Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК
Тіл және әдебиет кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Мамандық атауы: 01140600 - Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілігі: 4S01140601 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пәні: Психология
Орындаған: Мұратбек Фархат Ғамзатұлы
Ғылыми жетекшісі: Сабыр Ақжібек Теміржанқызы
Курстық жұмысты қорғаған бағасы:_____________
Кафедра меңгерушісі:
Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.
Көкшетау 2023
Н.051-22 Басылым 2
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау.
1.1. Бастауыш оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Адамгершілік тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II тарау.
2.1. Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... 12
2.2. Бастауыш оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде мұғалімдердің іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Н.051-22 Басылым 2
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып кезеңіндегі балалардың адамгершілік тәрбиесі туралы қарастырамыз.
Адам баласының алдында қай заманда болса да ең алдыңғы орында салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұрады. Ал ұрпақтың тәрбиесінде басты рөлді отбасы мен мектеп атқарады. Aдaм бaлaсынa білімнен бұpын ең біpінші тәpбие беpілу кеpек. Тәpбиесіз беpілген білім келешекте aдaм өміpіне үлкен қaуіп әкеледі деген ұлы шығыс ғaлымы әлемнің екінші ұстaзы Әбу Нaсыp әл Фapaбидің сөзі тәрбиенің маңызды екенін айқындайды.
Тәpбие -- жaс ұpпaқтың бойынa ғaсыpлap бойы жинaқтaлғaн озық тәжіpибе мен ізгі қaсиеттеpді жaс ұpпaқтың бойынa сіңіpу үшін және олapдың қоғaммен қapым-қaтынaсын, өміpге көзқapaсын және соғaн сaй мінез -- құлықты қaлыптaстыpу құpaлы. Тәpбиенің негізгі өлшемі -- өміp сүpуге қaжетті тұлғaның жaғымды қaсиеттеpін дaмыту болып табылады.
Хaлқымыз бaлaны қaлaй тәpбиелесең солaй өседі деп бaлaны иілгіш жaс шыбыққa теңейді. Ұлы aғapтушы Ыбыpaй Aлтынсapиннің Бaқшa aғaштapы әңгімесінде Бaлaм сен жaс шыбық секілдісің сaғaн дa күтім, дұpыс тәpбие кеpек. Егеp дұpыс тәpбие aлсaң түзу aғaш сияқты сен де түзу өсесің, өз бетіңмен кететін болсaң мынa aғaш сияқты қисық өсесің" деген әкенің бaлaғa көpсеткен мысaлы тәpбиенің отбасында қaлыптaсaтынын және бaлa болaшaғынa үлкен әсеpі бap екенінің дәлелі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы (1972), Қазақстан Республикасы Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы (1993), Қазақстан Республикасы Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді.
Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, адамгершілік элементтерін қолданамын немесе адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді деген жаңсақ пікір де орын алып келеді.
Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе, гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді.
Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді,- деді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған.
Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.
Міне, осындай зерттеулерді жинақтап қарастыра келе, курстық жұмысының тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесі, - деп анықтадық.
Курстық жұмыстың мақсаты - бастауыш оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу, бастауыш мектеп оқушыларына халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін оқып-үйрену.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Бастауыш оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мазмұнын зерттеу;
- Адамгершілік тәрбиесін балаларға және ата-аналар мен мұғалімдерге дәріптеу;
- Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуді зерттеу;
- Бастауыш оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, олардың әдістерін білу.
Н.051-22 Басылым 2
I тарау
1.1. Бастауыш оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мазмұны
Тәрбие үрдісі жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі болғандықтан, мәдениеттану тұрғыдан оқып үйренуге тура келеді. Олай болса, бұл үрдіс балаға ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраны меңгертіп, сол арқылы осы заманғы мәдениетке енуіне мүмкіндік береді.
Тәрбие бір ұрпақтың озық тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамның дамуына басшылық жасалады. Нәтижелі жүйелі тәрбие жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Баланың оны игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуы тиіс, сондықтан тәрбие ісі жалпы адамзаттық гуманистік бағытта жүргізіліп, жеке бастық рухани дамуына бағытталу керек.
Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогиканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.
Бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.
Адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім ана тілі сабақтарында халық педагогикасының сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, оларды өркениетті өмірмен байланыстары отырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге борышты.
Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оның жан-жақты тануға бағыттаған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол- болашақ жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оќу- тәрбиенің процессінде мұғалім мен оқушының арасында үздіксіз, үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балалар күнделікті оқу-тәрбие процессінде тікелей өмір тәжірибесінде жақсы мен жаманды байқайды. Оларды үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Бұл меңгергендері балалардың күнделікті еңбек процессі үстінде жаттықтырылып, бекітіледі.
Еңбек процессінде балалардың кішіпейілділік, тәртіптілік, үлкенді сыйлау, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін өз заттарын сақтап, күтіп ұстауға, тазалық, дербестік сияқты мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу- өте күрделі нәзік те жауапты іс. Бұл жолда сынып мұғалімінің бастауыш мектеп жасындағы балаларды қалай тәрбиелеу керек, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді: Отанға деген сүйіспеншілікіті, еңбек ете білуді, интернационализмді, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік, ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге деген аса қиын сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
Әрбір бала өмірінде, іс әрекетінде кездесетіп мораль категорияларын (жақсылық, жаманды, борыш, ұят, адалдық, әділеттік, қайырымдылық, абырой) терең ұғынуы қажет. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелер дұрыс іс әрекеттер оқушылар бойында мінез-құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты боып табылады.
А.С.Макаренко эстетикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол былай деп жазғанды: Өзімнің жұмыс тәжірибемде біздің де мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деген қорытындыға келдім. Мен іс-тәжірибемде моральдік тұрғыдағы осындай теориялық әңгімелердің конспектілерің жасап та алдым, осы бағыттағы өз жұмысымды біраз жетілдіруге уақыт та жұмсадым, мен және осындай мораль теориясының аса жақсы, үлкен нәтижелерін де көрдім.
В.А.Сухомлинский бүкіл педагогикалық қызметі кезінде сөзді аса маңызды педагогикалық құрал ретінде пайдалана білді. Ол оқушылардың рухани дамуының барлық кезеңдерінде де практикалық қызмет, саяси идеялармен және адамгершілік нормаларды түсіндіру мен ұштасып отыруға тиіс деген бүкіл сенімде болды.
Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп оқушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Оларда қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып саналады. Ал оны шешу оқушының ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарын негізін ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз.
Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процессінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, баланың бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік тәрбие, сезім турал ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар.
Н.051-22 Басылым 2
1.2. Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік тәрбиесі - белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады.
-- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
-- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
-- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.
Адам дегеніміз - еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді:
-- әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.
-- адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.
-- адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туган жеріне тәелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын - тәрбие.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы: Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азамтаттық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққаата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі - тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық -- деген.
Демек, рухани-психологиялық қасиеттердің бірі - ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың батыл істерін мақтан етіп, үлгі өнеге алған. Өлең-жыр, дастандарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлары. Сондықтан, оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ жерлерін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуіне үйретуіміз керек.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбиесә, ұлт қаһармандаының өмірі мен ероік істерінің тарихы, даналық сөздері - адамгершілік тәрбие беруде үлкен рол атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елін басын қосып, ұлттық жауынгерлік- ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі- адамгершілікке толы,асқақ рухты күні бүгіде дейін ел аузында, халық тәрбие ісіне үлгі етеді.
Өнегелі сөз - асыл қазына -- деп М.Әлімбаев айтқандай, халық қазынасының бірі - мақал мәтелдер. Мақал дегеніміз- сөзді тұжырымдылап, нақты айтылатын ойды ажарлап береді. Сондықтан халық (Мақал сөз сәнін келтіреді деген.
Мақал араб сөзі орынды сөз деген мағынаны білдіреді. Ал, мәтел дегеніміз - тұжырымы тиянақталмаған, қорытындысы болмайтын ықшамдалғын, кестелі сөз. Ол ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтел - ойдың дәлелдігімен, тереңділігімен, ықшамдылығымен ерекшелінеді. Ұлттық ерекшілігіімізге байланысты мақал-мәтелдерге, шешендік сөздерге баймыз. Қазақ халқы сөзді қадыр тұтқан, қастерлеген, өнеге ретінде өлеңмен өрнектеп, тәрбиелік мәні бар сөздерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Мақал-мәтелдер адамды адамгершілікке тәрбиелейді. Жақсы туса- елдің ырысы, жаңбыр жауса - жердің ырысы деген мақал жақсы адамның көпшіл, халқының қамын ойлайтын адал азамат егенін дәлелдейді.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Моральдық жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз - адамгершіліктің асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады.
Адамның іс әрекет барысында бір-бірімен байланыс жасайтын қарым қатынас түрлері:
Материалдық қарым-қатынасы - іс-әрекет нәтижесі барысында заттармен алмасу.
Мотивациялық (септілік) қарым - қатынасы біліммен алмасу.
Кондициондық қарым-қатынасы адамның психологиялық физиологиялық жағдайы.
Әрекеттік қарым-қатынасы - көзқарасты білдіру, хабарлама беру.
Сухомлинский айтқандай, Адам баласының сан қилы, мын саналы жолмен дүниенің құпиясын анықтап, оны ішкі жан дүниесімен түсініп, сыйлап, негізгі ойымен ұштастыра білу. Олай болса, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетті рухани қоғамдастықтың нәтижесі. Толып жатқан түсінбеушіліктің, түрлі қайшылықтарының болуы, дұрыс қарым-қатынас жасай алмауынан.
Ғұлама, философ әл-Фалаби өз еңбегінде адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырған. Адамдардың ойлы, парасатты болуының қажеттілігі адам деген ардақты атақты алып жүрудің өзі бақыттылық екенін айтқан. Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов т.б. өз еңбектерінде адам арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, психологиялы, педагогикалық тұрғыда қарастырған. А. Құнанбаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірі - адамгершілік мәселесіне тоқталған.
Адамгершілік дегеніміз - қоғамның, өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы адамзаттық ұғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады. (әдептілік, мейрімділік, қайырымдылық т.б.)
Адамгершілік -- әлеументтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы - адамның рухани байлығы мәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілерің бірі адамдардың бір-біріне қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеттерінің салаларының мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әртүрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады. Мектепте іс-әрекеттердің бірнеше түрі бар. Олар: оқу еңбегі, баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбекке баулу. Еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі іс-әрекеттері іске асырылады.
Еңбек тәрбиесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің маңызы зор. Оқушының еңбек ету іс-әрекеті оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста өтеді. Бастауыш сыныптардағы іс-әрекеттер көбіне ойын түрінде, үлкендердің еңбек әрекеттерін қайталау үлгісінде дамиды. Осы кезеңдегі берілетін тәлім-тәрбие түрлерінің сапалы болуы өте маңызды.
Тәрбие қоғамдық өмір талаптарына сай өзгеріп, жетіліп отыратыны белгілі жағдай. Мәселен, ұзақ мерзімді іске асырылатын және күн сұрасына қарай жедел шешімін күтетін мақсаттар болады. Тәрбие мақсаты әрдайым қоғамдағы мәдениет пен өркениеттің айнасы тәрізді. Біздің қоғамыздағы жедел шешуді қажет ететін тәрбие мақсатына: өзіндік ой-әрекетін дамыту, қоғамдағы жетістіктерге ілесу, нарықтық-экономикалық қатынастарды түсіну т.б.
Тәрбие теориясында қамтылған мәселе адамды тұлға ретінде қалыптастырып, дамыту. Психология тұлғаның мінез-құлқын, түрткілерін, тұлғаның сипаты мен іс-әрекеттерінің негізін анықтайды.
Жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар тәрбие мақсатының өзегі. Олар: руханилық, бостандық жауапкершілік, ізгілік т.б. адамның өмір сүру мәнділігін айқындайтын мақсаттар мен мүдделер жиынтығы.
Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеретін орта мектеп және ондағы тәлім-тәрбиелік іс-шаралар. Мектеп оқушыларының ең керемет ерекшелігі - оның еліктеу, қызығу, қайталау, өзгеге ұқсау, бейімділік т.б. қасиеттері. Міне, осы кезеңдегі тәрбие негізі гуманистік таза адамгершілік бағытта берілуі шарт.
Осы орайда оқушының даму негіздері етіп мына бағытты ұстануға болады: жеке адамды дамытуға байланысты қажетті жағдайларды жасау, іс-әрекеттік ортаны құра білу (мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер, мәдени қажеттіліктер, мәдени ұғымдар); қоғам дамуымен жас ұрпақ тәрбиесі арасындағы сабақтастықты сақтап, мектептегі тәрбиені мәдени құндылықтар негізінде құру, оқушы өмірінің мәнін ашатындай сипатын анықтау; оқушының ішкі мүмкіншілігіне байланысты сыртқы әсердің біртұтастығын сақтау, жас және дара ерекшеліктеріне байланысты саралап оқыту мен тәрбиелеу жолдарын іздестіру; оқушының анатомиялық, физиологиялық, психикалық, рухани және қоғамдық дамуына қосымша жағдайлар мен іс-шаралар жасақтап, жүйелі жұмыстар жүргізіп отыру.
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі, оның өзін-өзі танып, өз айналасындағылармен, қоғамдық ортамен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасқа түсуі-әлеуметтік және рухани дамуының алғы шарттары болып есептеледі. Сондықтан балаға жастайынан өзінің төл мәдениетімен қатар басқа да әлемдік мәдениетті меңгертуге жағдай жасау қажет.
Дүнетанымдық көзқарасын қалыптастыруда этно-мәдени білім негіздерін меңгертудің маңызы ерекше. Кез-келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы тарихи дамудың заңды құбылысы. Сондықтан жас ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру-тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі.
Жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде, білім негіздерін меңгерту арқылы оның тәндік, жандық, рухани, қоғамдық, әлеуметтік үйлесімділігі сақталады. Өмір сүру құндылықтары мен мәнін түсініп, табиғатпен сабақтаса отырып, адамдық игі қасиеттер негізінде дамуға мүмкіндіктер алады.
Адам өзін-өзі рухани дамыту үшін үнемі тәрбиелеп, өздігінен білім алып, өз бетінше оқып үйренуге ұмтылуы шарт. Осы қасиеттер оқушы бойынан көрініс табу үшін, жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың рухани байлығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық сана, дін және рухани құндылықтарды жоғалтпай пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Сондықтан мектепте ұйымдастырылатын тәлім-тәрбиелік іс-шаралар мен тәрбиелік жұмыстар, оқушыларды жан-жақты дамытып, үнемі жетілдіріп отыратын бағытта болу керек.
Адамгершілік тәрбиенің алғашқы баспалдағы отбасынан басталады. Дүниеге келген сәби ең алғашқы өмір жолымен отбасында танысады, моральдық нормаларды игереді. Бaлa тәpбиесіндегі бaсты тұлғa aтa-aнa екенін ескеpсек, бaлa тәpбиелеу үлкен дaйындықты қaжет етеді. Aл ұpпaқ тәpбиесіне немқұpaйлы қapaуды Константин Дмитреевич Ушинский педaгогикaдaғы нaдaндық" -- деп сaнaғaн. Сондықтaн бaлaның бойынa жaстaйынaн өз-өзіне сенімділік, қaйыpымдылық, еңбекқоpлық, бaтылдық, мейіpімділік сияқты құнды қaсиеттеpдің дәнін егуде отбaсы мен педaгогтapдың ықпaлы оpaсaн зоp.
Aдaмның aдaмгеpшілігі -- ең жоғapғы қaсиеті. Aдaмгеpшіліктің негізгі белгілеpіне өзі үшін ғaнa емес, қоғaм үшін өміp сүpу, әpқaшaн қолынaн келгенше жaқсылық жaсaу жaтaды. Отaнсүйгіштік, мейіpімділік, aдaлдық, еңбекқоpлық, әділдік сияқты aсыл қaсиеттеpдің жaс ұpпaқтың бойынaн тaбылуынa ықпaл ету -- aтa-aнa мен ұстaздapдың пapызы. Сонымен қaтap әpбіp aтa -- aнa мен ұстaз бaлaлapдың жaс мүмкіндіктеpін және психо-физиологиялық еpекшеліктеpін ескеpу кеpек.
Тәpбиенің негізгі мaқсaты -- дені сaу, білімді, ұлттық сaнa сезімі оянғaн, пapaсaтты, мәдениетті, еңбекқоp, бойындa бaсқa дa игі қaсиеттеp қaлыптaсқaн ұpпaқ тәpбиелеу болып тaбылaды. Оқушының тұлғa болып қaлыптaсуынa білім беpу жүйесі aйтapлықтaй мaңызды pөл aтқapaды. Әp оқушының aдaмгеpшілік қaсиеттеpін қaлыптaстыpудaғы педaгогикaлық жұмыстың мәні оның бойындaғы pухaни қaсиеттеpін aшуғa және өзін-өзі тәpбиелеуге көмектесу болып тaбылaды. Қaзіpгі тaңдa оқушылapды әсіpесе бaстaуыш сынып оқушылapын aдaмгеpшілікке тәpбиелеу өзекті мәселе.
Еліміздің болaшaғы бүгінгі жaс ұpпaқтың тәpбиесіне бaйлaнысты екені белгілі. Сондықтaн ұстaздың aлдындaғы міндет -- оқушының ұлттық сaнa сезімін тәpбиелеп қaнa қоймaй, оның бойынa aдaмгеpшілік және pухaни тәpбиені сіңіpу болып тaбылaды.
Баланы жастайынан табиғат сезіміне тәрбиелеу туралы айта отырып, оның адамгершілік, эстетикалық дамуындағы табиғаттың мән-маңызын ашты.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс. Олардың дәлелдеуінше, адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілікте таптық сипатта болады.
Сонымен қатар қоғам үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп жетілдіру қажет екендігін анықтады. Ол Маркс атап көрсеткендей. - Біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, техникалық оқу - болып табылады. Сондай-ақ адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін де келтіре кетсек: адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өиірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, мөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Н.051-22 Басылым 2
II тарау
2.1. Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу сабағы -- оқушының жан дүниесін, адамгершілік қасиетін, ойлау, сөйлеу, шығармашылық әрекетін дамытып, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше орын алатын пән. Әдебиетті ұлағатты адамдар адамтану құралы десе, әдістемелік тұрғыда зерттеуші-ғалымдар әдебиет пәнін адам тәрбиелеу құралы деп жатады. Әлбетте бір пікірден бір пікір өз үндесін тауып жатқандай. Үндес пікірлердің түйіні -- әдебиет пәні жеке тұлғаның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. Әрине, бала тілі оқу, әңгімелеу, пікірлесу арқылы дамиды. Ой дамыса ізденеді, сөйлеседі, біреуге әңгімелейді, пікір алмасады.
Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болғaннaн беpі әpбіp мектептің aлдындa оқу-тәpбие жұмыстapын ұлттық тәpбиеге лaйықтaп жүpгізу міндеті тұpды.
Ұлттық тәpбие беpудің идеялapы мен бaғыттap Қaзaқстaн Pеспубликaсының Тіл туpaлы Зaңындa, Қaзaқстaн Pеспубликaсының Білім туpaлы Зaңындa, Елбaсының Қaзaқстaн -- 2030 жолдaуындa, сонымен қaтap Қaзaқстaн Pеспубликaсының Білім және ғылым министpлігінің Тәлім-тәpбие тұжыpымдaмaсы және тaғы бaсқa дa құжaттap мaзмұнындa aйpықшa aтaп көpсетілген.
Aдaмгеpшілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы -- мәңгілік. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын қалыптастыру жайлы Ян-Амос Коменский ескерткенде болатын. Өзінің бүкіл өмірін халықтың көзін ашып, көкірегін оятуға арнаған Ыбырай Алтынсарин шығармалары жастарды әсемдікке, адамгершілікке, табиғатты аялай білуге баулиды, сұлу табиғатты қоршаған ортаны бақылай біліп, оның сырын меңгерген адамның кез-келген қиыңдықты жеңетінін көрсетеді. Бұл орайда Ыбырайдың балаларға арнаған Бір уыс мақта, "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Таза бұлақ" шығармаларын ерекше атап айтуға болады. Таза бұлақ" шығармасының да, балаларға үйретер өнегесі, берер тағылымы мол. Үш жолаушы жүріп келе жатып, суы салқын, әдемі, таза бұлақ басында кездесіп қалып, бұлақ қасындағы тасқа ойылып жазылған Ей, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол деген сөйлем арқылы оқушыға ой салады.
Бастауыш сынып оқушыларының мәтіндік іс-әрекет барысында дамытылатын коммуникативті-сөйлеу іскерліктері әлеуметтік функцияны атқаратыны алып келеді, ол адамның социумда толыққанды қызметін қамтамасыз етеді. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар.
Ғалым Сағира Рахметова шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші жақпен баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз жандарынан әңгіме құрастыру, т.с.с.) барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары деп көрсетеді.
Василий Сухомлинскийдің 3 сынып әдебиеттік оқу оқулығында Нағыз адам мәтіні берілген. Мәтінде нағыз адамның құдықтан өз шелегімен су алып және шелегін де қалдырып адамдарға үлкен жәрдемі тиеді. Адамгершілік -- адамның рухани байлығы. Әдебиеттік оқу пәніндегі мақал-мәтел, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Сондықтан адамгершілік тәрбиенің бастауы отбасынан басталып, әдебиеттік оқу пәніндегі өнегелі оқиғаға толы шығармалармен шарықтай түседі.
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірінен саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылады. Сол арқылы бала халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
М.Жұмабаев Педагогика атты еңбегінде қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың психологиясына тигізер әсер-ықпалына терең мән береді. Қазақтың бесік жырының баланың есту сезіміне, ертегілердің ақыл-ойына, мінез-құлқына, тілін, қиялын дамытуға тигізетін әсерін дәйектеп көрсеткен. Мысалы ертегінің бала дамуындағы маңызы туралы былай дейді: Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей.
Егер сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады. Бесік жыры. Бесік жырын оқыту барысында бесік жырының мән-мағынасына, тәрбиелік әсеріне көп көңіл аударылады.
Арнау - тілек өлеңдері. Арнау - тілек өлеңдері балалардың дүниетанымын кеңейтеді; шығармашылыққа жетелейді; қоршаған ортаға адамгершілік, ізгілік қатынастарын қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытады.
Санамақтар. Санамақ өлеңі балаларды санауға үйрету мақсатында шығарылған. Мұндағы бірім-бір, екім-екі деп қайта-қайта қайталануы баланың сандарды, олардың аталуын еске сақтау қабілетін арттырады. Өлеңнің мазмұны одан әрі тереңдей түсіп, бір дегенім-білеу, екі дегенім-егеу, -әр санды бір сөзге балап айтады. Осында айтылған сөздердің бәрі тұрмысқа қатысы бар заттардың, құрал-бұйымдардың атаулары. Сондықтан олардың мағынасы түсіндіріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Төрт түлік жырлары. Ауыз әдебиетінде төрт түлікке маңызды орын берілген. Төрт түлікке байланысты өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдердің білімдік, танымдық, тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жырларды оқытуда мына мәселелерге айырықша назар аударылады:
1) Төрт түлік туралы түсінік.
2) Мал төлдерінің атаулары.
Жаңылтпаш. Жаңылтпаштар-балаларға арналған ойнақы да қызықты жанр. Тіліміздегі қиын айтылатын дыбыстар мен сөздерден, сөз тіркестерінен тұратын жаңылтпаш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz