Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымға



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
№1 дәріс.
Тақырыбы:Терапиялық стоматологияның даму тарихы. Халыққа стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Мақсаты: Терапиялық стоматологияның даму тарихы мен стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды түсіндіру;
Дәріс тезисі:
Стоматология пәні - жақ сүйектері, ауыз қуысы аурулары, тістердің ауруларының этиологиясы мен патогенезін анықтап, оларды диагностикалайтын, емдеуі мен алдын -алу жолдарын зерттейтін медициналық дисциплина.
Ст Стоматология грек тілінен алғанда (stoma-ауыз, logos-ілім) - жалпы медицинаның бір саласы болса ,ал оның бір бөлімі - терапиялық стоматология.
Стоматологиялық аурулар қазіргі уақытта кең таралғаны, өріс алғандығына байланысты жер шарының халқының 97% -ті стоматологиялық көмекті қажет етеді. Бұл аурулардың келешекте алдын алу саяси шешімдер мен стоматолог мамандарын белсенді жұмысына байланыста келеді.
Стоматология саласында өзінің ерен еңбектерімен үлес қосқан орыс ғалымдары:20 -- 30 жылдары Н.И.Агапов балалардың ауыз қуысын жоспарлы сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми негіздеді. Балалар стоматологиясының түрлі сұрақтары А.И.Евдокимов, Е.Е.Платонов еңбектерінде көрсетілді. Балалар стоматологиясы сұрақтарын тәжірибеге ендіруге И.О.Новик және Т.Т. Шкалярдың еңбегі сіңді. Ортодонтияның ғылыми-тәжірибелік негіздерін нығайтуға және дамуына Е.Н.Бынин, А.И.Бетельман, Д.А-Калвелис, Л.В.Ильина-Маркосян көп жігер жұмсады. Балалар хирургиялық стоматологиясының дамуына А.А.Лимберг, Ф.М.Хитров, А. А. Колесов, М.М.Со - ловьев, Ю.И.Вернадскийлардың еңбегі зор.Тісжегіні емдеу және алдын- алу бағдарламасының кеңінен дамуына А.И.Пахомов, И.В.Леус, И.М.Мельниченко, Т.Ф.Виноградова үлес қосты.
Қа Қазақстанда стоматологияның қарқынды даму кезеңі өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады.Оған тікелей себеп 1959жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында стоматология факультеті ашылуы болды. Стоматология мамандығын Ресейден оқып келген алғашқы түлектер- профессорлар :Тулеуов Қ.Т. ,Уразалин Ж.Б. ,Мезгілбаева Д.М. ,доцент-Телебаева Г.Т. қазіргі таңда ҚазҰМУ - де еңбек етуде.
ҚазақССР Денсаулық сақтау министрлігінің 1959жылғы тамыз айындағы №245-бұйрығына сай стоматология факультетіне жүз студент қабылданды.Бұл оқиға республикада стоматология ғылымының қалыптасуына негізгі арқау болды.Құрылғаннан кейінгі 60 жылда 040400-стоматология мамандығы бойынша 7800 дәрігер-стоматолог дайындап шығарды.1989-1990оқу жылында факультетте мемлекеттік тілде оқытатын бөлім ашылды.2012-2013оқу жылында факультет негізінде стоматология институты құрылды.
Институттағы терапиялық стоматология саласының дамуына зор үлесін қосқан Зазулевская Л.Я. - медицина ғылымының докторы,профессор,Ресей Федерациясы лазер ғылыми академиясының және Қазақстан, республикаксы профилактикалық медицина академиясының академигі, оның Применение света гелий-неоного лазера при лечении и профилактике болезней пародонта тақырыбында қорғалған диссертациясы төмен қарқынды лазер сәулесінің емдік әсерінің механизмін анықтауғам және оны кең қолдануға арналды. Лазер сәулесінің түрлі диапазондары кеңейтіліп ,олардың қабынуға , бактерияларға қарсы,антиоксиданттық ,биологиялық үдерістерді ынталандырушы қасиеттеріне салыстырмалы зерттеулер жүргізілген - Хауадамова С.Г. , Сыздықова А.Б.,Орымбаева Б.,Абдикаримов С.Ж.
Жеткіншектер мен жүкті әйелдер арасындағы негізгі стоматологиялық ауруларды анықтау және емдеу әдістерін жетілдірген - А.Т. Құмарбаев , Б.Орымбаев.
Стоматологиялық ауруларды емдеуді онайландыру үшін апипрепараттар,шунгит,АБС майы ,микроэлам,қазақстан прополисі ұсынылды.-И.В.Баскакова.,И.А.Чапала ,А.М.Суманова.
Стоматологиялық ауруларды емдеуге көптеген өсімдіктерден алынған дәрілердің (долана,қызыл май,алхидин,дала қырықбуыны,мелисса,тополин,қарағай шайыры,живица сосновая) емдік қасиеттері зерттелді- Н.Ғ.Сапаева,А.К.Рахимова,Е.Н.Смагул ова.
Қазақстан Республикасында балалар жасындағы стоматологияның дамуына үлкен үлес қосқан ҚазҰМУ-нің балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі, ҚР-нің бас балалар стоматологы, профессор Супиев Т.К. Бұл кісінің басшылығымен негізгі ғылыми бағыттар жүргізіледі:
1. Әр жас кезеңдерінде одонтогенді қабынған арулардың клиникасы мен емдеуін меңгеру
2. Балалардың тістерін емдеу кезіндегі психофизиологиялық ерекшеліктер меңгерілді
3. Бет және жақ сүйектерінің туа біткен даму ақауларының эпидемиологиясы және комплексті реабилитациялаудың сатылы жүйесі енгізілді
4. Қан тамырлы туындылардың клиникалық ағымы мен емдеуінің ерекшеліктері меңгерілді
Б Балалар жасындағы стоматологияның дамуына айрықша үлес қосқан профессорлар: А.Ж. Есім, А.К. Қабылбеков, К.З. Шалабаев, М.А.Алдашева.
Қазіргі кезде стоматологиялық көмек пен ғылым деңгейі әлем бойынша алдыңғы шепке шықты. 1984 жылы стоматологиялық қызметті әрі қарай жақсарту шаралары жайында шешім қабылданды. Бұл құжаттың ең басты бөлігі - стоматологтардың алғашқы жан-жақты, жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуге дұрыс бағыт алу болып табылады. Алайда, санитарлы-эпидемиологиялық станцияның белсенді көмегінсіз стоматологтардың жеке өзіне бұл істі жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 397 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже:
І. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы осы ереже Қазақстан Республикасының ересектері мен балаларына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының міндетін, қызметін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.
2. Стоматологиялық ұйымдар ересектер мен балаларға клиникалық хаттамалардың негізінде қазіргі заманға медициналық технологияларды пайдалана отырып, стоматологиялық науқастардың профилактикасына, диагностикасын емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында амбулаториялық-емханалық және стационарлық нысандарды мамандандырылған көмек көрсету үшін құрылады.
3. Стоматологиялық ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.
4. Стоматологиялық ұйымдар дербес ұйым (стоматологиялық емхана (орталық)) ретінде немесе көп бейінді медициналық ұйымның құрамындағы құрылымдық бөлімше ретінде құрылады.
5. Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымға:
1) стоматологиялық емхана (орталық);
2) стоматологиялық бөлімше (кабинет);
3) медициналық пунктің;
фельдшерлік - акушериялық пунктің;
медициналық денсаулық орталығының;
білім беру ұйымдарының;
денсаулық сақтаудың көп бейінді ұйымдарының құрамында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті жатады.
6. Стоматологиялық емхананың (орталықтың) құрылымы өзіне:
1) стоматологиялық ауруларды профилактикалау кабинетін (қарау кабинеті);
2) пародонтология және ауыздың сілекейлі қабығын емдеу кабинеттері бар терапиялық стоматология бөлімшелерін;
3) хирургиялық стоматология бөлімшелерін (кабинет);
4) ортодонтия бөлімдерін (кабинет);
5) білім беру мекемелерінде балаларға стоматологиялық көмек көрсететін емдеу профилактикалық бөлімшені;
6) қосалқы бөлімшелерді (рентологиялық, физиотерапиялық кабинеттер, тіркеу бөлімі және т.б.);
7) орталықтандырылған зарарсыздандыруды;
8) техникалық қызметті;
9) медициналық статистика кабинетін;
10) әкімшілік-шаруашылық бөлімін қамтиды.
7. Стоматологиялық емхананың қызметіне жатады:
1) стоматологиялық науқастарға амбулаторлық жағдайда нақтама қою, емдеу және алдын алуды денсаулық сақтау саласының өкілетті ұйымы ұсынған, клиникалық хаттамаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғындарды медициналық тексеру
Жартылай алмалы - салмалы протездердің түрлері
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ХИРУРГИЯСЫ. БАСҚА МЕДИЦИНА САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Кәсіпорын қаражатының тұжырымдамасы мен құрамы
Стоматология кабинети
Науқастарды санациялау
Медициналық демография
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
Пәндер