Спорттық жаттықтыру әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс сабақтары

Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні.

Глоссарий.
1. Спорт – дегеніміз жоғары спорттық жетістіктерге бағыталған жаттықтыру
және жарыстық әрекеттер.
2. Спорттық жаттықтыру – дегеніміз спортшыны тәрбиелеу, дене қуаты
қасиеттерін дамыту, қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру
арқылы спорттық жоғары нәтижелерге жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы
үрдіс.
3. Жаттыққандық – дегеніміз спортшы ағзасының берілген жаттықтыру және
жарыс жүктемесіне биологиялық бейімделу деңгейі.
4. Дайындалғандық – спортшының техникалық, тактикалық, психологиялық
және дене қуаты дайындығының нәтижесі.
5. Спорттық қалып – спортшының сол кезеңде спорттық жетістіктер көрсетуге
жоғары объективтік және субъективтік дайын күйі
6. Спорттық әрекет – дегеніміз адамның спорт саласында жоғары деңгейде
жетілуі мен денсаулығы нығаюын қамтамасыз ететін ұйымдастыру қызметі.
7. Спорттық жарыс – дегеніміз спорт саласындағы спорттық көрсеткіштерді
көрсету, бағалау және салыстыру әрекеттері мен тәсілдері.
8. Жоспарлау технологиясы деп – бір уақыт аралығында жаттықтыру және
жарыс түрлерін жүргізу, әдістерін, амалдарын қолдану, нақты
міндеттерін орындау үшін жоспарланатын ұйымдастыру-әдістемелік
жиынтықты айтамыз.
9. Кешендік бақылау – жаттықтыру циклі кезінде спортшының дайын- дық
деңгейін анықтау үшін қолданылатын әртүрлі өлшеулер мен бағалау
көрсеткіштері.
10. Спорттық жетістіктер – дегеніміз спортшының нақты қозғалыс
нәтижесімен дәлелденген спорттық шеберлігі мен қабілеттілігі.

Тақырып 1. Спортшыны дайындау жүйесі
Дәріс мақсаты: спортшыны дайындау жүйесінің құрылымы мен мазмұнын анықтау.
Тақырып сұрақтары:
1. Спортшыны дайындау жүйесінің құрылымы
2. Спорттық дайындықтың негізгі бағыттары
3. Спорттағы бағыттау және іріктеу

Дәрістің қысқаша мазмұны
Спорттық дайындау жүйесі екі бөлімнен құралады:
– бұхаралық, көпшілік спорттағы дайындық
– жоғары жетістікті спортшылар дайындау
Көпшілік немесе бұхаралық спорт жалпы білім беретін мектептерде, орта
арнайы және жоғары оқу орындарында, балалар және жасөспірімдер спорт
мектептерінде, өнеркәсіп орындарында, тұрғындардың тұрған жерлерінде
ұйымдастырылады.
Жоғары жетістікті спортшылар дайындау Облыстық, Республикалық спорт
түрлерінінен құрама командалаларында, Олимпиадалық ізбасарлар спорт
мектептерінде, интернаттарда ұйымдастырылады.
Жоғары жетістікті спортшылар кәсіби және әуесқой деп бөлінеді.
Спортта жоғары жетістіктерге жету екі бағытта жүзеге асырылады:
– бірінші бағыт жаттықтырулар, жарыс және спортшыны қапына келу түрлерінде
орындалады;
– екінші бағыт бапкерлер, материальды-техникалық және ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету түрлерінен тұрады.
Жаттықтырулар дене қуаты, техникалық, тактикалық, психологиялық
теориялық дайындықтардан құралады.
Жарыс – әртүрлі жарыстарға қатысу ерекщеліктері (бақылау, ресми
т.с.с. жарыстар).
Спортшының қалпына келуі – әртүрлі жаттығулар, жаттықтырулар және
жарыстар арасында қалпына келулер.
Спортшыны дайындау кезінде бапкердің дәрежесі, білімі, біліктілігі, өз
ісіне берілулігі шешуші роль атқарады.
Материальды-техникалық жабдықтау 2 аспектіде қарастырылады:
– спортшыға жаттығуы және жарысқа қатысуы үшін өмірлік жағдайлар
қалыптастыру;
– жаттықтыру үрдісі кезінде қазіргі кезгі жаңа құрал-жабдықтармен
қамтамасыз ету.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету: бағдарлау және іріктеу, болжау,
үлгі құрастыру (моделдеу), бағдарлама жасау және кешенді бақылау түрлерінен
тұрады.
Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1. Спорттық жаттықтыру жүйесінің негізгі бөлімдерін атаңыз?
2. Көпшілік спорт және жоғары жетістікті спорттың қандай айырмашылығы
бар?
3. Жоғары жетістікті спорт бағыттарын атаңыз және ол бағыттарға сипаттама
беріңіз
4. Спорт түрінің бапкерлері қандай қасиеттерге ие болуы қажет?
5. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі түрлері туралы баяндаңыз?

6. Жаттықтыру үрдісінде материальды-техникалық жабдықтау қалай
орындалады?
Әдебиет: негізгі (1,2,3,4,6,7,8,9)
қосымша (8,9,12)

Тақырып 2: Жаттықтыру үрдісін басқару

Дәрістің мақсаты: басқару негізін және жаттықтыру үрдісінің жылдық
циклінің заңдылықтарын оқыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Жаттықтыру үрдісін басқару құрылымы
2. Спорттық жаттықтыру көп жылдық үрдіс.
Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)
Жаттықтыру үрдісін басқару - өте күрделі қызметтік жүйе. Ол басқару
субъектісі-бапкер, басқарылатын обьект-спортшы, ұмтылатын меже -спорттық
нәтижеден құралады. Жаттықтыру үрдісінің негізгі басқару функцияларын
жататындар: жаттықтыру үрдісінің бағдарламасын жасау, бағдарлама мен жоспар
арқылы дайындықты іске асыру, жаттықтыру үрдісін бақылау.
Спорттық жаттықтыру көп жылдық үрдіс. Ол шартты түрде төрт кезеңге
бөлінеді: алғашқы дайындық кезеңі (үш жыл), бастапқы мамандану кезеңі (3-4
жыл), тереңдете жетілдіру кезеңі (26-30 жасқа дейін), спортта ұзақ жасау
кезеңі.
Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1. Жаттықтыру үрдісін басқару құрылымының негізгі элементтерін атаңыз?
2. Спорттық жаттықтыру көпжылдық үрдісінің кезеңдерін атаңыз, сипаттама
беріңіз.
3. Спорттық жаттықтырудың алғашқы дайындық кезеңі (үш жыл)
4. Спорттық жаттықтырудың бастапқы мамандану кезеңі кезеңі.
Спорттық жаттықтырудың тереңдете жетілдіру кезеңі (26-30 жасқа дейін),
спортта ұзақ жасау кезеңі.
Әдебиет: негізгі (1,2,3,4, 5,6,7,8,9)
Қосымша (8,9,12,13)

Тақырып 3: Спорттық жаттықтыру негіздері

Дәрістің мақсаты: басқару негіздерін: амалдарын, қағидаларын оқыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Спорттық жаттықтыру амалдары.
2. Спорттық жаттықтыру қағидалары.

.
Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)
Спорттық жаттықтыру негіздері: амалдары, қағидалары. Дене мәдениеті
жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік
амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру
міндеттеріне байланысты болады.
Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа
бөлінеді:
1 Жарыс жаттығулары.
2 Арнайы дайындық жаттығулары.
3 Жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары
дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау
үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
- жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін
қимыл-әрекеттер;
- дайындық жаттығулары – негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене
қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жатгығулар;
- жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар.
Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл
атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері т.б.;
- бейнелеу жаттығулары – жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде
орындалатын жаттығулар (мысалы, конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен
жүгіруі т.б.);
- басқа спорт түрлерінің жаттығулары (мысалы, акробатикадағы сальто
жасауды суға секірушінің қолдануы ж.т.б.).
Жалпы дайындық жаттығулары спортшының айналысатын спорт түрінің
жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл-қозғалыс қорын көбейтуге,
жалпы жаттыққандығын жоғарылатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты
жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Спорт жаттықтыруының өзіндік ерекшелігі өзіне тән қағидаларын тудырады.
Айналысқан спорт түрін терең меңгеру, өз жеке бас мүмкін-шіліктерін
пайдалана білу, жоғары көрсеткіштерге жету қағидасы. Егер дене тәрбиесі
жаттығуларын жаттығуларды үйрену, жетілдіру, өмірге қажет қозғалыс
шеберлігі мен дағдысын дамыту, денсаулықты нығайту мақсаттарында орындасақ,
спорт түрлерінің жаттықтырулары, жоғарғы жетістіктерге жету мақсатында
орындалады. Жаттықтыру кездерінде жаттығулар адам ағзасының
мүмкіншіліктерін шегіне жақын немесе шегіне жете жоғары деңгейлерде
қолданылып, орындалады. Спорттық жаттықтырулардың сипаты - жүктеменің
жоғары деңгейі, жүктеме мен тынығу алмасуының алдыңғы қатарлы жүйесі,
циклдіктің айқын білінуі т.с.с. Бұл қағиданың негізгі мақсаты - спортшының
санасында жоғары спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Спорттық жаттықтыру дидактикалық және арнайы қағидалардан тұрады.
Дидактикалық қағидаларға жататындар: саналылық және белсенділік,
көрнектілік, жүйелілік, біртіндеушілік, даралық және реттілік. Жаттықтыру
үрдісінің арнайы қағидалары: жоғары жетістіктерге бағыттау қағидасы,
біртіндеушілік, даралық, жүйелілік, циклділік, жүктеме қозғалысының
толқындылық, жалпы және арнайы дайындықтың бірігу қағидалары.
Біртіндеушілік қагидасы - жүктемені жоғары деңгейге дейін біртіндеп
өсіру. Өтпелі кезеңдерден кейін тынығып қалған, аз жүктемемен орындалған
жаттықтырулардан кейін бірден көп деңгейлі, үлкен қарқынды жүктемелер
беруге болмайды, жүктемені біртіндеп өсіру керек.
Даралық қағидасы - спортшының талантына, жеке басы мүмкіндігіне,
өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру
әдістемесінің өзгеруі. Спортшыларға осы қасиеттеріне, жеке бас
ерекшеліктеріне байланысты жеке тапсырмалар беріледі.
Жүйелілік қағидасы (немесе жаттықтыру үрдісінің үзіліссіздігі).
Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жеткізу үшін,
спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып
құрастырылады.
Ғалымдар мен жатгықтырушылар кейінгі кездері жоғары дәрежелі
спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Жыл сайын жоғары
дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндегі, сол өзгертулер
арқылы олар өте жоғары көрсеткіштер көрсететіні анықталды. Спортшы өзінің
энергиясын, күшін керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін
психологиялык дайындыққа көп көңіл аударуға тиіс. Жаттықтыру үрдісін
жүйелі, логикалы түрде құрастыруды – жүйелік қағидасы дейміз.
Циклділік қағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру
циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклділік – дегеніміз белгілі бір уақыт
ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі
циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер
(апталық), мезоциклдер (айлық) жэне макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді.
Жүктеме қозғалысының толқындылық қағидасы. Дене қуаты жүктемелері әр
түрлі көлемде толқын түрінде өтеді. Олар кіші, орта және үлкен толқындарға
бөлінеді.
Кіші толқындар – микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде
өзгеру сипаты. Орта толқындар – мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының
өзгеру сипаты. Үлкен толқындар – макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме
қозғалыстарының өзгеру сипаты.

9- сурет - Жүктемелердің толқын түріндегі көріністері

Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. Спорт
жаттықтыруының негізгі міндеті адам ағзасын жан-жақты дамыту болып
табылады. Бұл үрдіс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы
орындалады.
Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әр
түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл-козғалыс
шеберлігі мен дағдылары меңгеріледі. Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған
спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі
жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы
дайындық кезеңдеріне байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде
жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық арақатынасы 60-40%, жарыс
кезеңінде 20,30-70,80%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді. Бұл спорт
түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дәрежелі
спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі.
Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1. Спорттық жаттықтырудың амалдарының топтары?
2. Дидактикалық қағидаларды атап, оларға сипаттама беріңіз?
3. Жаттықтыру үрдісінің арнайы қағидаларын атап, оларға сипаттама
беріңіз?
Әдебиет: негізгі (1,2,3,4, 5,6,7,8,9)
Қосымша (8,9,12,13)

Тақырып 4: Спорттық жаттықтыру әдістері

Дәрістің мақсаты: Спорттық жаттықтыру әдістері заңдылықтарын оқыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Спорттық жаттықтыру әдістері

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)
Спорт жаттықтырулары дене мәдениеті жүйесінің бір бөлігі болғандықтан
спортшы дайындығына бұрын теория бөлімінде оқыған дене тәрбиесі әдістері
қолданылады. Бірақ ол әдістер спорттық жаттықтыруларда басқаша түрде,
сипатта, жаттықтыру ерекшеліктеріне байланысты, әртүрлі бес үлкен топтарға
бөлініп қолданылады (кітаптағы 39-кесте). Бірінші топ әдістері: қозғалыс
әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты қатаң шектелген жаттығулар, ойын
және жарыс жаттығулар әдістері деп бөлінеді. Екінші топ әдістері: жарыс
жатығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты бұл топтың
әдістері: 1. бөлшектеп үйрету әдістері (жаттығу күрделі, үйреніп,
жетілдіруге көп уақыт, күш кететін жағайда қолданылады); 2. тұтас үйрету
әдістері (жаттығу қарапайым, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш керек
етілмейтін жағайда қолданылады); 3. тұтас-бөлшектеп үйрету әдістері (басқы
үйрету кезеңінде бөлшектеп үйретіп алып, сонсоң жаттығу бөлшектерін қосып
тұтас орындау керек кезде қолданылады) деп бөлінеді. Үшінші топ әдістері
ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін жақсартуға әсер ететін әдістері деп
екіге бөлінеді: 1. жеке, таңдап әсер ету әдістері, арнайы ағзаның жеке
функциялары мен механизмдерінің қызметтерін жасартуға қолданылады (мысалы,
ағзаны энергиямен қамтамасыз етудегі кретинфосфаттың көбеюіне көмектесу,
оның мүмкіншілігін дамыту). 2. кешенді әсер ету әдістері, ағзаның көптеген
функциялары мен механизмдеріне бір мезгілде әсер ету үшін қолданылады.
Төртінші топ әдістері: Жарыс әрекетін үлгілеу әдістері жарысқа ұқсата
ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. Жарыс әрекетінің үлгілерін жеке
қозғалыс әрекетін жетілдіруге немесе толық үлгілеу кездерінде қолданылады.
Бұл топ әдістері спортшыны үлкен жарысқа дайындаудың немесе рекордтық
нәтижеге қол жеткізудің тактикалық дайындығы кездерінде орындалады. Бесінші
топ әдістері. Спортшыларды дайындау түрлерінің ерешеліктеріне байланысты
спорттық жаттықтыруда мынандай дайындық жақтарын дамыту әдістері
қолданылады: дене қуаты даындығы әдістері, техникалық дайындық әдістері,
тактикалық дайындық әдістері, психологиялық дайындық әдістері, теориялық
дайындық әдістері.
Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жалпы педагогикалық: көрнекі
көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең қөлемде
пайдаланылады. Спорт жаттықтыруларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте
көп қолданылады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін организмді
тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша, массаж, фармакологиялық дәрі-
дәрмектер, музыка, гипноз, аутогендік жаттықтырулар т.б.).
Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1. Спорттық жаттықтыру әдістері неше топқа бөлінеді, әр топқа
сипаттама беріңіз.
Әдебиет: негізгі (1,2,3,4, 5,6,7,8,9)
Қосымша (8,9,12,13)

Тақырып 5: Спортшының дайындық жақтары

Дәрістің мақсаты: Спортшының дайындық жақтарын, оның заңдылықтарын
оқыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Спортшының дене қуаты дайындығы.
2. Спортшының техникалық және тактикалық дайындықтары.
3. Спортшының психологиялық және теориялық дайындықтары.

.
Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)
Спорттық дайындықтың жақтары. Дене қуаты, техникалық, тактикалық,
психологиялық, теориялық дайындықтар.
Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты
дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың
қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарылатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға
бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді. Арнайы
дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге
бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде
қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең
мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.
Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы
орындалады.
Техникалық дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын
орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті –
спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындауы
керек:
1 Техника нәтижелілігі – жарыс жаттығу техникасының нәтежелі
орындалуы. Мысалы, волейболшының шабуыл соққысы соққан доп, ойын алаңына
түсуі, балуанның қарсыласын ұпай санына лақтыруы, боксердың соққысының дәл
тиюі.
2 Тиімділігі – биомеханика заңдылықтарына сай тиімді қозғалыс құолысын
орындау.
3 Тұрақтылығы – тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағытталған
қозғалыс техникасын құрастыру.
4 Бейімділігі – спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық
жарыс жағдайында орындай алуы.
5 Үнемділігі – энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс құрлымы.
Тактикалық дайындық Тактикалық дайындық дегеніміз - жарыс кезіндегі
жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс - амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана
білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
- спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарсыластарының
ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
- осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар
мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін
төмендегідей міндеттерді орындау керек;
- қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер
негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
- мықты спотртшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;
- өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының
мүмкіншіліктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.).
- жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу
Жеңіл атлетика спортының топталуы
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Жеңіл атлетика мамандануы
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Жаттықтыру сабақтарының түрлері
Арнайы дайындық кезеңі
Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны
Спорт жаттықтыруының әдістері
Пәндер