Өсімдіктер селекциясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы

МӨЖ

Қабылдаған: Б.ғ.к., аға оқ. Убайдуллаева А.
Орындаған: Кеншімбаева Н.
Тобы: МБЛ-211
Курс:2

Түркістан 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.1 Селекция туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.2 Өсімдіктер селекциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3 Жануар селекциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
1.4 Микроорганизмдер селекциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
13
1.5 Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
36

КІРІСПЕ

Селекция (латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми - теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Өсімдіктер селекциясы егін шаруашылығымен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік пен өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің тарихында 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция. Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Селекция туралы жалпы түсінік

Генетика-селекцияның теориялық негізі болып табылады. Солай бола тұра селекция жеке ғылым болғандықтан,оның өзіндік міндеттері мен мақсаттары және зерттеу әдістері бар.
Селекция латынша "selektio"-сұрыптау деген мағынаны береді (1-сурет). Бірақ оның міні тек сұрыптаумен шектелмейді. Селекцияның міндеті-жануарлардың тұқымдарын, өсімдіктердің жоғары өнімді сорттарын, микроорганизмдердің штамдарын шығару және үй жануарларымен мәдени өсімдіктердің эволюциялық заңдылықтарын зерттеу. Селекциямен адамзат өте ерте заманнан бері айналысып келеді. Адам жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қолға үйретіп, өсіріп, өз қажеттілігіне пайдаланып отырған. Алайда селекция ғылымы ретінде кейінірек қалыптасты. Селекция теориясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теорисына байланысты тез дами бастады.

1-сурет. Селекция

Дүние жүзі бойынша көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда селекциямен шұғылданатын көптеген ғылыми-зерттеу институттары, селекция-лық станциялар және т.б. мекемелер бар. Олар жоспарлы түрде мал тұқымдары мен өсімдік сроттарын жаңартумен шұғылданады. Біздің елімізде дәнді дақылдар, көкөністер техникалық дақылдар және жеміс жидектердің жүздеген сорттары шығарылған. Сонымен қатар ірі қараның: алатау, қазақтың ақ бас сиыры, қырдың қызыл сиыры, қойдың: арқар-меринос, еділбай, басқарағай мериносы, жылқының: қостанай дегерес және т.б. тұқымдары бар [1,48б.]
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады.
Селекция (латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми - теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.

1.2 Өсімдіктер селекциясы
Өсімдік селекциясы (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) -- ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым (2-сурет). Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т.б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.

2-сурет. Өсімдік селекциясы

Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Қазақстанда өсімдіктер селекциясы' саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, т.б. бірқатар ауыл шаруашылығы институттары, облыс ауыл шаруашылығы және селекциялық тәжірибе станциялары шұғылданады. Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат - өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т.б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т.б. бірнеше сорттары.
Өсімдіктің жоғары өнімді түрлерін, жануалардың тиімді тұқымдардың немесе микроорганиздердің штамдарын сұрыптай отырып, олардың бұрынғы жабайы тектеріне тән генотиптерін өзгертуге болады. Ч.Дарвин қалыптастырған сұрыптау туралы генетикадағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары селекцияның теориялық негізін құрайды. Өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарында пайда болған тұқым қуалайтын өзгергіштік сұрыптау үшін негізігі қажетті материал болып есептеледі. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау, будандастыру экспериметтік мутагенез сияқты әдістер қолданылады.
Сұрыптау. Өсімдіктердің көбеюіндегі тозаңдану жолдарына қарай сұраптау: жаппай және жеке сұрыптау болып екіге бөлінеді.
Жаппай сұрыптауда бастапқы материалдан селекция үшін тиімді белгі қасиеттері бар даралардың тобы бөлініп алынады. Жаппай сұрыптау көбінесе айқас тозаңданатын өсімдіктерде жүргізіледі.
Жеке сұрыптау әдісімен адам үшін қажетті белгі-қасиеттері бар жеке дараларды іріктеп, әрі қарай ұрпақ алынады. Бұл әдіс көбінесе өздігінен тозаңданатын өсімдіктер, мысалы арпа, сұлы т.б. үшін өте қолайлы.
Гетерозис құбылысы. Атап көрсетілгендей гентикалық тұрғыда бір-бірінен алыстаутұрған организмдерді будандастырғанда алынатын гибрид ұрпақтың тіршілік қабілеті жорғары, өсу қабілеті күшті болып келеді. Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы америкалық генетик Дж.Шелл жүгері өсімдігінен байқап, оны гетерозис деп атады. Гетерозис барлық тірі органимзмдерге тән құбылыс, яғни жануарларды өсімдіктер мен микроорганизмдерде кездеседі. Гетерозис кезінде будан зат алмасу қарқынды жоғарылап, соған сәйкес өнімі молаяды [15,174б.]
Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, эконоимканы нығайтуда сұрыпталу жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда, әлемдік селекцияда көптеген қол жеткізген табыстар бар. Соның ішінде орсы селекционері И.ВМичуринді ерекше атауға болады. Сонымен қатар орыс селекциоенері В.С.Пустовойт күмбағыстың майлы сорттарын, П.П.Лукьяненко бидайдың гектарына 50центнерге дейін өнім беретін Безостоя-1 сортын, В.Н.Ремесло мол өнімді Мироновская-264,208 және т.б. сорттарын алды. Селекционерлер-А.П.Шехурдин мен В.Н.Маманов шығарған жаздық бидайдың Саратов-29 сорты жоғары сапалылығымен еркешеленеді.
1.3 Жануар селекциясы
Жануарлар селекциясының негізіне де өсімдіктердегідей тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптау жатады. Жаппай және жеке сұрыптаулар жануарларға да тән. Алайда жануарлар селекциясының өз ерекшеліктері бар. Олар: жануарлар тек жыныстық жолмен ғана көбейеді; жануарларда ұрпақ саны көп бола бермейді және әрбір жекек даралардың өзінің селекция үшін маңызы болуы мүмкін.
Жануарлар селекциясында оның түрлі белгілері мен қасиеттерінің арасындағы байланыстар ескеріледі. Мысалы, ірі қара малдың сүттілігі оның дене бітіміне,қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жақсы жетілуіне,т.б. байланысты. Сондықтан малдың тұқымын асылдандыру үшін жаппай сұрыптаудың осындай тәсілі қолданылады. Осылайша бірнеше белгілері бойынша сұраитай жүргізу арқылы біздің елімізде ірі қараның етті бағыттағы-қазақтың ақбас сиыры және сүтті бағыттағы-қырдың қызыл сиырлары шығарылды.
Жануарлардың әр түрлі тұқымдары сыртқы орта жағдайларының өзгерісі мен азықтандыруға бірдей жауап бере бермейді. Мысалы, ірі қараның етті тұқымдарына құнарлы азық берілсе салмағы артады, ал сүтті тұқымдарда сүті молаяды. Сол сияқты жұмыртқалағыш леггорн тауықтарына жемді жақсы берсе, салмағы онша өзгермейді, бірақ жұмырқалағыштық қасиеті артады.
Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері. Жануарлар селекциясында өсімдіктер селекциясындағыдай будандастырудың үш түрлі әдісі қолданылады: туыстық, туыстық емес және алыстан будандастыру. Туыстық будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы жақын жануарлар немесе ата-анасы мен ұрпағы алынады. Будандастырудың мұндай түрі организмнің бойындағы кейбір рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді гомомзиготалы жағдайға келтіру үшін қолданылады. Рецессивті гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда білінбейтіндігі Мендель заңдарына байланысты екенін білесіңдер. Ал жақын туыс жануарлардың гендері құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Сондықтан олардың ұрпағы көбінесе гомозиготалы жағдайда болады [2,70б.]
Сонымен туыстық будандастыру селекцияда рецессивті гендер арқылы анықталатын шаруашылық жағынан тиімді белгі-қасиеттерді тұрақтандыру үшін қолданылады.
Алыстан будандастыру. Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде ғана емес, жануарлар селекциясында да қолданыады. Жануарларда да өсімдіктерде-гідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады. Мұндай жағдайда, олар-дың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте күрделі. Себебі жануарларда хромосома санын екі еселеу арқылы полиплоидтерді алу мүмкін емес. Алайда, алыстан будандастыру арқылы алынған будандардың ұрпақсыз болсада шаруашылықтық маңызы бар. Мысалы, бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вегетативті жолмен көбейетін дақылдардың селекциялық жұмыстарының үдерісі
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері
Өсімдіктің қорғану механизмі
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Өсімдік селекциясы және селекцияға түсінік
Гетерозис құбылысы жəне оның селекциялық маңызы
Полиплоидия түралы түсінік
Қызанақтың селекциясы
Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция
Егістіктегі жұмыстар
Пәндер