Түргеш қағанатының саяси тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Филология факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, шаруашылығы және археологиялық ескерткіштері

Орындаған: ИЯ-17 топ студенті Тулеушова К.А
Тексерген: оқытушы, магистр Ғұбай А.С

Қорғаған күні: _____________
Бағасы: _____________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3б
I тарау
1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4б
1.1. Түргеш қағанатының саяси тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4б
1.2. Қоғамдық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6б
1.3. Мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8б
1.4. Шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9б
1.5. Археологиялық ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12б
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15б

Кіріспе
Тәуелсіздігінен айырылған түрік тайпалары Қытай басқыншыларына қарсы көтеріліске шығып отырды. Олардың ішінде тек қана түргеш тайпасы 8-ғасырдың басында өз мақсаттарына жетеді. 704 жылы Түргеш тайпасының көсемі Үшліктің басшылығымен түргеш әскерлері қытайларды жеңеді. Міне осы кезден бастап Түргеш қағанаты атыс Түрік қағанатының нақты құрылған уақыты деп 704 жылды айтамыз.
Түргештер - Батыс Түрік қағандығындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Түргештер - ежелгі үйсін, дулат ұлысының ұрпағы. Шежіре деректерінде сары үйсін деп аталады.
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.
Түрік тектес түргеш тайпалары 6-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында мекендеген, ал 7-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сүрген Батыс Түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардың бірі болған.
Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша, олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери-саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. Он оқ бұдун құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек жеңілді дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен қосын ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жатқан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ-ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.

I тарау
1.1. Түргеш қағанатының саяси тарихы
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негезін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс Түрік билеушісі Борішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Ал, екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы болды. Үшелік елді 20 ұлысқабөлікке бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан астам әскер ұстады.
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Соғды мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі. 699 жылы Түргеш тайпалары күшейе бастады. 704 жылы Түргеш тайпасының қағаны Үшлік қытайлармен күресте жеңіске жетеді. Бұл жеңісте түргеш тайпасының беделі өсті және Түргеш қағандығының құрылуына жол ашылады. Үшлік қаған Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, өз билігін орнатты.
Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді.
VIII ғасырдың басында арабтардың Орта Азия мен Қазақстанға жаулап алу жорықтары басталады. 705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуереннахрды басып ала бастады, ал 706 жылы түргештер Бұхара маңындағы соғдиялықтармен одақтасып, Араб әскерлерін жеңді. 709 жылы арабтардың әскери қолбасшысы Кутейб одақтастарды бір-бірімен және соғдия ханы Тархун түргештерге көмек көрсетуден бас тартты, нәтижесінде араб әскерлері Бұхараны басып алды.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға (706-711жж.) көшті. Оның тұсында қағанаттың ішкі және сыртқы жағдайы күрделі болды, бірлік болмады. Осыған қарамастан, Сақал қаған бүкіл Орта Азияны жаулап алды. 708 жылдан бастап сары және қара түргештер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Ал сырттан Шығыс Түрік қағанаты, араб тайпалары, сонымен қатар, Тан (Қытай) империясы да қауіп төндірді. 711 жылы Шығыс Түрік қаған Қапаған ішкі талас-тартысты пайдаланып, Жоңғария жерінде Түргештерді талқандап, өздеріне бағындырады, одан әрі батысқа қарай жылжып, олар Сырдария арқылы өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар ШашТашкент қаласы Сақал қаған тұтқынға түсіп, қаза тапты. Осы сәттен бастап қағанаттың тұрақсыздану кезеңі басталады.
Күнгіт Іле өзені аңғарында орналасқан. Шежіреде айтылғандай, батыс түрік жерлері шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста -- хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу және Тинчжоу аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан. Бұл екі топтың арасы өте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлуды отырғызды.
Түргеш қағанатын 715-738 жылдары Сұлу қаған басқарды. Сұлу қағанның (715-738) билікке келуімен Түргеш қағанаты айтарлықтай күшейе түсті. Әскери-әкімшілік билік, саяси артықшылықтар қара түргештерге өтті, Қаған ордасы Тараз қаласына көшірілді. Сұлу қағанның кезінде мемлекет 3 жақты күрес жүргізді:
Батыста -- Арабтардың шапқыншылығына;
Шығыста -- Қытай мемлекетіне;
Солтүстік-Шығыста -- Шығыс Түрік қағанатымен күресті.
Сұлу қаған екі майданда күресуге мәжбүр болды: батыста -- арабтармен, Шығыста -- Тан империясымен. Шебер дипломат және тамаша қолбасшы ретінде Сұлу шығыстан келетін қауіптің алдын алып, түргештерге Батыста өз әрекеттерін күшейтуге мүмкіндік берді.
723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірге арабтарға үлкен жеңіліс жасады. Сұлуның батыл және батыл әрекеттері үшін арабтар оны Әбу Музах деп атады. Тек 732 жылдың аяғында арабтар түргештерді жеңіп, Бұхараға кірді. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жаңа жорық жасап, Тохаристанға жетеді, бірақ жеңіліске ұшырады. Оралғаннан кейін Суяб 738 жылы оны қолбасшыларының бірі Бага Тархан өлтірді.
Атлах шайқасы. Сұлу қаған қайтыс болғаннан кейін, 738 жылдан 748 жылға дейін қағанатта сары және қара түргештер арасында ішкі соғыстар қайтадан шиеленісіп, 20 жылға созылған талас-тартыс басталады, ол мемлекеттің әлсіреуіне алып келеді. Нәтижесінде түргештер 746 жылы Алтайдан Жетісуға қоныс аударған қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл жағдайда қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы әскерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суяб қаласын басып алып, жаулап алады. Содан кейін Қытай әскерлері Ташкентті басып алып, оның әмірін өлтіреді. Әмірдің ұлы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Тараз маңындағы Атлах қаласының түбінде арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Қытай әскерін жеңеді. Бұл жеңіс Орта Азия жеріндегі Қытай империясының билігін біржолата жояды. Олар Жетісуды ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады. Сөйтіп, билікті өз қолдарына алды
[1; 34-38б].
1.2. Қоғамдық құрылысы
Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі -- қара және сары түргеш болып бөлінеді. (Кейбір тарихи деректер бойынша, сары және қара деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты сары түргеш деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты -- қара түргеш.)
Түрік тектес түргеш тайпалары 6-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында мекендеген, ал 7-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сүрген Батыс Түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардың бірі болған.
Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша, олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711жж.) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738жж.) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.
Оның қазасынан кейін сары түргештер мен қара түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді.
751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді.
Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады. Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған

Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс Түркі қағанаты орны Жетісуда -- қарлұқтар қалды.
Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Хусэло жеңілместен бұрын-ақ Үшлік өз жерлерінде әрқайсысы 7 мың адамнан 20 түтіктік құрды. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды.
Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы.
Соғдылар - Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық. Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған. VI-VIII ғасырларда соғдылықтарды Түрік қағандығы жаулап алған. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы әртүрлі пікірлері бар:
Сауда арқылы келіп қоныстанған.
Бұхараның әмірі Абруйдың алым-салықтың көп алуына шыдамай, қоныс аударуға мәжбүр болған.
Арабтардың жаулап алуымен байланыстырады.
Тарихи жағынан алып қарағанда бұл үш пікірдің үшеуі де белгілі бір жағдайларға байланысты соғдылардың шығысқа қарай қоныс аудара бастағанын теріске шығармайды. Соғдылардың қоныс аударуына осы үш себептің әсер еткендігі-тарихи шындық.
Қағанат ішінде феодалдық қатынастар дамыды, қалалар саны және сауда-саттық арта түсті. Түргеш қағанатында мал бағумен қоса жер шаруашылығы да дамыды. Айырбастың дамуына байланысты ақша пайда болды, ақша айналымы қалыптасты. Арабтардың келуіне байланысты біртіндеп ислам діні тарала бастады.
Қарлұқтар туралы алғашқы жазба деректер V ғасыр ортасына қарай қытай жазбаларындағы Сюй әулетінде кездеседі. Онда қарлұқтар Алтай тауларының тұрғындары ретінде бұлақ деген атпен мәлім болған. Сонымен қоса қарлұқтар ежелгі руналық ескерткіштерде үш қарлұқ деген атаумен белгілі. Араб-парсы тіліндегі әдебиетте қарлұқтар жайындағы алғашқы мәлімет Табариде (737 ж.) кездеседі.
Қарлұқтар моңғолдық белгілері бар еуропоидтық антропологиялық түрге жатады.
VI-VII ғғ. қарлұқтар Тарбағатайдан солтүстікке және оңтүстікке қарай, Балқаш көлі мен Монғолдар жеріндегі Алтай тауларының арасындағы жер аумағын алып жатыр. Қарлұқтар тайпаларының басшысы елтебер атағын алған. Әлеуметтік және жіктік теңсіздік қарлұқ қоғамының негізгі өзегі болатын. Халықтың негізгі бұқарасы қоғамның қатардағы мүшелері еді, олар көбінесе малы мыңғырған қамқоршы байларға экономикалық жағынан кіріптар болып қалатын. Тұрғындардың негізгі бөлігін қарапайым халық құрады.
766 ж. түргеш қағандарының қос ордасы - Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қол астына көшеді. VIII-X ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең аумағын қоныс етеді. Қарлұқ конфедерациясына тұхси, әзкіштер, чаруктер, барысхандар, ұйғырлар сияқты көшпелі түрік тілді тайпалары енген
[1; 342б].
1.3. Мәдениеті
Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы деректер мен мәліметтер Қытай жазба деректерінде және Күлтегін ескерткіштерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы Тоныкөк жазуында айтылған.
Әл Идрисидің айтуынша Түргеш сөзінің мағынасы - нағыз түрік.
Бартольд Сұлу қаған туралы былай деп жазды: Бұл даңқты батыр сияқты, оған тең келетін ешкім болмаған, Батыс Түрік қағанатының иелігіндегі Ашин тайпасының өкілдерінен де. Дәл осы қаған тұсында аумағы Алтай, Барколь мен Арал теңізіне дейін жетті. Сұлудың мықты болғаны сонша, они Тибет және Тан империясының басшылары қағанға қыздарын беруге асығады.
В.В.Бартольдың айтуынша, соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты. Сондай-ақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Түргеш қағандығының территориясы, орталығы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Түрік тектес түргеш тайпалары
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Түргеш қағанаты туралы
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Пәндер