Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
Білім беру ұйымының толық атауы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
"Қазақ халқы ауа-райын қалай болжаған?"
Бағыты:
Орындаған: аты-жөні, сыныбы, мектебі, қаласы, облысы, ауданы
Ғылыми жетекшісі: аты-жөні, қызметі, жұмыс орны
2023 жыл.
МАЗМҰНЫ:
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жан-жануарларға байланысты ауа-райы болжамдары
2.2 Табиғат құбылыстарына байланысты ауа-райы болжамдары
2.3 Ауа райын болжаудың заманауи қазіргі әдістері
III.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
IV.ҚОРЫТЫНДЫ
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аңдатпа
Өзектілігі: адамдар үшін ауа-райы болжамы олардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатындығына байланысты, ол оларды бұрында қызықтырған, әлі де қызықтырады және болашақта да қызықтырады.
Мақсаты:
1.Ауа-райына байланысты халықтық белгілерді зерттеу және олардың ауа-райы болжамына әсер ету заңдылықтарын анықтау.
2.Ауа-райын болжау үшін халықтық белгілерді қолдануға болатындығын дәлелдеу.
Міндеттері:
-осы тақырып бойынша кітаптарды іздеу және зерттеу
-ауа-райына байланысты жыл белгілерін таңдап, олардың әрекеттерін тексеру
-біздің ата-бабаларымыз ауа-райын қалай болжағанын зерттеу
-сәйкестік дәрежесін салыстырыңыз.
Жоба нысаны: қазақ халқының ауа райы болжамдары
Зерттеу пәні:
Зерттеу әдістері: ақпараттық, бақылау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, салыстыру, сауалнама.
Гипотеза: біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы тәжірибесін қолдана отырып, кез-келген ұзақ мерзімді ауа-райы белгілерін зерттеу
Аннотация
Актуальность: для людей прогноз погоды зависит от того, является ли он неотъемлемой частью их жизни, которая раньше интересовала их, до сих пор интересовала их и будет интересовать их в будущем.
Цель:
1.Изучить народные приметы, связанные с погодой, и выявить закономерности их влияния на прогноз погоды.
2.Доказать, что для прогнозирования погоды можно использовать народные приметы.
Задачи:
- поиск и изучение книг по данной теме
-выбрать годовые знаки, связанные с погодой, и проверить их действия
- изучение того, как наши предки предсказывали погоду
- сравните степень соответствия.
Объект проекта: прогнозы погоды казахского народа
Предмет исследования:
Методы исследования: изучение информационной, контрольной, научно-методической литературы, сравнение, анкетирование.
Гипотеза: изучение любых долгосрочных погодных признаков с использованием многовекового опыта наших предков
I.КІРІСПЕ
Мен жазғы демалыс кезінде ауылға ата-әжемнің жанына барамын. Жазғы демалысым ол жақта қызықты да алаңсыз өтеді. Ауылда түнде далада жатамыз. Мен әжемнің қасына жатамын. Маған ол кісінің әңгімесі ұнайды, екеуміз ұзақ сөйлесеміз. Бір күні аспанда жұлдыз өте көп болды. Мұны әжем ертең күн ыстық болады ғой деді. Бұл айтқан сөзі мені қызықтырып қойды. Әжем мұны келесі күні де айтты. Яғни келесі күннің де ыстық болатындығын алдын-ала болжап қойды. Әжемнің осы бір айтқандарынан кейін менің бұл сөзді зерттеуге қызығушылығым оянып оны адамдардан сұрастырып іздей бастадым. Алғашқы сұраған адамдарым әрине, олар менің ата-анам болды. Алайда олар аса қатты біле бермейтіндігін білдірді. Сыныптастарымнан да сұрап көрдім. Олардың да жауабы мені қанағаттандырмады. Содан уақыт өте келе мен бұл тақырыпты зерттеп көруді жөн көрдім. Мен бұл тақырыпты зерттеу арқылы мектепте ғылыми жобаға қатысқым келді. Бүгінде назарларыңызға осы ауа райын қазақ халқы табиғат құбылыстарына қарай қалай болжағаны туралы айтқым келіп отыр.
Көшпелі қазақ халқымыз ерте заманда ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді.Тарихта қазақ халқы ауа райын болжау арқылы алдағы тұрмыс-салтын соған қарай икемдеген дерек бар.
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі - халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Жүгiргeн aңның iзiнeн, ұшқaн құстың биiктiгiнe қaрaп-aқ көп дүниeнi бoлжaғaн. Сoның iшiндe қoлдaрындaғы төрт түлiк мaлғa қaтысты бoлжaмдaры өте көп.
Менің зерттеу жұмысымның алғашқы бөлімдері кіріспе мен негізгі бөлімнен тұрады. Мұнда ауа-райы туралы халықтық белгілердің ғылыми негіздерін зерттеймін.
Келесі үшінші бөлімінде практикалық сауалнама жүргіземін. Бұл сауалнама өз сыныптастарымның арасында өтті. Жобам одан әрі қорытындымен жалғасып, пайдаланылған әдебиеттермен аяқталады.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жан-жануарларға байланысты ауа-райы болжамдары
Адамзат тіршілігі оның өмір сүрген ортасына, табиғат құбылыстарына және жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне тығыз байланысты. Ерте заманда, ғылым мен техника дамымаған заманда, Құдайдан өзге сенері жоқ халық қарапайым күнкөрісі мен шаруашылығын қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына қарап жұмыстарын жасаған. Шаруа адамына егін егіп, өнімін молайту және төкпей-шашпай мезгілінде жинап алу, малды шығынсыз, жатқа ұшыратпай бағып өсіру, қауіп-қатерсіз сапар шегу, тағы басқа да тіршілік проблемалары жергілікті жердегі ауа райы құбылыстарын алдын-ала болжап білуді қажет етті. Ғасырлар бойы осы бағытта жүргізілген оңды, кейде сәтсіз бақылау, зерттеу ауа райы құбылыстарын болжаудың халықтық жүйесін жасақтатуға мүмкіндік берді.
Ауа райын алдын ала болжаудың қазақ халқында бірнеше нұсқалары баршылық. Бірақ олар әлі күнге дейін өз қасиетін, мағынасын жоғалтқан жоқ. Әрине, әртүрлі өзгерістер мен ауытқулар болды. Бірақ, соңғы жылдары республиканың барлық аймақтарында қалыпты экология өзгерді. Әуе кеңістігі ластанды, өзен-көл сулары тартылды, жер асты сулары кермектенді. Мұның бәрі қай аймақта болса да, ауа райының қалыптасқан табиғи сипатына қолайсыз өзгерістер енгізді. Дегенмен де, талай жылғы өмір дәлелдеген халықтық тәжірибе нұсқалары негізін сақтап қала бермек.
Қазақ халқы жылқы малын сергек мал дейді. Олардың қылығы арқылы ауа райының алдын - алып болжайды. Жылқылар топтасып, жүйткіп, кісініп ойнақтаса, шапқыласа, кешікпей күн суытып, ызғар соғып, боранды жауын қарлы борасын болады деп біледі. жылқылардың жұны ұрпиып, жайылуға зауқы жоқ болса, онда біраздан кейін күн суытып ауа райы бұзылады. Ат әлсін-әлсінпысқырса, жазда жел күшейіп жауын жауардың, ал қыста қар жауып, қарлы борасын болады. Жылқы ыққа жайылса, жел, жауын, қарлы борасындар, ызғар суық жел болады. Айғыр үйірін, мойынын жерге сала, жиса ауа райы кешікпей бұзылады. Жылқы малы қыста, көктемде жайылғанда, қай жаққа қарап жайыла берсе, жылы күндер болады, ал желге қарсы жайылса, жайсыз күндер болатынының белгісі. Бие кенет суалса, кешікпей жауын жауатын болады. Соғымға сойылған жылқынын бауыр жүні (қылшығы) ұзын болса, алдағы қыста қар көп жауады. Жылқының жүні үрписе, жазда жауын жауып, қыста күн суытады. Егер жылқы ысқырынып жұтынса, онда жылқы кешікпей қар суын ішіп асайтынының белгісі. Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады. [3]
Қазақтар қойдың қылығы арқылы ауа райын алдын ала болжайды. Қой мазасызданып, көңді тарпып, қызып мазасызданса қар жауып, боран соғып қарлы борасын болады. Таңда ерте қойдың жағдайын байқағанда олар желге қарсы күйсеп жатса, ауа райы жақсы болатынының белгісі. Қой көп түшкіріп, пысқырса, аспанға бұлт жиылып, тұмандатып, жауын жауатынының ишарасы болады. қой жұнын сілкіп, сілкінсе жауын жауғанын қойып, күн ашылады. қойдың жұны дымқылданып, суланса, жас болса, жауын жауардың белгісі. қыстың басында қой қорадан озы шығып жатса сол жылғы қыс жайдарлы жақсы болады. Қой күйездеп жиыла бастаса. кешікпей күн шіліңгір ыстық болады.
Қазақ халқында ешкі малы ауа райына төзімсіз мал, сондықтан олар ауа райын алдын ала сезінуге, сергек сезімтәл келеді деп есептейді. егер ешкілер тасқа, биік жерге шығып, секеңдеуін қойып, тас, ұй, қораға үйген тезек, жүк ықтасынына тығылып тұрса, онда кешікпей жауын - шашын, қар жауып, бұрқасын суық жел соғатынының белгісі болады. Кешке өрістен қайтқан ешкілер ауылға қарай асыға жүгірсе, қораға асықса, түнде күн суытып, ауа райы бұзылады. Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі. Таңертең ешкілерге назар салғанда, олар ешбір қаперсыз күйсеп жатса, сол күні тымық жылы болады. Ешкілер шыбжыңдап, салқын, тығылатын жер іздеп жүгірсе, күн шыбынды, мұнартқан болады. бұл күн ысудың да ишарасы болмақ. Ешкі басқа малдан бұрын өрсе, күн тымық болады. Ешкі малы түшкіріп, пысқырып мазасызданса, онда аспан түнеріп, жауын жауады. Ешкі қорадан тыс, дөңес жерге жатса, қыс жақсы болады. Ешкі малы ыққыш келсе, жел соғып күн суытудың сыңайы болмақ. Ешкілер кенет суалып кетсе, жауынды күндер болады. Ешкі малдары кез - келген бағытқа қарай жәйіла берсе күн жайлы, ал желге қарай жайылса күн ызғарлатады. Ешкі, серке, текелер көң тарпып, тынышсызданса, қар жауып, қарлы борасын соғатын сыңайы болмақ.
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. Таңертең ерте сиыр малын бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн жылы болады. Егер күн бұзылатын болса, сиыр малы алдын ала біліп, уақыты болса да өрістен ауылға ерте қайтады. Сиыр малы өріске шығарда мазасызданып жан - жағына қарап, басын шайқап мөңіресе қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. Жазда сауын сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. Жауын жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. Сиырлар жайылып жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. Сиыр желге қарап жайылса, күн суытудың белгісі. Ал қыста, көктемде қай жаққа қарап жайылса да күн жылы жайлы болатынының белгісі болмақ. Сиыр кенеттен суалса, онда кешікпей ылғал жауын болады. Сиырлардың жұны үрпиіп, бұрсиып, үй маңайында айнала берсе ауа райы бұзылып, қарлы борасын болып, күн суытудың сыңайы болмақ.[3]
Қазақ халқы түйе малының қылығы арқылы ауа райын болжап отырған. Түйе малын қазақ басқа малдардан артық сезімтал деп біледі. Түйелер ауа райының өзгерісін екі - үш күн бұрын біледі дейді. Жел соғып, қарлы борасын, боран, дауыл соғатын болса, түйе, бұта, ши түбінде төмен қарап шөгіп жатады. Түйе ертеңгісі жайылымға жәйбарақат оза шықса, күн жайлы желсіз, жауынсыз, қарсыз болады. Түйелер, тайлақ, бота, атандар тайраңдаса күн суытудың белгісі. Інген ботасына боздап, әлсіндеп таяп келсе, қар, жауын жауып, дауыл бұрқасын соғатынының сыңайы болмақ. оп түйе ыққа жайылса, күн райы бұзылатынының белгісі. Түйе тобы қыста, көктемде кез - келген жаққа, басы ауған тұсқа жайыла берсе, келер күндері күн жылы, ауа райы жақсы болады. Ал желге қарсы жайылса, күн бұзылып суытады. Түйе кенет суалса жауын жауатынның белгісі. Егер қыс уақытында түйе малы ернін жыбырлатса кешікпей су ішеді немесе қар жауып қар суын ішеді, қар асайды деп көріледі. Бұл көктемнің уақытына бұрын басталатынын да көрсетеді.
Табиғат жұмыр жер бетіндегі барша тіршілік атаулының алтын бесік, құтты мекені болса, адам баласы ұшын ең қасиетті де қастерлі ұғым. Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысынын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір өкілі ретінде сезіне білді. Табиғат құбылыстарының қайталанып келіп отыруын мұқият бақылау қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Халқымыз жыл мезгілдері мен әр жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын көбінесе аспан денелерімен жан-жануарлар әрекетіне қарап болжаған.
Еліміздің басты байлығының бірі-бекіре байлықтары жайлы да халықтың қағидалары көптеп кездеседі. Бекірінің басы тасқа тимей қатпайды деген халық нақылы бекіре балықтарының өзенге қарай өрлеп, өрістейтіндігін аңғартады. Күз мезгілінде су біршама тартылған кезде бекіре балықтары өзеннің құмды жағалауына топ-тобымен жиналып, түс мезгілінде бастарын су түбіндегі құмға тақап, үйірленген жылқыша ағынға қарсы, бірінің соңынан бірі тізіліп тұрады. Оны халық бекіре ойнағы деп атайды.
Қазақ халқында тасбақа дауылы деген ұғым бар. Халқымыз тасбақаны киелі жануар деп оның киесінен қорыққан. Тасбақа тіршілігіндегі ерекшеліктің бірі - қысы ұйқыға кетуі. Көктем кезінде көбіне көкек айында тасбақа ұйқысынан оянып, інін тастап жер бетіне шығады. Дәл осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел соғады. Мұны халық тасбақа дауылы деп атайды. Қысқы ұйқысынан шыққан тасбақа әлсіз болғандықтан сауытының үстінде қалған топырақ қалдығын осы кезде соққан жел үрлеп түсіреді деп ұққан. Бұл кездегі тасбақаның ұйқысынан оянуы табиғаттағы ауа райының өзгерісімен тұспа тұс келеді.
Каспий теңізінде кездесетін бірден бір сүтқореқті жануар-каспий итбалығы. Оның тіршілігінде болатын негізгі ерекшеліктің бірі мұз қатқанда мұз үстіне шығып күшіктеуі халық назарын аударған. Итбалықтың кіндік кесері (кейде итбалықтың кіндік қатырмасы) деген амал кезінде, яғни ақпан айында бір жетідей боран соғып, күн қатты суытады. Осы кезде жаңа туған күшіктің кіндігі мұзға қатып, табиғат оның үзілуіне жағдай жасайды.
Халық арасында айтылатын амалдың бірі бөрі сырғақ. Бұл ақпан айының 15-17 күндері сәйкес келеді. Бұл күндері күн біршама жылымық болып, кейде жаңбыр жауады да арты сырғақты қарға айналады. Бұл кезде қасқырлар жұп құрып, шағылысуға кіріседі. Осындай табиғат құбылысын халқымыз бөрі сырғақ деп атайды.
Құстар тіршілігіне де байланысты амалдар бар. Құс қанаты деген ұғым жыл құстарының көктемде келуіне және күзде қайтуына сәйкес келетін амал. Көктемде құс қанаты наурыз айының 26-28-іне сәйкес келеді. Ең алғаш өлкемізге келетін құстың бірі қараторғайлар. Бұл кезде қайтқан құстардың сусылдаған ызғарынан күн суынып, жапалақтап қар жауады. мұны сол жылғы соңғы қар деп есептейді. Құс жолынан адаспас ұғымы жыл құстарының келіп қайтуына байланысты қалыптасқан. Қызыл жұмыртқа деген ұғым мамыр айының алғашқы он күндігіне келетін ауа райының өзгерісіне байланысты айтылады. Бұл күндері жұмыртқа шәйқаған құстардың біразы қызылшақа балапан шығарады. Осы кездері 1-2 күнге созылған суық болады. Бұл күндерді халқымыз қызыл жұмыртқа деп атайды. [1]
Хайуанаттардың әрекет-қылықтарына қарай ауа-райы құбылыстарын болжау [7]
Қойға қарап ауа-райын болжау
-күзде, қыста өріске шығар алдында қой ойнақшып секіріп, бірін-бірі қуалап сүзіссе боран болады, мұндай әрекеттері жылы маусымда байқалса ауа райы бұзылады;
-қысты күні қорадан шегіншектеп, маңырап шулай берсе, ауа райы бұзылады;
-қысқы жайылымда үйіріліп топтасса немессе сапырылысып ілгері-кейін жүре берсе, қорадағы қидыі тұяғымен тепкілесе, тістерін жиі қайраса, көп кешікпей боран соғады;
-қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз жұмсақ болады;
-тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар қалың болады;
Жылқы, түйе, сиырға қарап ауа-райын болжау
-қыста түйе ернін жиі жыбырлатып, жылқы құр жұтынса, көктем ерте туады;
-жылқы жиі пысқырынса ауа райы бұзылады;
-суатқа айдаған қара мал пысқырынып тебінсе, жанбыр жауады;
-сиыр танауын тартып, мойнын жиі былғақтатып мазаланса, дауыл не боран соғады.
Құстарға қарап ауа-райын болжау
-құстар көңілдене сайрап ұшса-келер күн ашық болады;
-үндері тынып үнсіз қалса-күн күркірейді;
-жыл құстары топтанып қайтса-келер қыс қатты болады;
-жыл құстары топ-тобымен бір мезгілде оралса-көктем тез кіреді;
-құстар жер бауырлап ұшса-ауа райы бұзылады;
-күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
-қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.
-төмендеп ұшса, топтанса, ұяларына қонып ықтаса, өзендегі, арықтағы суға түссе, үрейленіп шуласа, жем іздеуге ерте шықса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz