Тәрбие құралдарына түсінік беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжі МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Мамандық атауы: 01140300 Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік атауы: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пәні: Педагогика

Орындаған: Ермеков Ислам Медетович
Ғылыми жетекшісі: Асқар Әсем Талғатқызы
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ___________________
Кафедра меңгерушісі: Қайыржан Тлек Сағындыққызы
Хаттама № ___ ___ _____________20__ж

Көкшетау, 2023
H.051-24. Басылым 3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ. ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II ТАРАУ. ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
2.1. Тәрбие құндылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Тәрбиенің мазмұны мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

H.051-24. Басылым 3
КІРІСПЕ
Бүгінгі 21-ғасырда жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет.
Еліміздің білім жүйесін жетілдіру - мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 стратегиясында былай деп жазылған: Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады [1].
Егер оқыту тәрбие үшін "ақпараттық қорек" қызметін атқарса, тәрбие оның адам игілігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі "Білім туралы" Заңда айқындалған.
Мектеп - оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп - қоғам идеясын жүзеге асырушысы.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.
Мектеп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.
Тәрбие жүйесі - педагогикалық процестерді қамтитын және тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы. Білімді, адамгершілікті, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар саясаты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда [2].
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.
Тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру [3].
Курстық жұмыстың мақсаты: балаларды тәрбиелеу түрлерін ажырату, оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны мен құралдарын зерттеу және тәрбиенің құралдары арқылы оқушылардың тәрбиесін ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Оқушыларға тәрбие берудің маңызын ашу;
Тәрбиенің құндылықтарына және ерекшеліктеріне тоқталу;
Тәрбие құралдарына түсінік беру;
Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны мен құралдары.

I ТАРАУ. ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі
Тәрбие әдісі дегеніміз оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер,идеялар тудыратын әдістер.
әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген [4].
Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
Ақпараттық ағартушылық.
Бағдарлау - іс-қызмет.
Қатынас.
Бағалау.

Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді [5].
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі. Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы.
Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді.
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады [6].

1.2. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсаты -- ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді.
Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.
Тәрбие мақсаты -- бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат - тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді.
Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді.
Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді.
Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді.
Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды [7].
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет. Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді.
Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады.
Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады.
Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз [8].
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады.
Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты.
Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі.
Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліп отырды. Бірақ та, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді.
Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тұлғаның дамуымен даралығын қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау.
Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді.
Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат .
Қарым-қатынастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Мақсат -- іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Тәрбиенің мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау [9].

Тәрбиенің міндеттері туралы жалпы түсінік.
Тәрбиенің міндеттері:
Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру [10].

1. Адамгершілік тәрбие беру.
Дене шынықтырудағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны адамгершілік сана, сезім, көзқарас, мінез-құлық нормалары, моральді-ерікті қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Осылайша, балалар дене шынықтыру оқу қызметі барысында ұйымшылдық, тәртіптілік, қарапайымдылық, жауапкершілік және т.б. процестерде оң сипаттағы мінез-құлық қасиеттерін дамытады.
Адамгершілік қасиеттері: адалдық, әділеттілік, өзара көмек, тапсырма үшін жауапкершілік, көрнекіліктерге мұқият қарау, ұжымдық айналысу қабілеттері көтеріледі.
Ерік-жігер қасиеттері: батылдық, сенімділік, табандылық, шыдамдылықты және т.б. тәрбиеленеді. Педагог дене шынықтыру оқу қызметі барысында адамгершілік тәрбие беру әдістерін және физикалық мәдениетті қамтамасыз ететін жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін нақты тәсілдерді қолданады. Осылайша, адамгершілік тәрбиелеу әдістерінен: адамгершілік мінез-құлық, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру әдістері және т.б. қолданылады. Адамгершілік тәрбиелеу әдістері дене шынықтыру саласында ерекше қолданылады.
Жалпы дене шынықтыру жаттығулары кезінде қолданылатын барлық адамгершілік тәрбие беру әдістері, баланы адамгершілік қасиеттерге негізделген әрекеттер бейімдеуге, дәлелдеуге және сендіруге тиіс [11].
2. Еңбекке баулу тәрбиесін беру.
Дене тәрбиесі, баланы еңбек сүйгіштікке қажетті физикалық қасиеттерін дамытады, денсаулығын жақсартады, еңбек етуге дайындайды, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар білім беру және басқа да еңбек түрлерімен ұштастыра отырып, шығармашылықты ынталандырады, салауатты ағзаның мұқтаждықтары ретінде жұмыс істеуді қалыптастырады.
Еңбекке баулу балалардың қарапайым еңбек әрекеттерімен соның ішінде, дене шынықтыру бөлмесіндегі, ауладағы құрал-жабдықтарға қамқорлықпен қарау қамтамасыз етіледі.
3. Эстетикалық тәрбие беру.
Дене тәрбиесі үрдісінде балалар үйлесімділік пен үйлесімді қозғалыстардың сұлулығын қабылдап, дене бітімінің тұрақтылығы, нәзіктік, үйлестірілген және келісілген қозғалыс сұлулығын түсіну және дұрыс бағалай білу​​қабілетін дамыту керек.
Эстетикалық және адамгершілік тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі адами қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, мінез-құлықтың сұлулығын қалыптастыру болып табылады. Осы проблемаларды шешу үшін көрнекі әсер ету әдістерін, эстетикалық жағынан байытылған сөздік әдістерін, сондай-ақ дене тәрбиесі үдерісінде адамның шығармашылық қабілеттерін танытуға болады.
4. Ақыл-ой тәрбиесін беру.
Ақыл-ой тәрбиесі - баланың жан-жақты дамуы үшін негіз болып табылады. Дене тәрбиесі үрдісінде жүйке жүйесінің қалыпты қызметі үшін, сондай-ақ ойлау үдерістерін, психикалық операцияларды дамытуға ықпал ететін басқа ағзалар мен жүйелер үшін қолайлы жағдайлар жасалады және т.б. Дене тәрбиесі барысында балалардың алған арнайы білімі олардың алдын-ала белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Қозғалыс проблемаларын шешу кезінде балалардың белсенділігін, тәуелсіздігін, ақыл-ойларын, дағдыларын қалыптастыруға болады. Дене шынықтырумен айналысу барысында ақыл-ой білім беру проблемаларын шешу үшін мынадай әдістер қолданылады: арнайы ұйымдастырылған бақылау және кейінгі талдау, түсіндірме әңгіме, коучинг, ілеспе түсініктемелер, жаттығуларды өзара түсіндіру, жедел ақпараттың әдістері мен тәсілдері [12].
5. Жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларды қалыптастыру және дене жаттығуларын өздігінен пайдалану біліктілігін қалыптастыру.
Өзіне және өзінің денсаулығына деген қызығушылық, өзі туралы және денсаулық туралы білім жүйесі, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру;
Салауатты тұқым қуалаушылық;
Жеке және қоғамдық гигиена ережелеріне сәйкес жоғары гигиеналық мәдениет;
Тәндік жайлылық, өзінің рухани жағдайын бақылау қабілеті;
Аймақтық сипаттамаларды ескере отырып, ұтымды, теңдестірілген, физиологиялық жағынан дұрыс тамақтану;
Жеткілікті қозғалтқыш белсенділігі;
Табиғатпен үйлесімділік, шынықтыру;
Жеке профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, дәрігерге тұрақты түрде бару;
Зиянды әдеттердің болмауы;
Өздерінің әлеуметтік ортасын ұйымдастыру, отбасылық қатынастарды оңтайландыру, өмір салтын ұйымдастыру;
Жұмысқа қанағаттану және жұмысқа белсенділік;
Жеке тұлғаның, қоғамның, денсаулық мәдениетінің, экологиялық мәдениеттің жоғары мәдениеті;
Жоғары руханилық пен адамгершілік;
Жоғары әлеуметтік қызмет, өмірге қанағаттану, әлеуметтік және материалдық әл-ауқат;
6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін қалыптастыру.
Өмір салтының қалыптасуы адамның дүниетанымын қалыптастырумен, оны сақтау мен нығайту арқылы адам денсаулығына деген саналы қатынасты қалыптастырумен байланысты. Қоғамдық денсаулық мәдениеті, адам денсаулығы мәдениеті де өмір салты мәдениетін анықтайды. Демек, салауатты өмір салты көбінесе денсаулық мәдениетінің деңгейімен байланысты.
7. Денсаулық мәдениетіне тәрбиелеу.
Бағдарламаның мақсаты баланың денсаулығын нығайту және оның толыққанды үйлесімді дамуы, салауатты өмір салты үшін әдеттер мен қажеттіліктерді қалыптастыру, әртүрлі тұрмыстық жағдайларға бейімделуді қамтамасыз ету болып табылады. Ең бастысы - өз денсаулығының құндылығын түсіну, дене шынықтыру және салауатты өмір салтындағы өз құзыреттілігін дамыту, өз денсаулығына жауапкершілік сезімін ояту, өз мінез-құлқын қадағалау, денесін гигиеналық ережелермен таныстыру және осы негізде денсаулық мәдениетін қалыптастыру [13].
8. Мектепке дейінгі баланы - жеке тұлға ретінде дамыту.
Мектепке дейінгі баланың дамуының негізгі бағдарламасының тұжырымдамасында баланың жеке басының негізгі сипаттамалары көрсетіледі, олар толығымен қалыптасқан кезде белгілі бір тұлғаның даралығын қалыптастыруы тиіс. Оларға мыналар жатады: құзыреттілік, шығармашылық, бастамалар, тәуелсіздік және жауапкершілік, еркіндік, мінез-құлық пен қауіпсіздік бостандығы, өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау. Осылайша, құзыреттілік күрделі интеграцияланған бірқатар аспектілерді қамтиды: интеллектуалдық, лингвистикалық, әлеуметтік.
Интелектуалдық: Зияткерлік операцияларды қалыптастыру, тиісті ақпаратты таңдау мүмкіндігі.
Лингвистикалық: Өз тілегін ауызша айту және ауызша емес қарым-қатынас құралы арқылы көрсету, басқаларды түсіну [14].
Әлеуметтік:
Мотивациялық компонент - басқа адамға жоғары құндылық ретінде қатынасы.
Когнитивтік аспект - басқа адамның білімі.
Мінез-құлық әлеуметтік құзыреттілік қоршаған ортаны шарлау мүмкіндігі.

II ТАРАУ. ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
2.1. Тәрбие құндылықтары
Құндылық деген не? Құндылық - көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.
Адам - абсолютті құндылық, жоғары субстанция, барлық танымның өлшемі. Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы - адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы.
Қазіргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.
Отбасы - болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық көрнекі құралдар
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Оқытудың көрнекілік принциптері
Мұражай педагогикасы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекілікті қолдану жолдары
Пәндер