Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЖЫМНЫҢ РӨЛІ

Мамандық атауы: 01140600 - Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілігі: 4S01140601 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пәні: Педагогика

Орындаған: Серкеш Дархан Абайұлы
Ғылыми жетекшісі: Асқар Асем Талғатқызы
Курстық жұмысты қорғаған бағасы:_____________
Кафедра меңгерушісі: Қайыржан Тлек Сағындыққызы
Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.

Көкшетау, 2023
H.051-22.Басылым 3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ТАРАУ. ҰЖЫМ ТҮСІНІГІ
1.1. Ұжым туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..12

II ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1. Жеке тұлға туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

H.051-22.Басылым 3
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, бастауыш мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады.
Мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар жатады:
Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне айналады. Осы бірлік -- коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.
Мектеп коллективінің идеялық және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің басшылық рөлі.
Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады: мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар -- аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді.
Өмір сүруге үйрету - бұл өте күрделі және нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, 5 жылдан кейін не істейтін болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани байлық әкелетінін білу.
Коммунист-педагогтың басшылық рөлі. Коллектив, өз ішінде аға- жолдастардың бағыттаушы, басшылық етуші -- коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған көрегендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді.
Егер коллектив мектеп басшысы -- директордың моральдық байлығымен, интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол тәрбиелеуші күшке айналады.
Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде коллективті тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде де коллективтің болуы мүмкін емес. Коллективке басшылық ету үшін және оның жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәрбиешілер әрбір баланың психикалық, рухани, интеллектуалдык, ерекшелік-терін жақсы білуге міндетті [1].
Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасындағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу -- мектеп коллективінің міндетті белгілері міне осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр азапқа айналады.
Оқу -- сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі болған жерде -- оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Коллектив ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда, коллектив бай, толық мәнді рухани өмір сүреді. Қайталап айтамын: қарым-қатынастар. Мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен оқушыларды магнитше тартуға тиісті. Тек осындай жағдайда оқу магнитше тарта алады.
Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек класта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы -- партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог -- мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп коллективі тәрбиелеуші күш бола алмайды [2].
Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс.
Адам - коллектив - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады.
Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды -- идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады.
Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай алуы ерекше орны алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп Мен өзгелерден артықпын деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.
Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс - шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi, т. б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекшеден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды [3].
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi - ұжым деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр - бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу - ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк - жiгер, қажыр - қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара - бара беделiнен айрылатын болады.
Жеке тұлға немесе жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым [4].
Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Қорыта келгенде, жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып-қарым-қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді. Жеке адамның қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясында әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік таңындағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдараға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардық, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен психологиясына орайласып келеді екен.
Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады [5].
Жұмыстың мақсаты. Жеке тұлға түсінігіне сипаттама жасай отырып, жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды, қозғаушы күштерін, факторларын, ерекшеліктерін және ұжым түсінігін ашып көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
- Жеке тұлға туралы жалпы түсініктерді салыстыра зерттеу.
- Ұжым түсінігін зерттеу.
- Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлін анықтау.
- Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды табу, оларды зерттеу.

I ТАРАУ. ҰЖЫМ ТҮСІНІГІ
1.1. Ұжым туралы жалпы түсінік
Ұжым деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді.
Жалпы ұжым - жасөспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап-тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы - сынып ұжымы.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы - ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін.
Мектеп тәрбиесі жүйесінің өзгешілігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны қалыптастыру - мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский және т.б.
Латынның "коллективус" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді.
"Ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады:
Ұжым - кез-келген адамдар тобы;
Ұжым - жоғары ұйымдасқан топ.
Мектеп ұжымы негізгі әлеуметтік орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттілігі тәрбиеленіп, талап-тілегі ашылып, жеке басының қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында оның сан қырлы қарым-қатынастарымен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында жеке адамның жан-жақты жетілуі балалар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне Отан қорғауға белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі[6].
А.С.Макаренко ұжымға былай деп сипаттама берді: "Біздің пікірімізше, ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық.
Жеке адам жөнінде ұжым бүтіндей ұжымның суверендігін білдіреді. Жеке адамның өз еркімен ұжымға кіруі правосын білдіре отырып, ұжым бұл адамнан ол ұжымда тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі ұжым суверендігінен келіп шығады. Ұжым адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана ұжым болуы мүмкін ".
Балалар ұжымы туралы айта келіп, А.С.Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе болғандықтан бздің тәрбиелеуші ұйымымызда ұжым түрінде болады деп ескертті. "Біз тәрбиелейтін адамдар ұжымы - деп атап көрсетті Антон Семенович, - тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да барлық ұжымның бүкіл ерекшеліктеріне , құқықтары мен міндеттеріне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады".
Мектеп ұжымы - бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персональды да қамтиды. Оқушы және педагог ұжымы - өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп ұжымы болып табылады.
Біз мектеп ұжымын ұжымшыл өзара қатынастардың жоғарғы, неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы - бұл азаматтық мектеп, белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу - Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.
"Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады",-деп жазды А.С.Макаренко өзінің "Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары" атты мақаласында.
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.
Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы "параллельді әсер ету қағидалары" деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады.
"Параллельді әсер ету қағидасы", бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды. Ұжымның негізгі заңдарының бірі "ұжымның қозғалыс заңы" деп атады Макаренко.
Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады.
Ұжым әр уақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет. Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет "Болашақ жолдар жүйесі" қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады. "Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш", -деп жазды Макаренко.
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әр уақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.
Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады. Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес.
Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және еш уақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу.
Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады. Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді, екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік сезімін кешірді.
Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді [7].
Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу. Коммуналдық жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады. Көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындап, ұжым тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол: "Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты коллектив құру арқылы ұйымдастырылуыға тиіс", - деп атап көрсетті.
А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл коллективтің сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс.
Топтасқан оқушылар коллективіне, сондай-ақ онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды дұрыс қабылдай білу тән.
А.С.Макаренко: "Коллектив дегеніміз - бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса, онда ол коллективте бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады," - деді.
А.С.Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ркымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда
А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлу керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі - бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді. Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану [8].
Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеқумен байланысты, атап айтқанды:
- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
- жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б.
Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзін жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы.
Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады.
Дәстүрлер тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы -ертеңгі қуаныш.
Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат -қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесіне перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.
Жақын перспектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.
Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет. Кейде педагогтың оқушыға әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады. Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр [9].

1.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері
Оқушылар ұжымы немесе қарапайым балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен, келісімдерімен және алдында белгілі бір мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.
Бірінші кезеңде - мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.
Екінші кезеңде - ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді.
Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.
Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды ұжым жетістіктерімен мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды, мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.
Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы - олардың ұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ.
Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға "Атамекен", "Жұлдыз", "Болашақ" және басқа да ұйымдар жатады [10].
Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы - ол оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті - ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай , оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.
Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б. секторларының жұмыс жоспарын талқылар, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т.б).
Сынып жиналысы - бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау т.с.с) өткізуі мүмкін.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Окушыларды -болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулыктарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондыктан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін.
Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сөзім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін.
Оқушы тәжірибиесі басқа болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады [11].

II ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1. Жеке тұлға туралы түсінік
Жеке тұлға түсінігі адам түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке тұлға (жеке адам) - қоғамда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Өндірістік оқыту шеберінің оқушылар ұжымындағы рөлі
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі
Мұғалім мен балалардың педагогикалық процестегі ынтымақтастығы
Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері
Тәрбиенің мақсаты жайлы
Пәндер