Желілер топологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжі

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ

Тақырыбы:

“ Желілер туралы жалпы ақпарат. Жаһандық және жергілікті желілер. ”

Орындаған: 406 - топ студенті

Тұрсын Диана Ерғалиқызы

Жоспар

Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Компьютерлік желі
2. Желі түрлері
3. Жергілікті желі
4. Жаһандық желі
5. Желілер топологиясы
III. Қорытынды

Кіріспе

Желілер туралы жалпы ақпарат.

Жаһандық және жергілікті желілер .

Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер - кұжат, кесте дайындау, графикалық мелімет жене басқа да ақпараттарды кұру үшін өте жақсы кұрал.

Бірақ тез арада өзінің ақпаратымен басқалармен бөлісу мүмкіндігін туғыза алмайды. Бірнеше компьютердін және олардың басқа кұрылғылармен байланысын желі деп атайды.

«Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы кұрылғыларды ортақ пайдалана алады.

Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе жел түйіні деп аталады.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.

Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады.

- кұжаттарды бірге пайдалану;

- кұжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ, әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тимді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау жене архивтеу;

• сервердегі қолданбалы бағдарламалармен оңай байланысу;

• қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді жене ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы бағдарламаларды (мысалы, мәтіндік процесссорларды немесе мәліметтер қорын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т. б.

II. Негізгі бөлім
1. Компьютерлік желі.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network ) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі - Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Территориалды таралуы бойынша:

  • PAN (Personal Area Network) - персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
  • LAN (Local Area Network) - жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді - радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
  • CAN (Campus Area Network - кампустық желі) - жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
  • MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
  • WAN (Wide Area Network) - глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы - пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.

«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін.

Компьютерлік желі — Уикипедия

https://cf.ppt-online.org/files/slide/h/hjd9J4PHkOfRnqoKbVTrWeSBm6GEcv0y1Nt3iF/slide-4.jpg

3. Жергілікті желі.

Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т. с. с) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.

Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN ) - салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) - желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б. ) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар - жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы - желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

Сервер (server) - желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер - желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер) ;

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер) .

Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т. б. ) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар - қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш (repeater) - келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) - бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

Маршруттауыш (router) - бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Көмей (gateway) (шлюз) - әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

4. Жаһандық желі

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе Жаһандык желілер деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу жене түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен жене ен танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork) .

Internet -бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудын өзі қиынға түседі.

Интернетте ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мелімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға,

бейне конференциялар өткізуге жене тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

Internet мүмкіндіктері төмендегідей:

 Web беттерінен және ftp серверлерінен керекті мәліметтерді іздеу;

 Электрон почта, жаңалықтар тақтасы, чат-серверлер, ICQ, mail agent

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақина топологиясы
Жергілікті компьютерлік желі
Желілік операциялық жүйе түрлерінің жұмыс жасау принциптері
Жергілікті жүйелер топологиясы
Компьютерлік желілер жүйесі
Желіге қойылатын талаптар
Жергілікті желілер
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОПОЛОГИЯСЫ
Ақпараттық-коммуникациялық қамсыздандыру
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz