Асқар Алтайдың шығармашылық мұрасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
Педагогикалық институт
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Асқар Алтай прозасындағы авторлық қолтаңба
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
6В01707
Күндізгі
Орындаған: _________________Молдағали Н.К. КОК - 206
Тексерген: ___________________фил.маг., лектор Нуржаксина М.К.
Бағасы: _____________
Көкшетау, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Асқар Алтайдың шығармашылық мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4
А. Алтайдың шығармашылық өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Қаламгер прозасының тақырыптық - идеялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..10
II. Асқар Алтайдың прозасындағы авторлық қолтаңба ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Жазушының образ жасаудағы ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 17 2.2 А. Алтайдың стильдік және тілдік шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қандай да бір авторды оқысақ та, ең алдымен аты аталса, шығармасы еске түсетіні хақ. Өзіндік туындыларымен оқырманын баурап алатын авторлар көп - ақ. Осындай тұлғалардың бірі, белгілі қазақ прозасының қаламгері ‒ Асқар Алтай. Туындыларында кейіпкерлер образын жасау шеберлігімен, суреткерлік өзіндік қолтаңбасымен, қысқа да нұсқа жазу өнерімен ерекшеленетін бұл жазушының қазіргі қазақ әдебиетіндегі орны айрықша. Әдебиетте модерн мен кейінгі постмодерн сюжеттерін аралас пайдаланған жазушы туындылары оқырмандарын қызықтырмай, ойландырмай қоймайды. Осыған байланысты, бұл зерттеу жұмысым жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен прозасындағы көркемдік ерекшеліктерді айқындауға байланысты болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жазушы Асқар Алтайдың прозасындағы авторлық қолтаңбасын айшықтап дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері.
1. Асқар Алтайдың шығармашылық ғұмырын зерттеу.
2. Асқар Алтайдың прозасының тақырыптары мен құрылысын негізге ала отырып, көркемдік ерекшеліктерін, авторлық қолтаңбасын талдап көрсету.
Зерттеу объектісі: Асқар Алтайдың шығармашылық мұрасы.
Зерттеу пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы.
Курстық жұмыстың әдісі: Жинақтау, талдау, саралау, анализ-синтез әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: Белгіленген тақырып Асқар Алтайдың шығармашылық мұраларынан, кітап - жинақтарынан алынып, зертелінді.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 27 бет.
1.1 Асқар Алтайдың шығармашылық өмірбаяны
Қазіргі алаш прозасында ерекше орны бар, қара сөздің хас шебері, қоғамдық - әлеуметтік жағдайды өз туындыларында анық танытып айта білген сөз шеберінің бірегейі - Асқар Алтай. Қазақ әдебиетіне өзіндік өзгерістер әкелумен ерекшеленген қаламгерлердің бірі және әдебиетте басқаларға ұқсамайтын өзіндік стилі бар жазушы. Ол қандай да бір тақырыпқа қалам тартпасын, таңдаған тақырыбы арқылы өзекті мәселелерді түсінікті, қызықты етіп жеткізетін, оқырманның жүрегіне жететін туындылардың иесі. Оның туындыларын оқыған оқырман да келесі шығармаларына қызыға тоқталатыны анық.
Асқар Алтай 1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Арғы атасы Шонжырбай Алтайдың Марқакөл өңірінде жылқы шаруашылығымен айналысатын ауқатты адам болған. Аталары: Шонжырбай, Жылқышы, Алпысбай. Ел басына күн туған уақытта атасы Алпысбай көтеріліс кезінде қазақ жігіттерін қосарлап ат мінгізген.
Әкесі Құмар Мәскеу төңірегіндегі Диверсиялық барлау мектебінің Шығыс барлау бөлімін бітірген. Барлау бөлімінің қызметкерлері Құмарды 1935 жылы 10 жасында үйінен алып кетеді. Анасына "балаңызды оқуға аламыз" деп оңашалап айтады да, Мәскеу маңындағы әскери - диверсиялық мектепке түсіртеді. Ол осы оқу орнында батыр, жазушы Қасым Қайсеновті көрген екен. Кеңестің барлаушылық қатал тәрбиесінен өтіп, бірнеше тілдерді меңгереді. 1942 жылы генералдың кеңесшісі болып тағайындалады. Ол тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құрысып, Алтай аумақтық сақшы бастығы қызметіне тағайындалады. 1951 жылы Кеңес одағы оны Пекин Заң университетіне білімін жетілдіруге жібереді. Ол сол замандағы қазақ арасында жоғары білімді заңгерлердің санаулыларының бірі болады.
Мағжан Жұмабаев мына бір өлең жолдарымен жырлағандай,
" Япырмай, емес пе еді алтын Алтай
Анамыз бізді тапқан, асау тайдай...
...Тұрмап па ед біздің үшін мөлдір бұлақ
Сылдырап сылқ-сылқ күліп таудан құлап?
Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,
Тілесек бір-бір тұлпар бейне пырақ!" [1, 82 б.]
Алтын Алтайдың басында, қалың қара орманның арасында, сылдыраған су, сарқыраған өзен, ақ бас шыңдар, атақты таулардың баурайында, кең жазира далада Асқар Алтайдың балалық шағы өткен.
Жазушының айтуы бойынша, әдебиетке деген қызығушылығын ең алғаш ашқан балалық шағының табиғаты екен. Екіншіден, әдебиетке құмар Әдебия есімді әпкесі әсер еткен. Ол қыстың күні қыстауда "Мұңлық - Зарлық" кітабын, "Қамбар батыр" жырларын інісіне оқып беріп отырған. Сол кезде Асқар Алтайға ерекше әсер еткен осы "Мұңлық - Зарлық" дастаны. Жазушының әдебиетке қызығушылығы 4 - 5 жасынан басталыпты, демалыста оқудан келген ағасы мен әпкесіне жылап жыр - дастандарды қайта - қайта оқытқызған екен. Осы кездері ол хат танымаса да, қазақ дастандарын түгел оқып, "Қобыланды жырын" тең ортасына дейін жаттап, зерек бала болып өскен. Анасы мен әкесі де көптеген өлең - жырларды, балаларына жатқа айтып беріп отырған сауатты адамдар болған. Үшіншіден, әдебиетке қызығушылығын ашқан жандардың бірі Нүрила Шакеновна есімді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болған. Жаңадан келген ұстаздың сабағы қызықты өтетіндігі соншалықты, бұзық оқушылардың өздері оның сабағына қызығушылық танытқан екен. Ол Асқардың әдебиетке қызығушылығын еркін тақырыпқа арналған шығармасын оқығаннан кейін байқапты. Сол шығармасында оқушы Асқар Алтай, Алтайдың бұғыларын, жаздағы көрген табиғатты сипаттап баяндаған. Мұғалім бірер аптадан кейін Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романын Асқардың қолына ұстатады. Оған қызыққан Асқар 7 - сыныптың соңына дейін 4 томын да оқып бітірген. Асқар Алтайдың өзі де:
"Абай жолын" қызығушылықпен оқығаннан кейін жан дүниемде әдебиетке, сөз өнеріне деген үлкен бір қопарылыс болды, - деп еске алады. Жалпы, Асқар Алтайдың сөз өнеріне деген қызығушылығы осы алғашқы дастандардан бастау алады.
Ал, Асқар Алтайға туған жерінінің табиғаты әсер еткені соншалық. Оның балалық шағындағы армандарының бірі "геолог" болу болған екен. Оның бастауы, Асқардың туған жерінде геологтарды көріп, олардың ісіне қызығушылығынан басталады. Ол үшін әдемі табиғаттың арасында тек геологтар ғана қыдырып жүретіндей көрінген екен.
Адам өмірі ешқашан даңғыл болмайды. Кез келген адамның өмір жолына қарасаң, шын мәнінде бұралаң жол. Ол кейде өрмен, кейде қиямен келеді. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқан кезде: "кейде тайғақты, кейде таулы, кейде жыралы, кейде орманды болып келеді". Осысымен ол өмір де.
Асқар Алтайдың шығармашылық өміріне зер салсақ, мектепті бітірген соң Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен.
АБАЙ ЖОЛЫ ЕРЕКШЕ ӘСЕР ЕТТІ.
"...Мен ерекше бір қаламгерге еліктедім деп айта алмаймын. Маған университетте екі адам ерекше әсер етті. Институтқа жазушы болам деген арман жетелеп алып келді. Ол арман менде 7-сыныптан бастап пайда болды. Оған ерекше әсер еткен Нүрилә деген апайым еді.
Маған университет қабырғасында ерекше әсер еткен Нығмет Ғабдуллин мен Мұхтар Мағауин болды. Мұхаң лекцияларында бір сағатын дәріске, екінші сағатын сұрақ - жауапқа арнайтын. Сонда Мұхаң: Сендер қазақ әдебиетін оқыдыңдар ғой, енді әлем әдебиетін оқыңдар, - деп айтатын еді. Мектепте жүргенде алғаш орыс әдебиетімен таныстым. Достоевскийдің Қылмыс пен жазасы маған ерекше әсер етті. Толстойдың, Шолоховтың шығармаларымен таныстым. Университет қабырғасында әлем әдебиетін оқуға бас қойдым. Француз, Жапон, Латын Америкасы әдебиетін таңғалып оқыдым. Мұхтар Мағауиннің өзі Жапон әдебиетіне ерекше мән беретін. Жапон әдебиетіндегі романтикалық, психологиялық дүниелерді оқыдық. Маған бүкіл әлемдік әдебиет әсер етті. Ал жекелеген тұлғалар маған ерекше әсер ете қойған жоқ. Өз әдебиетіміздегі көптеген жазушылар Мұхтар Әуезовке еліктеп, тура сол секілді роман жазғысы келді. Бұл түбірімен қате. Әуезовтің романы - ол Әуезовтікі. Кез келген жанр - индивид. Сондықтан әр адамның жазбасы өз стиліне сай шығуы керек. Жас - тар Оралханға қатты еліктейді. Мен де Оралханды оқыдым, сіңірдім. Сіңіре білу керек, бірақ еліктеуге болмайды. Оралханның кемшіліктерін көре білу керек. Әуезовтің эпикалық ерекшеліктерін байқап, меңгере білу керек. Кішкене әңгіменің өзін мен ұзақ ойланып жазамын. Мен романның өзін сарсылып жылдар бойы жазған емеспін. Айналасы 1-2 ай ішінде бітірем," - деп берген сұхбаттарынының бірінде айтып өткен екен. [2, 23 б.]
Біздің бұл ой - пікірден байқайтынымыз, қаламгердің әдебиетке деген бастапқы қадамдары мен әдебиетке деген өзіндік көзқарасын көркем жеткізгендігі.
Сонымен қатар, Асқар Алтай өз өмір жолында сұранып әскерге кетеді, әскерден келген кезде 1986 - жылғы оқиғаларға қатысып, ол оқиғалардың куәсі болады. Одан кейін, жұмыс таппай, іздеу барысында жүкші болып істеген уақыттарды, Алматыға пропискаға тұра алмай жүрген кезеңдерді бастан кешіреді. Сонымен қатар, оның Алматыдағы өмірінің жалғасы журналист Бауыржан Омаровтың көмегімен "Сәбит Мұқанов музей үйінде" ғылыми қызметкерлік жұмыстан басталады.
Жалпы, адам жазушылыққа жазушы болам деп келе бермейді. Жазушылар одағына, оның ішінде " Жұлдыз" журналына басшылық қылған атақты Мұхтар Мағауин Асқар Алтайдың "Балақ бау" және "Тасбақаның тақыры" деген екі әңгімелерімен 1988 жылы танысады. Сол кезде, "Балақ бау" әңгімесіне көзі түседі, ол жерде украин ұлтшылдары туралы айтылады. Жазушының бұл тақырып туралы жазарда, мысал етіп алған оқиғасы, қазақтардың да ұлтшыл азаматтарын 1951 жылдары ұстап алып кеткендігі болған. Сөйтіп, жазушы Алматы облысындағы бір бүркітшінің тағдырын суреттеу арқылы шығарманы жазып шыққан. Осы туындыны оқып шыққан Мұхтар Мағауин Асқар Алтайды "Жұлдыз" журналына жұмысқа шақырады. Телевидениеде жұмыс атқарып жүрген Асқар Алтай да, бұл ұсынысқа бірден келісе кетіпті.
МЕНІ АСҚАР АЛТАЙ АТАНДЫРҒАН - ОРАЛХАН БӨКЕЙ
Тағы бір қызықты жайттардың бірі, ол Асқар Алтайдың әдебиет өнеріне енді аяқ басып жатқандағы шын аты - жөні Асқар Алпысбаев болған екен. Бірнеше шығармасын да осы ата - тегімен жариялапты. Ал бүгінде ол жазушы Асқар Алтай. Қалайша ата - тегі ауысып кетті дерсіз? Бұл оқиғаға байланысты мынадай деректер келтіріледі.
1990 жылдарға дейін шығармалары Асқар Алпысбаев атымен жарияланып жүрген. Ал 1990 жылдардың басында оның "Қазақ әдебиеті" газетінде "Ағажай, Алтайдай жер қайда - ай!" деген тақырыпта жазылған мақаласы жарыққа шығады. Мақалада атақты Оспан батыр қатысқан Шығыс Түркістандағы ұлт - азаттық көтеріліс туралы, Әмен Әмірбаев атты адамның екі кітаптан құралған "Қара Ертіс" романына жан - жақты талдау жасап, сол жақтағы жағдай туралы да сөз қозғалады. Қысқаша айтқанда, осы мақаланы Оралхан Бөкей оқиды екен. Сонда, ол мақала газетте Асқар Алпысбаев деген атпен емес, Асқар Алтай деген атпен жарыққа шығады. Жазушы бұның себебін Оралхан Бөкейден сұраған уақытта, ол қарқылдап күліп жауап беріпті.
Асқар, мына Қалихан ағаң бар, мен бар, Дидахмет, Әлібек Асқаров ағаң бар - бәріміз Алтайдың атын шығарып жүрміз. Ана жақта Ұлықбек, Кәдірбек, Заманбек Жәкенов ағаң бар. Ендігі жерде Алтайдың атын шығаратын мына Талаптан екеуің боласыңдар. Сондықтан сені Асқар Алтай атадым. Менің аузым дуалы. Осы ат саған керемет үлкен бақ болады, әдебиетте Асқар Алтай деген есім пайда болады деді. Айтқан сөзі шынға айналды. Сол күннен бастап Асқар Алтай атаныпты. [3, 15 б.]
Асқар Алтайдың шығармашылық өмірі осындай оқиғалардан басталған екен және оны жазушының өз сөзімен қорытындылағым келіп отыр. " Мен балалық кезден армандаған сөз өнеріне келдім және сол сөз өнерінде қолымнан келгенінше шынымды айтуға тырыстым, шынымды айттым да деп ойлаймын. Сондықтан да мен бақыттымын!
Ал қалған өмірдің күйбең тіршілігі ол - негізгі мәселе емес. Өйткені, мен сол көркем шығарма арқылы өзімнің жан дүниемді аша алдым. Менің жан дүниемді түсінгің келсе, менің көркем шығармамды оқы деп айтамын!"
1.2 Қаламгер прозасының тақырыптық - идеялық ерекшелігі.
Бүгінгі күнге дейін қазақ оқырмандары бір сарындас көркем туындылармен танысып келді. Бұл шығармалардың ұқсастығы мазмұны мен сюжетінде, құрылысы мен композициясында болған жоқ, олардың идеясы мен тақырыбында, образдылығында болды. Сол себепті, көп оқырмандардың қазақ прозасына деген қызығушылығы төмендеп, олар шетел әдебиетімен сусындай бастады. Бұл жастардың оқуға деген қызығушылығын оятудан басқа, олардың психологиясына, дүниетанымына, мәдениетіне әсер ететіні сөзсіз. Осы тұста жас оқырманның қазақ прозасына қайта бет бұруына байланысты жаңа тақырыптағы, өзіндік жаңа идеясымен, кейіпкерлерімен ерекшеленетін туындылар керек болды. Ал осындай көркем туындылардың шебер иесі ретінде жазушы Асқар Алтайды айта аламыз.
Көркем туынды туралы баяндайтын болсақ, ең алдымен, оның тақырыбынан бастағанымыз жөн. Себебі, тақырып өнер шығармашылығының фундаменті секілді. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын, оның фундаменті қаланатындай, көркем шығарманың туу үдерісі де тақырыптан басталатыны анық. Кеңес жазушысы Валентин Катаев айтпақшы, "Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, ол жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді". [4, 89 б.]
Расымен де, жазушы шығармасында ең маңызды рөлді тақырып алатындай. Жазушы шындық дүниеден таңдап, талдап алып, өзінің көркем туындысына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын нағыз тақырып деген орынға жайғастырады.
Жазушы болсын, басқа да өнер иесі болсын, қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан да, көркем туынды да қоғамнан тыс жағдайда туындамайды. Яки, қалам иесінің жазар тақырыбы мен айтар ойы да - адам өмір сүріп жатқан уақыт пен кеңістік, қоғам, заман жайлы. Мысалы, қазіргі заманның көріністерін алсақ, жазушы осы заман туралы жазары анық. Алайда, әр адамның ойы бір жерден шықпайтынындай, әр жазушы да заман кейпін өзінше түйіндеп жазады.
Оқырманың жүрегінен ерекше орын алған Асқар Алтай - тақырып қоюдың хас шебері. Қай шығармасының тақырыбын алып оқысаңыз, көзге оттай басылады. Осы тұста айта кететін жайт, қандай оқырман болсын, ол ең алдымен көркем туындының атауымен, тақырыбымен танысады. Сол арқылы шығармаға деген қызығушылығы оянады десек, қате айтпайпыз. Асқар Алтайдың шығармашылығында тақырыбы мен идеясы қызықты күрделі туындылар баршылық. Мысалы, "Казино", "Стақан", "Киллер сауысқан", "Прописка", "Қабірші", "Лайбаран" және тағы басқалары.
Жалпы, Асқар Алтайдың сөз өнеріндегі шығармашылығын үшке бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы, тарихи тақырыпқа бет бұруға тырысады. Екіншіден, жазушы шығармашылығында мифтік сюжетке негізделетін шығармалар бар. Үшіншіден, қазіргі өмірге, қоғамға арнап жазылған шығармалар. Бұл шығармалардың өзі жеке - жеке тұрып емес, бір - бірімен байланысып, бірін - бірі толықтырып тұрады. Осы тұрғыдан келгенде, Асқар Алтайдың шығармаларының тақырыптық өзгешеліктеріне тоқталайын.
"Казино" әңгімесі. Тақырыбы: құмар ойындарға, байлық пен мансапқа құныққан қоғам. "Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе жат емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек, дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ" деп басталады. [5, 86 б.]
Басы пәлсапалық ұғыммен басталатын бұл оқиғада, құмар ойындарға құныққан қоғам адамдарын талдап көрсетеді. Жошы және оның әкесі секілді адамдардың барар жері - шыңырау! Апат! Сол шыңырауға өздерін және жанындағы адамдарды да құлатады. Расымен де, қандай адам, қандай қоғам болмасын, ол өз жағдайын өзі өзгертпесе, басқа біреу оның жағдайын қайтсін?! Өмір жолы да даңғыл жол емес. Қуанышты және қиын жолдар кезектесіп отырады. Бұл өмірде барлық қақтығыстар мен түрлі апаттарға кінәлі - адамзаттың өзі. Сол себепті, адамдар өздерін жақсы жаққа өзгертуі қажет. Барлық толып жатқан жамандықтардан қашық болып, жақсылықтарға асық болуға тиіспіз. Осыдан ой түйінді білдірсем, бүгінгі қоғамда бұл дертпен, кертартпа әдеттермен өмір сүріп жатқан жандар жетерлік. Автор да дәл осы шығармасында қоғамның олқы тұстарын ешқандай боямасыз шынайы суреттеп көрсеткен.
Келесі шығармасы бүгінгі қоғамның түрткі мәселелерінің бірі, соңғы жылдары көбейіп келе жатқан қайыршы адамдар жайлы болмақ. Әрине, қазіргі таңда олар туралы көптеген қадау - қадау қайталанып жатқан туынды дүниелер баршылық. Қалай айтқанмен де бұл мәселе нарық заманында тілдік қорымыздан да біршама сөздерге орын берді. (Бомж. Үйсіз - күйсіз жүрген жүрген қаңғыбастарды осылай атайтынын біз жақсы білеміз). Қоғамның жанын қайнатқан бұл мәселе Асқар Алтайдың прозасынан да тыс қалмады.
"Лайбаран" ‒ жазушы Әкөн атты жігіттің бомж болып өмір сүрген тіршілігінен сыр шерткен. Біріншіден, бомж да адам екенін ұмытпағанымыз жөн. Әкөннің кезінде жұрт қатарлы оқу оқып, білім алған, белгілі бір мамандық иесі болуды мақсат тұтқан жандардың бірі болды. Ол Семейдегі медицина институтына оқуға түседі. Алайда, ию - қию жүріс, ойын - сауық думан, лапылдап жанып тұрған азаматты қызыл Ұрыс шарабы мен мөлдіреген ессіз Водкаға құмартады. Ақыры, бірінші курстың өзін аяқтамай жатып əскерге кетіп тынады. Əскерден келген кейін оқуын жалғастырмайды. Кезіндегі жүрісіне қайта басады. Сөйтіп жүріп, Нұрайна есімді қызды екі қабат қылады. Ащы суға қасы ынтызар болған жігіттің отбасының шырқы бұзылып, сұлуы мол, жылуы жоқ Алматы асып, есіл - дерті қос стақан ішімдікке ауған өзі секілділерге қосылып, тапқан таянғанын ессіз суға жұмсайтын БОМЖ - дың өзі болып шығады. Өзімен бірге өскен, сыныптасы Сейсен қаладағы базарда үсті - басы кір - қожалақ, сақал - мұрты өсіп кеткен Əкөнді қапыста көріп қап, жабыса кетіп, айдаладағы аядай аудан Аягөзге алып келіп, Иван - кочегарға табыстайды. Иван - кочегар мұны қазандықтағы ыстық суға шомылдырып, бу бұлауынан кері 200 грамм ақаңды жұтқызып жіберіп, майға қуырылып піскен қоңды, бірақ тарамыстау толық қарбыта соқтырып, жылы оратып, дара бөлмеге жатқызып тастаған. Бір - екі мəрте ғана шарап көтергеннен кейін, санасы сауығып қалған Əкөнді ертесі күні түнде кочегар ит аулауға өзімен бірге сыртқа жетектеп шықты. Мінеки, бұл күннен бастап дəу орыс пен Əкөннің арасында қынжылыс туа бастады. Ол Ваня - кочегардың итті Әкөн бауыздасын деуінен шықты. Əкөн болса, күрт жоқ деп кәлла тартқан. Келген күні қара кесек етті жардай байқамай жеген Əкөн сол күннен бастап ет жеуді қойған болатын. Ет жеуді доғарған Əкөн - әпендіге ызасы кеп жүрген Ваня-кочегар: Эфенди, мен сені ерте ма, кеш ме өлтіремін! Сен бəрібір адам болмайсың, лайбараннан артық саған қандай мал керек, малғұн!.. -- деп бітік айтып жүрді. Əкөннің сөніп қалған намысын кочегардың Иттен туып, іннен шыққан деген кейінгі сөзі жанып өткен еді. Басқасы бөтен, ақырғы сөзі жанына батып кетті. Бұл сөз жанын жегідей жеді. Иван - кочегар пен Болат бұзау, ит аулауға кеткенде мұның ойынан əлгі сөз шықпай қойды. Олар қанжығалары майланып оралғанда дыбырсыз қана есікті іліп, Болатқа көксұр иттің аяғын тоқтамға көмектесіп жүрді. Әлпет грамм ішімдікті сіміріп жатып, Əкөнді көзқиығымен баққан Иван Болатқа ит бауыздауды тоқтатып, пышақты Әкөнге бердірді. Əкөн: Мен соймаймын. Пышақты да ұстамаймын. Қажет болса, Иван - кочегар, өзің сой, өзің же! - деп ысылдады. Бұған шыдамаған Ваня - кочегар БОМЖ - ды ауызынан келіп отырғызды. Жаныңның барында барыныңды бауызда! Әйтпесе, балтамен басын шап! -- деп бұйырды. Ызаға булыққан Əкөн ешқайсысы күтпеген, лезде қозғалыс етіп, өткір жүзді балтамен итке тақау отырған Иван - кочегарды тап маңдайдан шауып жіберді. Сөйтті де, матаулы жатқан көксұр итті босатты. [6, 117 б.]
Алайда, ол әлсіз еді, өмірмен күресуде оңбай жеңіліске ұшырады. Кейбір адамдар бомждар жайында "Олардың ешқашан түзелмейтіндігін айтып, Адам болудан кеткен жандар" деп ол жандардың тағдыр жолдары жайлы ұрсып кесіп айтып жатады. Түзеледі екен. Мәселен, осы шығармадағы Әкөн өзінің бомждық өміріне жиіркенішпен қараған. Қос əлемнің арасында дүбара күйде жүреді. Сора жас шағындағы намысқор, қылаусыз қалпынан жүре олжа болған ащы суға деген тəуелділіктен айырылып, санасы уланып БОМЖ - дық əлемге ден ұрады. Әкөннің жүре қалыптастырып алған өзіндік əлемі. Ал, сыздықтап тиымнан кейін санасы серги бастаған Əкөннің, жан түкпіріндегі сезімдері оянып, қайтадан қалпына келе бастағандай еді. Баяғы табиғи əлемінің көкжиегі көрінгендей.
Сайып келгенде, бұл шығарманың тақырыбы тек бомждардың өмірі жайлы емес екендігін айта кеткенім жөн. Асқар Алтайдың бұл аталмыш туындысының негізгі тақырыбы ұлттық діл, дін жайлы. Яки, Әкөн атты бомжға Ваня - кочегар итті күштеп бауыздатып, жегізбекші болады. Дегенмен де, Әкөн оған көнбейді, алған бетінен қайтпайды. Әңгіменің шешімінде Әкөн жануарды емес, Ваня - кочегарды өлтіруі, оның кезбе, ұшқалақ болғанымен, дініне, діліне берік адам екендігін байқауға болады. Бұндай әрекетке барғанының бірден бір себебі, ол - мұсылман адам.
Келесі, "Прописка" атты әңгімесін алып қарайық. Бұл шығарманың атауы айтып тұрғандай, бір жанның пропискаға тұру мәселесі қарастырылады. Алайда, ол оқиға 86 - жылдары желтоқсан оқиғасы қарсаңында болған екендігі тағы бір өз алдына мәселе. Жалпы, бұл шығарманы автор адамның характерін көрсетуде жаңа ырғақ көрсеткен. Бос мінездеуден, құрғақ баяндаудан гөрі, ол кейіпкердің жан - дүниесін ішкі монолог арқылы сипаттап көрсетеді.
Автор кейіпкердің өзіне тән болмысын баяндап көрсету үшін, романда, повесть, әңгімелерінде де монолог пен диалогты тиімді қолдана білген.
"Бәрінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz