ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ»

Мамандық атауы: 01140300 «Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Біліктілік атауы: 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Пәні: Педагогика

Орындаған: Ермеков Ислам Медетович

Ғылыми жетекшісі: Асқар Әсем Талғатқызы

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісі: Қайыржан Тлек Сағындыққызы

Хаттама № ___ ___ 20__ж

Көкшетау, 2023

H. 05/1-24. Басылым 3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ТАРАУ. ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

1. 1. Тіл дамыту әдістемесінің маңызы . . . 5

1. 2. Тіл дамытудың мақсаты мен міндеті . . . 6

II ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУ

2. 1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі . . . 13

2. 2. Қазақ тілін оқыту арқылы тілді дамыту әдістері . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

H. 05/1-24. Басылым 3

КІРІСПЕ

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте - осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген. Сонымен қатар осы жолдаудағы жиырма алтыншы бағытта - Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үш тұғырлы тіл саясаты айтылған. Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың жазбаша тілін дамытуын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн.

Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі - оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлдәгі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл ұстарту мәселесі нақтылы да жүйелі жүргізілмей, тіл ұстарту мәселесінің өзі де әлі де нақтыланбай, оны жүзеге асырудың бағыттары, жолдары анық белгіленбей, белгілі бір жүйеде қолданылмай жүргендіктен, оқушылардың шығармашылық жазу жұмыстарының т. б. сапасы төмен дәрежеде екендігі соңғы уақытта баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда айтылып та жүр. Бұл фактілер, біріншіден, оқушылардың тілін дамытуға байланысты олқылықтардың орын алуымен айқындалса, екіншіден, тіл дамыту әдістемесіндегі нақтылықты қажет етумен айғақ болады.

«Тіл дамыту» мен «Тіл ұстарту» ұғымдарын нақтылап айқындау қажеттігі әдіскер-ғалым Б. Жахинаның айтқандарынан көрінеді. « . . . Әрі қазақ тілі әдістемесі бойынша дұрыс қалыптаспай келе жатқан, мектеп мұғалімдерінің арасында қиындық келтіріп), әр түрлі ой-жорамал туғызып жүрген «Тіл дамыту» әдістемесіне жүйелілік енгізу үшін «Тіл ұстарту», «Тіл дамыту» деген екі атаумен аталып жүрген екі терминнің өзін, екеуінің де алдына қойып отырған мақсат-мүддесі оқушы тілін дамыту, ойын жазбаша әрі ауызша түде сауатты, көрікті жеткізе білуге үйрету болғандықтан бір ғана атаумен атаса да дұрыс болатын сияқты».

Тілді үйренуде оқушының қабылдау үдерісінің қызметі ерекше. Психологтер қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Тілді үйренуде есту және сөйлеуді қабылдаудың орны бөлек. Өйткені тіл үйренуде оқушылар алдымен ауызекі сөйлесуге үйренеді. Онда дыбыстарды, сөздерді есту, сөйлеуді қабылдау арқылы үйренеді.

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді.

Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді. Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған [1] .

Курстық жұмыстың мақсаты - қазақ тілі пәнін оқыту арқылы тіл дамыту әдістерін зерттеу және тіл дамыту әдістемесін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:

- Тіл дамыту әдістерін зерттеу;

- қазақ тілі пәнін оқытудың әдістерін анықтау;

- қазақ тілі пәнінің бірегейлігін табу.

I ТАРАУ. ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

1. 1. Тіл дамыту әдістемесінің маңызы

Тілді дер кезінде және сапалы меңгерту балада дұрыс психиканың қалыптасуының жәе оның жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезінде дегеніміз бала дүниеге клгенген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әр бір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Алғашқы жас сатысында баланың тілдің дамытуға назар аудару ерекше маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі.

Жаттықтырусыз бұл қызметтің дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады. «Тіл үшін - деп жазды профессор М. М. Кольцова, - дамудың мұндай «қиын-қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты граммтикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті нзар аударылмаса, кейін олқылықтың орнын толықтыру үшін қыруар күш-жігер жұмсауғf тура келеді».

Тәрбиеші кері байланысты да есте ұстауға тиіс: егер тілдік қарым-қатынас прцесінде бала өзінің сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни баламен сөйлесіп, оы тыңдаса, ми дамиды. Бала дыбыстарды неғұрлым ертерек, шапшаң және дұрыс артикулдеуді үйренсе, ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені іштей сөйлеу -сөйлеу қозғалысы, сөйлеу мүшелері, бұлшық еттерінің жұмысы.

Бала алғашыда өзімен сөйлескен адамның анасы немес тәрбиешінің бет-жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді.

Мысалы: - У-у-у, біз қандаймыз! - десе. Бала да у-у-у деп сол айтылған дыбысты қайталайды.

Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде оымен өмір құбылысының шындығын байланыстыруды үйрегенде де ол әлгә байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинг бола бермек.

Қазіргі мектепке дейінгі мекеме бағдарламасында тіл байланысын дамыту деп аталатын жұмысқа ерекше назар аударылып отыр. Бұл жұмыста, өмір талабынан, өмір, тұрмыс қалауынан туындаған мәселе. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп құрауды қалайды. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет [2] .

Ана тілі байланысын дамытудың ғылыми дәрежесін көтеру мәселелерінің бір жағы қазақ тіл біліміне, екінші жағы педагогика мен жеке әдістемеге байланысты. Қазіргі тіл ғылымы ана тілін мектепте оқытуға міндетті мәселенің ғылыми жағынан айқындап, тұжырымдап береді. Дегенмен, оқушылардың практикалық өмірінде сөйлеу, жазба тілдерінде ол қылықтар көп кездеседі.

Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына қарағанда, жоғары сынып оқушыларының да тіл байлығы тапшы. Өз ойын дәл жеткізіп бере алмайды, жазбаша сауаты нашар, тіл тазалығы мен тіл мәдениетіне қатынасы талапқа сай емес. Сондықтан «баланы бастан» деп халқымыз айтқандай, баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап, тіпті отбасында тіл тазалығына, сөйлей білуге, ойды жинақтап айта білуге дағдыландыруымыз керек.

Баланың ауызекі сөйлеу тіл байланысын дамыту әрқашан әдістеме тарихында қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды. Бірақ ауызекі сөйлеу тілін дамыту арнайы зерттелмеді. Әсіресе, ауызекі сөйлеу икемділіктерін дамытудың негізгі атаулары мен категориялары, жұмыс салалары, оқытудың мазмұны, көлемі, әдістемесі нақтыланбады. Сондықтан зерттеу жұмысының мақсаты оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілей білді. Сондай-ақ ауызша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесін жасау болып табылды.

Бұл еңбектің міндеттері:

- ауызекі сөйлеу тіл байланысын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;

- тілді игеру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;

- сөйлеу тілін дамытудың әдістемесін жасау.

Бұл құрамда мынадай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылады:

- ауызекі сөйлеуді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты философиялық, психологиялық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;

- оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген оқу құралдары мен мұғалімдер тәжірбиесін зерттеу;

- зерттеу жұмысы барысында, бақылау, әңгіме, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстарын талдау пайдаланылады;

- анкеталық және статистикалық әдістер қолдалынады.

Сөйлеу әрекетінің икемділіктері мен дағдылары және тілдік қарым-қатынастың түрлері.

«Сөйлеу әрекеті» - («речевая деятельность») әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист-ғалымдар сөйлеу әрекетімен тілдің ара қатысын сөз етсе, психолог сөйлеу әрекетінің жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын зерттейді. Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлеу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Әдіскер болса, ал осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын; оларды неге үйрету керектігін; не үшін, не мақсатпен және қалай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді-деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық тұрғыдан жүйелеп көрсету.

Адамның сөйлеу әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, ақпаратты баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен алмасуы деген пікірді айтады. Рас, адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі ойды, хабарды жеткізу.

Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай айта салмайды, ал ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы нысанды шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау үрдісі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.

Сонымен бірге Оразбаева: «Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, тілді сол сияқты сөйлеуді өзіне бағындыра алмайды, яғни сөйлеу әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол-табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіреді, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің тілдік қоғамдық-әлеуметтік сипатымен аңғарылады, »-деп көрсетеді.

Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейді. Сонымен қатар «коммуникация», «коммуникативтік» термині соңғы жылдары лингвистикада ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл сөздің тілге, сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы «қарым-қатынас», тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация-тіл арқылы сөйлеу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация-қоғамдық байланыс қоғамдағы қарым-қатынас дегенді аңғартады, ал саяси коммуникация-саяси өмірдегі байланыс саясатқа қатысты қарым-қатынас дегенді байқатады [3] .

1. 2. Тіл дамытудың мақсаты мен міндеті

Тіл дамыту - қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі көркем сөздің осы сияқты ерекшеліктерін оқушыларды тіл мәдениетіне үйретіп жетілдірудің мықты құралы ете білуге тиіс.

Оқушының тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында нақтылы тәрбиелік процесте ауызша тіл дамыту жұмыстары қай жерде, қалай жүргізіледі, оқушылардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер қандай әдіс-тәсілдер арқылы түзетіліп отырады-мұның бәрін ойластырып, педагогикалық, психологиялық, методологиялық тұрғыдан қарап, дұрыс шешімін табатын тек қана тіл маманы болып табылады.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру-қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі [4] .

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады. Сондықтан оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп отыруды көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп, жаппай жұмыс жүргізілмесе де, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері оқу материалдарының мазмұны мен түрлеріне байланысты сынып жағдайында және одан тыс уақытта да бұл жұмысты үздіксіз жүргізіп отыруға міндетті.

«Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында», «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі - тіл дамыту жұмыстары. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жүргізіп отыру-әдебиетті сөз өнері ретінде шығармашылық шабытпен шебер оқыта білудің бір көрінісі болып саналады [5] .

Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың сөйлеу тіліне мынадай талап қойылады:

  • Оқушы айтайын деген ой-пікірін жүйелі, байланысты түрде әңгімелеп беруге жаттығу.
  • Сөз тартымды, мазмұнды болуға тиісті.
  • Әдеби тілдің нормасынан ауытқып кетпей, оны сақтап мәнерлеп сөйлеуге дағдылану.
  • Сөзді дұрыс, орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрап ойын айта білуге машықтану.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Сөздік қорды байыту жұмысында іріктелініп алынатын атаулар, ұғымдар ұлттық дәстүріміз бен өткен тарихымызға байланысты болса, оның жан-жақты маңызы артып отыратындығы белгілі. Өйткені оқушылар өзінің туған халқының тарихымен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен байланысты атауларды үйрену арқылы білім қорын жинай бастайды [6] .

Тіл дамытудың негізгі мақсаты.

Тіл дамыту - оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізіге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту - қазақ тілі оқушының қарым-қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен толық сай келеді.

Мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру яғни қазақ тілінде әдеби тілмен сөйлеуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қазақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады.
Сөйтіп тіл дамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және ол сөздерді сөйлемде бір-бірімен байланыстыратын тілдік нұсқаулардың қолдану заңдылықтарын меңгерту болып шығады. Оқушының сөздік қорын байыту тілдік нұсқаулардың қолдану дағдысын қалыптастырумен тығыз байлансыта жүргізіледі.

Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы. Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру-тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын дәл білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар. Сондықтан тіл дамытуда оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән беріледі.

Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады. Оқушыға үйретілетін жаңа сөз тексте, диалогтарда жаттығу қолданысымен байланысыты беріледі. Сабақ сайын жылма-жыл әр сыныпта оқышының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының сөздік қорын байтудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатта жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу керек:

  • жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру;
  • жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
  • жаңа сөзді қолданыста меңгеру, яғни жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру;
  • жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
  • сөздікпен жұмысқа үйрету [7] .

Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы - мақал-мәтелдер сөздігін жасау. Мақал-мәтелдер сөздігі оларды есінде тұрақтандыруға көмектеседі. Ал мақал-мәтелдер оқушының қазақша сөйлеуін көріктендіреді. Мақал-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде, мазмұндама, шығарма жазғанда, пайдалануына болады.

Жаттығулар арқылы тіл дамыту.

Оқушы қазақ тілінен меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланыста жүргізіледі. Ал оқушы сөздерді қарм-қатынаста қолдана алу үшін, тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі керек. Ал ол - грамматиккалық мәселесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдәс – тәсілдері
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Дидактика туралы түсінік
Байланыстырып сөйлеуін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі
Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz