Доғалы протездердің құрылымдық элементтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ДОҒАЛЫ ПРОТЕЗ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ. ДОҒАЛЫ ПРОТЕЗ ДАЙЫНДАУДА ТІС ТЕХНИКАЛЫҚ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

№1 ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: КІРІСПЕ. ДОҒАЛЫ ПРОТЕЗДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ДОҒАЛЫ ПРОТЕЗДЕР ДАЙЫНДАУДА ТІС ТЕХНИКАЛЫҚ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Бюгельді протез атауы немістің «Bugel» сөзінен шыққан, қазақша «доға» дегенді білдіреді. «Бюгельді протездер» термині табиғи тістерге, альвеолалық өсінділерге сүйенетін, протез орны шырышты қабығы және тіс пародонт арқылы шайнау жүктемесін көтеретін протездерді анықтайды. Бюгельді протездерде тірек ретінде тірек-ұстағыш кламмерлерімен қатар қүлыпты, телескопияльщ, арқалық (балкалық) ұстамаларды қолдануға болады. Бюгельді протез артықшылығы мынадай (пациенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қатаң талаптарға сай орындалған болса) :

  • қаңқаның тірек тістерімен қатаң бекітілуі шектелмеген ақаулар болған жағдайда да) протездің жоғары қызмет сапасын қамтамасыз етеді. Шағын кемістіктердің орнын толтырған жағдайда, протездердің шайнау тиімділігі дәстүрлі алынбайтын көпір тәрізді протездерге сай не жақын келеді;
  • шендеуіш салынып сақталған тістердің шиналау пародонтты шайнау қысымының зиянды көлденең компоненттерінің әсерінен сақтайды;
  • протез қаңқасының тірек тістерімен қатты да берік байланысуы протездің шағын жылжуына жол бермейді, сол себепті шырышты қабат та жарақаттанбайды;
  • тірек-ұстағыш құрылымдары протездің отыруына жол бермейді, сондықтан шы­рышты қабатқа түсетін қысым азайып, альвеолалы қырат атрофиясы кемиді;
  • көлбеу тістер бюгельді протезді үстау үшін пайдаланылады;
  • тіссауыт төмен болса не тістемді өзгерткен жағдайда, тұтас құйылған окклюзиялық бастырма не каппалық шендеуіш тістем биіктігін өзгертуге мумкіндік береді;
  • қаңқалаудың (скелеттеу) кең мүмкіндігі науқас үшін де жайлы, аурулардың алдын алу үшін де маңызды, мұның өзі шырышты қабат пен парадонтты қорғауға қолайлы жағдай туғызады;
  • протездің берік бекуі науқасты сергітіп, протезге бейімделу үдерісін жеделдетеді;
  • гигиеналық күтімі жеңіл;
  • ауыз қуысы гигиенасын өте аз дәрежеде бұзады;
  • эстетикаға тигізетін зардабы аз.

Бюгельді протезді дайындауға көрсетімдер. Бюгельді протездер тіс қатарының жеке кемістіктерінде және табиғи тістердің жеткілікті саны бар жағдайда көрсетілген, себебі тіс пен протез орны шырышты қабаты арасындағы шайнау қысымы сонда тиімді үйлестіріледі.

Бюгельді протездермен емдеуге көрсетілімдер:

  • Тіс қатары кемістіктері (Кеннеди бойынша I, II, III, IV кластық) ;

І-класс ІІ- класс ІІІ-класс IV-класс

  • Тірек тістердің сауыты биік болғанда;
  • Тірек тістер пародонты сау болса;
  • Тістер қатары кемістігі шырышты қабатының сау күйінде;
  • Шайнау элементі ретінде пародонт тіндерінің ауруларында.

Бюгельді протезбен емдеуге қарсы көрсетімдер:

-тіл үзбесінің төменгі жаққа жоғары бекітілуі (ол тіл мойыншаларынан 1 см төмен орналасуы керек, сол жағдайда доғаның бекітілуіне орьш жеткілікті болады) . Бұлай болмаған жағдайда доға үзбені жарақаттап, науқас протезді пайдалана алмайды;

  • төмен клиникалық сауыттар жасанды сауыттармен биіктетуге келмесе, тірек бола алмайды;
  • түрлі жаққа еңкіш тірек тістер (20°-тан артық емес) салыстырмалы түрдегі қарсы көрсетілім болып есептеледі, себебі оларды жасанды түрде параллель бағыттауға бола­ды немесе параллелометрде диагностикалық үлгілерде зерделеп, протезді енгізу және шығарып алу жольш таңдауға болады;
  • терең тістем, әсіресе терең жарақаттайтын тістем жағдайында миостатикалық рефлекс алдын-ала өзгертілмесе;
  • жоғарғы жақтағы айқын білінетін торус салыстырмалы түрдегі қарсы көрсетілім, себебі оны оралып өтіп, доғаны алдынан орналастыруға болады;
  • альвеолалы өсіндінің үлкен атрофиясы мен тайыз таңдай;
  • металл не пластмассаға төзімділіктің болмауы;

Доғалы протездердің құрылымдық элементтері.

Доғалы протез келесі бөлімдерден тұрады:

1) Доғадан және ұстап тұратын бөліктерден тұратын металлдан жасалған қаңқа

2) Базистен және жасанды тістер орнатылатын жасанды қызыл иектен

Доғалы протездердің қаңқасы келесі бөліктерден тұрады біріктірілетін элементтерінен (доға және бөліктері) ұстап тұратын элементтерден (кламмер құлып, телескопиялық қосылыстар) тұрақтандырушы элементтер(бөлінбейтін кламмер, киппмайдер) түсіретін элементтер (амортизатор және ауырлық бөлетін)

Жартылай алынбалы протездердің құрылымдық элементтерінің жиынтығын алдымен дәрігердің жоспарына, клиникалық сипатына, жоғалтқан тістерге, түріне, тіс қатарының бұзылысының топографиясына, қалған тістердің саны мен жағдайына протез төсемінің шырышты қабатына және жалпы құрылымына қарап анықталады.

Тіреуші элементтер жартылай алынбалы пртездердің құрылымына шайнау жүктемесін протез арнасының тіндеріне, яғни пародонт пен қызыл иекке ең тиімді тәсілмен тарату үшін енгізілген, сонымен қатар тіреуші элементтер жартылай алынбалы протездерді жақсы бекітуге ықпал етеді. Тіреуші элементтерге алдымен әртүрлі окклюзиялық бастырмалар, жасанды тіс сауыты, көпір тәрізді протездер, түбір қосымша, түбір штифтері және имплантанттар жатады.

Байланыстырушы (бекітуші) элементтері . Бұл элементтер қалған тістерге протезді бекіту үшін қолданылады, яғни алынбалы протездермен тірек тістердің арасындағы байланыстыру қызметін атқарады. Осы себепке байланысты кейбір авторлар байланыстыру элементтерін анкер немесе анкер элементтері деп атайды. Шайнау қысымын тіреуші тістерге таратуына байланысты байланыстырушы элементтер қатты, қозғалатын, жартылай қозғалатын (серпімді) болып бөлінеді. Құрылымына қарай байланыстырушы элеметтер: кламмерлер, анкерлі байланыстырушы, құлыптық бекулер, екеулік (телескопиялық) сауыт болып бөлінеді.

Теңестіру элементтері. Ершік тәрізді бөлікте доғалы протездің тіл немесе вестибулярлы доғасын, ершік тәрізді бөлікпен байланыстыратын жартылай алмалы протездердің базисі (пластмассадан, металлдан) теңестіру элементтері болып табылады. Соңғы теңестіру элементтері ең тиімді болып саналады. Тіл немесе вестибулярлы доғалар протездің ершік тәрізді бөліктерінің аралығында өздерінің иілгіштік қасиетінің арқасында функционалдық жүктемені біркелкі тарту арқылы протез арнасының тіндерін жақсы тұрақтандыруға және сақтауға ықпал етеді. Ал олардың пішіні мен орналасуы функционалдық жүктемеге төтеп беруіне сәйкес айқындалады. Теңестіру элементтері жеткілікті қатаң фонетикалық және гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Тағы бір есте сақтайтын жағдай теңестіру элементтері жалғау қызметінен басқа протездің орнынан қимылдауға төтеп беретін қызмет атқарады. Алайда фунционалды жағынан қарасақ қатаң бөліп қарау өте қиын.

Протездің жылжуына қарсы келетін элементтер көлденең жазықтықта дамыған функционалдық жүктеме әсерінен жартылай алынбалы протез алдыға, артқа, бүйір бағытқа жылжыйды. Жылжуға қарсы келетін элементтерге біріншіден: әртүрлі бекітуші элементтері (кламмерлер, құлыптық бекулер, арқалық жүйелер және т. б. ) . Пародонт ауруы болған кезде протездің жылжуына қарсы келетіндерге Эльбрехтың шендеуіші, бөлінбеген кламмерлердің тырнақ тәрізді өсінділері және Нея фирмасының кламмерлері мен Эльбрехттің шендеуіштерінің бірігуі жатады.

Жасанды тіс сауыттары мен көпірлі протездер кламмерлер арқылы протездің жылжуына қарсы келетін екіншілік элемент болып табылады. Осы топтың элементтерін қолданған кезде бірге қалған тістердің пародонт жағдайымен басқа да клиникалық деректерге ерекше назар аудару қажет.

Протездің аударылуына қарсы келетін элементтер. Протездің бекітуші элементтерінің көбісі өзінің бағытталу жазықтығының арқасында аударылуға қарсы қызмет атқарады, яғни шайнау кезіндегі күшті алады. Аударылуға қарсы келетін элемент протездің айналу осі шегі мен ершік тәрізді бөлігінің қарама-қарсы бағыттында, яғни протездің негізгі бөлігінде орналасуы керек. Бұл әсерге кламмерлерден шалғай жатқан окклюзионды бастырмалар немесе протездің ершік тәрізді бөлігінен алыс жатқан кері әсерлі құйылған кламмер ие болады.

Доға доғалы протездің ершік тәрізді бөліктерін бір-бірімен байланыстырады және тірек тістерімен альвеолярлы бөліктерге шайнау қысымын бөледі. Доға протездің бөліктерін бір -бірлікке біріктіреді. Иілгіш қасиетінің арқасында протездің ершік тәрізді бөлігіне ауырлықтың төмендеуіне ықпал етеді. Доғаның қалпы, көлемі орналасқан бетке, түріне, тіс қатарының ақауларына пішініне таңдай күмбезінің тереңдігіне альвеолярлық келбеу нысанының пішініне, протездік төсемнің шырышты қабатына байланысты. Доға қатты таңдайдың немесе жақтың альвеолды бөлігінің пішінін толық қайталуы тиіс.

Базис (ершік тәрізді бөлігі) жасанды тістер орналасатын және альвеолды өсіндінің орнын басатын доғалы протездің бөлігі болып табылады. Базистің көлемі ақаудың топографиясына және көлеміне байланысты. Шектелген ақауларда базистер онша үлкен болмайды, ал соңғы шектелмеген ақауларда жоғарғы жақтың төмпешіктерін және төменгі жақтың ретромолярлық төмпешіктерді толығымен жауып тұрады.

Доғалы протез құрылымында доға, ершік тәрізді бөлік және кламмер жүйесі бола­ды. Осы буындар біртұтас құрылым түзіп, доғалы протездің металл қаңқасы деп аталады.

Жоғарғы жақ доғасы- тіс қатары ақауына байланысты таңдайда әртүрлі орналасады. Тіс қатары ақауының топографиясына байланысты доға қатты таңдайдың алдыңғы, орта немесе артқы бөлімінде шырышты қабаттан аулақ орналасады. Кейде тіреуіш протез құрылымына өзара қосылған екі таңдай доғасын (алдыңғы және артқысын) енгізеді. Жоғары жақ протезінде доғаның ені 5-15 мм, қалыңдығы 0, 6-1 мм. Пішіні жартылай овальді, жиектері дөңестелген.

Таңдай тегіс болғанда, алвеолды өсінді анық білінбегенде және тіс қатарының соңғы ақауында доға- жұқа және жалпақ пластинка түрінде болады. Ені 2 см кем болмауы керек, ал қалыңдығы 0, 35-0, 6 мм. болады. Бұндай пішінді доға шайнау жүктемесін жақсы таратады.

Доғаны таңдайға орналсатырудағы ең тиімдісі, ол таңдайдың ортаңғы және таңдайдың артқы үшінші бөлігінің арасында, яғни 10-12 мм А сызығының алдында немесе тұрақты бірінші үлкен азу тістердің деңгейінде орналасуы болып табылады. Доғаны бұлай орналастырғанда протезге тез бейімделеді, сөйлеу фонетикасын тез қалпына келтіреді және құсу рефлексі пайда болуының алдын алады.

Құсу рефлексі жоғары және қатты таңдайдағы торус анық болғанда доғаны таңдайдың үштен ортаңғы немесе алдыңғы бөлігінде орналастырады.

Тіс қатары ақауы фронтальді бөлікте болғанда доға таңдайдың үштен алдыңғы бөлігінде орналасады, ол протездің аударылып кетуін болдырмайды.

Протез арнасының шырышты қабатының батымдылығын ескере отырып, ойылуды болдырмас үшін доғаны одан 0, 5-1 мм көтереді. Бұл жағдайды шектелмеген ақаулары бар болғанда ерекше ескерген жөн. Протездің ершік тәрізді еркін аяқталатын бөлігіне жүктеме түскенде, тірек тістер айналасында жылжу орын алады. Мұның өзі протез доғасының төменгі бөлігінің қызылиекке жақындауына әкеледі. Тап осылай протездің жоғары жаққа жылжуына байланысты доғаның артқы шегі қатты таңдайдың шырышты қабатына жақындай түседі.

Төменгі жақ доғасы- төменгі жақ протезінің доғасы жарты эллипс пішінде, ені 4-6 мм, қалыңдығы 1, 7-2, 3 мм. Оны тіл үзеңгісінің қозғалысын шектемейтіндей етіп, алвеолды бөліктің тілдік ылдиында орналастырады. Доғаның төменгі жиегі тіл асты өтпелі қатпарынан 1-2 мм жоғары, ал жоғарғы жиегі алдыңғы тістер мойнынан 2-3 мм төмен орналасуы тиіс.

Ауыз қуысы түбінің жұмсақ тіндері немесе тіл үзеңгісі жоғары орналасқанда көп звенолы кламмерлер қолданылады.

Алдыңғы тістердің, кейде кіші азулардың тілдік еңкіштігінде, протездің бекіту үшін доғаны альвеолалы өсіндінің шырышты қабатынан үлкен арақашықтықта алыстатады, себебі протез ауызға енгенде тістердің кескіш шеттеріне түсуі мүмкін. Алайда доға альвеолалы бөліктен неғұрлым қашық тұрса, ол тілге соншалықты сезіліп, тіл үзбесін жарақаттауы мүмкін.

Протез арнасының шырышты қабатының батымдылығына байланысты, ойылуды болдырмас үшін доға одан 0, 5-1 мм алыс орналасуы керек. Сондықтан пародонт ауруларында және шырышты қабат көлемінің аз ғана ұлғаюында да қуыс 1 мм кем болмау тиіс, ал қалыпты жағдайда 0, 5 мм. болуы керек.

Тіл доғасының орнына кейде тілдік металдық пластинка қолданылады. Бұндай пластинканың жоғарғы жиегі тіс төмпектерінен 2-3 мм жоғары орналасады, яғни барлық тістерге жүктеменің бірдей таралуын қамтамасыз етеді. Металл қаңқаның артықшылығы пародонт аурулары кезінде және алдыңғы тістер қисық-қисық орналасқанда қызыл иекті тамақ қалдықтарынан қорғайды. Металл мен жұмсақ тіндер арасындағы қуыс 0, 1-0, 2 мм болуы тиіс, егер одан көп болса тіндер ісінуі мүмкін.

Доғалы протез қаңқасының келесі бөлігі базис немесе ершік тәрізді бөлік. Ол тіссіз альвеолды бөліктің жотасында немесе жақтың өсіндісінің үстінде жататын доғаның өсіндісі болып табылады. Қаңқаның бұл элементтері тор тәрізді болып келеді және шырышты қабықтан 1, 5-2 мм алыс жатады. Бұл доғалы протездің ершік тәрізді бөлігінде пластмассалы базисті бекітуге қолданылады. Қаңқаның ершік тәрізді бөлігінің бекітілу құрылымын анықтағанда тіссіз альвеолды өсіндінің пішінін ескерген жөн. Доғаның металл базиске өтетін жеріндегі шектеуіші әртүрлі болады.

Доғалы протез құрамына қаңқадан басқа жасанды тістері бар пластмассалы базис кіреді. Жақтың тіссіз альвеолды бөлігін қамтитын пластмассалы пластина- базис болып табылады. Ол біріншіден- жасанды тістерді бекітуге, сему салдарынан бұзылған жақтың сол бөліктегі пішінін және көлемін қалпына келтіруге, ал екіншіден-тіссіз альвеолды өсіндіге шайнау қысымының негізгі бөлігін түсіруге қолданылады және протездің көлденең жазықтықта қозғалуын шектейді.

Окклюзиялы бастырмалар

Тірек-ұстағыш кламмеріндегі негізі құрылымды элемент - окклюзиялы бастырма, ол арқылы жасанды тісі бар негізден шайнау қысымы қабылданып, тірек тістер пародонтына беріледі. Окклюзиялы бастырмаға арналған орын қаншалықты дұрыс қалыптасып, оның окклюзиялы бет қабатында қаншалықты ұзақ болуына қарай пародонтқа шай­нау қысымы да соншалықты дұрыс тарайды. Табиғи тістер парондонтына неғүрлым қолайлысы осьтік (аксиальді) жүктемелер. Сол себептен шайнау тістеріңің бойы фиссурасын қамтитын бастырма окклюзиялы беттің медиальды және дистальды жағынан, оған қоса тірек тістің қасында басқа тістер бар жағынан орналасып, жүктеменің тіс осінің бойына береді.

Егер бастырма тіс катары кемістігі жағынан орналасса, окклюзиялы бастырманың тірек тісімен өзара әрекеттесуі неғұрлым күрделі өтеді. Егер бастырма ұзындығы окклю­зиялы бет ұзындығының жартысына дейін жетіп, тін түбі тірек тісі осіне қатысты дөңес бұрыш құрса, онда окклюзиялы бастырма кламмер иықтарымен бірге еңкіш таю сөтін туғызады. Мұндай әсер салдарынан периодонт саңылау кеңіп, периодонт талшықтары ыдырап, тірек тістерінің патологиялық қозғалғыштығы пайда болады. Егер тін орын бойын ұзартса және окклюзиялы бет ортасынан шықса, берілетін қысым бағыты тіс осіне жақындайды не оған сәйкес келеді.

Окклюзиялы бастырма қай тісте, қай жақта орналаспасын, оған арналған тін-орын мына талаптарға сай келуі керек: а) тін-орын негізгі аксиальды жүктемелерге қатысты 90° бүрыш жасайды не оған жақын келеді. Тіннің проксимальді бетке ұласуында өткір қыр болмауы тиіс; о) қимада тін жартылай сопақ, түбі - жәшік тәрізді емес, шар қалыбында болуы керек.

Бұл талаптар жасанды сауыттар мен қапталмаған тірек тістерге де, тірек-ұстағыш кламмерлер астындағы жасанды сауыттарды дайындауға қатысты орын дал ады.

Айта кететін жайт, окклюзиялы бастырма шайнау кезінде тірек тіске барлық тік жүктемені не оның бөлігін береді, жүктеме астында протездің шырышты қабыққа батуына жол бермейді, протездің қарсы тістермен окклюзиялы байланысын жаратьіп, оны қалпына келтіреді.

Тірек тіс окклюзиялы бастырма арқылы жүктеме беру сипаты бастырма орнына, шамасына, оған арналған тін-орын қалыбына байланысты.

Окклюзиялы бастырма тірек-ұстағыш кламмерінің құрылымды бөлігі бола алады немесе құрылғының, мысалға, доғалы протездің жеке қызмет етуші буыны болып табылады.

Доғалы протездерді заман талабына сай етіп жасау үшін тіс техникалық лабораториясының негізгі, ғаныштау, қалыптау және полимеризациялау, дәнекерлеу, металдарды құю бөлмелері болуы тиіс. Әр бір бөлме заманауи құралдармен және жабдықтармен жабдықталуы тиіс. Бөлмелер жарық және ондағы құрал-жабдықтар тіс технигінің жұмысына кедергі етпейтіндей өте ыңғайлы орналасуы тиіс.

Доғалы протездерді дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар:

1) Вибростол

2) Параллелометр немесе фрезер құрылғысы

3) Құюға арналған аппараттар

4) Құю жолдарын кесуге арналған станоктар

5) Арнайы дубликаттауға арналған кюветалар, полимеризацияға арналған кюветалар

6) Тіс техникалық бор машина

7) Шлифмотор

8) Бюгельді рамалар

9) Пресс

10) Вакуумды араластырғыш

11) Муфельді пеш

12) Құм шашу құрылғысы

13) Артикулятор, окклюдатор

№2 ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: 1-ШІ КЛИНИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ: СҰРАСТЫРУ, ҚАРАП ТЕКСЕРІП ДИАГНОЗ ҚОЮ, ДАЙЫНДАЙТЫН ДОҒАЛЫҚ ПРОТЕЗДІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫН ТАҢДАУ, КӨШІРМЕ ҮЛГІСІН АЛУ.

Науқасты қарау, ем жоспарын құру, толық анатомиялық көшірме алу ерекшелігі. Науқасты қарағанда бірінші кезекте тірек тістердің күйіне, кемістіктің шамасы мен топографиясына (тісаралық бір жақты шектелмеген, екі жақты шектелмеген, аралас), жоқ тістер аумағындағы ауыз қуысьшьщ шырышты қабатының жағдайына назар аударылады. Кемістік пен оның шамасын анықтау арқылы доғаның, тірек элементтерінің, бюгельді протездің орналасуын айқындайды. Сонымен қатар, тістем мен төменгі жақ артикуляңиясының түрі ескеріледі. Еңкею бүрышы күйіне байланысты тірек тістер алдын-ала сауыттармен жабылады не жабылмайды. Науқасты қарағанда тіс қатары кемістігінің орналасуы және өлшемі анықталады. Кемістік неғүрлым үлкен болса, протез негізі соғұрлым аумақты келеді, осыған байланысты бюгельді протездің неғұрлым күрделі құрылымдары жоспарланады. Қалған тістердің күйі, альвеолалық өсіндінің қалыбы мен күйі, ауыз қуысы шырышты қабатының жағдайы, тістем түрі анықталады, тіссауыттың пішіні мен өлшеміне, тіс қатарындағы орнына, еңкею дәржесіне, беріктігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Бюгельді протезді жоспарлау мынадай шараларды қамтиды:

-протезді енгізу және шығару жолдарын, тірек тістерде межелік сызықтың орнала­суын анықтау;

  • негіз шегін, таңдайдағы және жақтың альвеолалық өсіндісінде доғаның орнын белгілеу;
  • бюгельді протез қаңқасының тірек-ұстағыш элементтері құрылымын (кламмерлерді, өсінділерді, бекіткіштерді, бұталықтарды) таңдау.

Бюгельді протездің бекіту құрылғыларьш орналастыруға сауыттары дұрыс және олардьщ анатомиялық пішіні жақсы сақталған берік тістер жарамды. Тірек тістер қозғалмалы болса, оларды қатар тұрған тістермен алынбайтын шендеуіштер көмегімен блокқа біріктіреді немесе кламмерлерді бірнеше тіске орналастырады.

Тіс қатары кемістігінің (шектелмеген болмаса тісаралық) ұзындығы аса маңызды. Айтып кеткендей, қандай протез - пластиналық не бюгельді протез - дайындаудың мақсатқа лайықты екедігін шешкенде, ақаудың өлшемі анықтаушы фактор болып табылады. Альвеолалық өсіндіні қарастыра отырып, оньщ пішінін, атрофия деңгейін, сүйекте дөңес жердің бар-жоғын анықтайды. Протездеуге ең жайлысы - айқын білінетін дөңгеленген альвеолалық шет, ол біркелкі батымды шырышты қабатпен жабылған.

Бюгельді протезді дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері

Клиникалық кезең

Зертханалық кезеңдер

№:
Клиникалық кезең:

Науқасты қарау, емдеу жоспарын құру Толық анатомиялық қалып алу:

а) гидроколлоидты илеу массасымен диагностикалық қалып алу;

ө) силикон массасымен қалып алу.

Зертханалық кезеңдер:
  • Анатомиялық қалыптың сапасын талдау.
  • Супергипстен жұмыстық модельді құю.
  • Қарсы тістердің ғаныштан көмекші қалыпты алу.
  • Тістек біліктері бар балауыз негіздерін дайындау
№: 1
№: 2
Клиникалық кезең:

Орталық окклюзияны анықтау. Параллелометрияны өткізу. Бюгельді протез қаңқасын жобалау. Бюгельді протез болашақ қаңқасының модельге түсіру.

Зертханалық кезеңдер:
  1. Тіс технигінің бюгельді протез қаңқасын құрастыруға қатысуы.
  2. Бюгель протезінің қаңқасының бағдарларын түсіру (сызу) .
  3. Супергипстен жасалған жұмыстық модельді отқа төзімді массадан жасалатын модельге дайындау.
  4. Отқа төзімді модельді дайындау.
  5. Бюгельді протез қаңқасын балауыздан

мүеіітдеу.

  1. Отқа төзімді модельді құю.
  2. Бюгельді протез қаңқасын өңдеу
№: 3
Клиникалық кезең:

Бюгельді протез қаңқасын ауыз қуысында шақтау. Тістер түсін анықтау

Зертханалық кезеңдер:
  1. Бюгельді протез қаңқасының соңғы өңделуі
  2. Жұмыстық модельді бюгельді протез қаңқасымен окклюдаторға не артикуляторға ғаныштау.
  3. Жасанды тістерді орнату
№: 4
Клиникалық кезең:

Бюгельді протездің балауыз құрылымын шақтау

Зертханалық кезеңдер:
  1. Балауыз үлгіні пластмассаға ауыстыру.
  2. Протезді өңдеу, тегістеу, жылтырату
№: 5
Клиникалық кезең:

Бюгельді протезді шақтау және тапсыру.

Бюгельді протездерге бейімделу және оларды күту жөнінде нұсқау беру.

Зертханалық кезеңдер:

Ауыз қуысының шырышты қабатын қарағанда оның түсін, ылғалдығын, батымдылығын, қозғалмалылығын, қозғалмалы және қозғалмайтын шырышты қабаты шегінің орналасуын ескереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жартылай алмалы - салмалы протездердің түрлері
Доғалы протездерді дайындау
Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар
Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар
Тіс техникалық материалтану ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Тіс қатары ақауының жіктелуі
Алмалы-салмалы протезді бекітумен тұрақтандырудың қазіргі заманғы әдістері
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы
Ортопедиялық стоматологияда қабылдауда болған науқасты негізгі және қосымша тексеру әдістері
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz