Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4
1.1 Ойын технологиясының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Танымдық ойындардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Бастауыш сыныпта өтілген ашық сабақтың үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..19
2.2 Ойын және оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектігі: Ойын арқылы оқыту - оқушының қызығушылығын арттырудың бірден - бір жолы. Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да мұғалім сабақта дұрыс ұйымдастыра білуі керек және де бастауыш сыныптарда ойын технологиясын сабақта қолдану арқылы көптеген нәтижелерге жетуге болады. Қазақстан орта мектептерінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте - бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу болып отыр. Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады.
Курстық жұмыстың әдіс - тәсілдері: жинақтау, талдау, жүйелеу, анализ, синтез, сұрыптау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Білім сапасын арттыруда оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін оқыту процесіне ендіру. Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: тақырып аясындағы тиянақты ізденіс жұмысы, қосымша деректер бойынша ізденіс, ойын технологиясына байланысты нақты іс - әрекеттер аясына зерттеулер жүргізу, аталмыш тақырып барысында ғылыми дереккөздерді қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: қурстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімдерден тұрады. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс тұжырымдалады . Қолданылған әдбиеттер тізімі бар. Тәжірибелік бөлімде оқушылармен жұмыс түрі көрсетілген.
1 ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
0.1 Ойын технологиясының даму тарихы.

Қазақ тілінде ойын және ойыншық сөздері ой сөзіне тікелей байланысты. Сірә, қазақ тілінде ойын термині адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты, өйткені ойнау - бұл бір уақытта ойлау мен әрекеттесу.
Ойынның шығуын ғалымдар әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша оқытады. Ежелгі әлемде ойын қоғамдық өмірдің жинағы, түйіні болды, оған діни - саяси мағына берліді.
Ежелгі гректер Құдай ойын ойнаушыларды қорғайды, жақтайды және ойын адамның кез-келген бос уақытын өткізудің идеалы болады деп есептеді.
Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды император ашып және өзі сол ойынға қатысқан [1, 65 б].
Кеңес уақытында халықтық ойындардың мәдениеттік салтының дамуы және сақталуы қоғамның ойындық байлығы сақталған жазғы демалыс лагерлерінде басталды.
Әлемдік педагогикада ойын жарыс ретінде немесе арнайы мақсатқа жетуге (ұтыс, сыйлық) бағытталған және арнайы талаптармен шектелген (ереже) ойыншылар арасындағы сайыс ретінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлгасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).
Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл - ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады [2, 20 - 21б].
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Ойын - бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде:
oo үлкен өмірге ауысатын әлеуметтік топта кластың ролі мен тәртіп ережесі игеріледі.
oo топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады.
oo бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына жету үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді.
oo қосымша құралдардың - (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік теххнологиялар) көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады.
Д.Б.Эльконин өзінің Психология ойыны атты кітабында ойын сөзі көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада қолдана береді. Мысалы: тағдыр ойыны, отпен ойнау, т.б.
Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Е.А. Покровский өзінің кітабына былай деп жазған: ойын ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар.
Мысалы: ежелгі гректерде ойын сөзі балаларға тән әрекетті білдіретін. Еврейлерде ойын сөзі әзіл мен күлкі ұғымдарымен теңестіретін.
Римдіктерде ludо - қуаныш, шаттықты білдіреді. Санскритше кляда - ойын, қуаныш. Немістерде ежелгі герман сөзі spilan жеңіл, байсалды әрекетті білдіреді.
Аяғында бүкіл европалық тілдерде ойын сөзі адамның жалпы әрекетін білдіреді, бір жағынан ауыр жұмысқа негіздемейтін адамдарға қуаныш пен шаттыққа бөлейді. Сонымен, бұл ұғымға бала ойынынан трагедиялық шығармалары да кіреді.
50 жылдан кейін атақты голландиялық биолог пен психолог Ф.Бойтендайк оын сөзіне этимологиялық анализ береді және осы сөзді бейнелейтін ерекше процесстер белгілерін табуға тырысты. Бұл белгілердің ішінен мына жаққа және анау жаққа әрекетін тауып, оған спонтандық және бостандық, қуаныш пен ермекті кіргізеді.
Ойын сөзінің негізгі түп мағынасы не болып келеді? Философиялық энциклопедия сөздігінде келесі ұғым берілген: ойын - термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса, ол - метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз [3, 415б].
Платонның бейнелеуі бойынша, ойынды рақымшыл, дана, шаттық, қызықты, биік, трагедиялық деп санаған.
Бірақ ойын әрекетінің түсіну философиялық-теориялық зжоспарында Ф.Шиллер мен И.Кант еңбегі зор. Олардың пікірінше, ойын - адам әрекетінің бостандық бейнесі.
Кант және Шиллер, ең бірінші болып ойынның эстетикалық табиғатын бекітті, ойында адам тіршілігінің сипаттамасын көрді. Бірақ Шиллер ойын мәнін адам әрекетінің бостандығы деп шексіздеді. Оның айтуынша, жануарлар әлемінде ойын - күштің молдылығы, бұл жануарлардың ойын әрекетіне түрткі болады, ал өз тіршілігіне бұл әрекет бағытталмаған.
Испандық философ Хосе Ортега-и-Гассе, ойын әрекетін адам құмарлығы ретінде бейнелеп, еңбек әрекетін түсіндіретін адамды жоғарыдан көрсетуге қабіолетті деп санаған түссіз еңбек.
Ол тұрғындардың сұр массасына, ал шығармашылық ойынды таңдаулы қоғам таптарына жатқызған. Олар еңбек пен ойынның тығыз байланысына қарамай олар үшін еңбек ойыннан төмен саналды. Бұл еңбек пен ойынның қарама-қайшылығына әкелді[4, 91б].
Ойын әрекетінің мәселелеріндегі үлкен теориялық қызығушылық ойын мен өнердің өзара қарым-қатынасына байланысты қойылатын сұрақ. Осы сұрақты талқылауда үлкен мәнге ие болған голландиялық тарихшы және мәдениет философы Иохан Хайзингтің монографиясы Homo ludens (ойнап жатқан адам), ойынды өнермен байланыстырумен қатар оған әділ сотты, ғылымды, тұрмысты, тілді, поэзияны , әскерге, өнерді және т.б. қосады.
Ойынның әр түрлі белгілерін қоса отырып, ол:ойын бір мақсатқа бағытталған, уақытты және жерді өз еркімен нақтылайтын әрекет не жұмыс болып саналады.
И.Хейзингтің ойынша, ойын әр түрлі мәдени және тұрмыстық құбылыстарды бағалау критериесі болып табылады, әсіресе бұл өнерге байланысты, өйткені өнер табиғаты ойынға жақын.
Автордың басты пікіріне сәйкес, адам тархының дамуында ойынға негізделген мәдениет дамуы жатыр.
Хейзингтің ойынша, әрбір ойын - бұл парасаттылықпасықтық, қызығушылыққызықсыз тараулар шекарасында жүретін бостандық әрекеті. Жалпы алғанда, оның сөздері бойынша, мәдениет ойын ретінде емес және ойыннан басталмайды, ол ойынның өзінде бастау алады.
Кітапта поэзия мен ойын арасындағы өзара байланысына арналған беттер ерекше орын алады. Нақты мағынада орталық тақырыбы болып саналатын ойын мен мәдениет арасындағы өзара байланыс мәселесі қойылады, өйткені қоғамның жоғары ұйымдастырылған түрлері дін, құқық, соғыс, саясат, экономика және т.б. ойынмен тікелей қатынасын жоғалтады. Ал поэзия ойында негізделген оның үстінде, бұл жарыс элементтерінен құралған қоғамдық ойын.
Мысалы, көп ғасырлар бойы келе жатқан қазақ ақындарының жарысы айтыс. Бұндай жарыстар жердің екі шетінде орналасқан және даму сатылары әр түрлі басқа да халықтарда байқалды. Хейзинг poesis - бұл ойындық функция деп саналады. Ол өз әлемінде жүзеге асады.
Голландиялық философ ойын мен ән және бимен тығыз байланыстырды. Араб, неміс, француз, орыс және кейбір славяндық тілдерде музыкалық аспаптарда орындалуы ойын деп атайды. Қазіргі тілдерде де ұқсастық бар. Оның пікірінше, би ойынның ерекше және жетілген түрі болып табылады [5, 45б].
Ойын бастауы, көркем шығармаға тән, пайда болуының бірінші күндерінде адам әрекетінің көптеген белгілерін бейнелейді және оның мінез-құлқын анықтайды. Ол аз уақыт мерзімінде әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруін қамтамасыз етеді.
В.В.Петрусинскийдің пікірі бойынша педагогтың басты міндеті - оқуға үйрету. Ал педагогтың белсенді көмекшісі - ойын. Педагог негізгі күшті алғашқы әрекетке (ведущая деятельность) салу керек. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өңдген кезеңдік схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және арнайы әрекет типі - алғашқы әрекет болып табылады.
Ойын формуласын көптеген ғалымдар былай көрсетеді. ермек (увлечение) + көңіл көтеру. Біріккен оқу әрекетіне жету мотивациясын түсіну - интенсивті (өнімді) оқыту жүйесінде сабақты өткізуде ойын формаларын қолдану негізгі мақсат болып табылады. Ойынды қолдану психологиялық және физиологиялық демалысты ұйымдастырумен, ақпараттық артық салмақ компенсация мүмкіндіктерімен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі.
Ойынның артықшылығы, кез-келген ойын бірнеше функцияларды (қызметтерді) атқарады:
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты - бұл оның нақты құндылығы: қуанышты жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық.
Э.Берннің пікірінше ойынның тарихи мағынасы адамдар ойнайтын ойын ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері төмендегілерді құрайды:
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес бөліп көрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.
Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру[6, 87 б].
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру.
Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру.
Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау - түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

1.2 Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі.

Ойын сонау ата - бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын - оқудың, тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.
Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі "Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте - бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталуы болып отыр".
Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Бала ұғымына лайықты тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар рөлі ерекше. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмауы. Зерттеу жұмыстарын қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады.
Оқыту принципі - бастапқы дидактикалық жағдай, оқыту процесінің объективті заңдары мен заңдылықтарының таралуын білдіреді және оның тұлғаның дамуына бағытталуын анықтайды. Оқыту принциптерінде оқыту процесін құруға және оны басқаруға теориялық ұстанымы ашылады.
- Белсенділік - ойын әрекетінің негізгі принципі. Адымның ойынға даярлықтан бастап, ойын процесінде, алынған нәтижені талдау барысында адамның интеллектуалдықжәне физикалық күшінің бел сенді пайда болуына байланыты;
- Ойынның ашықтығы және жеткіліктілігі, кез-келегн ойын еш ерекшеліктерінсіз, адамдардың еркін қатысуы үшін құрылу керектігімен түсіндіріледі. Жеткіліктілік, ойындар қарапайым және түсінікті, ал ойынның нәтижесі мен барысы жайында ақпараттар барлық назар аударушыларға жеткілікті болу керек;
- Динамикалық, уақыт факторларының адамның ойын әрекетіне әсерін білдіреді;
- Ойыннның көрнекілігі, барлық ойын әрекеттері көрермендерге жақсы кө ріну керек, әсіресе ойын механизмдері;
- Ойынның эмоционалдылығы, негізгі дидакьикалық мәні ойынға деген танымдық қызығушылықты тудырады және ойынға қатысу процесіне даярлықтың танымдық белсенділігін білдіреді;
- Жасанды ойындарды модельдеу белсенді жүйелерді имитациаландыруға негізделген.
- Жасанды ойындарда рольдерді ойнау адам әрекеттерін ойындық модельдеуге негізделген және оны жеке және толық рольдерде ойнауда көрінеді.
- Жекелік принципі адамның ойынға деген жеке қарым-қатынасын білдіреді. Бұл кез-келген ойында ойыншының жеке қасиеттерін көрсететін орынның болуын білдіреді.
- Ұжымдылық, топта немесе командада өзара байланысқан ойын әрекетінің біріккен сипатын білдіреді.
- ойыншының мақсаттылығы, яғни ойыншының жеке мақсаты команданың ортақ мақсатымен сәйкес келуі керек;
- Ойында ойыншының өзара әрекеті және өз беттілігі; біріншісінде бұл ұжымдық ойында тұлғаның өзін еркін көрсетуі; екіншісінде ойыншының өзбеттілігінің басты мәні ойынның мақсаты оның өзіндік әрекетін құрайтын элементі болып табылады.
- Ойындағы жарыс, бұл принциптің дидактикалық құндылығы жарыс әрекеттің белсенділігін оятады және адамның рухани және интеллектуалды потенциалын тездетеді;
- Нәтижелілік, ойын әрекеитінің қорытындысын тұлғаның нақты жетістігі ретінде сезінуді білдіреді;
- Мәселелік принципі интеллекталды-эмоционалды күресте ойлаудың логикалық-психологиялық заңдылықтарын білдіреді. Ойынның барысы жоспарлау, ұйымдастыру процестерінен, ойыншының ойында пайда болған проблемалық ситуацияларды шешуден тұрады.
А.И. Субетто: "Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай, өмірге де дайындайды" десе, В.А. Сухомлинский: "Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес" деген [1, 9б]. Ойын өз алдына оқыту үрдісі, оқушыларды еңбекке дайындаудың белсенді құралы.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді, жалғаса да береді.

1.3 Танымдық ойындардың қызметі.

"Еңбек және оқу сияқты ойын да адам іс - әрекетінің негізгі түрлерінің бірі". Адам жасайтын әр алуан іс-әрекеттердің ішінде ойын ең қарапайым әрекет болып табылады. Өйткені ол бізге бала кезден таныс. Шындықты ұғынудың ең жеңіл, әрі жақсы құралы. Ол адам өміріндегі ең бір қызықты феномен [2, 12б].
Ойын- қанағат алу үшін жасалатын іс - әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс - әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін - өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г. Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К. Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л. Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б. Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды [3, 415б].
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Занковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу процесіндегі зерттеушілікті көруге көмектеседі, оқуышалардың білімін кеңейтуге, шығармашылық ізденімпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға қызығушылығын және ынтасын арттыруға септігін тигізеді [4, 15б].
Балалардың денесі мен рухани дамуында ойын әрекеттерінің алатын орны ерекше айтуға болады. Алты жасар оқушы - ойын баласы. Мектептерге келген шәкірттердің ойыны мектеп жасына дейінгі бұл бүлдіршіндердің рөльдік, сюжеттік ойындарынан басқа мазмұнда құрылуы керек. Бұл кезеңде ойын еңбек ету, білім, тәрбие алудың негізгі құралы ретінде қолданылады. Сабақ кезінде ойындарды ұйымдастыру мен оларды жүргізуде мынадай негізгі қағидаларды орындау қажетті және жеткілікті:
1 Ойын ережесін оқушы дұрыс түсініп, ұғу үшін тілі қарапайым, дәл, нақтылы айтылуы керек. Егер материал кейбір оқушылар үшін түсінікті болып, ал қалғандары ойын ережесін түсінбесе немесе ойынның мазмұнын анық ұқпаса, онда ол балаларды қызықтырмайды, тек мақсатсыз жүргізу болып саналады.
2 Ойынды жүргізу негізінде оқушылардың сан қилы ситуациялық жағдайларды шешуге икемділігін дамытып, логикалық тапқырлығын арттырмай, тек белсенділігін арттырса, онда педагогикалық мақсаттың орындалмағандығы.
3 Ойынға арналған дидактикалық материал кіші жастағы оқушылар үшін күрделі, тартымсыз жасалып, оны қолдану ыңғайсыз болса, онда ойын ойдағыдай әсерлі болып шықпайды.
4 Ойынды жүргізгенде оның нәтижесі барлық бүкіл оқушылардың қатысуымен тексерілуі тиіс немесе әдейі тексеруші сайланған дұрыс. Ойын нәтижесінің қорытындысы ашық және әділ бағалануы қажет. Ойын қорытындысы бойынша "жеңімпазды" анықтау кезінде жіберілген сәл қате, әділетсіздік оқушылар санасында жағымсыз ой қалдырады.
5 Оқушы ойынға белсенді қатысу үшін, оны ұзаққа созбай, оқушыларды күттірмей ережесін түсіндіргеннен кейін тез жүргізіп, қорытынды сол бойда хабарлап, жеңімпаздарға сыйлық берілуі керек немесе оларды мадақтаған дұрыс.
6 Егер сабақ кезінде шәкірттердің ойын қалыптастыратын және ойлауын дамытатындай бірнеше ұқсас ойындар жүргізілсе, онда ойынды қарапайым түрден бірте - бірте күрделендіруге және нақтыдан абстрактылы түрге көшкен тиімді болады. Бұл әдісті әсіресе логикалық ойындарды жүргізгенде пайдалану қажет.
7 Сабақта ойын әдісін оның мақсатына, мазмұнына және тақырыбына қарай қолдану тиімді. Ойынлы шамадан тыс, қажетсіз жерінде қолдану кері әсер етеді.
8 Ойын әдісін сабақта қолданғанда нақтылы тапсырма, мақсат, міндеттер шешілуі тиіс.
Осы негізгі қағидаларды дұрыс пайдаланып, қолданса, жақсы нәтижеге жетуге болады.
Ойын жақсы нәтиже беру үшін алдын ала талаптар қойылады. Олар:
- Ойынның мақсаты нақты болу керек.
- Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек.
- Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек.
- Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы керек [5, 12-13б].
Оқу үрдісінде ойынды не үшін қолданамыз? Өйткені бастауыш сынып оқшыларының ең басты іс - әрекеті - ойын. Яғни, олар ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Сонымен қатар ойын түрінде өткізілген сабақ қатысымдықты айқындайтын негізгі факторларды, сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтауға, қарым - қатынас жасауда өзінің әлеуметтік рөлін айқындауға көмектеседі. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, т.б. қалыптасады.
Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
- Қисынды ой - қабілетін дамытады.
- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.
- Сөздік қоры баиды, тілі дамиды.
- Зейіні қалыптасады.
- Байқампаздығы артады.
- Өзара сыйластыққа үйретеді.
- Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды.
- Бір - біріне деген оқушы сенімі артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды.
- Сабаққа қызығушылығы артады.
Ойынның қандай да бір түрін қолданбас бұрын оқытушы ойынның технологиясын жақсы меңгеріп, ойынның мақсатын дұрыс таңдап алуы қажет. Жалпы қарайтын болсақ, жай ойындарға қарағанда педагогикалық ойындардың маңызы көбірек. Педагогикалық ойындар білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат қоя отырып, үнемі оқыту, үйрету қызметін атқарады. Ойын әрекетінің неғұрлым нәтижелі болуы, ойыншылардың оқытушы ұсынған ережеге сай жұмыс істеуіне, яғни ойнауына байланысты. Оны ойын біткен соң оқытушы қорытындылағаны дұрыс.
Кеңестік педагог А.С. Макаренконың пікірінше: "Ойында баланың психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай - ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі." [4, 16б]. Сондықтан да ұстаздың басты міндеті сабақта ойын элементтерін дұрыс таңдап, қолдана білу.
Ойындар - белгілі бір білімді, іс - әрекетті үйрету құралы. Мәселен, бұрынырақта шахмат ойыны арқылы соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясы үйретілген. Кейінгі кезеңде ол жұртшылыққа кең тарап, спорттық ойын түріне жатқызылды. Мұндай мысалға қазақ халқының аударыспақ, жамбы ату т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Сондай - ақ, А. Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде арнайы "дидактикалық ойындар" деген термин қолданылып, аты аталмаса да, сабаққа оқушылардың ынтасын туғызатын ойындардың түрлерін кеңінен қолданған. Мәселен: "Қата оқыған жақ қайта оқиды" атты дидактикалық ойыны.
Алты бала одақтасып ат бақыл атты.
Дала балалары одақ болды.
Қала балалары одақ болды.
Асандар атты. Алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды.
Асандардан асық қарыз алды.
Қақбақылдан да Назарлар қалды.
Осы 8 сөзді 8 баладан одақтасып бәске оқиды. Бәстері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Оқушылардың танымдық белсенділігі күрделі процесс
Танымдық белсенділік теориясы
Пәндер