Абай тұлға



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалык университеті Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Реферат

Тақырып: Абай өлеңдеріндегі ақынның тұлғалық болмысы

Орындаған: Бекболатова Айдана
Тексерген: Аширов Жәнібек
Курс:3
Топ:312

Алматы, 2023

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ-1. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

Абай тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Абай поэзиясының жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 6

Кіріспе

Абай мектебіндегі əн, музыка өнерінің дамуы туралы айтқанда, алдымен музыкада Абайдың өзі жаңашыл болды. Маңына өз заманының ең айтулы деген əнші, күйшілерді жинаған Абай шын мəнінде əн мектебін қалыптастырды деп айтуға болады. Əн өнері ақындықпен қатар жүріп, ақын сөзінің насихат күшіне қызмет еткендіктен, Абайдың ақын шəкірттерінің бəрі дерлік жақсы əнші бола білді. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын əрі əнші жəне музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы əн өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.
Мұқа, Əлмағамбет, Мұхамеджан сынды əншілердің ақындық өнері аса байқалмағанмен, бұлар Абай əндерін насихаттаумен ерекшелене білді. Көкбай ақындық пен əншілікті қатар ұстаса, Ақылбай, Тұрағұлдар бірнеше аспапта ойнай білген шебер музыканттығымен көзге түсті. Ал, Уəйіс пен Əсет айтулы əнші ғана емес, дəстүрлі əн өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан композиторлар еді. Абай шəкірттерінің ішінде қазақ əн өнерін өзіндік бір белеске шығарып, жаңа əуен, тың мазмұн əкеле алған ақын Шəкəрім болды. Міне, Абайдың жанындағы ақын, əнші, сазгер, музыкант жастар бұл өнерді əр қырынан дамытты. Осылайша əр қырынан дамып, қазақтың музыка өнерінде өзіндік із қалдыра алған Абайдың əншілік мектебі - кемеңгер ақын тұлғасын айқындай түсер тағы бір керемет көрсеткіш.

Абай тұлға

Абайдың əдеби ортасы туралы ғылыми ойлардың алғашқы көріністері ХХ ғасырдың басынан басталды да, ал осы тақырыпқа арнайы көңіл бөлген М.Əуезов Абайдың əдеби ортасын ақынның өзі алған нəрлері, өзгеге берген нəрі деп екі салаға жіктеді. Абайдан кейінгі əдебиет өкілдерін қамтитын екінші сала бойынша ғалым қазақ əдебиеттану ғылымында Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды енгізіп, бұл тақырыптың кең түрде зерттелуіне жол ашты. Абайдың ақындық мектебі тақырыбы зерттеу нысанына алынғанда екі мəселеге баса назар аударылды. Алдымен, мектеп қалыптастырған Абайдың тағылымдық қарекетіне, екіншісі - ақынның айналасындағы шəкірттер, олардың шығармашылығындағы дəстүр жалғастығының сипаты. Осы екі құбылыстың басы біріктіріле қарастырылып, Абай айналасындағы ақын шəкірттер мұрасының қазақ əдебиетіндегі орны айқындалды.
Абайдың ақын боп қалыптасуына əдеби ортаның əсері дегенде ақынның өз əулетінің ықпалына екпін берілді.

Бесіктен бастап бойға сіңірілген рухани тəрбие Абайдың болашақта үлкен дарын иесі болуына жол ашты, əженің ізгілікке толы əлдиі, анасының тауып айтқыштығы, əкеден келген суық ақыл мен асқан білімдарлық Абайды ақындыққа бастар жолдың алғашқы алғышарттары еді. Есейіп, ақылы толысқан шағына дейін Абай ауыл-аймағының ең танымал деген ақыны мен жырауынан, биі мен шешенінен сөз маржандарын сүзді, халықтың бай ауыз əдебиетін бойына сіңірді. Абайдың əдеби ортасын сөз еткенде ақынға ықпал еткен аға ұрпақ ақындардың орны дара тұр. Абайдың ақындық табиғатына шама-шарқынша нəр құйған Дулат, Шөже, Жанақ, Сабырбай, Байкөкше сынды ақындардың сөз өрнегі, үлгі-өнегесі оған мол азық болды. Қазақтың өлең əлемінде алдына қара салмаған Абай ұлттық құндылықтарды жасаушы аға буын өкілдерін, солардың мол мұрасын барынша пайдаланып, ақындық жолында мəнді баспалдақ ете білді. Бойына сіңірген рухани нəрлерді өз домнасында қорытып, қазақтың əдебиеті мен мəдениетіне, философиясы мен өнеріне тың, жаңа қалыпта құйылған кесек дүниелерді ұсынды.

Абай поэзиясының жанрлық сипаты

Абайға дейін қазақтың бай ауыз əдебиеті, тілі өріс ала Абай-қазақ поэзиясының сөзсіз бір биік асқар белі.Қазақ поэзиясына тұйықтан жарып шын мəнді поэзияның тұңғыш есігін ашты.Əдебиет тарихымызда поэзияның айқын жолдарын салды.Ол жол қазіргі əдебиетімізде де сайрап жатыр.Пушкинге дейін орыс поэзиясы халық əдебиетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Тұлғаны қалыптастырудағы Абай тәлімінің негіздері
Абайдың тұлғаның қоғамдағы орны туралы ой-пікірлері
Ұлы Абай дүниетанымындағы адам мәселесі
Жаратылыстану оқу бағдарламасы мен оқулығының мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау және тиімді оқыту әдістерінің әдістемелік негізін ұсыну
Абайға апарар жол
Ғұламаның Оян, казақ
Абай философиясындағы адамдар мәселесі
Абайдың әлеуметтік ой көзқарасы
Пәндер