Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі МЕББМ

Экономика және сервис бөлімі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Коммерциялық банктер

Орындаған: ПО-931 тобының студенті Базарбаев М.Ә.
Тексерген: оқытушы Такесова А.К.

Орал 2023
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Коммерциялық банктер түсінігі, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1. Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы ... ... ... ... ... 5
1.2. Банктік сектордың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...7
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

Кіріспе
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта болуға қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалармен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрлымын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі (мысалы, Жапония банктері).
Өнеркәсіп дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады: Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін. Екіншіден, жүргізетін операцияларды жөнінен, коммерциялық банктер әмбебап және мамандаған болып бөлінеді. Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен - банктер федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді. Төртіншіден, экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен - салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктерін аралас вариантары қолдануда. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өтуі мүмкін. Кезексіз банктің құрылтайшыларының кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады.Ол бірнеше комитеттерден құрылып, нақты іс - әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп - несие комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды. Коммерциялық банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін көрейік. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді: салымдар жинақтау; депозиттік және кассалық операциялар; инвестиция және бағалы қағаздар; шетелдермен операциялар; жарнама және сыртқы байланыс; сенімділік операциялар; бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.

1. Коммерциялық банктер түсінігі, жіктелуі
Коммерциялық банктер -- жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазіргі коммерциялық банктер -- бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1.Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
мемлекеттік;
акционерлік;
жеке;
пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2.Операцияларының турлеріне қарай:
әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3.Аумақтық белгісіне қарай:
халықаралық;
мемлекетаралық
ұлттық;
аймақтық;
4.Салалық белгісіне қарай:
өнеркәсіптік банктер;
сауда банктері;
ауыл шаруашылық банктері;
құрылыс банктері;
5.Филиалдар санына қарай:
филиалсыз;
көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция -- оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция -- оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
1.1. Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдык бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялык банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы -- акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
банктің жарғысына өзгерістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Коммерциялық банктердің қызметі туралы
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Банктердің қызметтері және операциялары
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Банктің басқармасы
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
Пәндер