Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ

Педагогикалық институт
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын ойын түрлері

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған:_______________Молдағали Н.К.
Тобы: КОК - 206
Жетекші:________________ П. ғ. м., лектор Шагирбаева Б.К.
Балл:___________

Көкшетау, 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
I. ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
0.1 Ойын технологиясының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.2 Ойын технологиясының мақсат - міндеттері және ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . 12
II. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОЙЫН ТҮРЛЕРІ
2.1 Қазақ әдебиеті сабағында ойын түрлері мен қолданудың маңызы ... ... ... ... ... 16
2.2 Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала - білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі.
Ұстаздың жүгін адал орындау - біздің парызымыз. Ең алдымен, мұғалімге керегі - өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалану керек.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?, - деген пікірмен бала өміріндегі ойынның маңыздылығына көз жеткізуге болады.
Ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әр түрі, әрі әдіс ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан оқушылар сабақ үстінде ойынды қажет етеді. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жасына сай күрделенгені дұрыс.
Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Біз ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз. Оның біріншісі - оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
Курстың жұмыстың мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы ойын элементтерін тиімді қолданудың әдістемесімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Қазақ әдебиетін оқытудағы ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы түсінік беру;
oo Ойын элементтерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
oo Ойын түрлерін көрсету.
Курстық жұмыстың әдісі: Жинақтау, талдау, саралау, анализ - синтез, практикалық әдістерді қолдану
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі
Зерттеу болжамы: Қазақ әдебиетін оқытуда ойын түрлерін қолданудың мағызы зор. Ойынның әр түрлі әдістерін сабақта тиімді қолдана білсе, тілді меңгертуге пайдасы тиеді және оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттады.
Курстық жұмыстың теориялық - практикалық құндылығы: Берілген ойын түрлерін сабақта қолдануға болады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды қолдану барысына қарай топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Ойын технологиясының даму тарихы
Қазақ тілінде ойын және ойыншық сөздері ой сөзіне тікелей байланысты. Сірә, қазақ тілінде ойын термині адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты, өйткені ойнау - бұл бір уақытта ойлау мен әрекеттесу.
Ойынның шығуын ғалымдар әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша оқытады. Ежелгі әлемде ойын қоғамдық өмірдің жинағы, түйіні болды, оған діни - саяси мағына берліді.
Ежелгі гректер Құдай ойын ойнаушыларды қорғайды, жақтайды және ойын адамның кез-келген бос уақытын өткізудің идеалы болады деп есептеді.
Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды император ашып және өзі сол ойынға қатысқан [1, 65 б].
Кеңес уақытында халықтық ойындардың мәдениеттік салтының дамуы және сақталуы қоғамның ойындық байлығы сақталған жазғы демалыс лагерлерінде басталды.
Әлемдік педагогикада ойын жарыс ретінде немесе арнайы мақсатқа жетуге (ұтыс, сыйлық) бағытталған және арнайы талаптармен шектелген (ереже) ойыншылар арасындағы сайыс ретінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлгасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).
Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл - ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады [2, 20 - 21б].
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Ойын - бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде:
oo үлкен өмірге ауысатын әлеуметтік топта кластың ролі мен тәртіп ережесі игеріледі.
oo топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады.
oo бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына жету үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді.
oo қосымша құралдардың - (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік теххнологиялар) көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады.
Д.Б.Эльконин өзінің Психология ойыны атты кітабында ойын сөзі көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада қолдана береді. Мысалы: тағдыр ойыны, отпен ойнау, т.б.
Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Е.А. Покровский өзінің кітабына былай деп жазған: ойын ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар.
Мысалы: ежелгі гректерде ойын сөзі балаларға тән әрекетті білдіретін. Еврейлерде ойын сөзі әзіл мен күлкі ұғымдарымен теңестіретін.
Римдіктерде ludо - қуаныш, шаттықты білдіреді. Санскритше кляда - ойын, қуаныш. Немістерде ежелгі герман сөзі spilan жеңіл, байсалды әрекетті білдіреді.
Аяғында бүкіл европалық тілдерде ойын сөзі адамның жалпы әрекетін білдіреді, бір жағынан ауыр жұмысқа негіздемейтін адамдарға қуаныш пен шаттыққа бөлейді. Сонымен, бұл ұғымға бала ойынынан трагедиялық шығармалары да кіреді.
50 жылдан кейін атақты голландиялық биолог пен психолог Ф.Бойтендайк оын сөзіне этимологиялық анализ береді және осы сөзді бейнелейтін ерекше процесстер белгілерін табуға тырысты. Бұл белгілердің ішінен мына жаққа және анау жаққа әрекетін тауып, оған спонтандық және бостандық, қуаныш пен ермекті кіргізеді.
Ойын сөзінің негізгі түп мағынасы не болып келеді? Философиялық энциклопедия сөздігінде келесі ұғым берілген: ойын - термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса, ол - метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз [3, 415б].
Платонның бейнелеуі бойынша, ойынды рақымшыл, дана, шаттық, қызықты, биік, трагедиялық деп санаған.
Бірақ ойын әрекетінің түсіну философиялық-теориялық жоспарында Ф.Шиллер мен И.Кант еңбегі зор. Олардың пікірінше, ойын - адам әрекетінің бостандық бейнесі.
Кант және Шиллер, ең бірінші болып ойынның эстетикалық табиғатын бекітті, ойында адам тіршілігінің сипаттамасын көрді. Бірақ Шиллер ойын мәнін адам әрекетінің бостандығы деп шексіздеді. Оның айтуынша, жануарлар әлемінде ойын - күштің молдылығы, бұл жануарлардың ойын әрекетіне түрткі болады, ал өз тіршілігіне бұл әрекет бағытталмаған.
Испандық философ Хосе Ортега-и-Гассе, ойын әрекетін адам құмарлығы ретінде бейнелеп, еңбек әрекетін түсіндіретін адамды жоғарыдан көрсетуге қабіолетті деп санаған түссіз еңбек.
Ол тұрғындардың сұр массасына, ал шығармашылық ойынды таңдаулы қоғам таптарына жатқызған. Олар еңбек пен ойынның тығыз байланысына қарамай олар үшін еңбек ойыннан төмен саналды. Бұл еңбек пен ойынның қарама-қайшылығына әкелді. [4, 91б].
Ойын әрекетінің мәселелеріндегі үлкен теориялық қызығушылық ойын мен өнердің өзара қарым-қатынасына байланысты қойылатын сұрақ. Осы сұрақты талқылауда үлкен мәнге ие болған голландиялық тарихшы және мәдениет философы Иохан Хайзингтің монографиясы Homo ludens (ойнап жатқан адам), ойынды өнермен байланыстырумен қатар оған әділ сотты, ғылымды, тұрмысты, тілді, поэзияны , әскерге, өнерді және т.б. қосады.
Ойынның әр түрлі белгілерін қоса отырып, ол:ойын бір мақсатқа бағытталған, уақытты және жерді өз еркімен нақтылайтын әрекет не жұмыс болып саналады.
И.Хейзингтің ойынша, ойын әр түрлі мәдени және тұрмыстық құбылыстарды бағалау критериесі болып табылады, әсіресе бұл өнерге байланысты, өйткені өнер табиғаты ойынға жақын.
Автордың басты пікіріне сәйкес, адам тархының дамуында ойынға негізделген мәдениет дамуы жатыр.
Хейзингтің ойынша, әрбір ойын - бұл парасаттылықпасықтық, қызығушылыққызықсыз тараулар шекарасында жүретін бостандық әрекеті. Жалпы алғанда, оның сөздері бойынша, мәдениет ойын ретінде емес және ойыннан басталмайды, ол ойынның өзінде бастау алады.
Кітапта поэзия мен ойын арасындағы өзара байланысына арналған беттер ерекше орын алады. Нақты мағынада орталық тақырыбы болып саналатын ойын мен мәдениет арасындағы өзара байланыс мәселесі қойылады, өйткені қоғамның жоғары ұйымдастырылған түрлері дін, құқық, соғыс, саясат, экономика және т.б. ойынмен тікелей қатынасын жоғалтады. Ал поэзия ойында негізделген оның үстінде, бұл жарыс элементтерінен құралған қоғамдық ойын.
Мысалы, көп ғасырлар бойы келе жатқан қазақ ақындарының жарысы айтыс. Бұндай жарыстар жердің екі шетінде орналасқан және даму сатылары әр түрлі басқа да халықтарда байқалды. Хейзинг poesis - бұл ойындық функция деп саналады. Ол өз әлемінде жүзеге асады.
Голландиялық философ ойын мен ән және бимен тығыз байланыстырды. Араб, неміс, француз, орыс және кейбір славяндық тілдерде музыкалық аспаптарда орындалуы ойын деп атайды. Қазіргі тілдерде де ұқсастық бар. Оның пікірінше, би ойынның ерекше және жетілген түрі болып табылады [5, 45б].
Ойын бастауы, көркем шығармаға тән, пайда болуының бірінші күндерінде адам әрекетінің көптеген белгілерін бейнелейді және оның мінез-құлқын анықтайды. Ол аз уақыт мерзімінде әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруін қамтамасыз етеді.
В.В.Петрусинскийдің пікірі бойынша педагогтың басты міндеті - оқуға үйрету. Ал педагогтың белсенді көмекшісі - ойын. Педагог негізгі күшті алғашқы әрекетке (ведущая деятельность) салу керек. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өңдген кезеңдік схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және арнайы әрекет типі - алғашқы әрекет болып табылады.
Ойын формуласын көптеген ғалымдар былай көрсетеді. ермек (увлечение) + көңіл көтеру. Біріккен оқу әрекетіне жету мотивациясын түсіну - интенсивті (өнімді) оқыту жүйесінде сабақты өткізуде ойын формаларын қолдану негізгі мақсат болып табылады. Ойынды қолдану психологиялық және физиологиялық демалысты ұйымдастырумен, ақпараттық артық салмақ компенсация мүмкіндіктерімен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі.
Ойынның артықшылығы, кез-келген ойын бірнеше функцияларды (қызметтерді) атқарады:
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты - бұл оның нақты құндылығы: қуанышты жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық.
Э.Берннің пікірінше ойынның тарихи мағынасы адамдар ойнайтын ойын ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері төмендегілерді құрайды:
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес бөліп көрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.
Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру [6, 87 б].
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру.
Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру.
Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау - түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

0.2 Ойын технологиясының мақсат - міндеттері және ерекшелігі
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие болда отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторларда өте көп болып келеді.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
Ойын технологиясының басты мақсаты - балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін қалыптастыру үшін, дағдылар мен қызмет шарттарына байланысты жүмыс істеу.
Ойын технологиясының міндеттері:
1. Білім мен дағдыны меңгерудегі қажеттілікті түсінуде, баланың жеке белсенділігінің жоғары деңгейге жетуі.
2. Баланың белсенділігі мен қызметінің нәтижелігін арттыратын құралдары таңдау.
Бірақ, кез келген педагогикалық технология сияқты, ойын технологиясыда мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1. Технологиялық жүйе - логикалық өзара байланысты фукционалдық элементтердің технологиялық процестің сипаттамасына бөлінуі.
2. Ғылыми база - білім беру мақсаттарына жету үшін, белгілі бір ғылыми тұжырымдарға сүйенуі.
3. Жүйелілік - технологияның барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы, логикасының болуы.
4. Басқарылуы - құралдар мен әдістерді түзету мақсатында, оқу процесін кезеңдік диагностикалау, қайта жоспарлау мүмкіндігінің болжануы.
5. Тиімділігі - белгілі бір стандартты оқытудың тиімді нәтижелері бойынша кепілдік беруі.
6. Жаңадан өндірілуі - басқа білім беру мекемелерінде қолданылуы.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келе, А.С.Макаренко былай деп жазды: "Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады". Мысалы; сюжеттік - рөлді ойындар [7, 11б].
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс - әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Сонымен қатар, ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал болып табылады. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Балалардың денесі мен рухани дамуында ойын әрекеттерінің алатын орны ерекше айтуға болады. Алты жасар оқушы - ойын баласы. Мектептерге келген шәкірттердің ойыны мектеп жасына дейінгі бұл бүлдіршіндердің рөльдік, сюжеттік ойындарынан басқа мазмұнда құрылуы керек. Бұл кезеңде ойын еңбек ету, білім, тәрбие алудың негізгі құралы ретінде қолданылады. Сабақ кезінде ойындарды ұйымдастыру мен оларды жүргізуде мынадай негізгі қағидаларды орындау қажетті және жеткілікті:
1. Ойын ережесін оқушы дұрыс түсініп, ұғу үшін тілі қарапайым, дәл, нақтылы айтылуы керек. Егер материал кейбір оқушылар үшін түсінікті болып, ал қалғандары ойын ережесін түсінбесе немесе ойынның мазмұнын анық ұқпаса, онда ол балаларды қызықтырмайды, тек мақсатсыз жүргізу болып саналады.
2. Ойынды жүргізу негізінде оқушылардың сан қилы ситуациялық жағдайларды шешуге икемділігін дамытып, логикалық тапқырлығын арттырмай, тек белсенділігін арттырса, онда педагогикалық мақсаттың орындалмағандығы.
3. Ойынға арналған дидактикалық материал кіші жастағы оқушылар үшін күрделі, тартымсыз жасалып, оны қолдану ыңғайсыз болса, онда ойын ойдағыдай әсерлі болып шықпайды.
4. Ойынды жүргізгенде оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәндер