Балалардың еңбек тәрбиесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық

колледжі» МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі

Мамандық атауы: 01140300 «Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Біліктілік атауы: 5АВ01140301«Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Пәні: Психология

Орындаған: Ермеков Ислам Медетович

Ғылыми жетекшісі:

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісі

Хаттама № ___ ___ 20__ж

Көкшетау 2023

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I тарау.

1. 1. Балабақшадағы балалардың еңбегі . . . 6

1. 2. Балалардың еңбек тәрбиесі . . . 10

II тарау.

2. 1. Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі . . . 12

2. 2. Ата-ананың баланы еңбекке баулу қадамдары . . . 18

Қорытынды . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып кезеңіндегі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыра отырып, оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу, адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын, сонымен қатар, ата-ананың балаға беретін еңбек тәрбиесін қарастыратын боламыз.

Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі.

4-5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.

Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі - оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады.

Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды.

Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі, іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі - мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айна-луда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда.

Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады.

Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті. Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады.

Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді.

Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды.

«Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.

Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген.

Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.

Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Балаларды еңбекке тәрбиелеу, ата-аналарға баланың еңбекке деген талпынысына қадам жасауға ықпал ету.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.

Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Еңбек тәрбиесі -тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.

Еңбек тәрбиесі - жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

18 ғ-дың ағартушылары (Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоций) оқыту мен Еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады.

Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т. б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.

Педагогика ғылымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болсада алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге әкелу ғана емес, оған мәдени - әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың, ақыл кеңес тәжірибелерін бойына сіңіру, қоршаған орта, азаматқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.

Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі - үлкен тәрбие мектебі. Сондықтан ата-бабаларымыздан халқымызға мұра болып қалған меймандостық, тазалық, адалдық, Отанды сүю сияқты қасиеттерді жастардың санасына тәлім-тәрбие барысында сіңіру, олардың болмысын халқымыздың керемет маржандарымен байыту және ұлттық құндылықтарды терең пайдалануға көңілді баса бөлу аса қажет.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдараламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттігін алға тартып отыр.

Балаға ешқандай ара-қашықтық салмай тығыз жақындауға болмайды. Аса ашық әңгімелерді, мысалы: жыныстық қатынас туралы әңгімелерді болдырмау керек, кейбір сұрақтар бойынша ұяңшылдық сақталуы тиіс. Әйтпесе, ата-аналар балаларының досы немесе құрбысы болып кетіп, оларда беделдің болмауы мүмкін.

Ара-қашықтық сезімін алғашқы күндерден-ақ тәрбиелеу керек. А. С. Макаренко былай деп жазған: егер бала 3 жасынан бастап сізді әлдебір жоғары ағза өзіне қатысты беделді етіп санаса, ол әрбір сөзді қуаныш пен үмітпен тындайды.

I тарау

1. 1. Балабақшадағы балалардың еңбегі.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы - еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу.

Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі - оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.

Әрбір баланың өмірінде не істерін білмейтін жағдайлар орын алып, кеңес және көмек қажетсінеді. Мүмкін ол ата-аналарынан көмек сұрамаса да, олар өздері көмек көрсетуі тиіс. Жиі бұл көмек жәй кеңес беру арқылы көрсетілуі мүмкін, кейде әзіл ретінде, кейде міндеттеу, кейде бұйрық арқылы. Егер сіз өз балаңыздың өмірі жайлы білсеңіз, сіз қалай істегенде дұрыс болатынын білесіз. Жиі бұл көмек ерекше әдіс ретінде көрсетіледі. Не болмаса бала ойынына қатысу арқылы, немесе балаларды достарымен танысуы арқылы, не болмаса мектепке барып мұғалімдермен сөйлесу арқылы. Кей кезде балаға қиын жағдайдан шығуына мүмкіндік беруі керек. Ол қиыншылықтардың бетін қайтарып өз мәселелерін өзі шешуге үйренуі керек. Бірақ, бала қандай да бір мәселені қалай шешіп жатқанын біліп отыруы керек, ол шатасып дағдарыс жағдайына ұшырауын болдырмаған жөн.

Балалар мен ата-аналардың қатынасының ата-аналар беделділігіне әсер ететін тағы бір ерекшелігін атап өткен жөн. Ата-аналар өз балаларына анағұрлым жақын болуы керек. Алайда, шексіз жақындықты болдырмау тиіс, жақындық та болуы керек, бірақ соған қоса алшақтық та болуы керек.

Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу - маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді.

Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.

«Адамды - адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.

Еңбек дегеніміз - бойымыздағы энергия, яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - дегендей жерге дән сеуіп, оны күтіп баптап өсіреді. Базарға апарып сатып, ақшасына тамақ, киім алады.

Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.
Мысалы: 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.

Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.

Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.

Балабақшада еңбек тәрбиесінің алғашқы бастамасы қалыптасады. Еңбек, педагогтік тұрғыдан мектеп жасына дейінгі жастағы балалар үшін бұлжымас міндет саналады.

Еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі - оның ойынмен тығыз байланыстылығында. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады.

Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.

Ұлы педагог, А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек.

Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қыймыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі.

Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет.

Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардан нақты отбасы жағдайында белгілі еңбек сипатындағы іс-әрекеттерді талап етуге әбден болады.

К. Д. Ушинский балалар ойынын олардың оқудан тыс іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте алып қарастырады. Балалардың оқудан тыс іс-әрекеттері ойын қатарына қосылмас, әйтсе де осыдан ойынға өте ұқсас жайттар көптеп қосылады. Ол бала ойынының оның бос уақытындағы ермегінен, істеген жұмысынан тек шартты түрде ғана айырмашылығы бар, ол іс-әрекеттердің көбінде бірін-бірі алмастырып жататындығынан атап көрсеткен.

«Баланың оқудан тыс іс-әрекеттері мен ойыны өзара қабысып жатады, сол үшін баланың көңілі қалайтын іс-әрекеті қай кезден басталып, ал ойынының қай жерде аяқталатынын аңғару қиын: мүмкін, мейлі ол - атыз қопсыту, гүл отырғызу, қуыршағына көйлек тігу, себет тоқу, сурет салу, ұсталық ету немесе кітап түптеу т. б. секілді жұмыстар болсын - осының бәрі бала үшін шынайы еңбек болып есептеледі, олар осы іс-әрекеттерге рақаттана беріліп, сол үшін кәдімгідей күйіп-піседі, ойын-еңбегі жолында қиындықтан қашпай, қайта төзімділік танытады. Осының өзі адам табиғатының негізгі заңы еркін еңбек екендігін меңзейді…»

Алайда баланың бос уақыттағы іс-әрекеттері мен ойыны Ушинский үшін басқа сипаттағы жеке іс-әрекет ретінде ойынмен сәйкес келмейтін құбылыс болып көрінеді.

Міне, осындай қасиеттермен сапаның ұштасуы әрбір баланың бойынан өзіндік ерекшеліктерді аңғаруға мүмкіндік береді. Біз мұнымен күнделікті тәрбие тәжрибесінде ұшырасып отырамыз. Кейбір балалардың бойындағы осындай еңбек және ойын элементтері көп уақытқа созылмай дұрыс қалыптасып кетеді, ал екінші бір балаларда - ойындағы мінез құлқының дамығаны сондай, тіпті оны қалыпқа келтіру үшін кәдімгідей тәрбиелік ықпал жасауға, күш салуымызға тура келеді.

Е. И. Тихееваның мектеп жасына дейінгі тәрбиеде ойынның еңбекпен тікелей байланысты болуын қолдайтын тәжірибесі біздің тұсымызға таяу келеді. Оның: «Ойын - еңбек, еңбек - ойын» формуласы белгілі. Ойын мен еңбектің өзара байланысын осы тұрғыда түсінетін Е. И. Тихеева балабақшадағы педагогикалық процестің құрылымына өзіндік үлес қосты. Алайда, Е. И. Тихееваның әдісі бойынша оқытуды қарастырғанда оның ойын-еңбек принципі негізінде жүргізген жөн. Е. И. Тихееваның тәжірибесі бойынша мұның бәрі еңбек сипатына қойылатын талап деңгейінде болуын қадағалайды.

Ойынның еңбекпен бұл секілді байланысы жасанды болып табылады. Е. И. Тихееваның көпшілікке танымал осынау жүйесін практика қабылдай қоймағаны, еңбек пен ойынның тап осындай байланысының дамымағаны кездейсоқ емес. Ойын тікелей еңбекке айналмайды, сондай-ақ ойын да тікелей еңбек бола алмайды.

А. С. Макаренко ойынның балалар дамуындағы рөлін айқын көрсетіп берді әрі оның еңбекпен диалектикалық байланысын ашып берді. Ол былай деп жазады: «Қайраткер және қызметкер ретіндегі әрбір жеке адамның бүкіл тарихы - ойынның дамуы және оның бірте-бірте еңбекке ұласуы сипатында көзге елестейді. Бұл өте баяу жүретін құбылыс.

Бала сәби кезінен бастап ойынмен айналысады, оның еңбектену функциясы аса елеусіз, өзін-өзі күту шеңберінен шыға алмайды, өз бетінше тамақтана бастайды. Көрпесін қымтанады, шалбарын киеді. Бірақ осы іс-әрекеттің өзіне ол көптеген ойын элементін енгізеді».

Балабақшадағы бала өмірін дұрыс ұйымдастыру баланың еңбек етуіне ауадай қажет өміршең әдет-дағдыларды меңгертеді. Бұл еңбек пе әлде ойын ба? Мұндай іс-әрекет орындалуы бойынша, сөз жоқ, еңбек, бірақ бұл іс-әрекеттің орындалу процесі ойындық сипат алуы мүмкін.

Осы ойын мотивін бұзып алмай, оны еңбекке икемдеу, ал кейбір жағдайда еңбектің өзін ойынға бір табан жақындата түсу жетекшінің негізгі міндеті болуы тиіс.

Балалар еңбегінің тағы бір маңызды қайнар көзі - баланың ересек адамдардың еңбегіне еліктеуі. Бұл ұмтылыс олардың ойынынан аңғарылады. Балалар тамақ әзірлеу үстіндегі өз аналарына ұқсауға тырысады, мысалы мұғалім, тәрбиеші, ұшқыш т. б. Бірақ балаларды еңбекке тәрбиелеуде ойын кезіндегі еліктеулері жеткіліксіз.

Баланы айналадағы дүниенің талабына сай келетін еңбек сипатындағы іс-әрекеттке бейімдеу қажет. Мәселен, олар: табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды баптап-күтуге, көктемде көкініс отырғызу үшін атызды қопсытуға, шыршаға ойыншық әзірлеуге тағы басқа осы секілді өздеріне лайықты жұмыс түрлеріне белсене қатысулары керек.

1. 2. Балалардың еңбек тәрбиесі.

Бала еңбегін зерттеу барысында анықталғандай мектеп жасына дейінгі балалар өз еңбектеріне ойын элементтерін жиі, әрі құлшына қосып отыратын көрінеді. Осынау фактілермен өмірде күнделікті кездесіп отырамыз. Ендеше, осыны мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбекке баулуда әрдайым ескерген жөн.

Ойынға ойын элементтерін енгізе отырып, балаларға тәрбиелік ықпалдың тиімділігін арттыруға, ойын көмегімен балалар тарапынан байқалған олардың еңбекке деген құлшынысын дамытуға және нығайтуға болады.

Балалар орындайтын еңбек міндеттері олардың бойында белгілі бір өзіндік қасиетті тәрбиелейді, балаларда міндеттерін беріле атқаруға, тапсырылған істі жауапкершілікпен атқаруға деген сезімдері пайда болады, өз беттерінше еңбек ету қабілеттері дамиды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті - сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағұлматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz