Аскорбин қышқылының ертіндісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТ
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» кафедрасы
Камбарова А. А.
Мусаева И. К.
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТ
«Ветеринарлық медицина» кафедрасы
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен
зертханалық сабақтарды өткізуге арналған
әдістемелік нұсқау
6В09111-«Ветеринарлық медицина»
мамандығының
студенттеріне арналған
Шымкент, 2024 ж.
ӘОЖ 31. 27. 25
Құрастырғандар: оқытушылар аға оқытушы, магистр Камбаров А. А . , магистр-оқытушы Мусаева И. К.
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау - Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2024. - 32 б.
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқауда оқу жоспарына және пәннің бағдарламасына сәйкес қажетті барлық мәліметтер қамтылған.
Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 6В09111 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Пікір беруші: Тулеметова С. Е. - ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент.
«Ветеринарлық медицина» кафедрасының жиналысында Хаттама № « » 2024 ж.
«Аграрлық» факультеттің комиссиясында Хаттама № « » 2024 ж. қаралып, баспаға ұсынылды.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен Хаттама № « » 2024 ж. қаралып, баспадан шығаруға ұсынылды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
Зертханалық сабақ №1 Сутегі иондарының концентрациясын Серенсен-Кларктің колориметриялық әдісімен анықтау . . . 7
Зертханалық сабақ №2 Витаминдерге тән сапалық реакцияла . . . 8
Зертханалық сабақ №3 pH-тың амилаза ферментіне әсері. . . . 9
Зертханалық сабақ №4 Гормондарға сапалық реакциялар . . . 10
Зертханалық сабақ №5 Қандағы каталазаның активтілігін анықтау . . . 10
Зертханалық сабақ №6 Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау . . . 10
Зертханалық сабақ №7 Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау . . . 11
Зертханалық сабақ №8 Ақуызды диализ арқылы тазарту . . . 12
Зертханалық сабақ №9 Қан сарысуындағы холестеролды илька әдісімен анықтау . . . 12
Зертханалық сабақ №10 Несеп құрамындағы патологиялық заттарды анықтау . . . 12
Зертханалық сабақ №11 Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау . . . 13
Зертханалық сабақ №12 Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау . . . 13
Зертханалық сабақ №13 Қан сарысуындағы кальцийды анықтау . . . 14
Зертханалық сабақ №14 Каротиннің мөлшерін анықтау . . . 15
Зертханалық сабақ №15 Сүттегі казеинді анықтау . . . 16
Зертханалық сабақтарда студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау критерийлері . . . 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 21
Кіріспе
Биологиялық химия немесе биохимия - организмдердің химиялық құрамын және организмның тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді.
Биохимия деген сөз гректің bios - тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: адам биохимиясы (медициналық биохимия), өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және т. б. Кейіннен өз алдына жеке сала болып клиникалық биохимия отау тікті. Оның әдістерімен организмді зерттеу негізінде ауруларды айырып, оларға ем тағайындалып, адам мен жануарларды әр түрлі аурулардан сақтандыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүргізу етек алды.
Кейінгі жылдары органикалық дүниенің дамуы барысында зат алмасуының күрделену жолдарын және тіршіліктің жер бетінде пайда болуын зерттейтін биохимияның жаңа бір саласы эволюциялық биохимия дамып келеді.
Сонымен қатар радиацияның организмге тигізетін әсерін, одан қорғану әдістерін және ионизациялық сәуленің көмегімен мәдени өсімдіктердің жоғары өнім беретін жаңа сорттарын, пайдалы микроорганизмдердің жаңа түрлерін шығару жолдарын зерттейтін радиациялық биохимияға да ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл оқу құралында жануар (мал) тіршілігінің химиясы, яғни жануар биохимиясы сөз болады.
Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық (зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында), динамикалық (заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың ақтық өнімдерінің шығуына дейінгі өзгерістері) және функциональдық (органдардың, тканьдердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде) биохимияға бөлінеді.
Әрине, мұндай бөлу шартты түрде ғана, себебі биохимиялық зерттеулерде осы бірін-бірі толықтырушы, үш бағыттың арасына шек қою қиын. Бірақта, қорытындысында объекті жайында жан-жақты сипаттама алуға болады.
Биохимияның дамуы бір-бірімен шектес басқа пәндермен - жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, биоорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен; молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты биохимияны оқып үйренуден алған білім азықтандыру, мал өсіру, зоогигиена, мал шаруашылық, патологиялық физиология, фармакология сияқты қолданбалы ғылымдардың теориялық негізін құрайды.
Биохимияның аса маңызды міндеті - студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалдардың тіршілігін қамтасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру. Ақыр аяғында бұл мәліметтер қолданбалық маңызға иә болады, себебі олардың көмегімен мамандар мал өнімдерінің өнімділігін және оның сапасының артуын қамтамасыз ете алады.
Биохимия ғылымын зерттейтін нысанына байланысты үлкен екі топқа бөлуге болады. Жануарлар және өсімдіктер биохимиясы.
Тіршілік химиясының дамуына әйгілі орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар А. Я. Данилевский 1891 жылы бірінші болып ақуыздағы амин қышкылдары өзара пепидтік байланыс арқылы байланысатыны жөнінде қағида ұсынды. Оны, тәжірибе жүзінде әйгілі неміс ғалымы Э. Фишер дәлелдеді. И. П. Паплов өз шәкірттерімен ас қорытушы ферменттердің белоктық табиғатын анықтады.
Өсімдіктер биохимиясы үшін К. А. Тимирязевтің есімі ерекше. К. А. Тимирязев ашқан өсімдіктердегі фотосинтез құбылысының маңызы биохимияда өте зор. В. И. Палладин мен А. Н. Бах - биологиялық тотығу жөніндегі ғылымының негізін қалады. Олардың ілімін Г. Виланд., О. Варбург., Д. Кейлин одан әрі жалғастырды.
Қазақстанда биологиялық химия саласындағы зерттеу жұмыстары республикада жоғарғы оқу орындарының ұйымдастырылуымен және Ғылыми академиясының кұрылуымен байланысты. Биохимияға қатысты іргелі зерттеу жұмыстарын медицина саласында Б. И. Ильин, П. А. Верболович атқарды. Мал шаруашылығы саласында В. М. Красон, У. Т. Ташмухамбетон, З. С. Сейтов зерттеу жүргізді. Өсімдіктер биохимиясы саласында Қазақстан Республиқасы Ғылым академиясының академиктері М. И. Горяев, Т. Т. Дарқанбаев, М. А. Айткожин, республика академиясының корреспондент - мүшесі Л. Қ. Қылышев және басқалар бағалы зерттеулер жасады.
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінің мақсаты мен міндеті
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнiнiң мақсаты: Биологиялык химияның атауы «bіоs» - тіршілік, өмір деген грек сөзінен шыкқан. Ендеше қазақ тіліне аударар болсақ, биологиялық химия - тіршілік химиясы. Ал, тіршілік дегеніміз - адам үшін және тірі ағза үшін негізгі құбылыс. Ендеше тіршілік химиясы өте қызық, әрі күрделі жаратылыстану ғылымдарының бірі.
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнiнiң негiзгi мiндеттерi : Биологиялық химияны оқытудың мақсаты, студенттерге тірі организімдегі зат және энергия алмасуын және химиялық құрамын терең білдіру.
Курс пререквизиті: Биологиялық химияны оқытудан бұрын мынандай пәндер оқытылуы қажет: биофизика, анорганикалық және аналитикалық химия, биоорганикалық химия, физикалық және коллоидтық химия.
Курс постреквизиті: Биологиялық химия пәнін студенттер оқу нәтижесінде мына сұрақтарды білуі қажет: тірі организмнің қызметі мен химиялық құрамын, витаминдердің, гормондардың және ферменттердің әсер ету механизмін, тірі организмнің зат алмасу заңдылықтарын және энергия бөлуін, сонымен қазіргі заманғы биохимиялық әдістермен қанды, сүтті және т. б. активті заттарды зерттеу және болашақта қолдану.
1 - зертханалық жұмыс
Сутегі иондарының концентрациясын Серенсен-Кларктің
колориметриялық әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді индикаторларды пайдалана отырып рН анықтау әдісімен таныстыру.
Әдістің принципі . Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау үшін оған тимол-блау индикаторын қосып, оның түсін рН-ы белгілі сондай мөлшерлі тимол-блау индикаторы қосылған стандарт ертінділердің бояуымен салыстырады.
Реактивтер мен құралдар
100 мл колбалар - 6 дана.
Пробиркалар - 7 дана.
Жұмыс орындау тәртібі
Бұл жұмыс үш этаптан тұрады.
1. Буфер ертінділерін әзірлеу.
Нөмірленген алты колбаға бюретканың және пипеткалардың көмегімен кестеде көрсетілгендей 0, 2н КСІ, 0, 2н НСІ және дистилденген су құйылады. Жұмыс дұрыс орындалған жағдайда алты колбаның әр қайсысындағы ертінділердің рН мәні таблицада көрсетілгендей болады.
2. Түсті стандарт шкаласын дайындау.
Нөмірленген алты пробиркаға нөмірленген алты колбаның әрқайсысынан 10 мл қоспа құйып, барлық пробиркаларға 5 тамшыдан индикатор тимол-блау қосады. Бұл түрлі-түсті алты пробирка стандарт шкаласы болып саналады. Сондықтан олардың түсімен тексерілетін ертінділердің түсі салыстырылады.
3. Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау.
Пробиркаға пипеткамен 10 мл тексерілетін ертіндіні құйып, оған 5 тамшы индикатор тимол-блау қосып, пайда болған бояуды стандарт шкаласымен салыстырады. Тексеріліп отырған ертіндінің рН-ы түрлі-түсті стандарт шкаласының қай пробиркасымен дәл келсе, оның рН-ы соған тең болады.
Қосымша нұсқау.
1. Таблицада көрсетілген ертінділердің мөлшерін дәл деп алып, жақсылап араластыру қажет.
2. «Ерітінділер. Дисперсті жүйе» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма.
Дәріс конспектісін пайдалана отырып «Ертінділер» тақырыбына дайындалу.
2 - зертханалық жұмыс
Витаминдерге тән сапалық реакциялар
Жұмыстың мақсаты. А, Д және С витаминдеріне тән сапалық реакциялармен танысу.
Әдістің принципі. Сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Реактивтер мен құралдар
- Балық майы
- Үшхлорлы сурьманың хлороформдағы ертіндісі.
- Концентрлі күкірт қышқылы
- Тұз қышкылы мен анилин коспасы (анилиннің 15 бөлігі және концентрлі тұз қышқылының 1 бөлігі)
- Аскорбин қышқылының ертіндісі
- Калий ферроцианидінің К3[Fе(СN) б] қаныққан ертіндісі
- Хлорлы темірдің 1% -ті ертіндісі
- Спиртовка
- Пробиркалар
Жұмыстың орындалу тәртібі
А витамині
1. Үшхлорлы сурьмамен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 10-12 тамшы үшхлорлы сурьманың қанық хлороформды ертіндісін қүйып, жақсылап араластырады. Егер А витамині болса, бірте-бірте қызыл түске ауысатын көгілдір түс пайда болады.
2. Күкірт кышқылымен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, жайлап араластырады. Егер А витамині болса, алғашқыда күлгін, сосын бірте-бірте қызыл-қоңыр түс пайда болады.
Д витамині
1. Анилинмен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балык майын, 1 мл анилин мен тұз қышқылы қоспасын қүйып, араластырады. Араластыра отырып кыздырады. Сөйтіп қайнағанға дейін жеткізіп, жарты минут, қайнатады. Егер Д витамині болса, сары түсті эмульсия алғашында жасыл түске боялып, сосын қызыл түске ауысады.
С витамині
Берлин лазурі түзілу реакциясы.
Пробиркаға 1-2 мл аскорбин қышқылының, 1-2 тамшы калий ферроцианидінің және 1 тамшы 1 % хлорлы темірдің ертінділерін кұяды. Көгілдір немесе жасыл көк түс пайда болып, біраз тұрғаннан кейін берлин көгінің тұнбасына айналады.
Бұл реакция аскорбин кышқылының тотыға келе калий ферроцианидін тотықсыздандырып оны калий феррицианидіне айналдыру процесіне негізделген.
Калий феррицианиді хлорлы темірмен реакцияға түсіп, берлин көгінің көк түсті тұнбасын түзеді.
ЗК 4 [Fе(CN) 6 ] + 4ҒеСІ 3 → Fе 4 [F е (СN) 6 ] 3 ↓ + 12КСІ
калий феррицианиді берлин лазурі
Егер аскорбин қышқылы болмаса, калий феррицианиді мен хлорлы темір қоңырқай түсті ертінді береді.
В 2 витамині
Пробиркаға 10 тамшы рибофлавиннің ерітіндісін тамызып, оған 5 тамшы концентрлі тұз қышқылы (НСl) мен бір түйір мырыш (Zn) салғанда сутегінің күшті түрде бөлінуі байқалады. Ерітінді алдымен қызғылт түске боялып, кейін түссізденеді. Бұл реакция бөлінген сутегімен рибофлавиннің алдымен қызғылт түсті родовлавинге (аралық қосылыс), кейін түссіз лейкофлавинге тотықсыздануына негізделген. Біраз тұрғаннан кейін ерітіндінің жоғары қабаты (кейін ерітінді толығымен) сары түске боялады, бұл лекофлавиннің ауадағы оттегімен тотығып, рибофлавинге айналуына байланысты.
Рибофланин Лейкофлавин
(тотыққан түрі, сары түсті) (тотықсызданғанан түрі, түссіз)
Қосымша нұсқаулар
1. Калий ферроцианиді ертіндісі жаңадан дайындалып, суықта қанығуы керек.
2. Үшхлорлы сурьма реакциясын жүргізгенде құрғақ пробиркаларды пайдалану қажет, ал пробиркалар ылғал болса, онда үшхлорлы сурьмадан сурьманың хлороксиді пайда болып, ол А витаминімен реакцияға түспейді.
3. «Витаминдер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
1. Суда және майда еритін витаминдердің толық сипаттамасын бейнелейтін таблица-схема сызу.
2. Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Витаминдер» тарауына дайындалу.
3-зертханалық жұмыс.
рН-тың амилаза ферментіне әсері
Жұмыстың мақсаты . Амилаза ферментінің рН-қа байланысты активтілігін анықтау жөне оның физика-химиялық касиеттерін зерттеу.
Әдістің принципі . Сілекейде крахмалды мына схема бойынша ыдырататын амилаза ферметі бар.
(С 6 Н 10 О 5 ) n + nН 2 О амилаза декстриндер 1/2n (С 12 Н 22 О 11 )
крахмал мальтоза
Амилазаның активтілігіне ортаның рН-ы әсер етеді, өте жоғары активтілік көрсететін ортаның рН-ы оптималды рН деп аталады. Амилазаның активтілігін крахмалдың ыдырауына байланысты білуге болады. Ыдырамаған крахмал йод ертіндісімен көк түс береді, ал ферменттің әсерімен ыдырай бастағанда, оның түсі де өзгере бастайды: сарғыш болып келіп, түссізденеді.
Реактивтер мен құралдар
1. Люголь ертіндісі
2. Крахмалдың 0, 5% -ті ертіндісі
3. Nа2НРО4 0, 2н ертіндісі
4. Лимон қышқылының 0, 1н ертіндісі
5. Сілекей ертіндісі
6. Колбалар - б дана
7. Пробиркалар 2-8 дана
8. Пипеткалар
Жұмысты орындау тәртібі
1. Сілекей ертіндісін дайындау. Таза пробиркаға (2-3 мл) сілекей жинайды, оны біраз тұндырып қояды. Колбаға 29 мл су құйып, оған 1 мл таза сілекей қосады.
2. Бес нөмірленген колбаны алып, бірнеше буфер ертінділерін дайындайды.
3. Бес нөмірленген пробирканы алып, әрқайсысына 3 мл тиісті буфер құйылады, 3 мл крахмалдың 0, 5% -ті ертіндісі және 1 мл сілекей ертіндісі қосылады. Әрбір пробиркадағы қоспаны жақсылап араластырып, бөлме температурасында қалдырады.
4. Әрбір 5 мин сайын № 3 және № 4 пробиркалардан Люголь ертіндісімен боялуға сынама алынып отырады, ол үшін осы аталған пробиркалардан 5-6 тамшы ертіндіні таза пробиркаларға тамызады, оларға 1 тамшыдан Люголь ертіндісінен қосады.
5. Пробиркалардың бірінде қызыл-қоңыр түс пайда болысымен барлық бес пробиркаға 1 тамшыдан Люголь ертіндісін қосып, шайқайды, түсінің өзгеруін байқап отырады. Ең ашық түсті пробирканың рН мәні амилазаның оптималды рН-ына сәйкес келеді.
Қосымша нұсқау
1. Таблицадағы көрсетілген рН мәні буферлі ертінділердің компоненттерінің дәл көлемі араласканда ғана болады.
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Проблемалық сұрақтар
1. Ферменттердің активтілігінің ортаның рН-ына тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?
2. Организмнің буферлі жүйесінің ферменттер әсеріне қандай маңызы бар?
3. Крахмал ертіндісінің түсінің өзгеруін тіркей отырып, оны крахмалдың ыдыруына байланыстырып түсіндіру?
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Жұмысты жақсы орындау үшін оқулык пен лекция конспектілерінен ферменттердің жалпы касиеттерімен танысыңдар.
4 - зертханалық жұмыс
Гормондарға сапалық реакциялар
Әдістің принципі. Бұл тәсіл гормондардың химиялық құрылысына байланысты түрлі-түсті реакциялар беруіне негізделген.
Жұмыстың мақсаты. Адреналин, инсулин және фолликулин гормондарына сапалық реакциямен танысу.
Реактивтер мен құралдар
1. Адреналин ертіндісі (ампула ішіндегі затты 100 мл. суғаерітеді) .
2. Темір хлоридінің 3% ертіндісі.
3. Инсулин ертіндісі.
4. Натрий гидроксидінің 30%-ті ертіндісі.
5. Мыс сульфатының 1% -ті ертіндісі.
б. Концентрлі азот қышқылы.
7. Фолликулин ертіндісі (спирттегі) .
8. Концентрлі күкірт қышқылы.
9. Су моншасы.
І0. Пробиркалар.
11. Пипеткалар.
Жұмысты орындау тәртібі
Адреналин. Хлорлы темірмен тәжірибе. Пробиркаға аздап адреналиннің судағы ертіндісін құяды және оған бірнеше тамшы хлорлы темір ертіндісін қосады. Әуелі жасыл түске боялып, ал сілті қосқаннан кейін қызыл түске айналады.
Инсулин. 1. Биурет реакциясы, бұл реакция инсулиннің белоктың табиғатын дәлелдейді. Пробиркаға 1-2 мл инсулин ертіндісін және сілтілік реакцияға дейін сілті ертіндісін қосады (лакмус қағазының көмегімен) . Содан кейін 2-3 тамшы мыс сулъфатының ертіндісін қосады. Сұйық көгілдір күлгін түске боялады.
2. Концентрлі азот қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 мл концентрлі азот қышқылын және қабырғасьмен тамшылатып 1 мл инсулин ертіндісін косады. Екі сұйықтың бөлінген жерінде анық көрінетін сақина пайда болады.
Фолликулин. Концентрлі күкірт қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 тамшы фолликулин ертіндісі және5 тамшы концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны ыстық суы бар стаканға 10-15 мин. батырып қояды. Пробиркадағы сұйьқ сары түске боялып, қыздырған кезде қызыл түске ауысып жасыл флуоресценция береді.
Қосымша нұсқау
1. Адреналинді анықтағанда натрий гидроксидінің орнына 1 тамшы 10%-ті аммоний гидроксиді ертіндісін қосуға болады.
2. «Гормондар» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
1. Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша « Гормондар» тарауын дайындау.
2. Гормондардың толық сипаттамаларын көрсететін сызбанұсқа сызу
5- зертханалық жұмыс
Қандағы каталазаның активтілігін анықтау
Жұмыстың мақсаты . Ферменттердің қасиеттерімен студенттерді таннстыру.
Әдістің принципі . Каталаза ферменттердің аксидоредуктаза класына жатады жөне сутегі асқын тотығын мына теңдеумен ыдыратады:
2Н 2 О 2 каталаза Н 2 О + О 2
Каталазаның активтілігін білу үшін каталаза санын анықтайды. Каталаза саны - бір микролитр (мкл) қан ыдырататын сутегі асқын тотығының мг мөлшері (саны) .
Реактивтер мен құралдар
1. Дистилденген су
2. Зерттелетін кан
3. 1% -ті сутегі асқын тотығының ертіндісі
4. Н2S04 10% -ті ертіндісі
5. КМn04 0, 1н ертіндісі
6. Конус тәріздес колбалар - 3 дана
7. Пипеткалар 1, 5 және 10 мл
8, Микропипетка - 1 дана
9. Титрлеуге арналған бюретка
10. Электроплитка
11. Термостат
Жүмысты орындау тәртібі
Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. Бұл қанның негізгі ертіндісі (сұйылту дәрежесі 1:1000) . Алынған ертіндінің бір бөлігін (2-3 мл) пробиркаға құйып алып, 2 мин қайнатады. Екі конус тәрізді колбаға 7 мл дистилденген су құяды, оның үстіне: біріншісіне 1 мл қайнатылмаған кан ертіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ертіндісін косады. Екі колбадағы 2 мл сутегі асқын тотығының 1% ертіндісін құйып, оны 30 мин термостатка 37-40°С қояды. 30 мин өткен соң екі колбаға да 3 мл Н2SО4 10% ертіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске боялғанша КМnО4 0, 1н ертіндісімен титрлейді. Қайнатылмаған және қайнатылған қан құйылған колбалардың титрлеу айырмасын анықтайды. Бұл айырманы 1, 7 көбейтіп, каталаза санын табады. 1, 7 - Н2О2 1 мл КМnО4 0, 1н ертіндісіне сәйкес келетін, мг мөлшері .
Қосымша нұсқау
1. 2 мл сутегі асқын тотығының ерітіндісін алу қажет.
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Проблемалық сұрақтар
1. Ауылшаруашылық малдарының өнімділігіне каталаза ферменті калай әсер етеді?
2. Жоғары және төменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай өэгеріске үшырайды?
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Ферменттер классификациясы және олардың биологиялык маңызы» тарауын дайындау.
6 - зертханалық жұмыс
Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді лактозаны анықтау әдісімен және рефрактометр приборымен таныстыру.
Әдістің принціпі. Сүттің сары суын бөліп алып, оның сыну көрсеткішін анықтайды. Тәжірибені тұрақты температурада жүргізеді.
Реактивтер мен құралдар
Рефрактометр.
4% -ті кальций хлоридінің ертіндісі.
Су моншасы.
Пробиркалар - 2 дана.
5 мл пипетка.
Воронка.
Сүзгі қағаз.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Пробиркаға 5 мл сүт құйып, оған 5-6 тамшы 4%-ті кальций хлоридінің ертіндісін қосады.
2. Пробирканы жақсылап шайқап, 10 мин су моншасындағы қайнап жатқан суға салып қояды.
3. Уақыт өткеннен кейін пробирканы судан алып, суытуға бөлме температурасында қалдырады.
4. Сүт сары суын құрғақ сүзгіш қағаз арқылы сүзеді.
5. Сүзілген сүт сары суының 2-3 тамшысын рефрактометрдің төменгі призмасына тамызып, оны призма бетіне тегістеп жаяды.
6. Жоғарғы призманы түсіріп шкала бойынша сыну көрсеткішін анықтайды.
7. Сыну көрсеткіші бойынша таблицадан лактозаның проценттік мөлшерін анықтайды.
Қосымша нұсқау.
1. Сүзіліп алынған сүт сары суында тұнба болмауға тиіс.
2. «Көмірсулар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Көмірсулар» тақырыбына дайындалып келу.
Проблемалық сұрақтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz