейге төмен.
Қаржы тәуекелдерін тиімді басқару. Компанияда кредиттік, валюталық, баға тәуекелдерін және өтімділік тәуекелін уақтылы айқындауға, сенімді бағалауға және барынша азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі құрылған.
ҚазАгроҚаржы» АҚ Акционердің заңды құқықтарының мойындалуын қамтамасыз етеді, компанияның қаржылық игілігі және тұрақтылығы мәселелері бойынша компания мен Акционер арасындағы ынтымақтастықты ынталандырады. « ҚазАгроҚаржы» АҚ 2017 жылғы жылдық есебі VIII жылдық есептер байқауында қаржылық сектордағы үздік деп танылды, сонымен қатар конкурстың 100-ден артық қатысушыларының арасында 9-шы орынға ие болды. Компанияның шығыстарын төмендету және Компанияның активтерін тиімді басқару бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Бұл іс-шаралар Компанияның кірістілігін 2017 жылмен салыстырғанда екі есе арттыруға мүмкіндік берді.
2018 жылы көрсетілетін лизинг қызметтерінің сапасына клиенттердің қанағаттанушылық көрсеткішін бизнес-процестерді оңтайландыру, өтінімдерді қарау процедураларын және мерзімдерін ықшамдау, қажетті құжаттар санын қысқарту, өнім желісін кеңейту және дамыту, клиентке бағытталған тәсілдемелер енгізу есебінен көтеру мүмкін болды.
Компанияның табысты даму факторларының бірі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс атқару болып табылады. 2018 жылы корпоративтік басқару деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді, олар корпоративтік басқару рейтингін 89, 7%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, тәуелсіз бағалаудың қорытындылары бойынша,
2. 2«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқару тиімділігін талдау
«ҚазА-гроҚаржы» АҚ Қазақстанның аса ірі компанияларының ашықтық рейтингінің алғашқы топ-15 қатарына енді, бұл Компанияның ақпаратты ашу ашықтығы мен сапасы стандарттарын дамытуға салған күшінің нәтижесі болды.
Қаржылық көрсеткіштері
. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2019 жылы несие қоржынының сапасын арттыру, меншікті капиталды және активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болад
ы.
2019 жылы Компания отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сапалы лизингтік қызметтермен қамтамасыз етуге бар күшін жұмылдыруды жалға-стыратын болады. Біз Даму стратегиясында көзделген алға қойылған барлық міндеттер мен жоспарларды іске асыруға ниеттіміз. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингісі.
ҚазАгроҚаржы» АҚ 2019 жылы несие қоржынының сапасын арттыру, меншікті капиталды және активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.
Операциялық көрсеткіштер:
Компания «Техникалық қайта жарақтандыру - АӨК дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оған ҚР АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» (Холдинг) өкілдері және 120-дан аса қазақстандық фермер, техника өндірушілер мен жеткізушілер қатысты.
Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін бағалау бойынша тәуелсіз зерттеулердің қорытындылары шығарылды. Клиенттердің қанағаттанушылық деңгейі 93, 0% құрады
«ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 62, 9 млрд теңгеге 3 426 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берді.
Несие қаржының қанағаттанарлықтай сапасын сақтай отырып, инвестиция көлемнің елеулі өсуі 2018 жыл қорытындылары бойынша 6, 7 млрд теңге сомасындағы пайданың мөлшері бойынша максимумға қол
жеткізуге мүмкіндік берді. Көрсетілетін қызметтің сапасын одан әрі арттыру мақсатында қызмет көрсетудің клиентке бағдарланған стандарттарын енгізу жұмысы жалғастырылды, құжаттарды жинау және ұсыну бойынша ішкі процедуралар оңтайландырылды, қызмет көрсету желісі өзектендіріл-
ді және кеңейтілді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін 2018 жылғы маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның Компанияны жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесінен шығару туралы шешімі болды. Бұл шешім ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда «ҚазАгроҚаржы» АҚ маңызды орын алатындығын растайды. Келе жатқан жыл Компанияның 20 жылдық кезең ішіндегі қызметін қорытындылаумен атап өтіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz